Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 19:27, курсовая работа
Жұмыссыздық – жұмысқа белсенді адамдардың қоғамда тауар өндіру жұмыс орындарында және қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылмауын көрсететін әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар мен еңбекпен қамтылған адамдар елдің жұмыс күшін құрайды. Экономикалық өмірде жұмыссыздық жұмыс күшінің ұсынысының жұмыс күшіне сұранысынан асып түсуі жұмыссыздықты көрсетеді. Адам қоғамының түрлі даму кезеңдерінде жұмыс күшінің қолдануының тиімділігі әр қалай болды. Алғашқы адамдар қоғамында топтағы бүкіл еңбекке жарамды адамдардың түгелдей дерлік еңбекпен айналысып және бір уақытта территорияларды қоныстануларымен белгіленді. Осыдан түрлі тайпалар арасында территориялары үшін соғыстар болып отырған. Құлиеленуші қоғамда құлдар толық еңбекпен қамтылып, ал олардың иелері мен тәуелсіз азаматтар басқа территорияларға отарлау мен «құлдар – армиясын» толтыруымен айналысқан. Феодалдық қоғамда және азиялық өндірісте шаруалардың толық немесе шамалы аграрлық қоныстануымен және басқа өндіріс салаларында еңбекпен қамтылуымен белгіленді.
Кіріспе................................................................................................................3
1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары.
1.1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері........................................................5
1.2 Жұмыссыздықтың себептері мен салдары........................................... 11
2 Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары және ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары
2.1 ҚР-дағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары.......................................................................................................19
2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары...................................27
Қорытынды......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................34
Жұмыссыздықтың ұзақтығы туралы мәліметтердің мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін маңызды мәні бар. Егер мақсат жұмыссыздық деңгейін қысқарту болса, онда ұзақ мерзімді жұмыссыздық жалпы жұмыссыздық ұзақтылығына үлкен әсерін тигізеді. Алайда бұндай саясат өте дәл бағытталған, өйткені ұзақ мерзім бойы жұмыссыз отыратындар барлық жұмыссыздар арасында азшылықты қүрайды. Жұмыссыз қалған адамдардың көп бөлігі жұмысты жеткілікті түрде тез табады.
Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелдік бар? Жұмыс істейтіңдер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар — атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңдары алды.
Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы
3-сурет. Оукен заңы. Сурет пиктограмма
болып табылады, мұнда горизонталь
ось бойынша жұмыссыздық
3-суретте Оукен заңы Құрама Штаттар деректері бойынша көрсетіледі. Сурет пиктограмма болып табылады, ондағы әрбір нүкте бір бақылаудың нәтижесі болып табылады (бұл жағдайда — белгілі бір жыл бойынша). Горизонталь ось бойынша өткен жылмен салыстырылған жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша — пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны көрсетілген. Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі нақты ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты екендігі анық көрсетілген.
Жұмыссыздықтың өзгермейтін деңгейіңде заң өлшемділігі болады, яғни мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғын халықтың есімімен, капиталдың жиналуымен және ғылыми-техникалық прогрестің өсімімен белгіленіп, 30%-ды құрайды. Сонымен қатар, әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын 1%-ға, нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқынын 2%-ға төмендетеді. Сол себепті, жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8%-ға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай құрайды: 3 — 2 х (8 — 6) = -7%.
Осыған байланысты, Оукен заңы бойынша, экономиканың төмеңдеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1%-ға төмеңдейді.
Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді:
Мұндағы:
Ү — нақты өнім көлемі;
Ү* — потенциалды ЖҰӨ;
U — нақты жұмыссыздық деңгейі;
U* — табиғи жұмыссыздық деңгейі;
β — эмпирикалық коэффициент [2].
2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Ма-мандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы -тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды, және де, бұл қадрлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: касіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады, Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етідді.
Кадрларды тұрақтандыруда "жас маман" институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтілгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы - қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыдарға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезені бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Сонымен бірге біздің елдегі жұмыссыздықты түсіру жолымен жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге және жұмыспен қамту мәселелерін шешу барысында көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтылған еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру мақсатында түрлі шаралар жүргізу қажет. Мамандықты ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан тез өсетіндерге өтуін жеделдетуге бағытталған. Бұл бағдарламалар қаншалықты жұмысқа орналасу деңгейінің өсуіне мүмкіндік тигізсе, соншалықты жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетеді.
ҚР жұмыспен қамту қызметінің бағыты бойынша әзірленетін жылдық және тоқсандық есептемелерде жұмыссыз деп ресми танылған және жұмыс іздеген азаматтың әлеуметтік-демографиялық құрамын, кәсіби білім беру ауқымдары мен нысандарын, азаматтың жұмыспен қамту мен жұмысқа орнатуға байланысты барлық мәселелер қолға алынып шешілуі тиіс.
Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі - кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасауды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл жағдайлар, қазірде нарықты экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге, яғни Қазақстан Республикасына тән бола бастады. Атап ету керек - бұл процесс өте шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудін нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы, жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қардарлығы өндіріс қуатының толық пайдаланылмауыма, көптеген косіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда [9].
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары 2006 жылы 12,8 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санының (20 млн. адам) 80 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларыңда 9,8 миллион адам жұмыспен қамтылған. Олардың 9 миллионға таяуы немесе 94 проценті экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тан еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономика қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшіідік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады. Бұл ұғымдар туралы біз нені түсінеміз.
Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз - қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті [10].
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім сүру минимумінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.
Осылармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны (шетел азаматтарының келуі) шектеу, шетел жұмысшыларының репатриясын (отанына қайту) ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімінен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыспен қамту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар мен үнемі жұмыссыз болатындарға жәрдем көрсетеді.
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсыңатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Сурет 4. Жекеленген еңбек нарығы.
4-нші суретте еңбекке сұраным
мен ұсыным және жалақының
тепе-теңдік деңгейінің
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын балса, онда жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:
- халықтың мөлшерімен;
- тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабылеті бар халықтың үлесімен;
- жұмысшынын бір жыл ішінде
атқарған жұмыс сағатының
- жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен жұмысшының мамаңдық деңгейімен /квалификациясымен/.
Жалақының тепе-теңдік деңгейін орнықтырудың автоматты тенденциясы болады деген жорамал бар, тепе-теңдікке жету механимзмі болып, жұмыссыздық көлемнің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы қызмет етеді: ақшалай жалақы өскен жағдайда бағаның деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды [11].
Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері. Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына сайкес, оның мақсатымен жане атқаратын қызметтері өзгерді. Еңбек биржасы - бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кесіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Бұрынғы КСРО - да ең соңғы енбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Казіргі нақты жағдай - еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңғыртудың қажеттігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап Казақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету жәнс жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады [8].
Қорытынды
Қорыта келгенде, Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және казіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандык, теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты рыноктық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы -жұмыссыздық жалақы денгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері - "монетаристері" - осы көзқарасты құптайды.
Информация о работе Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары