Сыбайлас жемқорлықпен күресу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 17:51, курсовая работа

Краткое описание

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі: «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдайы жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын
туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;

Прикрепленные файлы: 1 файл

МОЯ КУРСОВАЯ.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыннан өткен шараларды тұжырымдау жөнінде қоғам мен мемлекет арасында өзіндік көпір бола отырып, осы функцияны «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жуырда құрылған қоғамдық кеңес те өз жауапкершілігіне алып, көптеген іс тындыруда. [20]

Осы жылдың 4 мамыр күні біз БҰҰ-дың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенцияның мүше-мемлекеті болып кірдік.10 140 мемлекет қосылған Конвенция елімізге осынау қоғамдық індетпен күресте жаңа міндеттер жүктейді. Сондықтан Конвенцияға қосыла отырып, Салық кодексіне салық органының салық төлеушіден ірі сомадағы сатып алу немесе сату, дүние мүлкі туралы сұрау салуға құқық беру туралы арнайы баптар енгізу қажет. Жүргізілген зерттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру үшін, адамның жеке басына, оның құқықтары мен заңды мүдделеріне төніп тұрған жемқорлықпен күресу салаларында, сондай-ақ экономика және қоғамдық қауіпсіздік салаларында жағдайларды саралауға; Республикада жемқорлықпен күресудің барлық жүйесін ресурстармен және кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіру туралы ұсыныстар жасауға баса назар аудару қажет екендігін көрсетеді. Сөйтіп, қорыта келе айтатынымыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекет жүргізген жүйелі және дәйекті саясаттың арқасында бірсыпыра оң нәтижелерге қол жеткізілгені байқалып отыр.

 

 

2.3 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖАУАПҚА ТАРТУ

 

Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» Заңының ең басты  принципі демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталуы болып табылады.

Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады.  
Жоғарыда аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.  
Аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндетті екенін білу керек.[12]

Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану ҚР Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық  қылмыстарға негізінен лауазымды  қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық  қылмыстардың ауырлататын мән-жайы ретінде оларды топпен, ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық қауымдастықпен жасау болды. Бұл ұйымдасқан қылмыстықпен жемқорлық қылмыстың өзара қатынастарымен байланысты, оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмыстық қауымдастықты ұйымдастырудың құралы болып шығады.

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2008 жылғы бірінші жартыжылдықта барлық орталық және жергілікті органдар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, құқықтық базаны жетілдіруге, азаматтық қоғам құрылымдарымен мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға шаралар қабылдады. 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес ағымдағы жылғы 6 айда 2007 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыстардың анықталуы 15,7% өсті (1275-тен 1075 оқиғаларға).

Сонымен қатар есеп беру кезеңінде құқық қорғау органдары  мемлекеттік қызметшілер жасаған 943 қылмыс анықтады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 391 адам жауаптылыққа тартылды, оның 358 сотқа тапсырылды. Олардың ішінде: 45 ішкі істер органдарының қызметкері, әртүрлі деңгейдегі 19 әкім, 7 судья, 13 сот орындаушысы,  14 әділет органының жұмыскері, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің 10 қызметкері,  салық қызметі мен қорғаныс министрлігінің 4 қызметкерлері, 3 қаржы полициясы органының қызметкерлері, 6 кеден органдарының жұмыскерлері, 2 ұлттық қауіпсіздік органының 2 қызметкері, прокуратура органдарының 1 жұмыскері, және басқа мемлекеттік құрылымдардың 230 жұмыскері. 
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мүдделі мемлекеттік органдардың қызметі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды және онымен ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта көзделген төмендегі іс-шаралардың орындалуына бағытталған.[18]

«Жемқорлық көріністеріне қарсы күреске бағытталған шараларды сақтамағаны үшін мемлекеттік мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды» дей келе Оңтүстік Қазақстана Облыстық прокуратурамен жергілікті атқарушы, ішкі істер, төтенше жағдайлар, салық және әділет органдарындасыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қолданып жатқан шаралардың толықтығына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік орган басшылары тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күреске тиісті шара қолданбау жағдайлары анықталды. Атап айтқанда, прокурорлық ықпал ету шараларының негізінде Ордабасы, Бәйдібек, Түлкібас аудан әкімдіктеріне бағынысты Шұбарсу, Ағыбет, Балықшы ауыл округтерінің әкімдері және Шардара аудандық білім, Мақтаарал аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің, Ленгір қалалық аумақтық инспекция бастықтары сыбайлас жемқорлықпен күресудің орнына, керісінше осы құқық бұзушылықтарға жол берген қарамағындағы қызметкерлерге тиісті тәртіптік жаза қолданбай, жемқорлық көріністеріне қарсы күреске бағытталған шараларды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 537 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.[19]

Қазіргі таңда, Арыс аудандық құрылыс, Төлеби аудандық ветеринария бөлімдері бастықтарының үстерінен осы тектес заң бұзушылықтарға жол бергені үшін қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық істер сотта қаралуда.

Индер аудандық прокуратурасымен М.Сиранов атындағы орта мектебінде 2010 жылы және 2011 жылдың 1-тоқсанында Қазақстан Республикасындағы “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңының қолданылуына және бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізіліп, төмендегі заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, М.Сиранов атындағы орта мектебінің директоры     мемлекеттік сатып алудың баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен жеңімпаз болып танылған жеке кәсіпкер А.Киммен 12 шілде 2010 жылы 1 дана «Уаз» автокөлігін 1930000 теңгеге сатып алу туралы  келісім  шартқа отырған.2010 жылдың 2 тамыз күні келісім шарт бойынша 50 пайыз ақшаны, яғни 965000 теңгені өнім берушінің есеп шотына аударған. Осы шарттың талаптарына сәйкес өнім беруші А.Ким аталған автокөлікті 15 күнтүзбелік күн ішінде жеткізуге өз міндетіне алған.Алайда, өнім беруші А.Ким 965000 мың теңгені ала тұра,і өз міндетіне алған шарттарын орындамастан, осы мерзімге дейін автокөлікті тапсырыс берушіге жеткізілмеген.

Ал, тапсырыс беруші келісім  шарттың 29 тармағына сай 492150теңге  тұрақсыздық айыбы есептелініп, өндіру шараларын алмаған.Сол сияқты мектеп директорымен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 Заңының 11 бабының 5 тармағының 5 тармақшасында көзделгендей, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға мұндай әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет жіберуге және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап-арызбен өтініш жасауға міндетті делінген талаптарын орындамаған.Осыған байланысты, аудан прокуратурасымен аудандық білім беру бөліміне көрсетілген заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс келтіріліп, оның қаралу нәтижесімен мектеп директоры сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан әрекеттер жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджет пайдасына 22000 теңге өндіріліп, қазіргі уақытта тұрақсыздық айыбын және мемлекетке келген залалды өндірумен  бірге оны жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу  жөнінде  сотқа  талап арыз беріліп, қаралу сатысында.

Тағы мысалға тоқталсақ, Астанада жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып танылған, тиісінше, заңдарды қолдану, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудағы прокурорлық қадағалау саласында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қадағалау басым бағыт болып саналады. Бұл ретте, қоғамдық өмірдің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету негізгі мақсат болып табылады.

Ағымдағы жылы Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына байланысты Астана қаласының денсаулық сақтау, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Су ресурстарын пайдалану және қорғауды реттеу бойынша Есіл бассейндік инспекциясы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің агроөндірістік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, салық органдары, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік мекемелерінде тексерулер жүргізді.2011 жылдың 6 айында прокурорлық қадағалау актілері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарға байланысты 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтарға байланысты 21 тұлға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылса, 7 тұлға азаматтардың өтініштерін тиісті түрде қарамағаны және лицензия мен басқа да рұқсат құжаттарын беру тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын атап өту қажет.«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 371-IV Заңымен сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін жауапкершіліктің күшейтуге бағытталған бірқатар нормалар көзделген. Атап айтқанда, енгізілген өзгерістерге сәйкес, шешім қабылдау кезінде заңды тұлғаға заңмен көзделмеген артықшылық көрсетумен негізделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін атқаратын лауазымынан босату түріндегі жаза белгіленген.[23]

Мысалы, «Астана қаласының  денсаулық сақтау басқармасының  Онкологиялық диспансер» МҚКК-дегі тексеру  нәтижесі бойынша осы мекеменің  сатып алу бөлімінің бастығы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа талаптарының негізінде, сыбайлас жемқорлық әрекет жасағаны үшін қызметінен босатылды.

Жалпы, комиссия мүшелері тарапынан мемлекеттік сатып  алу бойынша шешім қабылдау кезінде  заңды тұлғаға заңда көзделмеген  артықшылық көрсетілуіне байланысты, Онкологиялық диспансердің бас дәрігері мен басқа да 5 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері агенттігі қызметінің қортындысына сүйене отырып: 
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында тәртіптік кеңестерімен жеке және заң тулғалардың 1 206 үндеуі қаралып, 163 тексеріс өткізілді. Тәртіптік кеңестерімен 530 ықыласты тексеріс өткізілді. 
Тексерістің қортындысы бойынша мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңістірілген тұлғаларға қатысты 309 тәртіптік іс қозғалды. Тәртіптік кеңестердің 40 отырысы өткізілді, онда 371 сұрақтар қаралды.

Тәртіптік кеңестерімен шығарылған ұсыныстары бойынша 271 адам, оған қоса 1 аудан (қала) әкімі, 21 селолық  округінің әкімдері тәртіптік жауапқа  тартылды.1 тоқсанында Тәртіптік кеңестерінің мүшелері жеке сұрақтары бойынша 1 757 азаматты қабылдады.

Қалалар мен аудандарда Тәртіптік кеңестерімен 159 көшпелі  қабылдау өткізілді. 
Айтылмыш мезгіл ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресу сұрақтары бойынша Тәртіптік кеңестер, оған қоса мемлекеттік қызметшілерімен Ар-намыс кодексінің нормаларын сақтау жөнінде 315 семинар - кеңес өткізілді. 
2008 жылы 7 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің даму мен халық денсаулығының жәйы туралы» кеңес хаттамасын жүзеге асыру бойынша іс шара жоспарының орындалуына Тәртіптік кеңестерімен жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сол үшін, халыққа медициналық  көмек көрсетуді бұзғаны үшін Тәртіптік кеңестерінің ұсыныстары бойынша денсаулық сақтау органдарының 10 лауазымды адамдар тәртіптік  жауапқа тартылды.[23]

Лауазымды адамдардың заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде келтірілген материалдық, моральдық зиянның орны қалай толтырылады:  
Жеке және заңды тұлғалар шенеуніктердің заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде келтірілген материалдық және моральдық зиян орнын толтыру туралы сотқа жүгінуіне болатынын білген дұрыс.

Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ лауазымды адамдар келтірген  зиян үшін жауапкершілік ҚР Азаматтық  кодексінің 922 бабымен қарастырылған: 
-мемлекеттік орган заңнамалық актілерге сай емес актілер шығару нәтижесінде келтірілген зиян актілер шығарған органдардың және лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан сот шешімі негізінде орнын толтыруға жатады. Зиянның орны мемлекеттік қазына есебінен толтырылады.Қазынаның өкілі болып қаржы органдары немесе басқа органдар және арнайы тапсырма бойынша азаматтар шығады; -жергілікті өзін-өзі басқару органдары олардың органдарымен және лауазымды адамдарымен келтірілген зиян үшін сот тәртібімен жауап береді. Әкімшілік саласындағы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген зиянның орны осы органдардың билігіндегі ақша есебінен жалпы негізде толтырылады. Ол жетпеген кезде мемлекеттік қазына есебінен ақша бөлу арқылы жабылады. 
ҚР Жоғарғы соттың 2001 жылғы 21 маусымдағы “Соттардың моральдық зиян орнын толтыру туралы заңнамасын қолдану туралы” №3 Нормативтік қаулысында(ҚР Жоғарғы соттың 2003 жылғы 20 наурыздағы №3 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгертулерімен қоса) азаматқа ол туғаннан біткен немесе заң бойынша біткен құқыққа моральдық зиян келтіруі мүмкін жеке мүліктік емес құқықтар мен жайлылықтарды бұзу, тартып алу немесе мәнін кеміту болып түсіндіріледі.

Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күресу