Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 18:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектісінің қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.
Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің тектік түсінігінің мәнән, сонымен қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.Қазіргі жағдайда іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп , кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: «Кәсіпкерлік- бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген , қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын , шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы , инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процессі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1.ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Шағы кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігі.....................................................................................................................5
1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары...........................................11
1.3 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар................20
2. «БИКЕН-ЖАРНАМА» ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.
2.1 «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы........25
2.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау.......................................................................................................................34
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау..46
3.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру жолдары..............64
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ........................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Шағын-кәсіпорындар-қызметінің-тиімділігін-арттыру-жолдары.doc

— 521.50 Кб (Скачать документ)

Қызмет ету тиімділігін  арттыру шағын кәсіпкерлікті  қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету және болашақтағы мүмкіншіліктерін бағалау болып табылады. Ол кәсіпорынның нақты мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы жүзеге асырылуы қажет. Сондай-ақ негізгі және айналмалы капиталы, меншікті және қарыз капиталын жақсарту, жетілдіру, табысты үлестіру, инвестициялық және баға саясаты дұрыс жүргізу сияқты ішкі және сыртқы факторларды қамтиды. Қызмет ету тиімділігін арттыруды басты назар: ішкі резервтерді анықтауға, ақша табыстарын көтеруге, өнім мен қызметтің өзіндік құнын максималды төмендетуге, табысты бөлудің дұрыс саясатын таңдауға, капиталды тиімді қолдануға аударылуы керек.

Кәсіпорын табысты және шығынсыз қызметін қалыптастыру қажет. Ал ол

үшін кәсіпорынның өндірістік қуаттарын барынша толық қолдану керек, өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің сапасын, бәсеке қабілеттілігін жоғарылату керек. Ресурсты үнемдейтін технология қолдану қажет.

Яғни нарық жағдайында істеп тұрған кәсіпорындардың экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруды, қаржылық жағдайды жетілдіруде, өндірістік тиімділігін арттырудың бағыттарын анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бағыттарын анықтау маңызды міндет болып табылады. Сондықтан басшылықтың негізгі назары тиімділік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге аударылуы керек.

Сонымен қатар дамыған  елдер тәжірибесінде көп қолданылатын кәсіпкерлік қызметті сақтандыру үрдісін  өз елімізде, соның ішінде экономиканың нақты секторында жұмыс жасап  отырған кәсіпорындардың жұмысын  ынталандыру үшін қолдынуға болады. Мұнымен қоса әр түрлі тәуекелдердің алдын алу мақсаттарында резервтік қордың мөлшерін көбейту керек, ал резервтік қордың көбеюі кәсіпорынды реконструкциялауға, жаңа техникамен және технологиямен қамтамасыз етуге, яғни еңбек өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Көптеген зерттеулерге сәйкес өндірістік және еңбек ресурстарын  пайдаланудың ең төмен тиімділігі кәсіпорынның қызмет ету аясына, оның нарықтық стратегиясына  сай өзгеріп отырады.

Кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін арттыру және көптеген көрсеткіштерін жақсарту үшін күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ құрылыс көлемін ұлғайту қажет, ол үшін шаруашылық байланыстарды жетілдіруге көп көңіл бөлу керек. Негізделмеген өндірістік шығындарды, кезең шығындарын қысқарту кәсіпорынның қызмет ету тиімділігін арттыру резервтерінің бірі болып табылады.

Кәсіпорын әрі қарай  дамуы үшін маркетинг қызметін ұйымдастыру  керек. Өйткені маркетинг қызметі  тапсырыс берушілерді іздестірудегі  маңызды құрал болып табылады және сәйкесінше құрылыс-жөндеу жұмыстарының көлемі мен рентабельділігінің өсуіне себепші болады.

Дамыған маркетинг нарықты  бақылауға, ақпаратты технологияны енгізуге мүмкіндік береді. Ол бүгінгі  күнде кәсіпорын қызметінің барлық экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың  жолдарының бірі болып табылады. Тапсырыс алу мен қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болатын гудвилді жетілдіру қажет. Оны жетілдіруге қажетті мүмкіндіктер кәсіпорында жеткілікті, себебі ол өзін «кеңістік заманда» өзін көрсете білді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Яғни оның қызмет тиімділігіне жағымды әсер етеді.

Шағын кәсіпкерлік нысаны өзінің басты мақсаты қызмет ету  тиімділігін 

арттыру деп ұйғарса, негізгі мақсатқа жетуге бағытталған  локалды міндеттерді анықтау  қажеттілігі туындайды. Факторлар арасындағы себеп-салдар байланысты айқындау үшін, алға қойған мақсатқа қол жеткізу құралдары мен шараларын айқындап, оған қол жеткізу үшін «қызмет ету тиімділігінің мақсаттарын арттыру ағашы» моделі қолданылады.

Екіншіден, қаржы қорының басқа да көздерін пайдалану. Кәсіпорынның тиімділігі қаржы-қаражаттарды және материалдарды қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына байланысты жоғарылайды. Кәсіпорынның келіп түсетін және сыртқа кететін ақша қаражаттары уақыт пен көлемі бойынша тепе-тең болуы тиіс және оның тиімділігі жоғары активтерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз етуі басшылардық жоғары квалификациялық жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылады. Ол үшін қажетті шаралар:

  • Меншікті және сырттан тартылған қарыз құралдардың пайдалану көздерінің оптималды деңгейінің қатынасын сақтау;
  • Кәсіпкерлік қызметтің түріне және саласына байланысты нақты бір нарықтың немесе экономиканың жағдайына байланысты, кәсіпорынның айналым және айналымдық емес активтерінің құрылымын оптималды құру;
  • Жабдықтаушылар мен тұтынушыларды зейін салып таңдау;
  • Баға, өткізу, инвестициялық, тағы сол сияқты саясаттардың шараларын нақты жоспарлау және оларды жүзеге асыру;
  • Нәтижелерді талдау және алдағы қызметін бағыттау;
  • Стратегиялық дамудың меқсаттарын нақты білу.

Осы айтылғандармен қоса, кәсіпкерлікті дамыту үшін инновациялық әдістерді пайдалануымыз қажет.

Шағын кәсіпорындарды мемлекеттік  қолдау проблемасына арналған шет елдік  зерттеулер аз емес. Шағын кәсіпорындарды қалдау проблемасын жете зерттеудегі әдістемелік тәсілдердің бірі шағын кәсіпорындарды қолдаудың негізгі принципін тұжырымдап айтуға болады. Шағын кәсіпорындарды қолдаудың бірінші принципі – «протекционизм» нарықтық қатынастың өзімен объективті түрде қамтамасыз етілген. Бұл принцип шағын кәсіпкерліктің жеке өзі мемлекеттің көмегінсіз ірі бизнеске бәсекелестік жасау үшін көп жағдайда өндірісті ұйымдастыруға қабілетсіз екендігін білдіреді. Екінші принцип – бағдарламалық тәсілдердің іске асуымен байланысты. Осыған сәйкес мемлекет әр түрлі мақсатты бағдарламалар түрінде шағын бизнеске көмек көрсетеді. Мемлекеттік қолдаудың объектісі ретінде тек инновациялық қызмет бойынша сипаттайтын жобалар болуы керек. Шағын бизнесті қолдау мақсаттары басқарудың әр түрлі деңгейде тұжырымдалады және уақыт кеңістігі бойынша, мазмұны бойынша да ерекшеленеді. Шағын бизнесті қолдау мақсатының келесі

жіктелімі ұсынылады:

Мазмұны бойынша:

    1. Қолайлы сыртқы ортамен қамтамасыз ету;
    2. Шағын бизнеске тікелей қолда көрсету
    3. Бизнес инфрақұрылымын құру

Негізінен инфрақұрылым латын тілінен шыққан , яғни «инфра» - төмен, «структура» - құрылым, орналасу деген мағынаны береді. Шет елдік тәжірибенің көпшілігінде инфрақұрылымды капитал мен байлықтың элементі ретінде қарастырады. Инфрақұрылымдық жүйе іс-әрекеттің тиімділігі ғылым мен техниканың жетістіктері әсіресе 20 ғасырдың соңғы шегінде инфрақұрылым дамуы өте зор бұрын болмаған мүмкіндік берді. Қазір экономикада құрылымдық өзгерістердің ерекшелігі инфрақұрылымдық жүйеге салынатын инвестициялардың жылдан жылға өсуі. Мысалы соңғы 10 жылда бұл сфервғв салынған қаржы Батыс Еуропа елдердегі инвестицияның 45-50%, Жапонияда 48% құрайды. Инфрақұрылым саласына салынатын күрделі қаржылардың басым көпшілігі мемлекеттік бюджеттегі қаражат есебінен қаржыландырылады. Қазіргі кездегі шағын бизнесті қолдау барысында қаржыландырудың әр түрлі формасы бар. Олар қаржылық, мүліктік, кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін талдау, ақпаратпен қамтамасыз ету. Қаржыны жалға немесе пайдалануға конкурстық негізде берді. Мүліктік қамтамасыз ету лизингтік компаниялардың талаптарына сәйкес шағын кәсіпорындарға лизингке құрал-жабдықты беру. Сонымен қатар бизнес инкубаторларды және технопарктерді ұйымдастыру.

Шағын бизнесті дамытуға қамтамасыз ететін барлық құрылым біркелкі жүйе компоненттері ретінде қызмет атқарулары керек. Шағын кәсіпорындарды кәсіби дайындауда, кадрларға кеңес берушілерге және бұл салада қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлерді қажет етеді. Соңғы жылдары шағын бизнесті қолдауда әр түрлі мемлекеттік емес құрылымдар құрылды. Шағын бизнесті дамытудағы мемлекеттік емес инфрақұрылымдарға мыналар жатады:

  • Банктер;
  • Сақтандыру және лизингтік компаниялар;
  • Факторингтік компаниялар;
  • Кеңес беруші фирмалар (консалтинг);
  • Венчурлық қорлар;
  • Холдингтік компаниялар;
  • Аудиторлық компаниялар;
  • Арбитраждық соттар;
  • Шағын бизнес кәсіпорындардың ассоциациясы.

Бұл категорияларға батыс  елдерінде, сонымен қатар технопарктерді, өндірістік-технологиялық және оқу орталықтарын енгізеді. Шағын бизнес иеркін бәсекелестікті қалыптастыру үшін және жеңілдету мақсатында өз қызметін ұйымдастыруда және шағын бизнес кәсіпорындарында қолдау көрсету үшін қажет. Ол шағын бизнес аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.

  1. Банк – қаржылық операцияларды жүргізуге маманданған компаниялар, салымдарды қабылдау, есептерді жүзеге асыру, несие беру т.б. қызметтерді атқарады.
  2. Сақтандыру компаниялар – адам өмірін, мүлікті және т.б. сақтандыруға маманданған компаниялар. Лизинг – орта және ұзақ мерзімді жалдау, көбінесе машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын жалға беруді айтамыз. Бұл кезде мерзім аясына қарай жалгер мүлікті қайтып береді немесе меншігіне алады. Екі жағдайда да алдын ала кел<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" styl

Информация о работе Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары