Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 02:42, дипломная работа
Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.
КІРІСПЕ
1. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ұлттық есептер жүйесінің экономикалық мәні
1.2 Ұлттық есептер жүйесінде жалпы ұлттық өнімнің мәні және мазмұны
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері
2. 2008-2010 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 2008-2010 жылдар аралығында жалпы ұлттық өнім динамикасын талдау
2.2 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын талдау
2.3 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің индекстерін талдау
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН РЕТТЕУДІҢ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстанның макроэкономикалық жағдайын реттеудің шаралары
3.2 Қазақстан Республикасында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді ынталандыру шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ұлттық есеп жүргізу туралы ойды ең алғаш ағылшын зерттеушісі Грегори Кинг айтты. Ол ұлттық есептің ұлттық табыс статистикасмен тығыз байланысты екенін және материалдық игіліктерді бөлудің ерекшеліктерін қарастырды.
Француз экономисті Ф.Кенэ алғашқы рет өз зерттеулерінде өнім қозғалысы мен табыс қозғалысның тұтастығын көрсетуге тырысты. Ол өнім мен табыс қозғалысын бөліп қарстыруға болмайды, олар қоғамның экономиалық өмірінің айналымын көрсетеді деген ойды айтты.
Кенэнің 1758 жылғы жарық көрген «Экономикалық кесте» жұмысындағы ой-пікірлері кейінірек ұлттық есеп жүргізудің негізгі принциптеріне айналды. Ол қағидалар мыналар:
-экономиканы құрамдас бөліктернің арасында дәлмедәл сандық байланыс бар бір тұтас жүйе деп қарастыру;
-осы жүйедегі қоғам мүшелерінің белгілі топтарын (экономикалық агенттерді) және оларды байланыстыратын экономикалық ағымдарды бөлу;
-өнім мен табс қозғалысын талдау;
-жабық жүйедегі табыс пен таза өнімнің теңдігін және қоғамдағы әр класс үшін ағымдардың тепе-тең болуын талап етеу;
-Қайта бөлу мехенизмінің міндеті, яғни экономикалық агенттердің бір тобының (өндіруші кластың) шығындар ұлттық байлықтың экономикалық айналамға қатысатын және ұдайы өндірісте болатын бөлігін қалай өзгертетінін, осы ұдайы өндірілген құндылықтан экономикалық агенттердің барлық топтарына табыстың қалай бөлінетінін көрсету;
-ұдайы өндірістің
Ұлттық есеп жүйесінің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдарың бірі- француз Антуан Лавуазье. А.Лавуазье 1771 жылы Францияның ұлттық ассамблеясында «Франция корольдігің аймақтық байлығы туралы саяси арефметикалық очерк» атты баяндамасын жасады. Баяндама өнім өндіріу, тұтыну процестерін сипаттайтын және ұлттық өнімнің, ұлттық табыстың, мөлшерін көрсететін кесте келтірілді. Бұл кестелерді тарихтағы ең алғаш ұлттық шоттар деуге болады.
Сонымен қатар, ол кезде экономика стихиялы түрде дамиды, оны мемлекет трапынан реттеу қажет емес деген көзқарас қалыптасты. Сондықтан мұндай жағдайда халық шаруашылығындағы байланыстарды сан жағынан талдаудың қажеті болмады. Соған қарамастан халық шаруашлығының синтетикалық көрсеткіштерін есептеуге байланысты жұмыстар жүгізілі берді.
ХХ ғасырдың 30-жылдары түбегейлі өзгерістер болды, соған байлансты, ұлттық есеп жүргізудің жаңа кезеңі басталды. Бұған 1929-1933 жлдары Ұлы экономикалық депрессия (тоқырау) себеп болды. Осы жылдары жинақ пен инвестиция арасындағы байланыс, жалақының өсі не кемуі салдары, экспорттың немесе импорттың өзгеруі, кәсіпкердің табысы сияқты келелі мәселелердің шешу қажеттілігі артты.ал бұл мәселелерді бұртұтас экономикаға талдау жасамай шешуге болмайтын еді. Көптеген экономистер тоқыраудан кейін нарықтық экономиканы қалпына келтіру үшін реттеу қажет деген қортындыға келді. Осындай пікірді айтқан және дәлелдегендердің бірі –ағылшын экономисі Дж.Кейнс. Нарықтық экономиканы реттеу мәселелері туралы өз ойларын Дж.Кейнс «Ақша,процент және жұмысбастылықтың жалпы теориясы» атты жұмында (1936ж) жариялады және болашақ ұлттық сеп жүйеснің негізгі принциптерін келтірді. Ол ҰЕЖ жалпы табыс, тұтыну, инвестиция, жинақ сияқты өзара байланысты макрокөрсеткіштердің жүйесі деп көрсетті, осы көрсеткіштердің кейбіреулерін өзгерту арқылы мемлекет экономиканы реттей алады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең ұлттық есеп жүргізудің кеңінен тараған кезеңі болып саналады. Осы кездегі ұлттық шоттардың жаппай тарағанын төмендегі 1-ші кестеден көруге болады.
Кесте 1
Капиталистік елдерде ұлттық есептер жүйесінің дамуы
Елдің аты |
Құрылған жылы |
Ескерту |
Австрия |
1951 |
Жұмыстың басталған кезі. 1963 жүйе біржолата қалыптасты |
Англия |
1941 |
БҰҰ стандарттары шоттарының тұжырымдамасы бойынша құрылған |
Бельгия |
1954 |
1948-1951 жылдардағы мәліметтер бойынша алғашқы зерттеулер БҰҰ және ЕЭЫҰ-ның (Европалық экономикалық ынтымақтастық ұйымдарының) стандарттарына сәйкес келді. |
Дания |
1948 |
Жүйе төрт шоттан құралады |
Ирландия |
1951 |
Жүйе үш шоттан құралады. |
Италия |
1955 |
Екі сектор, төрт негізгі шот құрылды. |
Мальта |
1959 |
Жүй БҰҰ стандарттарына сай құрылды. |
Нидерланды |
1948 |
Алғашқы шоттар 1938,1946,1947 жылдардағы мәліметтер бойынша құрылды. |
Норвегия |
1946 |
Соны (оригинал) жүйе |
Португалия |
1950 |
Жүйе БҰҰ стандартына лайық алты шоттан құрылды |
Туркия |
1950 |
Жұмыстың басталған кезі. Қарапайым интеграцияланбаған үлгі |
Финляндия |
1958 |
ҰЕЖ-нің түсіндірмесі жарияланды. Соны жүйе. |
Франция |
1946 |
Соны жүйе |
1 кестенің жалғасы | ||
ГФР |
1949 |
Жүйе үш сектор, жеті функционалды шоттан тұрады. |
Швейцария |
1963 |
Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылған |
Швеция |
1954 |
Соны жүйе |
Индия |
1951 |
Интеграцияланбаған жүйе |
Жапония |
1953 |
Тоғыз кесте құрылды, оның алтауы БҰҰ-ның стандартына лайық |
Аргентина |
1955 |
1946 жылы жалпы ішкі
өнімді септеуге әрекет |
Бразилия |
1951 |
1947 жылы ұлттық шоттарға байланысты жұмыс басталды |
Гондурас |
1952 |
БҰҰ-ның стандартына сай интеграцияланған жүйе құрылды |
Канада |
1948 |
Секторлар бойынша алғашқы шоттар құрылды |
Колумбия |
1949 |
Жұмыстың басталған кезі. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды |
Мексика |
1953 |
Жүйе БҰҰ стандартына сәйкес құрылды. |
Панама |
1959 |
Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды |
Перу |
1946 |
Жұмыстың басталған кезі. Жүйе БҰҰ-ның стандартына сай құрылды |
АҚШ |
1947 |
Бес шот, жиырма жеті кесте құрылды. Тұрымдамалары БҰҰ-ның стандартына сай келді |
Чили |
1949 |
БҰҰ-ның стандартына сәйкес құрылды |
Эквадор |
1954 |
Ұлттық шоттардың интеграцияланған жүйесі |
Жаңа Зелендия |
1948 |
Жүйе төрт шоттан тұрады |
Филиппины |
1952 |
БҰҰ жүйесінің тұжырымдамасына негізделген бес шоттан құрылды. |
1951 Еуропалық экономикалық
ынтымақтастық ұйымының
1952 жылы Нидерландияда алғаш рет ҰЕЖ-ге салааралық баланс енгізілді.Бұл баланс өндіріс сферасының 26 саласы бойынша құрылды және 1938,1946-1951 жж. қамтиды. Мұнан былай салааралық балансты құрған елдердің барлығы оны ұлттық есеп жүйесіне енгізді.
Қазіргі кезде көптеген елдердің ұлттық есеп жүйеснің құрамында қаржы операцияларының кестесі бар.(Нидерленды,Финляндия, Норвегия, Франция, Швеция, Германия, Жапония). Ұлттық баланстық кестелер (national balance- sheet) түріндегі мүлік баланстарын құружәне олардың интеграциясы- ұлттық есеп жүргізудегі тағы да негізгі бағыт. Шаруашылық бірліктернің қаржы активтері мен пассивтерінің өзгерісі қаржы операцияларның нәтежесін ал, қоғамдағы материалдқ игіліктердің өзгерісі экономикалық әрекеттің нәтежесін көрсететіндіктен ҰЕЖ-де баланстық кестелерді құру қажеттілігі туады.
Ұлттық шоттар ұлттық табыс статистикасынан, ал баланстық кестелер ұлттық байлық статистикасынан бөлініп шықты. Ең алғаш ұлттық баланстар, яғни мүлік баланстарының жүйесі Нидерландыда 1947 жылы (Рикен Ван Олст) және 1948 жылы (В. Корн, С.Смейс) құрылды. Содан бері бұл кестелер осы елде жүйелі түрде пайдаланып келеді. Ал басқа елдер осыған ұқсас жұмыстарды жүргізге бастады.
Шоттардың құрылымын және онда қолданылатын категорияларды халықаралық стандарқа сәйкестендіру ҰЕЖ –нің дамуы мен өестеуіне зор ықпал етті. 1945 жылдың соңында Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сарапшылар комитеті ұлттық табысты есептеу және ұлттық шоттарды құрудың сипаттамасын дайындады.
1947 жылы ұлттық табыс
пен байлықты зерттейтін
1970 жылы Еуропалық бірлестік
БҰҰ-ның ұлттық есеп жүйеснің
негізінде ҰЕЖ-нің Еуропалық
1993 жылы БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы жаңа ұлттық есеп жүйесін қабылдады. Жаңа жүйенің мақсаты - экономикалық статистиканың төлем балансы мен мемлекеттік қаржы сияқты бөлімдерінің(тарауларының) үндестігін арттыру. Бұл үндестік ұлттық есеп жүйесінің жеке блоктарында, экономикалық сатаистиканың жоғарғы аталған бөлімдерінде қолданылытын анықтамалар мен жіктеулердің тығыз байланысын көрсетеді. Мысалы «қалған әлем» шоттарында қолданылатын анықтамалар төлем бансындағы анықтамалармен үйлесімді болса, төлем балансының жиынтық жолымен бірдей болады.
Ұлттық есеп жүйеснің тағы бір мақсаты – ұлттық шоттардың құрамын айқын, жүйелі түрге келтіру, кейбір кіріс және шығыс статьяларының түсіндірмесін анықтау. Осыған байланысты 1993 жылы ҰЕЖ-де жалпы ішкі өнімді анықтауда өзгерістер енгізілгенін ескерткен жөн. Мысалы, геологииялық барлау жұмыстарының шығындары, ЭЕМ –нің бағдарламаларын, әдеби көркем шығармаларының тұп нұсқасын сатып алу негізгі капиталдың жалпы қорлануы болып саналады. Бұдан басқа жалпы қорлану шығындарның құрамына «құнды заттарды сатып алу» деп аталатын жаңа статья енгізілген.
Қазақсатан Республикасының және ТМД елдерінің ұлттық шоттары ұлттық есеп жүйеснің еуропалық стандарттарына негізделген және әр ұлттың жағдайына бейімделіп құрылған.
Халық шаруашылығы балансынан ұлттық есеп жүйесіне концепциялық (тұжырымдамалы), әдістемелік мәселелелерді қарстыруд және оларды шешуді талап етеді. Бұл мәселерді шешуде халықаралық сипаттаман (рекомендация) негізге ала отырып, шаруашылық әрекетті ұйымдастырудағы елдің ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы, өтпелі дәуірдің алғашқы кезеңінде мемлекеттік бюджеттен субсидия бөлінетін экономикалық әрекеттер (ауыл шаруашылығы, орман, су шаруашылығы, жолдарды жөндеу тұрын үй және коммуналдық шаруашылық), кәсіпорындардың өз жұмысшыларына, олардың отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік мәдени қызметтер көлемі анағұрлым көп болады. Бұл кезеңде коммерциялық банктердің әрекеттері, олардың ролі шектеулі күйде қалады.
Үй шарушылығының өндірістік әрекетін анықтау - ҰЕЖ-дегі негізгі мәселе. БҰҰ ҰЕЖ-нің кепілдемесі бойынша үй шаруашылығы үшін өндіріс шоты құрылу қажет. Бұл шотта үй шаруашылығының өндірістік әрекеті көрсетіледі. Үй шаруашылығының өндірістік әрекетіне өздері тұтыну немесе сату үшін өндірген өнім, нарықтық қызметтер көрсету, өз үйінде тұру құны және үй қызметшісінің қызметақысы жатады. Мәліметтердің жеткіліксіздігінен халықтың ресми түрде тіркелмеген әрекеті жалпы ішкі өнімді анықтағанда есепке алынбайды. Толық және сенімді мәліметтерді жинау арқылы бұл мәселені шешіге болады. Шоттарда кездесетін тамақтандыру, іссапар шығындары, әскери адамдары киім-кешекпен жабдықтандыру, әртүрлді салықтар, субсидиялар сияқты экономикалық операцияларды түсіндірде де біраз қиындықтар болады. Халық шаруашлығы балансын ақпарат негізі деп санау және шоттар тек тұтас экономика үшін құрылуы осы кезеңдегі ұлттық сеп жүйесін статистикалық практикаға енгізудегі тағы бір ерекшелік болып саналады. Халықаралық стандартты салалық топтастырудың орнына халық шаруашылығының жалпы одақтық топтаструын пайдалану, алғашқ ақпараттық құжаттар базасының (бухгалтерлік есеп, қаржы және банк статистикасы) халықаралық стандартқа сәйкес келмеуі, шаруашлық бірліктердің толық статистикалық бақылауға алынбауы салдарынан эксперименттік есептеулерде кемшіліктер болады. ТМД елдерін бірыңғай халықаралық стадартты статистикалық әдістемемен қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, т.б көрсеткіштерді есептеудің, өндіріс, табыстың пайда болу, табысты бөлу және пайдалану, басқада шоттарын құру, салараралық байланысты құрудың әдістемелік принциптері айқындалды.
Сол сияқты ҰЕЖ көрсеткіштерін тұрақты бағамен бағалау принциптерін анықтау, қаржы шотын, баланстық кестелерді, активтер мен пассивтердің өзгерісінің шотын құру сияқты жұмыстарды іске асыру көзделуде. Стандартты әдістеме негізгі макрокөрсеткіштердің динамикасын, құрамын зерттеп, мөлшері туралы мәліметтерді салыстыру үшін, ТМД елдерінің нарықтық экономикалық өту кезеңдерін талдау үшін, осы елдердің экономикалық саясатын, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың үйлесімді түрде жүргізу үшін қажет.
ҰЕЖ –де шарушашылық операцияларын есептеу, өтпелі кезеңдегі құрылымдық ерекшеліктерді анықтау сияқты әдістемелелік сұрақтарды шешумен қатар макрокөсеткіштерді есептеуге қажетті мәліметтерді жинауғу зор көңіл бөлінуі тиіс керек. Ол үшін шаруашылық біріліктердің бухгалтерлік есебін, бастапқ статистикалық есеп беруді, статистикалық бақылауды өзгерте отырып халық шарушылығы балансының мәліметтер базаснан жаңа жүйенің мәліметтер базасына көшу қажет.
1994 жыл Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік статистикалық
1.2 Ұлттық есептер
жүйесінде жалпы ұлттық
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс - әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды. Макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.
Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.
Информация о работе Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері