Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 02:42, дипломная работа
Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.
КІРІСПЕ
1. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ұлттық есептер жүйесінің экономикалық мәні
1.2 Ұлттық есептер жүйесінде жалпы ұлттық өнімнің мәні және мазмұны
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері
2. 2008-2010 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 2008-2010 жылдар аралығында жалпы ұлттық өнім динамикасын талдау
2.2 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын талдау
2.3 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің индекстерін талдау
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН РЕТТЕУДІҢ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстанның макроэкономикалық жағдайын реттеудің шаралары
3.2 Қазақстан Республикасында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді ынталандыру шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мәдени бағдарламалар, архитектуралық құрылымдыр, білім беру бағдарламалары арқылы ұлттық дәстүрлерді сақтау.
Осы кезге дейін жүзеге асырылып келген экономикалық реформалар бағытын жалпы алғанда әкімшіл-әміршіл басқару элементтері бар дәйексіз монетаризм деп сипаттауға болады. Принципті тұрғыдан алғанда өтпелі кезеңнің экономикалық саясатын белгілі бір дәрежеде тәптіштей отырып, екі принцип: 1) нарықтық радикализм, 2) экономикалық консерватизм негізінде жүзеге асыруға болатыны жалпы жұртқа мәлім.
Бірінші принциптің мәні – айналымдағы ақша массасын шектей отырып, инфляцияны қатаң бақылауға алу, бюджет-салық және ақша-несие әдістері, ал бұл жағдайда тауар өндірісін қолдаудың және шаруашылық өміріне мемлекеттің араласуының маңызы бірінші дәрежелі емес.Екінші принцип – экономикалық артықшылықтар бойынша барлық меншік түрлеріндегі тауар өндірісіне, ең алдымен тіршілікті қамтамасыз ету салаларына, сондай-ақ экспорттық кешен салаларына іріктеп қолдау көрсету. Нарықтық экономикада мемлекет тауарлар мен қызметтердің аса ірі сатып алушысы болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің едәуір бөлігі мемлекеттік сатып алуларға жұмсалады. Бұл – бюджеттік ұйымдарды материалдық жағынан қамтамасыз ету: армияны, милицияны техникамен жабдықтау, мемлекеттік резервтер қорларын қалыптастыруда. Мемлекеттік тапсырыс саясаты Қазақстанда тауарлар мен қызмет негізгі капиталға қосымша инвестициялар тартпастан өндірілетін болса немесе өндірілуі мүмкін болса, оларды шет елдерден сатып алуға тыйым салудың заң жүзінде баянды етілген принципіне негізделуге тиіс.
Сол арқылы отандық тауар өндірушіге қолдау көрсету міндетінің бір бөлігін де шешуге болады.
Әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары ретінде экономиканың динамикасын, құрылымын және пәрменділігін, қаржы, ақша айналымы, тауар мен бағалы қағаз рыногы жағдайын, бағаның өзгеруін, халықтың жұмыспен қамтылуын, тұрмыс дәрежесін, сыртқы экономикалық байланыстарды және басқаларын сипаттайтын көрсеткіштердің пайдаланылуы мүмкін. Мұндай индикаторлардың теңдестірілген және өзара байланыстырылған жүйесі мемлекеттің бүкіл әлеуметтік-экономикалық саясатына сан сипаттамасын беруге тиіс, оны жүзеге асыруға мемлекеттік реттеу шараларының бәрі жұмылдырылатын болады. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік ықпал жасау шаралары ретінде орталықтандырылған қаржы және валюта қаражаты мен несиелерін, салық тұтқаларын, амортизация жүйесін, баж салығын, лизенциялар мен квоталарды, мемлекет қажеті үшін берілетін өнім көлемін, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс істеу анықтамасын пайдалану қажет. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік ықпал жасау шараларының баяндалған жүйесі нарықтық экономикасы бар барлық елдерде тиімді пайдаланылуда, экономикалық жүйені жолға қоюды, реттеудің өз механизміміз әлі де болса жұмыс істемей тұрған өтпелі кезеңде бұл тіптен қажет. Бұл мемлекеттің экономикалық саясатының ажыратылмас элементіне айналуға тиіс.
Жүйелі функциялық құралдар:
Инфляцияға қарсы қатаң бағыт таяу кезеңдегі аса маңызды міндетімізге айналуға, инфляцияны төмендету, оны:
Сыртқы экономикалық саясаттың жоғарыда баяндалған принциптері таяу болашақтағы тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған. Материалдық өндіріс саласында тұтыну рыногын молықтыруға: азық-түлік, халыфқ тұтынатын тауарлар өндіруге, сондай-ақ өнімі біздің экспортымыздың негізін қалап отырған шикізат салаларына жан-жақты қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлу керек. Жалпы алғанда сыртқы экономикалық қызмет саласында:
Қазіргі жағдайды жалпы алғанда бірқатар принципті ерекшеліктермен сипаттауға болады: қаржының тұрақтануы туралы нақты айтуға болады, сонымен бірге қаржы-ақша саясатының мүмкіндіктері сарқылуға жақын; өндірістің құлдырауы баяулады, жекелеген салаларда өсу белгісі байқалды.
Сонымен, біздің экономикамыз жаңа кезең қарсаңында тұр, оның мақсаты – қаржыны, өндірісті тұрақтандыру, оны өрге бастыру үшін алғышарттар жасау. Бұл міндеттер үкіметтің орта мерзімді бағадрламасында да бар, бірақ енді нақты іс-қимыл керек. Осыған байланысты не істеу керек?
Бірінші. Біршама қатаң қаржы және ақша саясатын одан әрі жалғастыру қажет екені вйқын, бұл барлық басқа іс-қимылдардың негізі. Бірақ мұндай саясаттың шегін ескере отырып, инфляцияға қарсы күресте әп-сәттік емес, ал ұзақ мерзімді нәтиже көздеу керек.
Екінші. Саяси тұрақтылықты сақтау, Президенттің, Үкіметтің және Парламенттің екі палатасының сындарлы ынтымақтастығын жүзеге асыру, жағдайды тұрақсыздандыру және ауыр жағдайды тар өрісті топтық мақсаттар үшін пайдалану әрекеттерінен аулақ болу қажет.
Үшінші. Кәсіпкерлік нақты қолдауды қажет етеді. Осы кезге дейін ол негізінен өздігінен дамып келді және белгілі бір дәрежеде, тіпті қолдау көрсетілмесе де, одан әрі дами беретін болады.
Төртінші. Дотациялар мен жеңілдіктерді, ең алдымен кім көрінгенге берілетіндерін, бірте-бірте қысқарту, ресурстар шығындануының тоқтатылуы және тиімді өндірістерді қолдау үшін көбірек қаржы босатылуы мақсатында үмітсіз борышкерлер үшіне банкроттық процедураларын толық жүзеге асыру қажет.
Бесінші. Инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Мемлекеттік инвестициялар нақты объектілердің күрделі құрылысына жұмсалуға тиіс деген үйреншікті ұғымдардан арылу қажет.
Алтыншы. Реформаның жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрде қатысуымен, олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді. Тікелей инвестициялық саясатты нақты іске асыру керек. Осы саланы реттейтін заң актілеріне мұқият талдау жасау қажет. Салық салу, пайда алу, жекешелендіруге шетелдік инвесторлар қатыстыру мәселелері ерекше мұқият пысықталуға тиіс.
Жетінші. Экономикалық өзгерістердің қазіргі кезеңінде кәсіпорындарды реформалаудың мәні зор. Ол барлық салалардағы кәсіпорындарды нарықтық жағдайларға бейімдеуді жеделдету мақсатымен олардың құрылымын өзгертуге және қайта ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығы.
Сегізінші. Халықтық басым көпшілігінің тұрмыс дәрежесі төмендеуінің қаупі бар екенін ендігі елемеуге болмайды. Ол, бір жағынан, адамдардың селқос күйге түсуіне, үмітін жоғалтуына, екніші жағынан – әлеуметтік жанжалдардың үдеуіне, қылмысты құрылымдардың әлеуметтік негізінің ұлғаюына әкеліп соғады.
Тоғызыншы. Аса маңызды проблема – қажетті біліктілігі бар сауатты, ыждағатты мамандардың жетіспеуі.
Қазақстан экономикасы әлемдік экономикалық жүйеге интеграцияланған, сондықтан ғаламдық тенденциялар әсеріне бейім болады. 2007 – 2008 ж.ж. аралығында капиталдың сыртқы нарығында болған өтімділік дағдарысы дамыған және дамушы елдерге жағымсыз әсерін тигізді. Қарыздық капиталдың құнының ғаламдық өсуі экономикалық өсудің әлемдік қарқынына айтарлықтай әсер етті, ол біздің экономикаға өз әсерін тигізбей қоймады. Бірақ Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай тұрақты болып табылады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Президенті жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясы қазіргі кезде болашақта елдің дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Қазақстан өз азаматтары үшін өмірдің жоғары стандарттарын жасай ала алатын, тиімді дамитын елдер қатарына кіруге тиісті.
Қазақстанның басқа елдермен салыстырғанда бірқатар бәсекелік артықшылықтары бар. Бұл ірі және экономикалық жағынан тартымды, ішкі тұтынушылар үшін қымбат емес энергия және басқа да пайдалы қазбалар қорлары. Ел үкіметі шикізаттық емес секторды дамытуға тырысқанмен, мұнай газ өнеркәсібі отандық экономиканың жетекші саласы болып табылады. Оған қоса экологиялық, геоэкономикалық, соның ішінде территорияның транзиттік потенциалы. Бұл артықшылықтары, елдің кемшіліктері де жоқ емес. Мысалы көленкелі бизнес, технологиялардың жеткіліксіз қолданылуы, маманданған білікті кадрлардың жеткіліксіз саны және сапасы.
Өз бәсеке қабілеттілігімізді көтеру үшін қазақстандық өндірушілер ішкі және сыртқы тауар нарықтарында кіммен және қалай бәсекеге түсетіндігін анықтап алуы қажет. Дамушы елдердің технологиялық өнімімен бәсекеге түсіп, өз орынымызды тапсақ бұл бөлек әңгіме. Ол үшін өз бағытымыз және тактикамыз қажет. Ал индустриалды дамыған елдердің өндірушілерімен бәсекеге түсу бұл тек бизнес тарапынан ғана емес, мемлекет тарапынан үлкен жұмысты талап ететін күрделі іс. Экономиканың бәсеке қабілеттілігін және ел бәсеке қабілеттілігін ажырата білу керек. Экономиканың бәсеке қабілеттілік мәселесі «инвестициялардың сол елге бару ынтасымен» байланысты, ал елдің бәсеке қабілеттілік мәселесі сол елдегі өмір сүру сапасымен байланысты.
Қазақстан әлемде территориясы бойынша әлемде 9 орынға ие, Орталық Азияда халық саны бойынша 2 орын алады. Республика қолайлы және гүлденген ортаны құру үшін үлкен потенциалы бар, әлемдегі қарқынды дамушы елдердің бірі. Экономиканың әрі қарай диверсификациясы және активті емес секторларда шетел инвесторлары үшін Қазақстанның тартымдылығын көтеру тұрақты экономикалық өсудің негізгі қадамы болып табылады. Үкімет тарапынан елдің әрі қарай дамуына және халықтың әл ауқатын жақсартуға бағытталған реформаларды өткізуде үлкен қадамдар жасалуда. Қазақстан Республикасы алғаш рет қатысып, 56 ең бәсекеге қабілетті елдермен бәсекелестікке түскен бәсекеге қабілеттілік бойынша арнайы есептеменің нәтижелері бойынша Қазақстан 39 орынды иеленген
Қазақстан экономикасы әлемдік экономикалық жүйеге интеграцияланған, сондықтан ғаламдық тенденциялар әсеріне бейім болады. 2007 – 2008 ж.ж. аралығында капиталдың сыртқы нарығында болған өтімділік дағдарысы дамыған және дамушы елдерге жағымсыз әсерін тигізді. Қарыздық капиталдың құнының ғаламдық өсуі экономикалық өсудің әлемдік қарқынына айтарлықтай әсер етті, ол біздің экономикаға өз әсерін тигізбей қоймады. Бірақ Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай тұрақты болып табылады.
2007 жылдың екінші жартысында
басталған әлемдік қаржы
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық
Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік
қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың
теріс салдарын жұмсартуға бағытталған
бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел
қабылдады және іске асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған
қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік
қаржы жүйесінің шеңберінен шықты және
нақты секторға едәуір теріс әсер етті.
Осының нәтижесінде әлемдік экономиканың
өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар
мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы
Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру
және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық
Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын ретте және қадағалау агенттігінің
Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру
жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен
іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар)
Қазақстан Республикасы Президентінің
тапсырмаларын орындау үшін әзірленді
және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы
әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс
салдарын жұмсартуға және болашақтағы
сапалы экономикалық өсу үшін қажетті
негізді қамтамасыз етуге бағытталған
шаралар кешенін айқындайды.
Әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері