Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2014 в 02:42, дипломная работа

Краткое описание

Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ұлттық есептер жүйесінің экономикалық мәні
1.2 Ұлттық есептер жүйесінде жалпы ұлттық өнімнің мәні және мазмұны
1.3 Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері

2. 2008-2010 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 2008-2010 жылдар аралығында жалпы ұлттық өнім динамикасын талдау
2.2 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын талдау
2.3 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің индекстерін талдау
3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН РЕТТЕУДІҢ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Қазақстанның макроэкономикалық жағдайын реттеудің шаралары
3.2 Қазақстан Республикасында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді ынталандыру шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ВВП диплом.doc

— 1,014.00 Кб (Скачать документ)

Жалпы ұлттық өнім экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:

  1. барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
  2. өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі

Жалпы ұлттық өнім — экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлтгық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.

Біз жалпы ұлттық өнімнің жалпы шығын көлемін, сонымен бірге экономикадағы жалпы табыс көлемін сипаттайтын, яғни екі жақты айналым сызбасында көрсетілгендігіне көз жеткіздік. Ұлттық есеп жүйесінің үлкен бір бөлігінің көрсеткіші – бұл керек ағындарға байланысты ақпараттар. Жалпы ұлттық өнім есеп-шоттың есептеудің мақсаты мынада:

  1. қоғам экономикасының жай күйін бақылау;
  2. экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;
  3. мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

Жалпы ұлттық өнім БҰҰ-ның методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Жалпы ұлттық өнім өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың амортизациясын, материалдық өндіріс саласының таза өнімін және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс енгізіледі.

Жалпы ұлттық өнім көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстан ЖҰӨ экономикалық есептеу практикасы 1988-ші жылы енгізілді, сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.

Жалпы ұлттық өнімнің белгілі модификациясы – жалпы ішкі өнім көрсеткіші болып табылады. Ол белгілі бір ел шенберінде кәсіпорындар мен қызметкерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтиды. Жалпы ұлттық өнім жаопы ішкі өнімнен сол елдің ресурстарын шет елде пайдаланудан түскен табыстар сомасында (проценттер, дивиденттер, жалақы және т.б.) көп болады. Мысалы маусымды жұмысшылардың жалақысы жұмыс істеп жүрген елдің жалпы ішкі өнімінде есептеледі және олардың тұрақты тұратын елінің жалпы ұлттық өнімінде де есептеледі.

Жалпы ұлттық өнім ағымдағы, рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек, яғни баға индексін қолдану керек, сөйтіп жалпы ұлттық өнімнің нақты құнын білуге болады.

Гипотекалық экономикада, мұнда тек нақты өндіреді деп жорамалдаймыз. Нақты өмірде мемлекеттердің ЖҰӨ-ны есептеуі күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет.

Көптеген тауарлар және қызмет түрлері жалпы ұлттық өнімде нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін, ЖҰӨ-нің құрылымына өздері өзіне "төлейтін", "жалдау ақысы" енгізілді. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. Жалпы ұлттық өнім құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол практика түрінде жүзеге асырылмайды. Яғни, жалпы ұлттық өнімде арнайы есептелінген құн — жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн жалпы ұлттық өнімге енгізілмейді. Сондай-ақ жалпы ұлттық өнімге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді. Яғни, арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы мүлдем жалпы ұлттық өнімге енгізілмесе, онда жалпы ұлттық өнім - экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды.

Жалпы ұлттық өнім көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған — наркобизнес, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.

Жалпы ұлттық өнім тұрғындардың әл-ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл-ауқаттылық ұғымына коршаған ортаның жай-күйі, қылмыстың аукымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы енгізіледі. Жалпы ұлттық өнім есеп-шотын есептеуде бұл параметрлер ескерілмейді.

Жалпы ұлттық өнімді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды (атаулы) жалпы ұлттық өнім – сол жылғы ағымдағы бағамен есептелген тауарлар мен қызмет көлемі.

Нақты жалпы ұлттық өнім – баға өзгерісін ескеретін немесе базалық бағамен есептелген жалпы ұлттық өнім көлемі, сонымен қатар инфляция немесе дефляцияны (номиналды жалпы ұлттық өнім инфляция әсерінен тазарады, яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.

Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің қозғалысы циклдық маусымдық ауытқуларға байланысты. Кейбіреулері өндірістік пайыздық ерекшеліктерімен байланысты: мәселен, жылдың суық кезінде үй құрылысын жүргізу көптеген қиындықтар әкеледі, сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты адамдардың қалауы өзгереді. Номиналдық жалпы ұлттық өнімді нақты жалпы ұлттық өнімге келтіру үшін екі индекс қолданылады. Тұтынушылық бағалар индексі және жалпы ұлттық өнім дефлятор.

Номиналды ЖҰӨ

Нақты ЖҰӨ  =     баға индексі                       (1)

 

Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ x ЖҰӨ дефляторы                 (2)

 

Жалпы ұлттық өнім 90-шы жылдардың басында АҚШ-та ағымдағы бағада 5570 млрд. долл. құрады, ал тұрақты бағада (1982 жылы) – 4254 млрд. долл. болды. Баршаға белгілі жай, егер жалпы ұлттық өнімнің жыл сайынғы нақты өсімі 4%-дан асса, онда экономиканың жағдайын дұрыс деп санауға болады, ал жалпы ұлттық өсімнің нақты өсімі 4%-дан аз болса, онда дабыл қағуға болады: бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық өсіп, экономика тұрақсыздыққа ұшырайды. 

Жалпы ұлттық өнім құрамында тауар мен көрсетілген қызметтердің бағасы ағымдағы бағамен есептелсе, онда олар атаулы жалпы ұлттық өнім деп аталады. Экономика жағдайын нақты көрсету үшін, экономикада өндірілген тауарлар мен қызмет саны баға өзгерісінің әсеріне тиісті болмауы керек. Нақты жалпы ұлттық өнім көрсеткіші осы мақсатты көздейді, мұнда тауарлар мен қызмет құны тұрақты бағалармен өлшенеді.

Жалпы ұлттық өнім нақты көлемінің есебі үшін базисті жыл, мәселен 2010 жыл таңдалады. Содан кейін барлық тауар құны 2010 жылғы құнмен есептелінеді және жинақталады.

Яғни, баға тұрақты болғандықтан, жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің шешіміне өнім өндірісі көлемінің өзгерісі ғана әсер етеді. Сондықтан, нақты жалпы ұлттық өнім – бұл базисті жылдағы өндірілген өнім бағасының жиынтығы (яғни 2010 жыл).  Халықтың материалдық  тұтыну қанағаттануының дәрежесі өндірілген тауарлар мен қызметтерге тәуелді болса, онда атаулы жалпы ұлттық өнімге қарағанда, экономика жағдайының тура көрсеткіші нақты жалпы ұлттық өнім болып табылады. Жалпы ұлттық және жалпы ішкі өнімнің құрамын келесі суреттен көре аламыз.

 

Жалпы ішкі өнім

 

Ел ішінде өндірілген соңғы өнім

 

Шетел фирмаларының өнімі

Отандық фирмалардың өнімі

Шетелдегі отандық фирмалардың өнімі

 

Жалпы ұлттық өнім


 

Сурет 1. Жалпы ішкі және жалпы ұлттық өнімнің құрамы.

 

Жалпы ұлттық өнімнің нарықтық сипаты оның көлемінің есептеу әдістерінде бейнеленеді. Өзімізге белгілі қосылған құндарды қосу әдісімен қатар, нарықтық субъектілердің табыстарын және шығындарын қосу әдісі де қолданылады. Берілген әдіс негізделген, себебі оның негізгі нарықтық субъектілері нарық арқылы өзара әсерлесетін фирмалар және үй шаруашылықтары. Бұл байланысты 2-ші суреттен көре аламыз. Суреттен көрініп тұрғандай,  үй шаруашылықтары фирмаларға сәйкес нарықтар арқылы қажетті өндіріс факторларын бере отырып, табыс алады, ал ол өз алдына фирмалар үшін шығын болып есептеледі. Бұл жағдайда үй шаруашылықтарының табыстарының және фирмалардың шығындарының теңдестігі байқалады. Екінші жағынан табыс ретінде үй шаруашылықтарының тапқан ақшасы тұтыну нарығында жұмсалады, себебі үй шаруашылықтары қажетті тауарларды сатып алады. Сатып алушылардың шығындары сатушылардың, яғни фирмалардың табысына айналады. Тағы да табыстар мен шығындардың теңдестігін байқаймыз.

 

Сурет 2.  Үй шаруашылықтары мен фирмалардың табыстары мен шығындары.

 

Экономика субъектілері, ен алдымен халық үшін ЖҰӨ нін бөлінуі үлкен мәнге ие, бұл оның тұтыну процесінде қолданылуын анықтайды. ЖҰӨ ді бөлістірудің нақты тізбектілігі бар, осыған байланысты бірінен бірі жүретін бөлістіру стадияларын атап көрсетуге болады. Осы стадиялардың әрқайсысында бүкіл экономиканың немесе оның жеке саласының жағдайын бейнелейтін бір бөлігі бөлініп шығады. ЖҰӨ ді бөлістіруді талдау осылайша оның құрылымы туралы нақты бейне береді. Осылайша ЖҰӨ экономиканың барлық қатысушылары арасында бөлістіріледі және оның бөліну процесінде таза ұлттық өнімге, ұлттық табысқа,жеке табысқа, қолда бар табысқа бөлінеді.

 

 

1.3 Жалпы ұлттық  өнімді есептеу әдістері 

 

Жалпы ұлттық өнім көлемін өлшеуде батыстық экономистер мен статистика қоғамдық өндірістің ұлғаймалы концепциясына сүйенеді. Жалпы ұлттық өнім материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметті ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т.б. қамтиды. Жалпы ұлттық өнімді «сол елдің өндіре алатын тауарлары мен қызметінің жиынтық санын дәлірек сипаттайтын өлшем ретінде батыс экономистері оны өлшеудің екі әдісін ұсынды:

  1. Аралық өнім және қосымша қосылған құн әдісі. Жалпы ұлттық өнім белгілі уақыт кезеніңдегі қоғамның қарамағындағы игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Жалпы ұлттық өнім көлемі бір жылда өндірілген өнімнің ақшалай есептегендегі сомасы. Бұл көрсеткішке мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетуге және жеке инвестицияға шығындары да енеді. Сонымен, жалпы ұлттық өнім осы әдіспен анықтағанда тауарлар сатып алу, қызмет көрсету және жеке инвестицияларға жұмсалған мемлекет шығындарының қосындысы.
  2. Табыстар мен шығындар ағымы әдісі. Жалпы ұлттық өнім жеке адамдар мен кәсіпорындардың табыстарының сомасын құрайды (жалақы, процент, рента және пайда) және өндіріс факторларының орнын толтыру сомасы ретінде анықталады. Оған жанама салықтар, амортизация жарнасы да кіреді. Жалпы ұлттық өнім халық шаруашылығы табыстарының сомасы ретінде де анықталады.

Екі әдістің екеуі де бірдей бағалы. Дегенмен АҚШ-тың Сауда министрлігінің экономикалық талдау бюросы жүргізетін жалпы ұлттық өнімді есептеу статистикасы ең жетілген деп айтсақ қателеспейміз. Мұнда жалпы ұлттық өнім оқшауланбай, қайта ұлттық есептеу жүйесінің шеңберінде есептеледі, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстан басқа, тамақ пен күрделі қаржының салааралық балансын, финанс ағыстарының балансын, ұлттық байлық пен еңбек ресурстарының балансын қамтиды. АҚШ-тың жалпы ұлттық өнімі түпкі тауарлар мен қызмет көрсеуді есепке алады, яғни жалпы ұлттық өнімге жеке және қоғамдық тұтынуға түсе отырып, өндіріс процесіне мүлдем қайтып оралмайтын немесе еңбек құралдары ретінде өндіріс саласына қайтып оралатын өнім түрлері жатады. Жалпы ұлттық өнім АҚШ-тың басқа елдермен сыртқы сауда жұмыстарының қалдығын қамтиды. Баланс беру үшін жалпы ұлттық өнімге АҚШ азаматтарының өз елінен тыс жерлерде өндірген өнімдерінің бір бөлігі кіреді, ал АҚШ-та американдық емес азаматтардың өнімдері есепке алынбайды. Осыдан басқа жалпы ұлттық өнімге шетелдегі капиталдың пайда, дивидендтер, проценттер, ренталық төлемдер таза табыс ретінде енеді. АҚШ-та алғашқыда жалпы ұлттық өнім нақты, ағымдағы бағалармен есептелді, алайда ол бағаға ықпал ететін инфляциялық құбыластармен байланысты өндіріс көлемін өлшеуде дұрыс болмады. Өндіріс динамикасын таза күйінде, базистік жылдың тұрақты бағасымен есептеу жалпы ұлттық өнімді көрсетеді.тұрақты бағадағы жалпы ұлттық өнім көрсеткіші ағымдағы бағамен салыстырғанда баяу өседі.

Информация о работе Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері