Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 17:51, курсовая работа
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі: «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдайы жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын
туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;
М.О. Нәукенов: «Сыбайлас
жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс»
ұғымдарын бір-бірімен байланыстыра қарауды
ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты
ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік
органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде
пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты
әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады,
сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері
билік органдарын өз мақсатына жету үшін
пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда
ықпал жасайды. [13]
А.Н. Ағыбаевтың пікірінше:
«Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды
тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз
жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған
қылмысы. [14]
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.
Жалпы сыбайлас жемқорлық ұғымын әр жақтан қарастыра келіп, мынадай ортақ пікірге келуге болады. Біріншіден, ашкөздік мақсатпен қызмет өкілеттігін асыра пайдалану. Екіншіден, ол жеке мақсат үшін лауазымдық өкілеттікті пайдаланумен қоса мемлекеттік қызметшілерді сатып алумен шендестіріледі. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықтың құрамында ұйымдасқан қылмыстың белгілері болады. Төртіншіден, сыбайлас жемқорлыққа мемлекеттік қызметшілер мен басақлай лауазым иелерінің өзі қызмет өкілеттігін қасақана бұзуы жатады. Ал БҰҰ бас Ассамблеясының 1978 жылғы 17 желтоқсандағы бекіткен лауазым иелерінің ар-ождан кодексінде: «Сыбайлас жемқорлық – ол жеке мақсатқа пайдалану үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану», - деп жазылған. Бір сөзбен айтқанда сыбайлас жемқорлық дегеніміз биліктің мүмкіндігін қоғамның мүддесіне емес, бас пайдаға асыру деп білуіміз керек. Яғни билікті әркімнің өз мақсатына заңсыз пайдалануы.
Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Ол мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік
Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді.
2. белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.
Сыбайлас жемқорлық түрлері:
Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық қатардағы азаматтар мен шенеуніктердің өзара әрекеттесуі арқылы туындайды. Оған азаматтардан лауазымды тұлғалар мен оның отбасы мүшелеріне әр түрлі сыйлықтар мен қызметтер жатады.
Іскерлік сыбайлас жемқорлық билік пен бизнестің өзара әрекеттесуі арқылы туындайды. Мысалы, шаруашылық дау кезінде тараптар өз пайдасына шешім шығару мақсатымен сот қолдауына ұмтылуы мүмкін.
Жоғарғы биліктегі сыбайлас жемқорлық демократиялық жүйелердегі саяси басшылық пен жоғарғы соттарға жатады. Ол саясатты сайлаушылар мүдделеріне қайшы және өзінің мүдделеріне қарасты жүзеге асыруда жауапсыз тәртіпте билікте тұрған топтарға тиісті болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге бөлінеді
Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы:
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері |
Сыбайлас жемқорлықтың түрлері |
Қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдаланушы субъект |
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлық Коммерциялық сыбайлас жемқорлық Саяси сыбайлас жемқорлық |
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың бастамашысы |
Мекемені басқарушы тұлға алдына келген адамды пара беруге мәжбүрлейді. Көмек сұрап келген адамның өзі пара ұсынады. |
Пара беруші субъект |
Жеке адам парасы (кез келген азамат) Кәсіпкерлік пара (нақты фирмалар) Қылмыстық пара (ұйымдасқан қылмыс өкілдері, мысалы, есірткі таратушылар) |
Параның түрі |
Ақшалай пара; Қызмет көрсету |
Пара берушінің пара беру мақсаты |
Тездету үшін пара беру (пара алған адам бір істі жедел орындауы тиіс) Тежеу үшін пара беру (пара алған адам бір істің орындалуын тоқтатуы тиіс, сөйтіп өз қызметтік міндеттерін бұзады) «Жылы көзбен қарау» үшін берілетін пара (пара алған адам қызмет бабында белгілі бір тұлғаның «тырнақ астынан кір іздей бермеуі тиіс» ) |
Сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың орталықтандырылу дәрежесі |
Орталықтандырылмаған жемқорлық (пара беруші кез келген адам өз бетінше әрекет етеді). Орталықтандырылған сыбайлас жемқорлық «төменнен жоғары жаққа қарай» (төменгі сатыдағы шенеуніктер жинаған парасын өзара және жоғары тұрған басшылықпен бөліседі) |
Қорыта келе айтатынымыз, сыбайлас жемқорлықтық қарым-қатынастың даму үдерісі мынадай:
- сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбее түсті.
- ауық-ауық түрдегі сыбайлас жемқорлық жүйелі түрдегі сыбайлас жемқорлыққа айналды.
- биліктің төменгі сатысында орын алған сыбайлас жемқорлық биліктің жоғарғы сатысында кездесетін, одан әрі халықаралық сыбайлас жемқорлық сипатына ие болды.[18]
1.2 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ МЕН ФОРМАЛАРЫ
Қазақстан былтыр жемқорлық жөніндегі көрсеткіш бойынша 180 елдің ішінде 145 орынды иемденді.[24]
Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады.
Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.
Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану, практика көрсеткендей, ең көп тараған қылмыс , сондай-ақ басқа қылмыстарды, оның ішінде сыбайлас-жемқорлық қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады.Лауазымды қылмыс сондай-ақ басқа қылмысты жасау үшін тәсіл болып табылады және жиі қабысып жүреді, мысалы:
-тездету және әр түрлі процедураларды,
ережелерді айналып өту үшін шенеуніктердің
пара алуы, бопсалау, заңсыз тексерістер,
бөтен мүлікті тартып алу, мемлекеттік
қаражатты және жер учаскелерін заңсыз
пайдалану, ақша үшін лицензиялар және
басқа рұқсат құжаттар беру;
-мемлекеттік меншікті, ғимаратты, құрылысты,
табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану,
заңсыз жекешелендіру, мемлекеттік қаражатты
ұрлау, асыра сілтеулікпен сыйлықтар төлеу,
тендер мен мемсатып алған кезде асыра
сілтеушілік;
-монополияға қарсы заңнаманы және шынайы
бәсекелестікті бұзу, өз мүддесіне кадр
сұрақтарын шешу, саяси сыбайлас-жемқорлыққа
және ықпал жасаудың сыбайлас-жемқорлық
саласын жасауға дейін бару, дауыс берген
кезде пайдалы заңдар үшін дауыс сату
және сот шешімдерін сату және БАҚ-қа пара
беру.[17]
Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану мемлекеттік қызметшілердің заңмен бекітілген міндеттерін бұзу және заңдармен, ережелермен, нұсқаулармен және басқалармен реттелетін олардың құзыретіне кірмейтін іс-әрекет орындау болып табылады. Мұндай жағдайда қылмыс себебі пайда табу және өзіне немесе басқа адамдарға және ұйымдарға басымдық алу болып табылады. Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану іс-әрекет жасаумен қатар іс-әрекет жасамау болып табылады. Адам іс-әрекетті тек қана өзінің қызметтік жағдайына қарай жасай алатынын атай кеткен жөн. Іс-әрекет жасамады деп лауазымды адамның өз қызметтік міндетін атқармағаны аталады.
Бұл қылмыстың объектісі
басқару тәртібіне , орнықты жұмысқа және
мемлекеттік биліктің барлық сала органдарының
мемлекеттік қызметінің мүддесіне, оның
ішінде заңнама, атқарушы, сот органдарына,
сонымен қатар өзін-өзі басқару органдарына
қасқойлық болып табылады.Коммерциялық
немесе басқа ұйымда лауазымды өкілеттікті
асыра пайдалану қаралып отырған баптың
заңдылық ауқымына кірмейді және Қылмыстық
кодекстің басқа баптарымен қарастырылғаны
жөнінде айта кеткен жөн.
Мұндай сыбайлас-жемқорлық қылмыстың
объективті жағы 307 баптың 1 бөлімінің
диспозициясында көрсетілген: “Мемлекеттік
міндеттерді орындауға өкілетті адамның
немесе соған теңелген адамның өз қызметтік
өкілеттігін пайда табу және өзіне немесе
басқа адамдар, ұйымдарға басымдық алу
үшін қызмет мүддесіне қайшы пайдаланса,
онысы басқа адамдарға немесе ұйымдарға
зиян әкелсе,егер бұл азаматтардың немесе
ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін
немесе заң қорғайтын қоғам немесе мемлекет
мүдделерін айтарлықтай бұзуға әкеліп
соқса”.
Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану
мемлекеттік қызметшілердің заңмен бекітілген
міндеттерін бұзу және заңдармен, ережелермен,
нұсқаулармен және басқалармен реттелетін
олардың құзыретіне кірмейтін іс-әрекет
орындау болып табылады. Мұндай жағдайда
қылмыс себебі пайда табу және өзіне немесе
басқа адамдарға және ұйымдарға басымдық
алу болып табылады. Лауазымды өкілеттікті
асыра пайдалану іс-әрекет жасаумен қатар
іс-әрекет жасамау болып табылады. Адам
іс-әрекетті тек қана өзінің қызметтік
жағдайына қарай жасай алатынын атай кеткен
жөн. Іс-әрекет жасамады деп лауазымды
адамның өз қызметтік міндетін атқармағаны
аталады.
Бұл қылмыстың субъектілеріне ҚР ҚК 307
бабының 1-3 бөліміне “Лауазымды өкілеттікті
асыра пайдалану” сәйкес мемлекеттік
міндеттерді орындауға өкілетті адамдарды
немесе соларға теңелген адамдарды, лауазымды
адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымға
ие адамдарды жатқызады.
Лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану
азаматтардың конституциялық құқықтары
мен еркіндіктеріне айтарлықтай зиян
әкелуі мүмкін,мемлекеттік органдар беделін
түсіруі, басқа қылмыс жасауға және оларды
жасыруы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстың
субъектісі болып билікті немесе қызмет
орнын теріс пайдаланып қылмыстық жауапқа
тартылуға тиісті тұлға табылады. Бұл
қылмыстың субъектісі қылмысты жасаған
кезінде 16 жасқа жеткен, есі дұрыс, яғни
өзінің әрекетін (әрекетсіздігін) басқара
алатын жеке тұлға. сыбайлас жемқорлық
қылмыстардың субъектілерін үш топқа
бөлүге болады:
- Лауазымды тұлғалар;
- Жауапты мемлекеттік қызмет орында отырған тұлғалар;
- Лауазымды тұлғаларды сатып алып жүрген жеке тұлғалар.
Арнайы субъект - қосымша
белгілері бар лауазымды тұлға. Қазақстан
Республикасының ҚК 307 бапқа ескертуде
лауазымды тұлға деп мемлекеттік органдарда,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарында
және ҚР Қарулы Күштерде және ҚР-ның басқа
әскері ұйымдарында ұйымдастыру-басқару
немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді
тұрақты түрде, уақытша немесе арнайы
өкілділігімен атқарып жүрген тұлғалар
түсіндіріледі.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстың субъективтік
жағына жататын мына негізгі мән-жайларды
дәлелдеу керек:
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстың қоғамдық қауіпін қылмыскер білді ма?
- Сыбайлас жемқорлық әрекетті істегісі келді ма?
- Сыбайлас жемқорлық қылмысты жасауға оған не дем берді?
- Қай мақсатты қойды?
- Қылмысқа қатысушының әрқайсының қасақаналығы нені көздеді?
- Қылмысқа қатысқан әрқайсысының қандай себептері болды және ол қандай
мақсат қойды?
Кінәліге мына жағдайда жаза
тағайындалады: а) қоғамға қауіпті екеніні
біле түра, зардабын болжай тұра, зардаптың
болуын тілеп істесе немесе зардаптың
тууына жол берсе; б) қоғамға қауіпті зардаптар
болуы мүмкін екенін біле түра, ол жөнінде
жеңіл ойлап, ондай зардап болмас деп жасаса.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ауырлататын
мән-жайы ретінде оларды топпен, ұйымдасқан
топпен немесе қылмыстық қауымдастықпен
жасау болды. Бұл ұйымдасқан қылмыстықпен
жемқорлық қылмыстың өзара қатынастарымен
байланысты, оның нәтижесінде сыбайлас
жемқорлық қылмыстық қауымдастықты ұйымдастырудың
құралы болып шығады.
“Сыбайлас-жемқорлықпен
күрес туралы” Заңның 12 бабына сәйкес
мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың
іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін
жағдай жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың
немесе олардың жақын туыстарының және
жақындарының материалдық мүдделерін
қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды
шешкен кезде пайдалану;
-мемлекеттік және
соған теңелген қызметке