Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 19:27, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыссыздық – жұмысқа белсенді адамдардың қоғамда тауар өндіру жұмыс орындарында және қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылмауын көрсететін әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар мен еңбекпен қамтылған адамдар елдің жұмыс күшін құрайды. Экономикалық өмірде жұмыссыздық жұмыс күшінің ұсынысының жұмыс күшіне сұранысынан асып түсуі жұмыссыздықты көрсетеді. Адам қоғамының түрлі даму кезеңдерінде жұмыс күшінің қолдануының тиімділігі әр қалай болды. Алғашқы адамдар қоғамында топтағы бүкіл еңбекке жарамды адамдардың түгелдей дерлік еңбекпен айналысып және бір уақытта территорияларды қоныстануларымен белгіленді. Осыдан түрлі тайпалар арасында территориялары үшін соғыстар болып отырған. Құлиеленуші қоғамда құлдар толық еңбекпен қамтылып, ал олардың иелері мен тәуелсіз азаматтар басқа территорияларға отарлау мен «құлдар – армиясын» толтыруымен айналысқан. Феодалдық қоғамда және азиялық өндірісте шаруалардың толық немесе шамалы аграрлық қоныстануымен және басқа өндіріс салаларында еңбекпен қамтылуымен белгіленді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары.
1.1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері........................................................5
1.2 Жұмыссыздықтың себептері мен салдары........................................... 11
2 Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары және ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары
2.1 ҚР-дағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары.......................................................................................................19
2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары...................................27
Қорытынды......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

econ_kurs_167.doc

— 1.74 Мб (Скачать документ)

Осы құбылыстар АҚШ-тағы еңбек рыногында айқын көрінеді. Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады: ауыл шаурашылығымен айналысатындар санының тез қысқаруы және олардың қызмет көрсету саясында артуы. Себебі бұл сала барынша ұлғая түсті және ол қоғамдық енбекті қолданатын басты салаға айналады.

Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту АҚШ-да 1955-ші жылы 6,5 млн адамнан 1990-шы жылы 3,2 млн.адамға қысқарды, ал қызмет көрсету саласында 1955-ші жылы 30,1 млн. адамнан 1990-шы жылы 85,3 млн.адамға артып, жалпы жұмыспен камтылғаңдардың 75% құрады. Кәсіби кқұрылымда ой еңбегімен айналысатын жұмыскерлер арта түсті. Олар 1991-ші жылы барлық жұмыспен қамтылған жұмыс күшінің 51% құрады.

Біліктілік құрылымында жұмыс күші білім деңгсйінің өскендігін байқатады. АҚШ-да 1970-пен 1992-ші жылдардың аралығында орташа білім алған адамдардың саны өсті және жұмыс күшініц жоғарғы білім алғандар мен толық алмағандар 21%-дан 38%-ға үлесі артты. Демографиялық құрылым бойынша әйелдерді жұмыс күші құрылымына тезірек тарту байқалады. АҚШ-да әйелдердің экономикалык деңгейге катысуы 1980-шы жылы 34%-дан 1992-ші жылы 60%-ға артты [1].

Қазакстан Республикасында осы уақытқа дейін енбек нарығы болған жоқ. Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын карастырады. Еңбек рыногы — бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату — сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орынының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек рыногында өте кабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Рынок енбекке кабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пеи бастамашылдыкты ынталандырады.

Казақстан Республикасындағы калыптасып отырған еңбек рыногы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр.

Рынокта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді. Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни жұмысқа кабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек рыногын мойындау үшін жұмыс күшінін әлеуметтік-экономикалық табиғаты мен онын өндіріс құрал-жабдығымен косылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Жұмыс күшінің өндіріс кұрал-жабдығымен косылуы рыноктық әдіспен - сатып алу-сату жолы арқылы жүзеге асады.

Егер жұмыс күшін-тауар десек, онда оның құны жайлы әңгіме туындайды. Қазіргі кезде оның құны каңдай және калай анықталады. Шын мәнінде, жұмыс күші құнын өмір сүру жабдыктары кажеттіліктер құнына теңестіруге болады, яғни жұмыскер мен оның отбасының өмір сүруі осы кажеттіліктер құнына пара-пар болады.  

Ал енді тиімді жұмыстылық (еңбекпен қамту) дегенді калай түсінеміз?

Толық жұмыстылық (еңбекпен қамту) дегеніміз халык шаруашылығы көлемінде еңбекке кабілетті тұрғындарды жұмыс орынымсн камтамасыз ету.

Тиімді жұмыстылық дегеніміз коғам кажеттілігін өте аз еңбек шығынымен канағаттандыра білу.

 Қазіргі рыноктық экономикада  жұмыскерлердін оңтайлы резерві  міндетті түрде болуы кажет, сөйтіп  жұмыссыздыктың табиғи мөлшері  сақталады. Оған тең дәрежеде  арифметикалық "толық жұмыстылық" және тым жоғары жұмыссыздықта керіғар екендігі белгілі. Бірінші жағдайда экономикаға - сұраным инфляциясы, өндірістің төменгі тиімділігі, сала мен аумақтағы, еңбек ресурстарын бөлудің әміршілдік тәсілі, стагфляция және басқа ірі келеңсіздіктер әсер етеді. Екінщі жағдайда - өндірістің енбек факторын ашық қолданбауында, адамның әлеуметтік-экономикалық құқының жаппай бұзылуында, көптеген жұмыссыздарды кажеттілікпеи сақтауға байланысты мемлекеттік каржыны келеңсіз қысымдауда және т.б. болып тұр.Енбек рыногы нарық түрлерінің ішіндегі ең жетілмегсні болып  табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, әдетте, олардың еңбегіне сұранымның бар немесе жоқтығы туралы мәліметтермен толық ақпараттанбаған. Олар өзінін қаласының шеңберіндегі бос жұмыс орнының барлығын толық білмейді. Ал басқа аймақта жұмыс орнының болуы туралы тіпті хабарсыз. Рынок жағдайында экономикалық еңбекті ауыстыру заңы жұмыс атқарады. Оның мәнісі мынада: өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсенді жұмыс жасауы керек, ол болса тұрақты жетілдіруді қажет етеді және бүкіл өмір бойы еңбек еткен кезенде қызмет сапасы түрін өзгерткені абзал.

Еңбек рыногындағы тепе-тендік сұраным мен ұсыным көмегімен бекітіледі. Еңбекке деген сұраным мөлшері жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыстылықта болады. Жалақы мөлшері көтерілген кезіңде фирмалар нарықтық тепе-тендікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне сұранымды төмендетуі қажет, ал жалақы мелшері темендегенде еңбекке сұраным артады. Жұмыс күшіне деген ұсыным нақты байланысқа іс-әрекет етеді.

Американ ғалым-экономисі П.Самуэльсонның ойынша, коғамдағы енбекке деген ұсыным төмендегідей факторлармен анықталады:

- тұрғыңдардың жалпы санымен;

- жалпы  тұрғыңдар санындағы өз бетінше тұратыңдардың үлесінен құралады;

- Жыл немесе апта бойынша  жұмысшының атқаратын орташа сағат санымен;

- Жұмысшының жұмсайтын еңбегінің сапасы, саны және біліктілігімен. Еңбек нарығындағы сұраным мен    ұсынымның ара катынасы.

Графикте еңбекке деген сұраңым мен ұсыным қисығы және жалакы денгейінін тепе-тендігі көрсетілген. "Е" нүктесінде жұмыс күшінің сұраным мөлшері жұмыс күші ұсынымына тең, яғни еңбек рыногы тепе-теңдік жағдайда болады. Бұл дегеніміз барлық фирмалар "Е" жалақысын төлеуге келіседі, себебі еңбек рыногында қажетті мөлшерде жұмыс күшін табады және оның еңбекке деген төлем қаблеттілігі сұранымы толық канағаттандырылған. Рыноктық тепе-теңдік жағдайында барлық жұмыскерлер толық еңбекпен қамтылған және жалақынын "Е" нүктесі кезінде өзінін кызмет көрсетуін ұсынуға дайын. Сондықтан "Е" нүктесі толык жұмыстылық жағдайын көрсетеді.

Республикада алдағы жылдары тіркелетін жұмыссыздар саны бірнеше мыңға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл процеске мемлекет дайындалғаны жөн және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, оны реттеуді үйренген дұрыс-ақ. Тұрғындарды енбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі құқықтық негіздегі, арнайы мекемелер бөлімшелерін, экономикалық тетіктер жүйесін өндіреді. Осы жағдайда мемлекет әлеуметтік саясатында міндетті шараларды жүргізуге міндетті: әсіресе, жұмыссыздарға жәрдем төлеу, біліктілікті арттыру мен жаңа жұмыс орнын құру және әлеуметтік саясат және т.б.

 

 

Қазақстан Республикасы "Тұрғындарды жұмыспен камту туралы" жұмыссыздығы үшін олардың, негізгі-жалақысының 50%-нан төмен емес мөлшерде кепелдікпен акы белгіленеді. Ол төлсм республикадағы қалыптасқан жағдайға, күн көру дсңгейімен төмен болмауы кажет. Салыстыру үшін жұмыссыздық бойынша ақы мөлшерін келтірсйік: АҚШ-да жалақының 50%-ын құрайды, Жапонияда жұмыссыздардың жас ерекшілігі мен басқада көрсеткішіне байланысты 3-12 айдың жалакысының - 60-80% құрайды, Францияда - 1-2,5 жылдағы жалакының 42%-ін құрап, қосымша күніне 40 франк төленеді, ал 3 жыл бойы ерскшс ақы төленеді. Ұлыбританияда 52 апта бойы 28,5 фунт стерлинг төлейді. Жұмыс істейтіндердің жалақысынан шегеріліп, сол жиналған сомалардан арнайы қор пар құрылады. Рыноктық экономикасы дамыған көптсген елдерде еңбек нарығындағы әртүрлі категориядағы адамдарға дифференциалды түрдс қарау көзделген Әсіресе жастарға. Осы мақсатта жастар арасындағы жұмыссыздықпен күресу үшін арнайы бағдарлама жасалып, ол өмірге ендіріледі. Бұл бағдарламада кәсіпкерлердің қатысуымсн жастар үшін жұмыс орынын құру шараларына ерекше орыиһн берілген, кәсіпкср жалақыны төлеу шығындарын каржыландырмаса, мемлекет кәсіби дайындықта жұмсалатын шығындарды өз мойнына алады. Қазақстан Республикасы Прсзидентінің 1996-ншы жылы 6 қазанда "Мемлекеттік жастар саясатын жстілдіру шаралары туралы" шешімі шығып, онда осы мәселелерді қарастыру көзделген [2].

Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы) алады. Еңбек биржасы — бұл тұракты негізде қызмет жасайтын мскеме, мұнда еңбскті жалдау кезіндс жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1930-шы жылы жабылып, жұмыссыздықтың көзі жойылғандығы айтылды.

Бүгінгі қалыптасқан шындық барлық еңбек нарығы элементтерінің кайтадан пайда болу қажсттілігін алға тартуда. Қазақсстанда тұрғындарды жаппай жұ.мыспен камту орталығы 1991-ші жылы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастады. Қазіргі кездс мұндай биржалар орны өсіп келеді. Қоғамдық қатынастары, дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда гуманитарлық институт ретінде пайда болып, оның мақсаты жұмыссыздарға көмек көрсету еді. Уакыт өте келе және бұл слдсгі еңбек қатынастарының дамуына  сай олардың міндеттсрі мсн қызметтері өзгерді. Соңғы жылдары еңбек биржасы  еңбек нарғын реттеудің маңызды инструменті болып , жұмыспен қамту саясатын жасап әрі оны өмірге ендірді. Мұндай биржалардың бүгінгі кездегі негізгі кызметі мынау болып табылады: енбек нарығында сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға акпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды окытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдардың жұмысқа орналастыру кезінде делдалдық іс атқару және жұмыссыздарға жәрдем ақы төлеу болмақ. Мемлекет кәсіпорын және ұйымдар мүддесін ескере отырып биржа арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы берген жұмысқа жолдама-кәсіпкер үшін ұсыныс болып табылады. Себебі олар кімді аламын десе дс таңдау еркіне құқылы және өзінің кадрлар бөлімі арқылы жұмысксрді жалдауға мүмкіндігі бар. Экономикасы дамыған елдер кәсіпорын компанияларында жұмыс күшін жалдау екі жағдайды ескере отырып жүргізіледі:

- біріншіден, фирманың ағындағы  тұтыныстарын, оның қосымша даму  стратегиясын   және   фирманың  өз   ішінде   кадрларды  дайындау  мүмкіндіктерін ескеру керек;

- екіншіден, жұмыс күшінің ұлттық  нарығының жағдайын ескеру керек;

-  жұмыс күшін жалдау кезінде төмендегідей тәсілдер колданылады;

-  жоғарғы және орта оқу  орындарынан мамандарды тарту:

-  жұмыспен қамту (биржа) орталығы  арқылы кадрларды жалдау;

- жарнамалық хабарлау мен жаппай  акпараттық құралдар көмегімен  кадрларды тарту;

- орналасатындарды конкурстық (бәсекелестік) негізде мұқият таңдау сондықтан бір жұмыс орнына бірнеше орналасатындарды тарта білу. Талдау іс-әрекеті мұқият талқыланып, онда әртүрлі тестілерді колдану ескерілсді. Тестілер жұмыс орынына таласатын іздемпаздың лауазымды қызметіне байланысты әртүрлі болып құрылады. Тесті жалпы интеллектуалды деңгейі тексеруге,  кейде әртүрлі дайындық деңгейін байқататын, жалпы және өндірістік сипатты көрсететін сауалдарға, оның ішінде таласкердің тандап алған мамандығы бойынша сұрақтарға негізделіп жасалады [7].

