Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 02:42, дипломная работа

Краткое описание

Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ұлттық есептер жүйесінің экономикалық мәні
1.2 Ұлттық есептер жүйесінде жалпы ұлттық өнімнің мәні және мазмұны
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері

2. 2008-2010 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 2008-2010 жылдар аралығында жалпы ұлттық өнім динамикасын талдау
2.2 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын талдау
2.3 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің индекстерін талдау
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН РЕТТЕУДІҢ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстанның макроэкономикалық жағдайын реттеудің шаралары
3.2 Қазақстан Республикасында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді ынталандыру шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ВВП диплом.doc

— 1,014.00 Кб (Скачать документ)

Зерттеу барысында әрі қарай дамуды талап ететін, экономикалық қызметтің ен әлсіз жақтары анықталды. Қазақстанда ен жоғары инфляция дәрежесі 10,8%) және ол  54 орын алады.

Мәліметтерге сәйкес республиканың экономикалық циклдарға деген тұрақтылығы әлсіз болып табылады. Бірақ елдің күшті жақтары да бар. Нақты ЖҰӨ-нің өсу қарқыны бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші позициялардың бірін алады (4 орын). Ел сауда шарттарының индексі бойынша, халықтың жұмысбастылығы бойынша, адам басына шаққанда нақты ЖҰӨ көлемінің өсуі бойынша жоғары рейтингке ие, бұл елдің экономикалық даму денгейін жақсартудың маңызды көрсеткіші. Қазақстан экономикалық жағынан дамыған әріптес-мемлекеттердің құқықтық нормаларымен өз заң шығарушы базасын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру керек. Біріншіден ол рұқсат бері жүйесіне қатысты, яғни лицензиялау және аккредитация. Айта кететін жәйт, қазіргі кезде республикада техникалық заңдылық құрылып жатыр, бұл өнім және процестердің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету үшін бірегей құқықтық кеңістікке кіруге мүмкіндік береді. Үкімет тарапынан сонымен қатар ұлттық ғылыми потенциалды тұрақтандыру, күшейту бойынша қадамдар жасалуда және Әлемдік Банк ұсынған экономиканы диверсификациялау бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Маңызды мемлекеттік инициативалардың ішінен арнайы Білім қорының құрылуын және екі ірі Самрук» және «Казына» холдингтерінің «Самрук-Казына» ұлттық Қоры болып бірігуін атап өтуге болады. Кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі қазіргі кезенде шағын бизнесті табысты дамыту үшін объективті негіздердің, шарттардың жасалуымен байланысты болып отыр. Біріншіден республикада тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы қалыптасуда. Екіншіден кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін нормативті-құқықтық база құрылған. Үшіншіден кәсіпкерлердің қоғамдық қозғалысының дамуы үшін, олардың шағын бизнесті қолдау облысында саясатты жасақтау және жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық шарттары жасалған.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін негізгі факторларға, әсіресе республиканың қаржылық және өнеркәсіптік орталықтарынан алыс орналасқан жерлерде, мамандардың айтуынша келесі факторлар жатады:

  • халықтың төлем қабілеттілігінің төмен денгейі, әсіресе ауылдық мекендерде, ол жоғары жұмыссыздық денгейімен және кедейшілік жағдайында өмір сүретін халық санының үлесінің көп болуымен байланысты;
  • айналым қорларының жетіспеушілігі;
  • кәсіпорындардың жоғары өнімді құрал-жабдықтармен жеткілікті көлемде жабдықталмауы;
  • шикізат және жартылай жайын өнімдердің жетіспеушілігі;
  • импорттық тауарлармен салыстырғанда шағын жергілікті кәсіпорындар өнімінің төмен бәсеке қабілеттілігі;
  • шағын бизнес субъектілерінің несие қабілетсіздігі;
  • қаржылық және ғылыми ұйымдардың жетіспеушілігі;
  • халықтың төмен білім-мәдени денгейі.

IMD зерттеуі көрсеткендей, Қазақстанда бизнесті дамыту үшін кәсіпкерліктің дамуын тежейтін бірнеше факторлар бар. Талдау барысында келесі факторлар анықталған: банк несиелерінің қиындықпен алынуы, бизнесті ұйымдастыруға венчурлік капиталға қол жеткізу қиындығы, қаржы институттарында «мөлдірліктің» болмауы, қор нарықтарының әлсіз қызметі, маманданған білікті кадрлардың шетелге кетуі, сатып алу қабілетінің паритеті бойынша енбек өнімділігі.Осылайша, шағын бизнесті дамыту саласында мемлекеттің қолдауына қарамастан, ел экономикасында шағын кәсіпкерліктің ролі әлі айтарлықтай әлсіз.

Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы он жылдықта олардың саны екі есеге артты, олардың санының саудада және қызметтер саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық мынандай прогресивті салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық қызметтер – айтарлықтай рөлі бар.

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:

  • Еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
  • Оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру (жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);
  • Бағдарламада ғылыми – техникалық прогрестің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;

-   Шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында (область орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек;

  • Ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.

Аймақтық аспектіде шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы шарттар халық саны көп, ірі елді мекендерде жасалған. Бұл шағын кәсіпорындардың өнім және қызметіне тұтынушылар тарапынан тұрақты сұраныстың  болуымен түсіндіріледі.

Ғаламдану шарттарында адам капиталы алдыңғы орынға шығатынын ескере отырып, Қазақстан енбек ресурстарын дайындауда сапаны көтеруге көп мән беруі керек, заманауи және тиімді білім беру жүйесін құру, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге көп мән  беруі керек.

Қазақстанның тұйық ұлттық шаруашылықтан ашық типтегі экономикаға өтуі, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, ұлттық экономиканың сапалы инфрақұрылым қызметтеріне деген қажеттілігі , инфрақұрылым объектілерінің тозу дәрежесінің өсуі инфрақұрылымды дамыту мәселесін шешуді талап етеді.

Тағы бір кедергі – бұл инновациялық және инвестициялық белсенділік денгейінің төмендігі. Қорытындылай келе, 50 ен бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру міндетін алдына қоя отырып, Қазақстан өз алдына үлкен, әрі қиын да мақсат қойды. Экономиканың сапалы өсуімен бірге әрбір жасалатын жаңа қадам көп жұмысты талап етеді, ал оның табыстылық кепілі – жалпы бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін барлық факторларды кешенді, әрі балансталған түрде жақсарту.

 

3. Қазақстанның макроэкономикалық жағдайын реттеудің шараларын жетілдіру

 

3.1 Қазақстанның макроэкономикалық жағдайын реттеудің шаралары

 

 Дағдарыс кезенінде үкімет қазіргі кезең талаптарына сай келу және ұзақ мерзімді мақсаттар мен приоритеттерге сәйкес келу арасында компромисс іздеу мәселесімен кездеседі. Әдеттегідей бұл қақтығыстар бюджетте өз бейнесін табады. Бюджет - экономикалық саясаттың барлық аспектілерін айқын сипаттайтын басты құжат.

Қазақстан экономикасы әлемдік экономикалық жүйеге интеграцияланған, сондықтан ғаламдық тенденциялар әсеріне бейім болады. 2007 – 2008 ж.ж. аралығында капиталдың сыртқы нарығында болған өтімділік дағдарысы дамыған және дамушы елдерге жағымсыз әсерін тигізді. Қарыздық  капиталдың құнының ғаламдық өсуі экономикалық өсудің әлемдік қарқынына айтарлықтай әсер етті, ол біздің экономикаға өз әсерін тигізбей қоймады. Бірақ Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай тұрақты болып табылады.

2007 жылдың екінші жартысында  басталған әлемдік қаржы нарықтарындағы  тұрақсыздық Қазақстанның даму  қарқынына әсер етті. Бұл отандық  банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды  тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.  
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.  
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы  байқалады.  
Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

Өткен жылдың күзінде Қазақстан қаржы дағдарысының алғашқы толқынымен кезікті.  2007 жылдың қазанында Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Қаржылық қадағалау агенттігі) халықаралық қаржы және азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсарту үшін бірқатар бірінші кезекті шаралар қабылдады. 2007 жылдың күзінен бастап мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 млрд. теңге бөлінді.  
Меншікті немесе қарыз қаражатын үлестік құрылысқа салған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс салушыларға екінші деңгейдегі банктер арқылы 184,7 млрд. теңге бөлінді.  
Шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді.  
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 135 млрд. теңге жіберілді. 
Осы шараларға қосымша өтімділік тапшылығының проблемасы жедел шешілді және ұлттық банк жүйесінің келесі сыртқы қауіптерге дайындығының қажетті деңгейі қамтамасыз етілді. 
Бірінші кезекті шаралар кешенін іске асыруды ескере отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі төмен деңгейде тұр және 7%-дан аспайды. Тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8%-ды құрады, бұл жылдық болжамның кемінде 10%-ына сәйкес келеді. Қазақстандық банктер өздерінің ішкі және сыртқы міндеттерін ойдағыдай орындауда. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеуі өткен жылдың соңындағы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде банктердегі депозиттер 21,8%-ға дерлік, оның ішінде, халықтың депозиті 2%-ға ұлғайды. 
Ағымдағы жылдың басынан бастап Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі ішкі және сыртқы нарықтағы экономикалық жағдай мониторингін күшейтті және қосымша бірқатар шараларды қарастырды. 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленіп, қабылданды, онда қаржы ұйымдарының қасақана төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қатаңдатылды. Үкімет белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзып отырған қаржы ұйымдарының қызметіне араласуға қажетті нарық құралдарын ала отырып, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуға құқық алады. Өз кезегінде, банктерге шығарылған облигацияларды және құрылатын Стресті активтер қорының акцияларын мерзімінен бұрын сатып алу құқығы берілді.

Банктерге деген сенімді сақтап қалу мақсатында заңда жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді қайтару сомаларын бұрын көзделген 700 мың теңгеден 1 миллионға дейін, ал 2012 жылға дейін (3 жыл ішінде) - 5 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделген.  
Ағымдағы жылдың 18 қарашасынан бастап ішкі міндеттемелер бойынша ең кіші резервтік талаптар 5%-дан 2%-ға дейін, ал өзге міндеттемелер бойынша 7%-дан 3%-ға дейін төмендетілді. Бұл банктерге олардың ресурстық базасын шамамен 350 млрд. теңге көлемінде ұлғайтуға мүмкіндік береді.  
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілетін болады, оның шеңберінде салықтық жүктемелерді, ең алдымен, экономиканың шикізат емес секторы үшін салықтық жүктемелерді едәуір төмендету көзделген.

Корпоративтік табыс салығы кезең-кезеңімен 2009 жылы 30%-дан 20%-ға дейін, 2010 жылы 17,5%-ға дейін және 2011 жылы 15%-ға дейін төмендейді. 
Қосылған құн салығының ставкасы келесі жылдан бастап 13-тен 12%-ға дейін төмендейді. ҚҚС салынатын айналымның ең аз көлемі 2 есе 38 млн. теңгеге дейін ұлғаяды.

Әлеуметтік салық ставкаларының регрессивті шәкілінің орнына 11% мөлшеріндегі бірыңғай ставка енгізілетін болады.

Экономиканың барлық кәсіпорындары үшін инвестицияларды жүзеге асыру үшін салық преференциялары көзделген. Атап айтқанда, өндірмейтін секторлар үшін жедел өтеу, мұнай өндірушілер үшін - өтеудің екі есе нормасы көзделген.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу туралы талап алынып тасталады.  
Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін ауыстыру көзделді.  
Жалпы, салықтық жүктеменің төмендеуі тек 2009 жылы кәсіпорындарға 500 млрд. теңге босатуына және оларды экономиканы дамытуға жұмсауына мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жедел түрде қабылданды. Ішкі сұранысты ынталандыру және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алу тек қазақстандық өнім берушілерге басымды түрде бағытталатын болады. Жедел шешімдер қабылдау, кепілдіктер, ұзақ мерзімді тапсырыстар беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсету үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнамалар әрекетінен шығарылды. 
Үкімет әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен қалыптастырды. Осы кезеңдегі бюджет кірістері мұнайдың бір баррелі үшін 60 АҚШ долларындағы әлемдік бағасын негізге ала отырып есептелген. Үкімет орта мерзімді кезеңде фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерін түзетті. 2009 жылы бюджет кірістері мұнайдың әлемдік бағасының бір баррелі үшін 40 АҚШ долларына төмендеуін ескере отырып нақтыланды. Басымды емес шығыстар қысқартылды, ал бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру кейінгі мерзімге қалдырылатын болады. Бұл ретте әлеуметтік шығыстар қысқартылған жоқ.

Информация о работе Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері