Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 17:51, курсовая работа
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі: «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдайы жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын
туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;
- мемлекеттік ұйымдарға және
олардың еншілес ұйымдарына мемлекеттік
қызметке кіретін және қызметін жоғарылататын
кезде заңда көзделмеген артықшылықтар
беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);
- шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде
заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық
көрсету;
- кiмге болса да табыс алуға
байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi
жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген
кез келген жәрдем көрсету;
- мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде
алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға
жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге
пайдалану;
- берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты
жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз
бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе
толық емес ақпарат беру;
- жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
- мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру;
- жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу;
- жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
- жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;
- кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
- мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;
- қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.[7]
Қандай қылмыстар Қазақстанда
сыбайлас-жемқорлық болып мойындалады
Сыбайлас-жемқорлық қылмыс болып ҚР ҚК
:
176 баптың үшінші бөлімінің г) тармағы;
193 баптың үшінші бөлімінің а)тармағы;
209,307 баптың үшінші бөлімінің а)тармағы;
308,310-315 баптардың төртінші бөлімінің в) тармағы,
380 бап қарастырған қылмыстар мойындалады.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы сыбайлас-жемқорлық және басқа қылмыстар ҚР ҚК
13 тарауында болады.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстар,
әлеуметтік-құқықтық іс болып, қылмыстық
заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынасқа
қоғамдық қауіпті әрекет жасау болып табылады.Мұндай
қылмыстар қауіпті, себебі қоғамға және
қоғамның мүшелеріне саяси, материалды
және басқа зиян келтіреді.
Соңғы үш жылда сыбайлас-жемқорлық қылмыстардың
өсуі байқалады. Мемлекеттік міндеттерді
орындауға өкілеттілген адамдарға және
оларға теңелген адамдарға қатысты қылмыстық
істер саны 23,8 % (922-ден 1141-ге дейін).
ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық
қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінің
мәліметтері бойынша, сыбайлас-жемқорлық
қылмысқа жататын қылмыстың жеке түрлері
арасында пара алу фактілері 8,3% (302-ден
327-ге дейін), бөтен мүлікті иемдену немесе
шығындану—33,3% (99-дан 132-ге), билікті және
лауазымды құзыретті асыра пайдалану—5,3%
(57-ден 60-қа дейін), қызмет бойынша әрекетсіздік—2,1
(17-ден 36-ға дейін), қызметтік жалған іс—27,6%
(453-тен 578-ге) өсті.
Салыстырмалы талдау көрсеткендей, Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық қылмыс негізінен сот арасында жіберілген (0-ден 22-ге), ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында—79,7 % (59-дан 106-ға дейін);
әділет—13,6 (22-ден 25-ке дейін),
Қорғаныс министрлігі—3,5 рет (2-ден 7-ге
дейін); селолық округтер мен аудан әкімдері
22,9% (83-тен 102-ге дейін).[19]
Пара алу негізінен бүкіл мемлекеттік
органдарда кеңінен таралған жағдай болып
қалуда. Сыбайлас-жемқорлыққа жақын тұратын
мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет
көрсету саласы,инвестициялық және жекешелендіру
үдерістері, оұқсат беру және лицензиялау
жүйелері, бюджеттік қаражат пен жерді
бөлу, салық жинау, басшылық орындарға
тағайындау және мемлекеттік қызметке
орналасу, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қызметі.
Қылмыстық кодекстің сыбайлас-жемқорлық
қылмыстарды қарастыратын барлық баптарына
тән нәрсе: мұндай қылмыстардың субъектілері
ретінде арнайы субъектілер шығады—жалпы
белгілерден басқа (белгілі бір жасқа
келу және ақыл-есі дұрыс), оларды қылмыстық
жауапкершілікке тарту үшін ерекше қосымша
белгілері де болуы тиіс.
Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты
қылмыс субъектілері, ҚР Жоғарғы соттың
2001 жылғы 13 желтоқсандағы “Соттардың
сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмыстар
туралы қылмыстық істерді қарау практикасы
туралы” №18 нормативтік Қаулысына сай,
мемлекеттік органдардың, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының, әскери
күштердің және басқа әскери құрамдардың
және республика әскерлерінің лауазымды
адамдары, сондай-ақ жауапты мемлекеттік
лауазымда отырған адамдар болып табылады.
ҚР ҚК 307 бабына берілген қосымшаға сәйкес,
лауазымды адамдар болып тұрақты, уақытша
немесе арнайы құзыреттікпен билік өкілдігінің
міндетін атқарушы немесе мемлекеттік
органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында, әскери күштерде және басқа
әскери құрамдарда және республика әскерлерінде
ұйымдастыру-билік жүргізу немесе әкімшілік-шаруашылық
міндеттер атқарып отырған адамдар есептеледі.
Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдар
болып ҚР Конституциясы, конституциялық
және ҚР басқа заңдарымен мемлекет міндетін
және мемлекеттік органдар құзыретін
тікелей орындау үшін белгіленген адамдар
есептеледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет
туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік
қызметшілердің саяси лауазымдарына ие
адамдар. ҚР мемлекеттік қызмет туралы
заңнамаға сәйкес мемлекеттік міндеттерді
орындауға өкілденген адамдарға лауазымды
тұлғалар, Парламент және мәслихат депутаттары,
соттар және барлық мемлекеттік қызметшілер
жатады.Мемлекеттік міндеттерді орындауға
өкілетті адамдарға теңестіріледі:
-жергілікті өзін-өзі басқару органдарына
сайланған адамдар;
-заң белгілеген тәртіппен ҚР Президенттігіне, ҚР Парламенті депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайлау органдары мүшелігіне үміткерлер ретінде тіркелген азаматтар;
-еңбекақылары ҚР мемлекеттік
бюджет қаражатынан төленетін жергілікті
өзін-өзі басқару органдарында тұрақты
немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер;
-мемлекеттік ұйымдарда және жарғы капиталында
мемлекет үлесі отыз бес пайыздан кем
емес мемлекеттік ұйымдарда басқару міндеттерін
орындайтын адамдар.[13]
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті одан әрі күшейту жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы ұлттық қауіпсіздік органдарына, дәстүрлі міндеттерін шешуімен қатар, сыбайлас жемқорлық жолына түскен жоғары қызметтегі шенеуніктерге, әскери қызметкерлерге, прокурорларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы қызмет пен судьяларға, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесіне қарсы күреске барлық күштерін жұмылдыруды міндеттеді. Ел басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бет алысы батыл әрі дәйекті екенін атап өту қажет. Сөйтіп, 1998 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне арналған Үндеу жолдады. Елбасының осы Үндеуі 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды және біздіңше, Үндеу аталған заңның кіріспесі ретінде қабылдануы тиіс. Аталған заңның негізіне БҰҰ және ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясының аясындағы халықаралық ұйымдар әзірлеген модельді актілер алынған. Заңның мақсаттары: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ережелерін жүзеге асыру; ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық мүдделерді қорғау. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және қылмысты ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқарытын лауазымды және өзге де тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету.
Республиканың заңнамасында осы заңда алғаш рет сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа заңдық ұғым ретінде анықтама беріледі, олардың субъектілері айқындалады. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары тұжырымдалған, олардың ең бастысы Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген лауазымды адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол бермеушілік болып танылады. Заңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшін жауаптылық шаралары арнаулы тарауда тұжырымдалған. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық үшін тәртіптік, азаматтық - құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Сыбайлас жемқорлық мәселесі заңмен қоса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 13 тарауының 41бабында, сондай-ақ 176 бабының 3 тармағында: жеке меншікке қарсы қылмыстар; 193 бабының 3 тармағы мен 209 бабында: экономика қызмет саласындағы қылмыстар; 307-315 баптарында: мемлекеттік қызмет қызығушылығына қарсы бағытталған жемқорлық әрекеттер, 380 бапта: әскери қылмыстар жайы.3 Ал, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің жемқорлық мәселесі 532 - 537 баптар аралығында айтылған.
Осы заңды орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы Жарлығымен 1999 - 2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алғашқы мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі №1015 қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың әлеуметтік - экономикалық және қаржылық шараларын жүзеге асыру бойынша Үкімет іс-қимылының бағдарламасы бекітілген.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру мақсатында 2001 жылғы 5 қаңтарда 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің екінші мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарлама алдынғы бағдарламаның логикалық жалғасы болып, сыбайлас жемқорлықты, әсіресе экономика саласындағы сыбайлас жемқорлықты, туғызатын жағдайларды айқындаудың және жолын кесудің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған шараларды көздейді. Адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс институттары нығаюда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы «Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру» Жарлығымен халқаралық стандарттарға сай келетін Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілінің (Омбудсмен) құқық қорғау мүмкіндіктері кеңейтілді.4 Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауында сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрестің нәтижелері мен мәселелерін талдай келе, Қазақстанның кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңды қабылдаған алғашқы мемлекет екенін ескеріп, халақаралық конвенцияларға қосылғанын атап өтті. Осы мәселеде Қазақстан соңғы орында еместігі баршамызға мәлім.
2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасында (үшінші бағдарлама) сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикаға көшу, инвестициялар тарту процестерін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына жағымсыз әсер етіп, еліміздің болашақта дамуына қауіп төндіретіні айтылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы жолдауында мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белгіленді.5 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі тәртіпті нығайту бойынша шаралар туралы» Жарлығы жүзеге асырылуда. Осы Жарлықты орындау үшін әкімдердің, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалықты бұзғаны үшін жауаптылықты арттыру бойынша шаралар қолданылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен «Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы кодексі» бекітілген. Бұнда әлемдік тәжірибе ескеріліп, мемлекеттік билік органдарының беделін арттыруға бағытталған мінез-құлықтың негізгі этикалық нормалары белгіленген. Елбасы Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент өкілдерінің, облыс және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің, құқық қорғау және бақылау органдары басшыларының қатысуымен өткізетін кеңестерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін талқылау еліміздің саяси өмірінің нормасына айналды. Сан алуан түрде көрініс беретін сыбайлас жемқорлықтың басты ерекшеліктері ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың іс жүзінде жыл сайын жетілдіріліп жатқанына көзіміз жетіп отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресгі мемлекеттік саясатқа жаңа серпін берді. Президент жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға орай және әкімшілік реформаның мақсаттарынан туындайтын мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру міндеттері қойылған.
Президент Н. Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламаларын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру күрестігіне баса назар.
Елбасы жанында консультативті-кеңестік орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия құрылып, жұмыс жүргізуде. Осы орган өзін тек талдау органы ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша нақты істер атқаратын орган ретінде де орнықтырды. 6 Сонымен бірге 2004 жылы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттік (қаржы полициясы) құрылған. Осы органның жұмысы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстың себептерін анықтауға, осындай құбылысты туғызатын жағдайлардың жолын кесуге бағытталған.7 Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылығы 25 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігін (қаржы полициясы) қайта ұйымдастыру туралы» Жарлығы қабылданып, агентіктің Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруын жүктеді.8
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылығы 8 сәуірдегі «Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексеріс жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» №82-Өкімі шықты. Осы өкімде тексеріс жүргізудің нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін көрсетілді. Осының нәтижесінде, 2007жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ведомствоаралық комиссия құрылды.9 Сол жылдың 20 наурызында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 217 қаулысы шықты. Ондағы Нормативтік құқықтық актілер жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жолдау өлшемдеріне сәйкес келетін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша міндетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге өзгерістер еңгізілді. Қазіргі кезде қолданыстағы заңнамалар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізуді Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтық қамтамасыз ету және сараптама орталығы жүзеге асырады. Жемқорлыққа қарсы алғашқы нормалар қоланыстағы заңдарды жетілдіру мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның екінші отырысында мақұлданған. НҚА жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес анықталады.[21]