Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 02:42, дипломная работа
Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.
КІРІСПЕ
1. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ұлттық есептер жүйесінің экономикалық мәні
1.2 Ұлттық есептер жүйесінде жалпы ұлттық өнімнің мәні және мазмұны
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері
2. 2008-2010 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 2008-2010 жылдар аралығында жалпы ұлттық өнім динамикасын талдау
2.2 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын талдау
2.3 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің индекстерін талдау
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН РЕТТЕУДІҢ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстанның макроэкономикалық жағдайын реттеудің шаралары
3.2 Қазақстан Республикасында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді ынталандыру шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Өнеркәсіп. Республика экономикасына өнеркәсіптің шешуші салымын (оның жалпы ұлттық өнім көлеміндегі үлесі 30% құрайды) өнеркәсіптік өндірістің физикалық көлем индексі динамикасымен қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіштің синхронды өзгерісі анықтайды.Өнеркәсіптің физикалық көлемінің индексі 2008 жылдың мамыр айында төмендей бастады.
Егер 2008 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейін (2007 жылдың сәйкес кезеңіне) олар 110% денгейде болды, 2008 жылдың соңына дейін 103% асқан жоқ. 2009 жыл барысында мамыр айында қол жеткізілген 105,2% денгейінен асқан жоқ. 2009 жылдың желтоқсан айында, сонымен қатар 2010 жылдың қаңтар-мамыр айларында қайтадан төмендеу байқалды (алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда).2010 жылдың маусым айынан бастап алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің 7% өскені байқалады. 2011 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15657,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылымен салыстырғанда 3,5%-ға көп.
Сурет 3. Жалпы ішкі өнім динамикасы.
Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс қарқынының төмендеу динамикасы 2008 жылдың ақпан айында байқалған, сол жылдың мамыр айында 1,2 %-ға төмендегені байқалды. Кейін өндіріс көлемінің алдыңғы жылдың денгейінде ауытқығаны байқалып отырды. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында олар ұлғайып, 104,6% денгейінен 109,6% дейін көтерілді. Бірақ екінші жарты жылдықтан бастап динамика тағы төмендей бастады, 2010 жылдың ақпан, наурыз, мамыр айларында өндіріс төмендеді, бұл әлемдік қаржылық дағдарыс нәтижесінде сыртқы сұраныстың қысқаруымен байланысты болды. Оған қарамастан, 2010 жылдың маусым айынан бастап өсу байқалады (11,3 %-ға),бұл жағдайдың жақсаруына сенім туғызды. Жалпы алғанда 2010 жылы тау-кен өнеркәсібінің өндіріс көлемі алдыңғы жылдың денгейімен салыстырғанда 1,8% жоғары болды. Өңдеу өнеркәсібінде 2008 жылдың қаңтар айынан кейін өсу қарқыны айтарлықтай төмендеп, тұрақсыз болды. 2009 жылдың 9 айы барысында өндіріс көлемінің қысқарғаны байқалады, желтоқсан айында 16,3%-ға жетті. 2010 жылдың қаңтар-мамыр аралығында төмендеу 9–13,5 % төңірегінде болса, маусым айында 0,8%-ға өсу байқалады. 2011 жылы Кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 101,3% құрады. Көмір және лигнит (106,0%), табиға газ (104,3%), шикі мұнай (100,6%), темір кені (101,7%) өндіру өсті.
Жалпы алғанда 2010 жылы өңдеу өнеркәсібінде 9,5% өндірістің төмендеуі байқалады. Салалардың құрылымында ен аз зардап шеккен азық-түлік өндірісі, сусындарды қоса (-3,4%). Бұл сала өндеу өнеркәсібінің бүкіл көлемінің төрттен бір бөлігін алады. Ен көп құлдырау химиялық салада байқалған (-24,5%), оның үлесіне бұл саланың барлық өнімінің 3,3% тиесілі. Метталлургиялық өндіріс ең ірі өндеу саласы бола отырып (38,6%), 10,1%-ға төмендеді, машина жасау саласы (9,1%) 21,8%-ға төмендеді 2011 жылы есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде өсу 6,2% болды. (сурет 4).
Сурет 4. 2009-2011 ж.ж. аралығында өнеркәсіп көрсеткіштерінің динамикасы.
Ауыл шаруашылығы. Жалпы ұлттық өнім құрылымында алатын аз үлесіне қарамастан 2,7%, 2010 жылдың қорытындылары бойынша аграрлы сектор (аң аулау, орман шаруашылығы, балық шаруашылығын қоса) әлеуметтік сферада маңызды роль атқарады, себебі экономикадағы жұмысбасты халықтың 30% астамы бұл салада қызмет етеді. Бұдан басқа бұл саладан елдің азық-түлік қауіпсіздігі тәуелді, себебі азық-түліктің көптеген түрлерінің қазақстандық нарығы негізінен отандық өндіріс есебінен құралады. Сонымен қоса кейбір азық-түлік тауарларының ресурстары негізінен импорт есебінен қалыптасады. Мысалы , құс еті (59,9% импортталады) және консервіленген балық (56,5%).Ұн керісінше экспортқа шығарылады (65%). 2009 жылы ауыл шаруашылығында жалпы өнімнің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 5,6%-ға төмендеген. 2010 жылы бұл көрсеткіш 13,8%-ға көтерілген. Өсімдік шаруашылығында 5,2%-ға төмендеу байқалса, мал шаруашылығында керісінше 3%-ға өсу байқалады 2011 жылғы 2256,6 млрд. теңгені құрап 2010 жылмен салыстырғанда 26,7%-ға ұлғайды, оның ішінде егін шаруашылығы 58,6%-ға өсті. (Сурет 5).
Сурет 5. 2009-2011 ж.ж. аралығында ауыл шаруашылығында өнім көлемінің динамикасы.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2008 жылы негізгі капиталға капитал салымдарының көлемі алдыңғы жылға қарағанда айтарлықтай жоғары болды (әсіресе мамыр-қазан айларында), бірақ қараша-желтоқсан айларында айтарлықтай төмендеген. 2009 жылдың басында инвестициялардың жоғары қарқыны байқалды, бірақ маусым айынан бастап нольдік денгейге дейін төмендеу байқалады. Бірінші жарты жылдықтың динамикасы келесі түрде көрінеді: қантар айында капитал салымдарының көлемі 13,9%-ға төмендеді, ақпан айында 5,6%-ға төмендеді. Наурыз айында 2,1%-ға өскені байқалады, бұл экономикаға мемлекеттік салымдармен байланысты.
Құрылыс. Бұл саланың динамикасы 2008 жылдың тамыз айында күрт төмендеп бастады. Құрылыс жұмыстары көлемінің қарқыны маусым айында 125,5%-дан қыркүйек айында 83,3%-ға дейін қысқарды. (2007 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда).
Кейінгі айларда құрылыс жұмыстарының көлемі өссе де, айтарлықтай көп болған жоқ және 115,3% құрады. 2010 жылдың қантар айында алдыңғы жылдың сәйкес кезенімен салыстырғанда тек 82,7% құрады, ақпан айында 94,6% құрады. Наурыз айында бұл көрсеткіш қайта көтеріліп, 2009 жылғы денгейге қарағанда 10,1%-ға өсті. Бірақ сәуір айында алдыңғы аймен салыстырғанда өсімге қарамастан (+46,9%), 2009 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 15,2% кеміді. Мамыр айында құрылыс жұмыстарының көлемі 6,9% төмендеді, ал маусым айынан бастап 16,9% төмендеді, ал құрылыс жұмыстарының көлемі 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға өсті. (сурет 6).
Сурет 6. 2009-2010 жж. аралығында тұрғын үй құрылысының және оны іске қосудың көрсеткіштер динамикасы.
Тұрғын ғимараттарын іске қосу алғашқы рет айтарлықтай 2008 жылдың қыркүйек айында 90,5% ға, тамыз айында 119,1% ға төмендеді. Егер 2009 жылдың қаңтар айында жоғары денгейде болса (130,7%), одан кейін күрт төмендеп, сәуір айында 79,3% құрады. Бұл негативті тенденцияны жеңу 2009 жылдың екінші жарты жылдығында мүмкін болды, бұл кезде тұрғын ғимараттарын іске қосудың өсім қарқыны оңтайланды. 2010 жылы берілген көрсеткіш тұрақсыз динамикаға ие болды. Осылайша, қаңтар айында 2009 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда үш есе кем болды, ақпан айында көтеріле бастады. Наурыз айында тұрғын ғимараттарын іске қосу қарқыны алдыңғы жыл денгейінде болды (99,1%), бірақ 2010 жыдың соңында өсім қарқыны екі есе төмендеген.
Бөлшек сауда айналымы. Бөлшек сауда айналымының физикалық көлем индекстері 2008 жыл барысында айтарлықтай жоғары дәрежеде болды (орташа өсім 10,1% құрайды),бұл халықтың нақты табыстарымен сай келеді, халықтың нақты табыстары орташа алғанада ай сайын алдыңғы жылдың денгейімен салыстырғанда 19,3% өсіп отырған. 2009 жылы бөлшек сауда айналымы нақты сипатта 2008 жылдың денгейіне қарағанда бар болғаны 3,6% жоғары болған, бұл да өз алдына нақты ақшалай табыстармен сәйкес келеді. Нақты ақшалай табыстар бұл кезенде тек 3,3% өскен. 2010 жылы бөлшек сауда айналымы алдыңғы жылдың денгейімен салыстырғанда 0,1% төмен болды, одан кейін бірте бірте 84,5% дейін төмендеу байқалды. Бөлшек сауда тауар айналымы 2011 жылы 3673,2 млрд. теңгені құрап, 2010 жылға қарағанда 12,5%-ға ұлғайды. (сурет 7).
Сурет 7. 2009-2011 жж. аралығында тауар айналымының көрсеткіштер динамикасы.
2008 жылы жүк айналымының көлемі 350,4 млрд. ткм құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 49% көп, 2009 жылы ол тағы да 105,5% өсіп, 369,8 млрд. ткм құрады. Бірақ 2010 жылы жүк айналымының көлемі 8,9% төмендеп, 336,8 млрд. ткм құрады. Жүк айналымының көлемі 2011 жылы 444,4 млрд. ткм. құрап 2010 жылмен салыстырғанда 16,6%-ға өсті. (сурет 8).
Сурет 8. 2009-2011 жж. аралығында жүк айналымының динамикасы.
Инфляция, нақты табыстар, енбекақы. Инфляция 2008 жылдың екінші жарты жылдығында ұлғая бастады, жыл соңында 10,8% құрады. 2009 жылдың 8 айында инфляция 18,7–20,1% денгейінде болды (2008 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда), одан кейін төмендеп, желтоқсан айында 9,5% денгейіне жетті.
2010 жылдың қантар – сәуір айларында инфляция 8,7–8,9 % денгейінде болды, одан кейін біртіндеп 7,6% дейін төмендей бастады. Орташа денгейде инфляция 6,2% құрады. Жоғары инфляция нәтижесінде халықтың нақты ақшалай табыстары 2009 жылы тек 3,3% ға өскен, ал 2008 олардың өсімі 18,9% құрады. Нақты еңбекақыны қарастыратын болсақ, 2008 жылы оның 16,1% ға өсімі байқалса, 2009 жылы ол 2,5% ға төмендеді. 2010 жылы нақты ақшалай табыстар және нақты енбекақы сәйкесінше 3,8% және 3,2% ға өсті, оны төмен инфляция денгейімен түсіндіруге болады.
Сурет 9. 1997-2011 жылдар аралығында инфляция динамикасы.
2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляция 7,4 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,1 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы - 5,3 пайызға, ақылы қызмет бағасы - 7,3 пайызға қымбаттады. (сурет 9).
Сурет 10.Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
Өткен айда бағаның жоғарылауы жұмыртқаға 3,2%, етке, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге – 1%-дан, балық және теңіз өнімдеріне – 0,9%, сүт өнімдеріне – 0,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге – 0,6%, алкогольсіз сусындарға – 0,5%-ға тіркелді. Бағаның төмендеуі қантқа 5,6%, жармаларға – 3,2%, ұнға – 2,1%, картопқа – 1,9%, өсімдік майына – 1,4%, күрішке – 1,2%-ға белгіленді. Баға дизель отынына 0,8%, қатты отынға – 1,7%, мотор майына – 2%-ға өсті. Баға өсімі жеке күтімге арналған тауарларға 0,6%, үй тұрмысына қажетті заттарына – 0,5%, киім және аяқ киімге – 0,4%, фармацевтикалық өнімдерге – 0,2%-ды құрады. Демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтері 0,3%, денсаулық сақтау – 0,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 0,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 0,7%, көму – 1,2%-ға қымбаттады.
Осылайша, әрбір елдің экономикасының негізі, оның бәсекеге қабілеттілігі. 2011 жылы мемлекеттік экономикалық саясат макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Мұның өзі болашақ сапалы экономикалық өсуге қажетті негіздің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
2.2 2008-2011 жылдар аралығында Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын талдау
2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясы қазіргі кезде болашақта елдің дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Қазақстан өз азаматтары үшін өмірдің жоғары стандарттарын жасай ала алатын, тиімді дамитын елдер қатарына кіруге тиісті.
Оған жету үшін ұлтымыз да экономикамыз да бәсекеге қабілетті болуы керек. Отандық экономика объективті себептермен транспорттық шығындарды және энергия сыйымдылығын көп талап етеді.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік есептемесінің көрсеткіштері бойынша 2009-2011 жылдары Қазақстан «Макроэкономикалық тұрақтылық» факторы бойынша 59 орын алады (Кесте 3).
Кесте 3.
2009-2011 ж.ж. Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығы
Фактор көрсеткіштері |
Берілген көрсеткішті не бейнелейді, оның көздері |
Орын |
Макроэкономикалық тұрақтылық |
59 | |
Тапшылық / Мемлекеттік бюджет артықшылығы ( ЖҰӨ-ге % алғанда
|
Үкіметтік жалпы тапшылық /2009 ж ЖҰӨ нен пайызбен алғанда тапшылық Көздері: Халықаралық валюталық қор,әлемдік экономикаға шолу( 2009),елдер бойынша ХВҚ есептемелері, Европалық орталық банк; Европалық даму банкі,Африкалық даму банкі, Economist Intelligence Unit, Елдер бойынша мәліметтер базасы,2009. |
29 |
Ұлттық жинақтар денгейі (ЖҰӨ-ге % алғанда) |
Ұлттық жинақтар денгейі 2009 ж ЖҰӨ нен пайызбен алғанда. Көздері: ХВҚ, әлемдік экономикаға шолу; Economist Intelligence Unit, Елдер бойынша мәліметтер базасы (2009) |
14 |
Инфляция |
Көздері: ХВҚ, әлемдік экономикаға шолу (2009); ұлттық көздер |
119 |
Пайыздық ставка |
Мұнда жай қысқа мерзімді қарыздар мен депозиттер ставакалары арасындағы айырма. Көздері: ХВҚ, Халықаралық қаржылық статистика,Economist Intelligence Unit, Елдер бойынша мәліметтер базасы (2009); ұлттық көздер |
109 |
Мемлекеттік қарыз (ЖҰӨ-ге % алғанда) |
Көздері: ХВҚ, әлемдік экономикаға шолу, елдер бойынша ХВҚ есептемелері,Европалық орталық банк,Европалық даму банкі, Economist Intelligence Unit , Елдер бойынша мәліметтер базасы. (2009), ұлттық көздер |
11 |
Сурет 11. «Макроэкономикалық тұрақтылық» факторы бойынша Қазакстанның алатын орны.
Айта кетерлік жәйт, берілген позиция үлкен дәрежеде елдің 2009 жылы дамуын бейнелейді. Бүкіләлемдік экономикалық дағдарыстың рецессиялық процестері көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның да макроэкономикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар қабылданған дағдарысқа қарсы шаралардың көмегімен елдегі жұмыссыздықтың өсуін бәсеңдетуге, инфляция денгейін тұрақтандыруға, шетел инвестицияларының келуін қамтамасыз етуге, қаржылық секторда негативті тенденцияларды болдырмауға мүмкіндік туды.
Мемлекет банк жүйесіне қолдау көрсетіп, бірде бір банктің құлдырауына жол берілмеді, шағын және орта бизнеске, аграрлы секторға қолдау көрсетілді, бұл шаралар әлемдік дағдарыстың негативті әсерін және Қазақстан үшін оның зардаптарын бәсеңдетуге мүмкіндік берді. 2010 жылда ағымдық жағдайды талдау келесідей болды: инфляция денгейі 2010 жылдың желтоқсан айында 2009 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 6,2% құрады, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (9,5%) 3,3 пайыздық пунктке төмен болды. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляция 7,4 пайызды құрады. 2010 жылмен салыстырғанда 2,1% төмен болды.
Бағалардың өсімі 2010 жылдың желтоқсан айында 2009 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда азық түліктік емес тауарларға 8,6% құрады (алдыңғы жылдың сәйкес айында 5,7% болды), төлемдік қызмет көрсету – 8,4% (11,4%). Азық түлік тауарларына бағалардың өсімі 3% құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7,8 пайыздық пунктке төмен (10,8%). Тұтыну нарығындағы бағалардың тұрақтануына келесі факторлар әсер етті: нарықтағы негативті күтімдердің төмендеуі, экономикалық өсу қарқынының бәсендеуі, шектеулі тұтынушылық сұраныс, халық табыстарының өсу қарқынынын төмендету және т.б. Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы желтоқсанда 2010 жылдың желтоқсанына қарағанда 107,4%-ды, оның ішінде: азық-түлік тауарлары бағасының индексі – 9,1% азық-түлік емес тауарларына баға – 5,3% және ақылы қызметтерге 7,3% құрады. 2011 жылғы желтоқсанда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулер бағасының ең жоғарғы өсімі Жамбыл (8,6%-ға өсуі), Солтүстік Қазақстан (8,0%-ға), Қарағанды (8,2%-ға), Алматы (7,1%-ға) облыстарында және Астана (8,9%-ға) қаласында тіркелді.
Жалпы алғанда 2009 жылдан бастап, 2009-2011 жылдарға Үкіметтің, Ұлттық Банктің және қаржылық нарықтар мен қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу Агенттігінің біріккен іс қимылдарының Жоспары іске асып жатыр. 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерді реттеу бойынша шаралар жоспары жүзеге асырылған, бұл жоспар шенберінде келесі іс шаралар жүзеге асырылды (сурет 11).
Информация о работе Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері