Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 02:42, дипломная работа
Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.
КІРІСПЕ
1. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ұлттық есептер жүйесінің экономикалық мәні
1.2 Ұлттық есептер жүйесінде жалпы ұлттық өнімнің мәні және мазмұны
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері
2. 2008-2010 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 2008-2010 жылдар аралығында жалпы ұлттық өнім динамикасын талдау
2.2 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын талдау
2.3 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің индекстерін талдау
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН РЕТТЕУДІҢ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстанның макроэкономикалық жағдайын реттеудің шаралары
3.2 Қазақстан Республикасында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді ынталандыру шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сурет 12. 2009-2011 жылдарға арналған ҚР-да инфляциялық процестерді реттеу бойынша қабылданған шаралар.
Азық түлік тауарларының негізгі түрлеріне бағаларды төмендету және тұрақтандыру бойынша методика құрылған. Азық түлік тауарларының тауар қозғалысына қатысатын субъектілермен бағаларды төмендету және тұрақтандыру бойынша меморандумдарға қол қойылған. Қаржылық сектордың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған және тенгенің айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша несие саясаты өткізілді.
Берілген көрсеткішті одан әрі жақсарту шаралары:
Қабылданған шаралардан күтілетін нәтижені бағалау: 6,0-8,0 % дан аспайтын жоспарланған параметрлерде инфляция денгейін ұстап тұруды қамтамасыз ету
Осылайша, қаржылық дағдарыстың екінші толқыны әлемдік экономиканың өсу қарқынын баяулатты, мұның өзі отандық экономиканы сауықтыру және тұрақтандыру бойынша жаңа қосымша шаралардың қабылдануын талап етті.
2.3 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің индекстерін талдау
Қазақстанның басқа елдермен салыстырғанда бірқатар бәсекелік артықшылықтары бар. Бұл ірі және экономикалық жағынан тартымды, ішкі тұтынушылар үшін қымбат емес энергия және басқа да пайдалы қазбалар қорлары. Ел үкіметі шикізаттық емес секторды дамытуға тырысқанмен, мұнай газ өнеркәсібі отандық экономиканың жетекші саласы болып табылады. Оған қоса экологиялық, геоэкономикалық, соның ішінде территорияның транзиттік потенциалы. Бұл артықшылықтары, елдің кемшіліктері де жоқ емес. Мысалы көленкелі бизнес, технологиялардың жеткіліксіз қолданылуы, маманданған білікті кадрлардың жеткіліксіз саны және сапасы.
Өз бәсеке қабілеттілігімізді көтеру үшін қазақстандық өндірушілер ішкі және сыртқы тауар нарықтарында кіммен және қалай бәсекеге түсетіндігін анықтап алуы қажет. Дамушы елдердің технологиялық өнімімен бәсекеге түсіп, өз орынымызды тапсақ бұл бөлек әңгіме. Ол үшін өз бағытымыз және тактикамыз қажет. Ал индустриалды дамыған елдердің өндірушілерімен бәсекеге түсу бұл тек бизнес тарапынан ғана емес, мемлекет тарапынан үлкен жұмысты талап ететін күрделі іс. Экономиканың бәсеке қабілеттілігін және ел бәсеке қабілеттілігін ажырата білу керек. Экономиканың бәсеке қабілеттілік мәселесі «инвестициялардың сол елге бару ынтасымен» байланысты, ал елдің бәсеке қабілеттілік мәселесі сол елдегі өмір сүру сапасымен байланысты.
Қазақстан әлемде территориясы бойынша әлемде 9 орынға ие, Орталық Азияда халық саны бойынша 2 орын алады. Республика қолайлы және гүлденген ортаны құру үшін үлкен потенциалы бар, әлемдегі қарқынды дамушы елдердің бірі. Экономиканың әрі қарай диверсификациясы және активті емес секторларда шетел инвесторлары үшін Қазақстанның тартымдылығын көтеру тұрақты экономикалық өсудің негізгі қадамы болып табылады. Үкімет тарапынан елдің әрі қарай дамуына және халықтың әл ауқатын жақсартуға бағытталған реформаларды өткізуде үлкен қадамдар жасалуда. Қазақстан Республикасы алғаш рет қатысып, 56 ең бәсекеге қабілетті елдермен бәсекелестікке түскен бәсекеге қабілеттілік бойынша арнайы есептеменің нәтижелері бойынша Қазақстан 39 орынды иеленген (кесте 4).
Кесте 4.
Адам басына шаққанда 10000 доллардан кем ЖҰӨ көлемі бар елдермен Қазақстан позицияларын салыстыру
№ |
Ел |
Бәсеке қабілеттілігі индексі |
Экономикалық қызметі |
Үкімет тиімділігі |
Бизнес тиімділігі |
инфрақұрылым |
4-і кестенің жалғасы | ||||||
1 |
Аргентина |
53 |
37 |
55 |
55 |
48 |
2 |
Болгария |
40 |
38 |
30 |
49 |
41 |
3 |
Бразилия |
44 |
41 |
52 |
29 |
51 |
4 |
Венесуэла |
56 |
55 |
56 |
54 |
52 |
5 |
Индия |
29 |
18 |
23 |
20 |
50 |
6 |
Индонезия |
52 |
53 |
39 |
45 |
54 |
7 |
Иордания |
34 |
52 |
26 |
21 |
34 |
8 |
Қазақстан |
39 |
50 |
24 |
31 |
46 |
9 |
Қытай |
17 |
2 |
12 |
34 |
31 |
10 |
Колумбия |
42 |
46 |
36 |
40 |
44 |
11 |
Малайзия |
19 |
8 |
19 |
14 |
25 |
12 |
Мексика |
51 |
33 |
41 |
56 |
55 |
13 |
Перу |
35 |
14 |
33 |
30 |
53 |
14 |
Ресей |
48 |
49 |
31 |
50 |
45 |
15 |
Румыния |
46 |
35 |
49 |
48 |
43 |
16 |
Таиланд |
27 |
12 |
22 |
25 |
39 |
17 |
Түркия |
49 |
54 |
45 |
38 |
42 |
18 |
Украина |
55 |
51 |
53 |
53 |
47 |
19 |
Филиппины |
41 |
42 |
42 |
32 |
49 |
20 |
Чили |
26 |
43 |
9 |
22 |
38 |
21 |
Онтүстік Африка |
54 |
56 |
29 |
39 |
56 |
Адам басына шаққанда 10000 доллардан кем ЖҰӨ көлемі бар елдермен Қазақстан позицияларын талдауды осы кестенің 5 көрсеткіші бойынша өткізейік.
Сурет 13. Адам басына шаққанда 10000 доллардан кем ЖҰӨ көлемі бар елдермен Қазақстан позицияларын салыстыру.
«Экономикалық қызмет» факторы 5 субфакторға негізделеді, олардың қатарына ішкі экономика, халықаралық сауда, шетел инвестициялары, халықтың жұмысбастылығы және бағалар кіреді.
5-ші кестеде «Экономикалық қызмет тиімділігі» факторы бойынша сәйкес бес критерий бойынша бірқатар елдердің көрсеткіштері келтірілген, бұл көрсеткіштер экономиканың жоғары даму дәрежесі, олардың экспортқа бағытталуын, инвестициялар және ішкі жинақтар бойынша елдер қай денгейде тұр,анын бейнелейді. Қазақстан экономикасының жеткіліксіз диверсификациясы, жоғары бағалар, төмен өмір сүру минимумының денгейі экономикалық белсенділікті тежейтін факторлар болып есептеледі.
Кесте 5.
Экономикалық қызмет субфакторлары бойынша Қазақстанды бірқатар басқа елдермен салыстыру
Орын |
Ел |
Ішкі экономика |
Халықаралық сауда |
Шетел инвестициялары |
Халықтың жұмысбастылығы |
Бағалар |
1 |
АҚШ |
1 |
9 |
1 |
11 |
7 |
2 |
Қытай |
2 |
4 |
23 |
1 |
35 |
3 |
Сингапур |
4 |
1 |
8 |
2 |
41 |
4 |
Люксембург |
3 |
3 |
15 |
3 |
19 |
5 |
Гонконг |
9 |
2 |
2 |
9 |
51 |
45 |
Италия |
39 |
33 |
24 |
44 |
39 |
46 |
Колумбия |
40 |
53 |
43 |
42 |
18 |
47 |
Корея |
29 |
41 |
51 |
15 |
52 |
48 |
Греция |
38 |
50 |
44 |
51 |
31 |
49 |
Ресей |
25 |
13 |
20 |
27 |
56 |
50 |
Қазақстан |
34 |
31 |
42 |
25 |
53 |
51 |
Украина |
41 |
15 |
49 |
31 |
54 |
52 |
Иордания |
45 |
24 |
35 |
55 |
32 |
53 |
Индонезия |
46 |
56 |
56 |
47 |
45 |
Оссылайша, ішкі экономика көрсеткіші бойынша Қазақстанда адам басына шаққанда ЖҰӨ 6,806 АҚШ долларын құрайды. Қазақстанның алатын позициялары әлі де жеткіліксіз. Берілген категорияның талдауы көрсетіп отырғандай, халықтың адам басына шаққандағы ЖҰӨ көрсеткіші бәсеке қабілеттілігінің денейін анықтауда маңызды роль атқарады.
«Халықаралық сауда» елдің экономикалық қызметін бейнелейтін көрсеткіштердің бірі. Халықаралық саудаға келетін болсақ, Қазақстан 31-ші орынға ие, мұндағы жағдай жағымды сауда балансымен және тұрақты өсіп отырған экспортпен сипатталады. Оған қарамастан елде ағымдық баланстың 6,8%-ға тапшылығы байқалады. Сауда балансының активті сальдосы мұнай газ секторын инвестициялаған шетел компанияларынан түскен (пайда және дивидендтер) ақша түсімдерімен компенсацияланды. Мұнай жалпы экспорттың
70% үлесін және мемлекет табыстарының 35% құрайды. Мұнайға деген бағалардың үнемі жоғары болуы ақша түсімдерін сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл экспорттан түскен табыстар маңызды ұлттық резервтерді және мұнай табыстарының тұрақтандырушы қорын жинақтауға мүмкіндік берді. Мұндай қорлар Ресейде және Норвегияда бар. Ұлттық қордың активтері қазіргі таңда 26,5 млрд АҚШ долларын құрайды.
Сурет 14. Экономикалық қызмет субфакторлары бойынша Қазақстанды бірқатар басқа елдермен салыстыру.
«Шетел инвестициялары» субфакторы бойынша Қазақстан 42 орынды иеленіп отыр. Елге келетін инвестициялық ағымдар 10 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Ирландиямен сәйкес келеді.
Инвестициялардың келуі құрылыстың өсуіне әкелді, әсіресе Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй құрылысының өсуіне әкелді. Осылайша тікелей шетел инвестицияларының ағымдары ағымдық баланстың тапшылығын жоққа шығарды. Шетелге тікелей инвестициялық ағымдардың көрсеткіші бойынша Қазақстан 3,2 млрд. АҚШ долларымен 37 орынды иеленіп отыр, бұл ЖҰӨ-нен 3% құрайды. Инвестициялардың көпшілігі мұнай және газ кен орындарын игеруге, өндіруге бағытталған. Басқалары мұнай өңдеуге, қызмет көрсету саласына, телекоммуникация салаларына бағытталған.
Қазіргі кезде Қазақстандық активтерді біріккен холдингтік корпорация «Самрук-Казына» басқарады, оны көбінесе сингапурлық «Темасек» холдингімен салыстырады. Біріккенге дейін «Самрук» елдің ЖҰӨ-дегі жалпы табыстан 20% үлесін әкелді. Кейін басқа елдерде құнды қағаздарды және портфельді инвестицияларды сатып алу Қазақстанға ішкі экономиканы дамыту және диверсификациялау бойынша тәжірибе жинақтауға көптеген мүмкіндіктер берді.
Қазақстан халқының жұмысбастылық субфакторы бойынша Қазақстан 25-ші орынға ие, жұмысбастылық 50% құрайды. Қазақстандағы жұмыссыздықтың орташа коэффициенті 7,3% құрайды, ол өз алдына халықаралық стандарттар бойынша жоғары көрсеткіш болып есептеледі. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей (6,1%) мен Украинаға (6,4%) қарағанда жоғары болып отыр. Жұмыссыздықтың төмендеуі де үлкен сенім туғызып отыр. Қазақстан көршілес мемлекеттерден,мысалы, орталық азиялық мемлекеттер, Ресей және Қытайдан келген шетел жұмыс күші үшін де тартымды, әсіресе құрылыс саласында және ауыл шаруашылық саласында. Секторлар бойынша жұмысбастылық: ауыл шаруашылығныда 31,3%, өнеркәсіпте 12,2% және қызмет көрсету саласында 56,5% құрайды. Халықтың жұмысбастылығы бойынша елдің жеке секторы мемлекеттік секторға қарағанда әлдеқайда алда келеді. Жекешелендіруді жақсарту және мемлекеттік-жеке кәсіпорындарды ұлғайту бойынша өткізіліп жатқан экономикалық реформалардың табыстылығы жеке секторда тұрақты инвестицияларды және жұмысбастылықты қамтамасыз етті.
Соңғы субфактор «Баға»-ға қатысты Қазақстан өте төмен денгейде, 53-ші позицияда орналасып отыр. Ел экономикасында бағалар денгейіне қатысты қауіп орнап отыр, бұл энергия, азық-түлік өнімдеріне, тауарларға бағалардың комбинациясымен түсіндіріледі. Мұндай жоғары бағалар дамушы елдер тарапынан, соның ішінде Қытай мен Үндістан тарапынан үлкен сұраныстың туындауымен байланысты. Қазіргі кезде мұнай мен тауарларға бағалар төмендеуде, бұл ғаламдық экономиканың бәсендеу нәтижесі болып отыр.
Үкіметтің тиімділігі бойынша Қазақстан, Қытай, Малайзия, Таиланд сияқты елдермен бір қатарда тұр және осы ел топтары ішіндегі алты ел қатарына кіреді, бұл оның жоғары дәрежесін көрсетеді.
Мемлекеттің тиімділік критерийлері мемлекеттік стратегиялардың қаншалықты бәсеке қабілеттілігінң қажетті денгейін қамтамасыз ететіндігін анықтайды. Рейтингте Қазақстанның көрсеткіші елдің тұрақты макроэкономикалық жағдайын, негізделген қаржылық-бюджеттік, несие-ақша саясатын, сонымен қатар тұрақты саяси климатты көрсетіп отыр. Мұнайға және тауарларға жоғары бағалар экспорттан түсетін табысты қамтамасыз етті, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке Ұлттық мұнай қорынан аударымдар аударылды.
Бизнес және инфрақұрылым тиімділігін қарастыра отырып, келесі қорытынды жасауға болады: берілген факторлар бойынша елдегі жағдай жақсы нәтижелер көрсетіп отыр, себебі Қазақстан қарастырылып отырған елдердің ішінде алғашқылардың қатарында болып отыр. Қарастырылып отырған 21 елдің ішінен Қазақстан 8-ші позицияға ие болып отыр. Бұл фактор бойынша Қазақстан Қытай мен Түркиядан озып шығып, Малайзия, Перу, Таиланд сияқты елдерден кейін орналасқан. Көрініп отырғандай адам басына шаққанда 10000 доллардан кем ЖҰӨ көлемі бар елдермен салыстырғанда Қазақстан жақсы орынға ие. Көпшілік жағдайларда Қазақстан қарастырылып отырған елдердің алдыңғы қатарында.
Қазақстанның алатын ең жақсы орны үкімет тиімділігі бойынша. Ғаламдық бәсеке қабілеттілік индексі және бизнес тиімділігі бойынша Қазақстанның позициялары бір денгейде. Инфрақұрылым бойынша Қазақстан қарастырылып отырған елдердің ішінде ортасында орналасқан.
Осылайша, жалпы алғанда Қазақстан адам басына шаққанда 10000 доллардан кем ЖҰӨ көлемі бар елдерден бәсеке қабілеттілік бойынша артта қалмайды. Қазақстанның рейтингі негізінен жоғары денгейдегі мұнай табыстарымен түсіндіріледі. Мемлекеттік табыстардың 35% мұнай секторынан түседі, бұл ЖҰӨ-нің 18% құрайды, республика экспортының жалпы көлемінде
60% құрайды. Тартылатын инвестициялар көлемі бойынша да шикізат секторы жетекшілік етеді. Мұндай жағдайдың себептерінің бірі мұнай табыстарының тиімсіз қолданылуы, мұнай өндеу саласын реконструкциялау, модернизациялау үшін жұмсалмауы. Қазақстан өз қаржылық ресурстарын диверсификациялауға дайын емес. Өз алдына шетелдік капиталдың бұл салаға асықпауының себебі – үлкен тәуекел және төмен рентабельділік. Нәтижесінде экономиканың көптеген секторларында енбек өнімділігінің төмендеуі (әсіресе ауыл шаруашылығында) жалпы бәсеке қабілеттілігін көтеруде айтарлықтай кедергі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың маңызды приоритеті - шикізаттық емес бағыттағы экспортқа бағытталған бәсеке қабілеттілігі жоғары салаларды дамыту.
Информация о работе Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері