Сыбайлас жемқорлықпен күресу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 17:51, курсовая работа

Краткое описание

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі: «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдайы жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын
туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;

Прикрепленные файлы: 1 файл

МОЯ КУРСОВАЯ.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

Адамға туғанынан біткен байлыққа өмірді, денсаулықты, ар-намысты, бостандықты, жеке бастың қауіпсіздігін  жатқызуға болады, ал азаматтың құқықтарына—үй-жайына немесе меншікті мүлігіне қол сұқпау; жеке және отбасылық құпияға құқық; телефон, телеграфтық хабарларға және хат алмасуға құқық; атын пайдалануға құқық; бейнеленуге құқық; авторлық құқық және басқа жеке мүліктік емес авторлық құқық туралы заңнама қарастырған құқықтар; жүріп-тұру және мекен-жай таңдау құқығы; шынайы ақпарат алуға,сондай-ақ республиканың заңнамалық актілерімен қарастырылған басқа құқықтар.

Моральдық зиян деп заңсыздық  нәтижесінде жасалған құқық бұзушылық,

адамға жататын жеке мүліктік емес құқықтар мен жайлылықты бұзу, кемсіту немесе тартып алу арқылы жасалған адамгершілік немесе физикалық азапты түсінген жөн.[12]

Азаматтық кодекстің 187 бабының 1) т.т. сәйкес моральдық зиянның орнын  толтыру туралы талапқа талаптың ескіргені тарамайды. Азаматтық  кодекстің 922 б. 1 б., 923 баб.1 және 2 бөл., 951 баб. 3 бөл.сәйкес зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан мемлекеттік қазына есебінен ақшалай (республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты) азаматқа келтірілген моральдық зиянның орны толтырылады:

-мемлекеттік органдар  заңнамалық актілерге сай емес  актілер шығарса; 
-заңсыз соттаса;

-қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартса;

-тыйым салу шарасы  ретінде қамауға, үй қамауына, жол жүрмеу туралы қол қою  шаралары заңсыз қолданса;

-әкімшілік жазалау  ретінде қамауға заңсыз алынса;

-заңсыз психиатриялық  немесе басқа емдеу мекемесіне  орналастырылса; 
-заңнамалық актілермен қарастырылған басқа жағдайларда.[]Мемлекеттік қазына есебінен ақшалай моральдық зиян орнын толтыру туралы талап бойынша жауапкер (республикалық немесе жергілікті бюджет) мемлекет болып табылатын болғасын, осы санатты істердің сотталуын соттар мемлекет қазынасының өкілі тұратын мекен-жай бойынша белгілейді. 
Мемлекеттік қазынаның өкілі мемлекеттік қазына мүддесін көрсетіп-білдіру бойынша арнайы құзыреті бар ҚР Қаржы министрлігі немесе басқа мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар болуы мүмкін.  
Осындай санатты істерді қараған кезде соттар мемлекеттік қазына өкілін, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісін белгілеуге және оларды азаматтардың талаптары бойынша моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру жөнінде істерді қарауға тартуға тиіс. Жәбірленушіге бірлескен бірнеше заңды тұлғалар немесе жеке тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген моральдық зиян Азаматтық кодекстің 287 баб.1-4 бөл. Және 932 бабына сәйкес бұл зиянды келтіргендер ортақ немесе үлестік тәртіппен толық мөлшерде орнын толтырады[6].

Талапкер талап өтінішінде оның нақты жеке мүліктік емес құқықтары  мен жайлылығын бұзу фактісінің дәлелін, сондай-ақ оларды қорғау тәсілін көрсетуге  міндетті.Моральдық зиян орнын толтыру  туралы талап өтініш берген кезде  талапкер өзіне келтірген зиян орнын, оның пікірінше, толтырады деген соманы көрсетуге міндетті. 
Моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру туралы азаматтардың талаптары азаматтық сот өндіру тәртібімен қарауға жатады.  
Қаулыда сондай-ақ соттардың назары Азаматтық процессуалдық кодекстің 221 бабының талаптарына байланысты моралдьық зиян орнын толтыру туралы әр іс бойынша мынаның болуы керектігіне аударылды: 
-жәбірленушіге моральдық зиян келтірген құқық бұзушылықтың сипатын келтіру; 
-бұзылған мүліктік емес құқық және жайлылықты көрсету; 
-жәбірленушінің адамгершілік немесе физикалық азап көргені туралы мәліметтер; 
-мүліктік емес құқықтарды қорғау тәсілі (жағдайды қалпына келтіру, моральдық зиянның салдарын жою,моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру), сондай-ақ моральдық зиянның ақшалай орнын толтыру мөлшерін негіздеу; 
-шешім шығарған кезде сот басшылыққа алған материалдық құқық нормалары.[7]

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

“Сыбайлас-жемқорлық” деген  түсінік мағнасына этимологиялық  қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жоюын білдіреді. 
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді. 
Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.

Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыра алады деген сұраққа жауап берер болсақ. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге, оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.

Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар  қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.

Бүкіл әлемдік сыбайлас жемқорлықпен күреске байланысты 2003 жылы 31 қазан, Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлтар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылданған. Онда жемқорлықпен күрестің көптеген тәсілдері көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі  күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алу.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің қатарына 1998 жылғы “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңды, Жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қосуға болады. 2005 жылы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі бекітілді. Ал 2007 жылдың 12 қаңтарында “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” заң қабылданды. Бұл заңнамалық актілердің мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына қойылатын талаптарды арттыру.   
Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.  
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия - Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.  Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

  1. Ботпай, Оралбек, «Қылмыстық құқық» - сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз.
  3. Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексі
  4. Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу   кодексі 13 желтоқсан 2005 ж. (01.01.2010 ж. өзгертулер мен толықтырулармен)− Алматы: Баспа, 2005. – 453 б.
  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (1997 жылғы 16 шiлдедегі N 167)
  6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (1994 жылғы 27 желтоқсан N 269-XIII)
  7. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі ( 2002 ж.1 қазанына берілген)
  8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы (Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 2 шiлде N 267,)
  9. Қазақстан Республикасының 2001 -2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі бағдарламасы
  10. Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі бағдарламасы
  11. Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күресу жайлы бағдарламасы
  12. ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 21 маусымдағы “Соттардың моральдық зиян орнын толтыру туралы заңнамасын қолдану туралы” №3 Нормативтік қаулысында(ҚР Жоғарғы соттың 2003 жылғы 20 наурыздағы №3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгертулерімен қоса) жөніндегі бағдарламасы
  13. ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 13 желтоқсандағы “Соттардың сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді қарау практикасы туралы” №18 нормативтік Қаулы
  14. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлық
  15. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен «Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы кодексі» бекітілген.
  16. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы
  17. Қайыржанов Е. ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім). – Алматы: Заң әдебиеті, 2003. – 150 б.
  18. Наукенов М.О. «Замана індетіне қылмыстық тосқауыл», // Егемен Қазақстан , №8  , 2009ж , 28б.
  19. Ағыбаев А. “Билік пен қызмет бабын асыра пайдалану – үлкен қылмыс”, // Заңгер , №4, 2004ж., 29б.
  20. Қалмурзаев А.С. “Пара алсан,пара берсен”, // Ақиқат, № 11, 2000ж., 24-26 бб.
  21. Әлібаев А. «Жемқорлықпен күрес жалпыхалықтың ісі”, // Заң жіне Заман,  // 009ж., № 18, 40-41бб.
  22. Әлібаев Е. « Сыбайлас құқық бұзушылыққа берік тосқауыл» , //Заң газеті,  № 5, 2006ж., 7наурыз,  6 б.
  23. http://www.kazinform.kz
  24. http://www.finpol.kz
  25. http://www.minjust.kz/node/15291
  26. http://e.gov.kz/wps/wcm/connect/5dc7e40047cf1a148d559d9f2ebc3c59/Z970000206_20110128.htm?MOD=AJPERES&CACHEID=5dc7e40047cf1a148d559d9f2ebc3c59&useDefaultText=0&useDefaultDesc=0
  27. http://www.zakon.kz/170144-analiticheskijj-doklad-ugolovno.htmlhttp://www.zakon-online.com/Admin/login.aspx?doc_id=1863959&corr=&text=&fp
  28. http://www.departament.kz
  29. http://www.mtll.gov.kz

 

 


Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күресу