Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 19:27, курсовая работа
Жұмыссыздық – жұмысқа белсенді адамдардың қоғамда тауар өндіру жұмыс орындарында және қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылмауын көрсететін әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар мен еңбекпен қамтылған адамдар елдің жұмыс күшін құрайды. Экономикалық өмірде жұмыссыздық жұмыс күшінің ұсынысының жұмыс күшіне сұранысынан асып түсуі жұмыссыздықты көрсетеді. Адам қоғамының түрлі даму кезеңдерінде жұмыс күшінің қолдануының тиімділігі әр қалай болды. Алғашқы адамдар қоғамында топтағы бүкіл еңбекке жарамды адамдардың түгелдей дерлік еңбекпен айналысып және бір уақытта территорияларды қоныстануларымен белгіленді. Осыдан түрлі тайпалар арасында территориялары үшін соғыстар болып отырған. Құлиеленуші қоғамда құлдар толық еңбекпен қамтылып, ал олардың иелері мен тәуелсіз азаматтар басқа территорияларға отарлау мен «құлдар – армиясын» толтыруымен айналысқан. Феодалдық қоғамда және азиялық өндірісте шаруалардың толық немесе шамалы аграрлық қоныстануымен және басқа өндіріс салаларында еңбекпен қамтылуымен белгіленді.
Кіріспе................................................................................................................3
1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары.
1.1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері........................................................5
1.2 Жұмыссыздықтың себептері мен салдары........................................... 11
2 Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары және ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары
2.1 ҚР-дағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары.......................................................................................................19
2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары...................................27
Қорытынды......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................34
"Табиғи" термині экономика жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде жұмыс істеп, өзінің өндірістік мүмкіндігін қолданып жатыр деген ұғым бермейді. Біздің іскерлік циклдарды қысқаша шолуымызда экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен жоғары болады деп айтып кеттік. Бірақ кейде экономикадағы жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен де болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өз алдына тұрақсыз көрсеткіш. Ол кезенді түрде еңбек күші мен институционалдық өзгерістермен байланысты демографиялық қозғалыстар әсеріне түседі.
Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады, ал кейбір жұмыссыз жаңа жұмыс табады. Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің үлесімен анықталады. Берілген бөлімде біз жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен анықталатын факторларды көрсететін жұмыс күші динамикасының үлгісін құрамыз.
L — жұмыс күші, Е — жұмысшы саны, ал U — жұмыссыздар саны болсын. Әрбір жұмысқа жарамды адам не жұмысшы, не жұмыссыз болатындықтан, онда:
L = E + U
Ендеше, жұмыс күшінің жиыны жұмысшы мен жұмыссыздар санының қосындысын береді. Жұмыссыздық деңгейі U/L тең болады.
Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларға бар зейінді шоғырландыру үшін, жұмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз. Жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы. s — жұмысшылардың жұмыстан шығу деңгейінің көрсеткіші болсын, яғни әр ай сайын жұмыс жоғалтқан жұмыс істейтіндер деңгейі, f — жұмысқа орналасу деңгейінің көрсеткіші, яғни әр ай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі. Осы екі көрсеткіш тұрақты дейік және олар жұмыссыздық деңгейін қалай анықтайтынына көз жеткізейік.
Егер жұмыссыздық деңгейі өзгермейтін болса, яғни еңбек нарығы тұрақты, онда жұмысқа жалданғандар саны жұмыстан шығарылғандар санына тең болуы керек. fU — жұмысқа жадданған адамдар саны, ал sЕ — жұмысын жоғалтатын адамдар саны болғандықтан, бұл екі шама тең болуы керек:
Бұл теңдеуді түрлендіру арқылы жұмыссыздықтың тұрақты деңгейін табуымызға болады. Е = L-U, яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыс күшінің жиынтығынан жұмыссыздар санын азайтқанға тең. Бұл fU = s (L—U) екенін білдіреді. Теңдіктің екі жағын да L-ге бөлеміз, сонда
f(U/L)= s (1-U/L) шығады. Теңдеуді түрлендірсек,
Бұл теңдеу U/L жұмыссыздық деңгейі жұмысқа жандану мен жұмыстан шығарылу деңгейлерінің көрсеткіштеріне тәуелді болатынын көрсетеді. Жұмыстан шығарылу деңгейі қаншалықты жоғары болса, жұмыссыздық та соншалықты жоғары. Жұмысқа жалдану деңгейі қаншалықты жоғары болса, жұмыссыздық деңгейі соншалықты төмен болады.
Мысал. Айталық, ай сайын 1% жұмыс жоғалтсын дейік (s = 0,01), ал жұмыс істейтіндер қатарында болудың орташа кезеңі 100 ай немесе 8 жыл шамасында болады. Шамамен 20% жұмыссыздар ай сайын жұмыс табатын болсын (f = 0,20). Бұл жұмыссыз болудың орташа деңгейі 5 айға созылатынын білдіреді. Берілген нақты жағдайда жұмыссыздықтың тұрақты деңгейі
U/L = 0,01/(0,01+0,20) = 0,0476
Демек, берілген мысалда жұмыссыздық 5% деңгейде болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің үлгісі қарапайым, бірақ маңызды қорытынды шығады. Кез келген жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге негізделген экономикалық саясат не жұмыстан шығару дең-гейінің төмеңдеуіне, не жұмысқа орналасу деңгейінің артуына себепші болу керек. Осыған сәйкес көрсеткіштерге әсер ететін кез келген саясат жұмыссыздықтың табиғи деңгейін де ауыстырады.
Бұл үлгі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші және жұмыстан шығару мен жұмысқа орналасу деңгейлерінің көрсеткіштері арасындағы байланысты көрсетсе де, ол негізгі сұраққа жауап бермейді: жұмыссыздық сияқты құбылыс неге орын алады? Егер адам кез келген уақытта тез жұмыс табатын болса, жұмысқа орналасу деңгейі өте жоғары, ал жұмыссыздық деңгейі нөлге жақын болар еді. Жоғарыда келтірілген жұмыссыздық деңгейі жұмыс іздеу үлгісі қандай да бір уақытта жалғасатынын болжайды, бірақ неге екенін түсіндірмейді. Келесі екі бөлімде біз жұмыссыздық орын алуының екі негізгі себебін қарастырамыз, олар: жұмыс іздеу проблемалары мен жалақының қатаңдығы.
Жұмысы барлар қатарынан жұмыссыздар қатарына ауысу және керісінше. Белгілі уақыт аралығында жұмыс істейтін адамдар бөлігі (s) өзінің жұмыс орындарын жоғалтады, ал жұмыссыздар белігі (f) жұмыс табады. Жұмысқа орналасу және жұмыстан шығу көрсеткіштері жұмыссыздық деңгейін анықтайды [2].
1.2 Жұмыссыздықтың себептері мен салдары
Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс. ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді. Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80-шы жылдары жұмыспен қамтуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90%, ал Батыс Европада 100% құрады.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет - жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шектелуіне әкеліп соқтырды. Осынын бәрі еңбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді.
Бұдан тиімді түрдегі жұмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатқаны айқын бола түседі. Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату-сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сәтсіз көтеруіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалылығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының ша-масын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшінің сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінін әлеуметтік-экономикалық табиғатын және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының ерекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен - сату-сатып алу арқылы жүзеге асады.
Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады және қазіргі кездегі оның шамасы қандай? Жұмыс күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады. Әзірше, дүние жүзінің көптеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі, оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы, Швейцарияда бір сағаттық еңбек - 30, Германияда -28, Австрияда - 22, Францияда -15 доллар турады. Біздін есебіміз бойынша бұл көрсеткіш, қазіргі таңда Казақстанда, орта шамамен 0,10 даллар (әрине бұл арада инфляцияның деңгейін ескеру қажет) құрады.
Жұмыссыздық себептерінің біріне жұмыс күші құрылымы мен бос жұмыс орындары арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады. Бесінші тарауда қарастырылған еңбек нарығының тепе-тендік үлгісі жұмысшылар деңгейінің бос жұмыс орындарына сәйкестігін болжайды, жұмысшы кез келген жұмыс орнына лайықты. Егер ол шынында солай болса, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болып, онда жұмыс орнын жоғалту жұмыссыздықты тудырмайтын еді: еңбек нарығына шығарылғандар тез арада нарықта белгіленген жалақысы бар жаңа жұмыс табар еді.
Уақытша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз. Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы тербелісте, ал ол осы тауарларды өндіретін жұмысшылар еңбегіне деген сұраныстың тұрақсыздығын білдіреді. Мысалы, дербес компьютерді енгізу жазу машиналарына сұранысты қысқартты, ал ол жазу машинкаларын шығаратын өндірістегі еңбекке сұранысты төмендетті. Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі еңбекке сұраныс өсті. Онан кейін, әр аймақ әр түрлі тауар өндіретіндіктен, еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы мүмкін. Мысалы, мұнай бағасының өсуі Атырау сияқты мұнай өндіретін жерлерде жұмыс күшіне сұранысты арттырады. Экономистер осындай аймақтар мен салалар бойынша еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді құрылымдық ығысу атайды.
Құрылымдық ығысу ұдайы болғандықтан және жұмысшыларға жұмыс ауыстыру үшін белгілі уақыт қажеттігінен уақытша жұмыссыздық тұрақты сипатга болады.
Құрылымдық ығыстырулар жұмысшылардың ұдайы босатылуы мен уақытша жұмыссыздықтың жалғыз себебі емес. Одан басқа егер фирма банкротқа түссе, егер олардың жұмысының сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе олардың нақты мамандығы қажет етілмесе жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады. Жұмысшылар өздерінің мамандық қызығушылығын өзгерткен жағдайда немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек нарығында фирмалар арасындағы сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша жұмыссыздық әрқашан болады.
Уақытша жұмыссыздықты түсіру жолымен жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендету көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін бос орындар туралы хабарлама таратады. Мамандықты ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан тез өсетіндерге өтуін жеңілдетуге бағытталған. Бұл бағдарламалар жұмысқа орналасу деңгейінің өсуіне қаншалықты мүмкіндік туғызса, соншалықты олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетеді [3].
Керісінше, жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі жұмыссыздардың санын ұлғайтатып мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Осы бағдарлама бойынша жұмысын жоғалтқан жұмыссыздар белгілі уақытта шамалап жалақы алуы мүмкін. Бірақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің нақты шарты жылдан жылға өзгеріп отыратындықтан жұмыссыздықтан сақтандыру бағдарламасымен қамтылған жұмысшылар әр түрлі жалақы алады.
Жұмыссыздықтан сақтандыру жұмысты жоғалтудың экономикалық зардаптарын жеңілдетіп, бір уақытта жұмыссыздардың санын ұлғайтады және жұмыздықтың табиғи деңгейін көтереді. Жәрдем алатын жұмыссыздар жұмысты белсенді іздемейді және олар кебінесе жалдау қарқынының көрсеткішін түсіретін көзқарасы бойынша ұнамсыз ұсыныстарды қабылдамайды. Одан кейін жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің болуы кәсіпкерлердің жұмысшьшарды жұмыстан шығару шешімін тез қабылдауына әсер етеді, ал ол жұмыстан босату қарқыны көрсеткішінің өсуіне әкеледі.
Жұмыссыздықтан сақтандыру деңгейінің көтерілуі туралы факт, бұл саясаттың қажетсіздігін білдірмейді. Оның жағымды жағы — жұмысшыларда нақты табыс алатындығына сенім тудырады. Одан кейін жұмысшылардың ұнамсыз жұмысқа қарсы болуына жағдай жасап, бұл саясат мүмкін жұмыс күші мен жұмыс орындары құрылымының сипаттамасы арасындағы тура сәйкестікті орнатуға жағдай тудырады. Салыстырмалы нәтижелілік пен жұмыссыздықтан сақтандырудың әр түрлі жүйелерінің құнын бағалау қиын проблема.
Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселесін зерттейтін экономистер, көбінесе жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолдарын ұсынады. Сондай ұсыныстардың бірі жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмаға жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны толық көлемде төлетуді ұсынады. Бұндай жүйе жүз пайыздық өтем жүйесі деп аталады, себебі әр фирманың жұмыссыздықтан сақтандырудағы жарнасы жұмыссыздықтың масштабын бейнелейді. Қолданыстағы бағдарламалардың көбі ішінара өтем жүйесіне негізделген. Осыған сәйкес жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмадан осы жұмысшыға жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемнің тек бір бөлігі ғана алынады. Фирмаға жұмыстан босатылған жұмысшылардың өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі түсетіндіктен, оған уақытша сұраныстың төмендеуі кезінде артық жұмысшылардан құтылу пайдалы. Өтемақының өсетіндігі көбінесе уақытша жұмыстан босатуды шектеуге мүмкіндік туғызады.
Жұмыссыздықтың екінші себебі — жалақының қатандығы, яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан. Тепе-теңдік еңбек нарығының үлгісіндегі нақты жалақы сұраныс пен ұсынысты теңестіруден өзгеріп тұрады. Бірақ шын мәнінде жалақы әрқашан икемді болмайды. Кейде нақты жалақы тепе-теңдіктен жоғары деңгейде болады.Бұл мысал жалақы қатаңдығы не себептен жұмыссыздыққа әкелетінін көрсетеді. Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады. Фирмалар тапшы орын санын барлық талапкерлер арасында таратуға мәжбүр болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады.
Жалақының қатандығы салдарынан болатын жұмыссыздық және осыдан шығатын жұмыс орнының жетіспеушілігі жұмыссыздықты күту деп аталады. Жұмысшылар жұмыссыз болуының себебі олардың мамандығына сәйкес ең жоғары дәрежедегі жұмыс іздеуінен емес, берілген жалақы деңгейінде еңбек ұсынысынаң фирмалар жағынан еңбек сұранысы артық болғандығынан. Жұмысшылар тек жұмыс алу мүмкіндігін күтеді.
Жалақы қатаңдығы және жұмыссыздықты күту ұғымын түсіну үшін, ең алдымен еңбек нарығы неге тепе-теңдік жағдайға келмейтінін білу керек. Жалақының нақты деңгейі тепе-теңдік нүктесінен жоғары болғанда, ал еңбек ұсынысы сұраныстан көп болса, жұмыс берушілердің жалақыны төмендетулерін күтуге болатын еді. Жұмыссыздықты күту болуының себебі, еңбек ұсынысы артық болса да, фирмалардың жалақы деңгейін түсіре алмауынан.
Информация о работе Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары