Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 21:53, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Павлодар облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі заманғы жағдайы мен тұжырымдамалық сараптамасының негізінде нарықтық қарым-қатынас жағдайында оның дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталған:
- шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық алғы шарттарын зерттеу;
- шағын және орта кәсіпкерлік секторын сараптамалау мен зерттеудің құрал-жабдықтарын анықтау;
- аймақтың статистикалық деректерінің сараптамасын өткізу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын басқарудың әдістерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау;
- шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерінің басым бағыттарын анықтау.

Содержание

Кіріспе
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ескендирова Лаура.doc

— 999.00 Кб (Скачать документ)

- шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік емес институттары мен қауымдастық, шағын несие, ақпараттық консалтингтік және оқыту мекемелері, бизнес инкубаторлар, технопарктер және басқа да тиімді ақпарат алмасу тетігімен кері байланыстың жоқтығы.

Сонымен қатар, лицензиялау, мүліктік тіркеу, өнім, жұмыс, қызмет сапасын бақылау және т.с.с. мәселелерде мемлекет шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін реттеу деңгейінің жоғарылығы шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етеді.

Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша кеңестік, құқықтық бухгалтерлік және әртүрлі консалтингтік қызмет ұсынуға негізделген шағын және орта бизнес субъектілеріне көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ететін шағын және орта бизнесті қолдаудың өкілетті органдарын қалыптастыру көзделуде.

Қазір елімізде шағын және орта бизнесті қолдаудың белгілі бір инфроқұрылымы әрекет етеді: қауымдастықтар, бизнесті қолдау ортадықтары, бизнес – инкубаторлар, технопарктер және басқа. Алайда, олардың басым бөлігі өзіндік қаржы құралдарының жетіспеуінен өз міндеттерін атқара алмауда. Оларды бұл жұмыстарға белгілі бір тапсырмаларды конкурстық негізде орналастыру арқылы жүзеге асыру көзделуде, оларды кіші және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізу болжануда. 2007 жылдың соңына дейін облыс орталықтарынан тыс осындай схема бойынша мұндай орталықтарды аудан орталықтарында құру көзделуде.

Көрсетілген шараларды  іске асыру нәтижестінде шағын және орта бизнеске  құқықтық ықпал мен көмек көрсету бойынша сапалы инфроқұрылымның әрекеттегі нысандарды шағын және орта бизнес дамуының жаңа бағыттарын іске асыруға мүдделі болады.

Салық кодексінде шағын және орта бизнес қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған көлемді шаралар қарастырылған. Олардың ең бастысы ұйымдастыру – құқықтық үлгісінде, кіріс деңгейіне, сондай – ақ ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне ерекше тәртіп ұсынуды жан – жақты қарастыру болып табылады.

Мәселен, салық  кодексінің жекелеген бөлігінде  салық салу жүйесі едәуір төмендететін оның ішінде шағын және орта бизнеске, шаруа фермер шеруаларына, ауылшаруашылық өнім өндіретін заңды тұлғаларға қатысты арнайы салық тәртібі қарастырылады. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі бір реттік талон, патент, жеңілдетілген деклорация негізінде анықталады. 2003 – 2005 жылдар аралығында Салық кодексіне шағын және орта бизнес субъъектілеріне салықтық кедергіні одан әрі төмендетуге байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде:

  1. Салық салудың патенттік жүйесін қолдану шегі ұлғайды: кірістің ең үлкен көлемі 1,0 млн. теңгеден 1,5 теңгеге дейін артты.
  2. Жеңілдетілген деклорация бойынша шкала қойылып, төмендегілерді: арнайы салақ режимін пайдаланылатын жеке кәсіпкерлерге де (11,74 пайыздан 7,5 пай<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'Times New Roman CYR', 'Arial';

Информация о работе Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік реттеу (Павлодар обылысының мысалында)