Капиталдың техникалық құрылымы, капиталдың органикалық құрылымы, жұмыстылық (еңбекпен қамту) саясаты, жұмыс күші. жұмыссыздық еңбек рыногы, еңбек биржасы, жұмыстылық (жұмыспен қамту) орталығы, енбек нарығын мемлекеттік реттеуі, Филлипс қисығы жұмыссыздардың жәрдем ақысы, еңбекке сұраным, жұмыс күшіне ұсыным. кауым, тоқыраудағы артық тұрғындар, ағымдағы артық тұрғындар жасырын артық тұрғындар, жұмыссыздық нормасы, толық жұмыстылық тиімді жұмыстылық, жасырын жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық маусымды "жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық техникалық жұмыссыздық циклдық жұмыссыздық деңгейін алмасу заңы. Оукен заңы, жұмыс күшін жалдау, іріктеу механизмі.

Енді жұмыссыздықты сипаттайтын кейбір қосымша мәліметтерге жүгінейік. Олар жоғарыда қарастырылған жұмыссыздық теориясын және оны қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясаттын шараларын бағалауға көмектеседі.

Айталық, сіз жұмысты жоғалттыңыз деп есептейік, сіздің ұзақ уақыт бойы жұмыссыз болуыңыздың ықтималдығы қанша? Жауабы өте маңызды, өйткені ол жұмыссыздық себептерін және мемлекеттік саясаттың лайықты шараларын көрсетеді. Бір жағынан, егер жұмыссыздық қысқа мерзімді сипатта болса, оның уақытша және мүмкін шарасыз болуын болжауға болады. Адамдарға мамандығына және тілегіне жоғары дәрежеде сай келе-тін жаңа жұмысты табу үшін уақыт керек етеді. Басқа жағынан, ұзақ мерзімді сипат алатын жұмыссыздық — өзге құбылыс, себебі лайықты жұмыс табу үрдісі ұзаққа созылмауы керек еді. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық көбінесе жұмыссыздықты күту болады. Осыдан, жұмыссыздық ұзақтығы туралы мәліметтер біздің оның себептері туралы көзқарасымызға ықпал етуі мүмкін.

Жоғарыда қойылған сұрақтың жауабы оңай емес. Мәліметтер бойынша, көп адамдарға жұмыссыз отыру кезеңі ұзаққа созылмайды, алайда сол кезде жұмыссыздықтың жинақталған ұзақтылығына ең үлкен үлесті ұзақ уақыт бойы жұмыссыз отырғандар қосады. Мысалы, 1974 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,6% болған кезде жұмыссыздардың 60%-ы 1 ай ішінде өздеріне жұмыс тапты. Сол жылы жұмыссыздықтың жинақталған ұзақтылығынан 69%-ы 2 немесе одан кеп айға созылған жұмыссыз отыру кезеңдеріне жатады.

Неге осы фактілер бір-біріне қайшы келетінін түсіну үшін, келесі мысалды қарастырайық. Айталық, 14 адам берілген жылдың кейбір бөлігінде жұмыссыз болады. Оның ішінен 12-сі бір ай ішінде жұмыс табады, ал екеуі жыл бойы жұмыс істемейді. Сонда, осы адамдар жалпы қосқанда 36 ай жұмыс істемеген болып шығады. Берілген мысалда жұмыссыздардың көп бөлігі қысқа мерзім ішінде жұмыссыз жүрді. 14 адамның ішінде 12-сі немесе 86% үшін жұмыссыздық бір ай шамасына созылады. Дегенмен, жұмыссыздықтың жиынтық ұзақтылығының көп белігі ұзақ уақыт бойы 36 ай ішінде 24 ай жұмыс істемеген 67% жыл бойы жұмыс істемеген екі адамға кетті. Талқылау заты не болатынына қарай — жұмыссыз отырудың жеке мерзімдері мен немесе жұмыссыздықтың жиынтық ұзақтылығы ма, жұмыссыздық не қысқа мерзімді, не ұзақ мерзімді болады [6].

Информация о работе Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары