Сыбайлас жемқорлықпен күресу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 17:51, курсовая работа

Краткое описание

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі: «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдайы жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын
туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;

Прикрепленные файлы: 1 файл

МОЯ КУРСОВАЯ.doc

— 284.50 Кб (Скачать документ)

-шешімді дайындаған  және қабылдаған кезде заңды  және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық беру;

-кім болса да кіріс  алумен байланысты кәсіпкерлік  және басқа қызметпен айналысуды  жүзеге асыруға кез-келген заңнамамен қарастырылмаған ықпал ету; 
-мемлекеттік міндетті орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топ мүддесінде пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;

-жеке және заңды  тұлғаларға заңнамамен беруге  қарастырылған ақпаратты негіссіз  бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық емес ақпарат беру; 
-жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен қарастырылмаған ақпаратты талап ету;

-мемлекеттік және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына беру;

-жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құзыретіне енетін басқа сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін бұзу;

-жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету жасау, егер ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;

-жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға ашықтан-ашық кедергі жасау;

-жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге құзыретін беру;

-мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін беру;

-жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен немесе олардан басқаша тәуелділермен ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға қатысу;

Мемлекеттік міндеттер  орындауға өкілетті немесе соларға  теңелген адамдар өз мемлекеттік  міндетін орындағаны үшін ақшалай, қызмет көрсету және басқа формада ұйымдардан, жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық болып табылады, егер басқаша ештеңе заңмен

қарастырылған болмаса.

Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың  салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданылуы мүмкін?

Заңға сәйкес мемлекеттік  міндеттер орындауға өкілетті адамдар  немесе соларға теңелген адамдар  заңсыз байыған барлық жағдайда, сыбайлас-жемқорлық  құқық бұзушылық нәтижесінде  алынған мүлік қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет көрсету құны—мемлекет кірісіне қайтарылады. 
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтарудан немесе мемлекетке оның құнын төлеуден бас тартқан жағдайда қайтарып алу сот шешімі бойынша прокурор, салық қызметі немесе басқа мемлекеттік органдар және лауазымды адамдардың талабы бойынша жасалады.

Сот шешім шығарғанға дейін өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын мүлікті тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік міндет атқарған адам немесе соған теңелген адам жұмыстан босатылғаннан кейін бұл талапты орындаудан бас тартса лауазым иесі немесе мұндай босату туралы шешім қабылдаған орган кінәлі адамның мекен-жайы бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды салық органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасаумен байланысты келісімдер заң тәртібімен белгіленген бойда заңсыз деп мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған актілер органмен немесе лауазымды адамдармен мүдделі жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы бойынша күшін жояды.

Сыбайлас жемқорлыққа  жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған бас маманға тиісті шара қолданбағаны үшін бөлім бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Соған мысал: Мақтаарал ауданы прокуратурасымен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарының талабының қолдануына, оның ішінде тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтардың заңдылығына тексеру жүргізу барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.Атап айтқанда, аталған бөлімнің бастығы Б.Айнабековпен 23.05.2011 жылғы №18 бұйрықпен бөлімнің бас маманы Б.Б.Очиловаға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының талаптарын бұзғаны үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» жазасы қолданылған.

Аталған бұйрықтың қабылдануына Мақтаарал аймағы бойынша қаржы полициясы басқармасымен аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне бас маман Б.Очилованы Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесінде орналасқан алкогольді өнімдерді сатуға арналған «Шыңғыс» атты дүкен «Сырдария» университетінен 100 метрден кем, яғни 76 метр қашықтықта орналасқан дүкеннің иесі жеке кәсіпкер Е.Тағаевқа жалған мәлімет енгізілген анықтама беріп заңсыз артықшылық көрсеткені үшін сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық белгісі бойынша тәртіптік жауапкершілігін шешу жөнінде енгізілген ұсынысы негіз болған.

Алайда, Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы»Заңының 12 бабы 2-ші тармағына  сай, Мақтаарал аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығымен бас  маман Б.Очиловаға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік шарасын емес, «қызметінен босатуға» немесе «мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтату» тәртіптік шарасы қолданылу қажет еді.Сонымен қатар, аталған бұйрықта бас маман Б.Очилова ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабының 1 тармағының талаптарын бұзған деп, нақты заң бұзушылық көзделген 5-ші тармақ көрсетілмеген.Сондықтан, аудан прокуратурасымен аталған заңсыз бұйрыққа наразылық келтіріліп, бөлім бастығының 16.06.2011 жылғы бұйрығымен заңсыз қабылданған бұйрықтың күші жойылды.

Сонымен бірге, аудан  прокуратурасымен аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы  Б.Айнабековтың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 537 бабымен қозғалған әкімшілік  өндірісі негізінде, Мақтаарал аудандық сотының 17.06.11 жылғы қаулысымен оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 75600 теңге әкімшілік айыппұл салынды.[7] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ

2.1 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ НЕГІЗДЕРІ

 

Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:

1. Баршаның заң және сот алдында теңдігі.

Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.

Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.

2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.

Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.

Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.

3.Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.

Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру , сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.

4. ҚР Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да адамдардың, сондай-ақсоларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берін тану.

5. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу.

6. Сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды көтермелеу.

7.мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың құқықтарыы мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін жалақы мен жеңілдіктер белгілеу.

8. осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау.

9.  сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел іздестііру қызметі мен өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану,

10.кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңның 1,2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға,  соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу.

11. қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.[7]

Заңға сәйкес аталған қағидалар:

-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;

-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;

-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды салдарын жою және алдын алу:

-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;

-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының 6-бабына сәйкес

Барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк  органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары  өз құзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын орындауды және онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды, кадр, бақылау, заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi осыған тарта отырып, қамтамасыз етедi.

 Сыбайлас жемқорлықпен  құқық бұзушылықтарды анықтауды,  жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады.

Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндетті. 
Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.

 Қазақстан Республикасының  Президентi сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк  орган құруға, оның мәртебесi мен  өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.[7]

 

 

2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН  КҮРЕСУ ЖАҒДАЙЫ

 
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың қандай іс-әрекеттері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады. «ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 – бабына сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:  
- басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу; 
- аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;

Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күресу