Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 19:27, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыссыздық – жұмысқа белсенді адамдардың қоғамда тауар өндіру жұмыс орындарында және қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылмауын көрсететін әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар мен еңбекпен қамтылған адамдар елдің жұмыс күшін құрайды. Экономикалық өмірде жұмыссыздық жұмыс күшінің ұсынысының жұмыс күшіне сұранысынан асып түсуі жұмыссыздықты көрсетеді. Адам қоғамының түрлі даму кезеңдерінде жұмыс күшінің қолдануының тиімділігі әр қалай болды. Алғашқы адамдар қоғамында топтағы бүкіл еңбекке жарамды адамдардың түгелдей дерлік еңбекпен айналысып және бір уақытта территорияларды қоныстануларымен белгіленді. Осыдан түрлі тайпалар арасында территориялары үшін соғыстар болып отырған. Құлиеленуші қоғамда құлдар толық еңбекпен қамтылып, ал олардың иелері мен тәуелсіз азаматтар басқа территорияларға отарлау мен «құлдар – армиясын» толтыруымен айналысқан. Феодалдық қоғамда және азиялық өндірісте шаруалардың толық немесе шамалы аграрлық қоныстануымен және басқа өндіріс салаларында еңбекпен қамтылуымен белгіленді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары.
1.1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері........................................................5
1.2 Жұмыссыздықтың себептері мен салдары........................................... 11
2 Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары және ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары
2.1 ҚР-дағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары.......................................................................................................19
2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары...................................27
Қорытынды......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

econ_kurs_167.doc

— 1.74 Мб (Скачать документ)

 

Енді жалақы қатаңцығының үш себебін қарастырайық: ең төмен жалақы туралы заң қабылдау, кәсіподақтарда монополиялық күштің болуы және фирмалардың ынталаңдыратын жалақы тағайындауы.

Үкімет жалақы қатандығын сақтауды, оны тепе-теңдік деңгейге дейін түсіруге кедергі жасауға мүмкіндік туғзады. Ең төмен жалақы туралы заң барлық фирмалар үшін міндетті болатын еңбекақының ең төмен мөлшерін белгілейді.

Мысал: 1938 жылы әділетті еңбек жағдайлары туралы заң қабылданған кезде, АҚШ-тың федеральді үкіметі өнеркәсіптегі орташа жалақының 30 бен 50 пайыз шекарасында болатын жалақының ең төмен деңгейін тағайындайды. Көп жұмысшыларға бұл деңгей практикалық мағына бермейді, себебі олар белгіленген төменгі шектен анағұрлым көп табады. Дегенмен кейбір жұмысшыларға, әсіресе мамандығы және тәжірибесі жоқтарға белгіленген төменгі шек тепе-теңдік нүктесінен жалақыны көтереді, ал ол фирмалардың осындай еңбекке сұранысын қысқартады.

Есеп бойынша, жалақының шегін белгілеу жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздыққа үлкен әсер етеді, өйткені әдетте жасөспірімдер жалақысының тепе-тендік деңгейі өте төмен. Оған екі себеп бар:

Біріншіден, жасөспірімдер ең аз маманданған және тәжірибесі аз жұмыс күшіне жататындықтан, олардың еңбегінің шекті өнімі де үлкен болмайды.

Екіншіден, жасөспірімдерге көбінесе ақшалай түрде емес, белгілі бір "өтем" түрінде өзінің жұмыс орнында мамандықты тегін оқып-үйренуге мүмкіндік беріледі. Оқыту жүйесі классикалық мысал болып келеді. Сондық-тан жасөспірімдер үшін жалақының тепе-тендік деңгейі төмен болып келеді және жалақының шегін белгілеудің жұмысшылардың осы тобы үшін үлкен мәні бар.

Көптеген экономистер жасөспірімдер арасындағы жұмысбастылыққа төмен жалақының әсерін зерттеген. Зерттеушілер жұмысқа  орналасқан жасөспірімдер  санының белгілі уақыт аралығында өзгеруі мен ең төмен жалақының өзгеруін салыстырған. Бұл зерттеулер ең төмен жалақының 10%-ға өсуінен жасөспірімдер арасындағы жұмысбастылық шамамен 1-3%-ға төмендегенін көрсетті.

Жасөспірімдік жұмыссыздыққа төмен жалақы туралы заңның әсерін жеңілдету үшін кейбір экономистер мен саясатшьшар ол заңның жас жұмысшылардың еңбек төлеміне таратылуьша қарсы шығады. Бұл жасөспірімдер арасында жұмыссыздықты қысқартуға және оларға оқып-үйренуге және еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Осындай түрдегі шектелген вариантта ең төмен жалақы туралы заңға түзету 1990 жылы шықты. Алайда бұл шараның қарсыластары оның мамандандырылмаған ересек жұмысшыларды жасөспірімдермен ауыстыруды туғызатындығын, соның салдарынан халықтың басқа топтары арасында жұмыссыздықтың көбеюіне әкелетінін айтады.

Ең төмен жалақы үнемі саяси пікірсайыстың негізгі болып келеді. Ең төмен жалақының көп есе жоғары деңгейде болуын жақтаушылар оны әл-ауқаты төмен отбасылардағы табысты жоғарылатудың тәсілі етіп қарас-тырады. Әрине, ең төмен жалақы тек өте тапшы өмір деңгейін қамтамасыз етеді. Мысалы, 1988 жылы сағатына 3,35 долл. ең төмен жалақы кезінде, үш адамнан тұратын отбасының ресми аралық төменгі шекті алу үшін жұмысшыға аптасына 52 сағат жұмыс істеу керек еді.

Ең төмен жалақыны көтерудің қарсыластары бұл әлауқат үшін көмектің ең тиімді тәсілі емес екенін айтады. Біріншіден, еңбекақы төлеуге кететін шығындардың өсуі жұмыссыздықтың көбеюіне әкелер еді, ал екіншіден, көмек арналғандарға тимес еді. Ең төмен ақы төленетін жұмысшьшар орта топтағы ұсақ шығынға табыс табатын жасөспірімдер. Ең төмен жалақы алатын шамамен 5 млн. жұмысшылардың отбасы басшысын 25%-ы құрайды, ал жасөспірімдер 37%-ын құрайды [2].

Көптеген экономистер мен саясатшылар жұмыс істейтін кедейлерге нағыз көмек тәсілі салық несиесі болатынын айтады. Табыс салынған жалақыға жеңілдік — жұмыс істейтін әлауқаты төмен отбасыларына тиесілі салықты белгілі сомаға түсіру. Олардың табысы неғұрлым төмен болған сайын, оларға берілетін жеңілдік көп. Ең төмен жалақыны көтерумен салыстырғанда, салық жеңілдігін пайдалану фирмаға еңбекақы төлеуге шығындарын жоғарылатпайды және содан еңбекке сұранысты қысқартады. Осы шараның кемшілігі мемлекетке түсіретін салықты қысқартады.

Жалақы қатандығының екінші себебі — кәсіподақтың монополиялық билігі. Көптеген мемлекеттерде жұмыс күшінің біраз бөлігі кәсіподақтарға бірлескен. Сол жұмысшылардың жалақысы сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-тендігімен емес, кәсіподақ жетекшілері мен фирма басшылары арасындағы келіссөз кезіңде анықталады. Соңында жасалған ұжымдық шарт көбінесе жалақыны тепе-тендік деңгейінен жоғары көтереді, бірақ фирмаға сол уақытта өзіне керек жұмысшьшардың саны туралы мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайдың сандары жалданған жұмысшылар санының азайуы мен жұмыссыздықты күтудің өсуі болады. Кәсіподақтардың бірігуі салдарының қорытындыларын әр түрлі штаттардағы жұмыссыздықты салыстырып жасауға болады. Дамыған кәсіподақ қозғалысы бар штаттарда жұмыссыздық деңгейі көбінесе жоғары. 1985 ж. АҚШ статагенттігінің мәліметтері кәсіподақтарға біріккен жұмысшылар үлесінің 10%-ға көтерілуі жұмыссыздық деңгейінің 1,2%-ға өсуін көрсетеді.

Кәсіподақ осындай кәсіподақтық қозғалысы жоқ фирмалардың жалақысына да әсер етуі мүмкін, өйткені фирма жұмысшыларының кәсіподақтарға бірігу қаупі жалақыны тепе-тендік деңгейінен жоғары ұстап тұруы мүмкін. Көп фирмалар кәсіподаққа қарсылық білдіреді.

Соңғылары тек жалақы өсуіне ғана емес, басқа көп мәселелер бойынша келісімдер кезінде жұмысшылардың позициясын күшейтеді. Жұмысшылары қанағаттанғандық сезуі үшін және кәсіподақтарға бірігуге талаптанбауы үшін фирма оларға жоғары жалақы төлеуді таңдауы мүмкін.

Кәсіподақтармен немесе кәсіподақтарға бірігу қаупін тудыратын жұмыссыздық инсайдерлер мен аутсайдерлер сияқты әр түрлі жұмысшылар тобы арасындағы даудың себебі. Фирмада жұмыс істейтін инсайдерлер көбінесе өздеріне жалақының жоғары деңгейін "ұсынуға" тырысады. Жұмысқа жалдану мүмкіндігі бар жұмыссыздар - аутсайдерлер көбінесе осы жоғары жалақы зардаптарының ауыртпалығын алады. Осы екі топ арасындағы қарама-қайшылық жалақы деңгейі туралы келісімге ықпалы және жұмысбастылық осы топ позициясының салыстырмалы түрдегі мықтылығына байланысты.

Әр түрлі елдерде инсайдерлер мен аутсайдерлер арасындағы дау әр түрлі шешіледі. Кейбір елдерде, мысалы Швецияда жалақының мөлшері ұлттық деңгейде шешіледі, ол кезде үкімет негізгі рөл атқарады. Кәсіподақтарға жұмыс күші бірігуінің жоғары деңгейіне қарамастан, Швецияда жұмыссыздық төменгі деңгейде. Өйткені жалақы деңгейі туралы орталықтандырылған келісімдер мен үкіметтің келісім үрдісіндегі рөлі аутсайдерлер позициясын нығайтып, соған орай жалақы мөлшерін тепе-теңдік деңгейіне жақын жерде ұстайды.

Кәсіподақтардың монополиялық күші мен ең төмен жалақы туралы заңынан басқа, нақты жалақы қатандығының 3-ші себебі тиімді еңбекті ынталандыратын жалақы жүйесін талдау кезінде зерттелген. Тиімді жалақы теориялары жоғары жалақы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттырады деген ұғымнан шығады [4].

Жалақының жұмыс өнімділігіне әсері фактысын еңбек ұсынысының артықшылығына қарамастан, фирмалардың көбінесе жалақыны түсіре алмайтындығымен түсіндіруге болады. Егер осы теориялар тура болса, фирманың еңбекақы төлеуге кететін шығынды төмендетіп, жалақыны қысқарту сол жұмысшылардың өнімділігін және әсіресе фирманың табысын төмендетеді.

Жалақының еңбек өнімділігіне әсері туралы бірнеше теориялар бар. Біреуі — нашар дамыған елдерге қолданылатыны — жалақының тамақтануға әсері. Жоғары жалақы алатын жұмысшылардың жақсы тамақтануға мүмкіндігі бар, ал денсаулығы жақсы жұмысшылардың тиісінше өнімділігі жоғары болады. Дамымаған елдерде фирма жұмысшылардың денсаулығына көмек ету үшін жалақыны тепе-тендіктен жоғары деңгейде төлеуі мүмкін. Бірақ мұндай көзқарасты АҚШ сияқты дамыған және жалақының тепе-тендік деңгейі дені сау болып өмір сүру үшін қажетті деңгейден жоғары елдердің жұмыс берушілері есептемейді.

Дамыған елдерге келетін тиімді еңбекақының екінші теориясы жоғары жалақы жұмыс күшін қысқартады дейді. Жұмысшылар көп себеп бойынша жұмыстан кетеді — басқа фирмаларда жоғары лауазымға ие болу үшін, өзінің мамандығын өзгерту үшін, елдің басқа ауданына көшу үшін, т.б. Фирма жұмысшыларға қанша есе жалақы көп төлесе, сонша есе олардың фирмада қалу ынтасы көбейеді.

Үшінші теория фирмадағы қызметшілердің орташа сапасы олардың алатын жалақысына байланысты екенін айтады. Егер фирма жалақыны қысқартса, ең күшті жұмысшылар басқа жұмысқа ауысуы мүмкін, сонда фирмада тек нашар, баламасы жоқ жұмысшылар ғана қалады. Экономистер осындай сұрыптауды теріс селекция деп атайды. Тепе-теңцік деңгейден жоғары жалақыны төлей отырып, жұмысшылардың сапалы құрамын жақсартып, соның нәтижесінде еңбек өнімділігін жоғарылатуы мүмкін.

Төртінші теория жоғары жалақы жұмысшылардың ынтасын көтеретінін айтады. Бұл теория фирманың жұмыс істейтіндердің еңбек күшін жеткілікті түрде тиімді бақылай алмайтындығынан және жұмысшылар қаншалықты интенсивті жұмыс істеуін өздері анықтайтындығынан шығады. Жұмысшылар интенсивті түрде жұмыс істеуі мүмкін және жұмыстан қашуы мүмкін, соның салдарынан жұмыстан қуылуға тәуекел етеді. Экономистер бұндай тәртіптің болу мүмкіндігін моралдық зиян деп атайды. Фирма моралдық зиян нысанын өте жоғары жалақы белгілеу арқылы басуы мүмкін. Жоғары жалақы төлей отырып, фирма жұмысшылардың жұмыстан бас тартпауын талаптандырады, соның салдарынан еңбек өнімділігін жоғарылатады.

Егер фирма жұмысшыларына жоғары жалақы төлейтін болса, барлық осы еңбекақыны тиімді төлеу теориялары бірыңғай болады, яғни жалақы деңгейін ұстап отыру кейде фирманың мүдделілігін талап етеді. Осындай түрдегі жалақы қатаңдығының салдары жұмыссыздықты күту болады [5].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Қазақстан Республикасындағы  тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары және ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары.

 

К.Маркстың қолдану теориясы мен казіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорланумен, екіншісін, - техника прогрессімен болатындығын айтады.

Енді осы теориялардың мән-жайына қысқаша тоқталайық.

Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберг Мальтус (І766-1834 ж.ж.) жасаған. Ол 1798 жылы "Халық саны туралы заңнын тәжірибиесі" кітабын шығарған. Онда ол былай жапай: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны — 1, 2, 4, 8, 16, 32 ж.т.б., ал өмір сүру жабдығы - 1, 2. 3 , 4, 5 ж.т.б.

Ол халық санының және өмір сүру әдісінін өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген: тұрғындардың жоғары  қарқынмен өсуі қайыршылық пем жұмыссыздыктың себеп салдары болып табылады.

Тұрғындардың қаркынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі) XVII-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол кезде АКШ-да тұрғындар сан тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен де өскенің ескермеді. Казіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қаркынының тез өсуінен калмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан "Коғам тарихындағы ғылым" кітабында былай жазған: "Казіргі і уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық энергия алынды және оны ядролық  синтезден  тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар, себебі тамақ өндірісін ары дамытудың  шексіз екенін көрсетеді".

Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға  сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымының жеткіліксіздігінің ол адамдардың кор жинауға бейімділігімен және күрдел қаржыға ынталандырудың әлсіздігі мен түсіндіреді. Оның ойынша, жұмыстылықпен камтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы, деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дұрыс.

Казіргі жағдайда монетарлык теория өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теориясы жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Акша массасын дұрыс басқара отырып, Өндіріс процессін реттеуге болады Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздық басады. Мысалы, Жаңа Зеландиялык экономист Олбен Филлипс (1914 ж.ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіліп, кейінірек ал "Филлипс қисығы" аталды (сурет 1)

 

Сурет 1. Филлипс қисығы

 

К.Маркс корлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың қорлану процесінде, яғни косымша кұнның капиталға айналуында. Капиталдың тсхникалық және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұнын өзіқосымша құнның еңбек құрал-саймандарын көбірек алуға үлесі арқылы, ол қосымша кұнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесімін азаюына алып келеді. Осының салларынан жұмыс күшінін бір бөлігі артығырақ болып өндіріс саласынан ығыстырыыпып шығарады. Сонын арқасында өнеркәсіпте

Енбек рыногы - бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны менен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногы - экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен    камту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады.

Информация о работе Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары