Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 18:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектісінің қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.
Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің тектік түсінігінің мәнән, сонымен қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.Қазіргі жағдайда іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп , кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: «Кәсіпкерлік- бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген , қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын , шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы , инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процессі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1.ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Шағы кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігі.....................................................................................................................5
1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары...........................................11
1.3 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар................20
2. «БИКЕН-ЖАРНАМА» ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.
2.1 «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы........25
2.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау.......................................................................................................................34
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау..46
3.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру жолдары..............64
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ........................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Шағын-кәсіпорындар-қызметінің-тиімділігін-арттыру-жолдары.doc

— 521.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасындағы  Білім және ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

                               «Экономика» факультеті

                               «Экономика» кафедрасы

 

 

 

        Д И П Л О М Д Ы Қ  Ж Ұ М Ы С

 

«Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру  жолдары»

                                  тақырыбына жазылған

 

 

                                                  Күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті

                                          Мамандығы 520830 «Экономика»

 

                                    Мурсалиева Анара Муратовна

 

                                                                Ғылыми жетекші:

                             э.ғ.к., доцент Асабай С.Б.

 

  Рецензент:

     э.ғ.к., доцент

           Өтепберген К.Е.

 

                              Жұмыс қорғауға жіберілді

 

                                   «Экономика» кафедрасының

                                     меңгерушісі, э.ғ.к., профессор

                 Сейдахметов А.С.

 

 

 

                                        Алматы, 2006 ж.

                                               Жоспар:

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

1.ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

1.1 Шағы кәсіпкерлік  субъектілерінің экономикалық мәні  және қызмет ету тиімділігі.....................................................................................................................5

1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары...........................................11

1.3 Шағын кәсіпорынның  қызмет тиімділігіне әсер ететін  факторлар................20

  2. «БИКЕН-ЖАРНАМА» ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.

2.1 «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы........25

2.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қаржылық-шаруашылық  қызметінің тиімділігін бағалау.......................................................................................................................34

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

3.1 Қазақстан республикасында шағын  кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау..46

3.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қызметінің  тиімділігін арттыру жолдары..............64

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................71

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ.................................................................73

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан бүгінгі таңда  әлеуметтік-экономикалық жаңару мен инновациялық серпілістің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар еліміз экономикалық үрдістерге сай дамып келе жатқан озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, өндірісті, соның ішінде экономиканың нақты секторын таңдап алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған  жолджауында ел экономикасын көтеру, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру қажеттілігін атап өткен болатын.

Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсеке қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлар мен қызметін әлемдік нарықтарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз қажет. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

Қазіргі таңда әлемдік  экономикада бәсекелестіктің қарқыны артуда. Сонымен қатар нарықты жаңа өнімдермен, жаңа қызметтермен қамтамасыз етуге ынталы өндіргіш күштердің белсенділігі де жоғарылауда.

Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектісінің  қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.

Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің тектік түсінігінің мәнән, сонымен  қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік  табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.Қазіргі жағдайда іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп , кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: «Кәсіпкерлік- бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген , қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын , шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы , инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процессі.

Қазіргі заман жағдайында кәсіпорын күнкөрісін қамтамасыздандыру  үшін басқару персоналына бәрінен  бұрын өз кәсіпорнының, сонымен қатар потенциалды бәсекелестерінің қызмет етуінің тиімділігінің дәрежесін бағалай білу керек. Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі – кәсіпорынның экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсеке артықшылығын, іскерлік келісімдегі потенциалын, қаржылық және өндірістік қатынастағы кәсіпорынның және оның экономикалық назарының қаншалықты кепілдіктендірілгенін өндірісі қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанын анықтайды. Бірақ кәсіпорынның қызметіне оның алға қойған мақсатына жетуіне бір ғана тиімділік дәрежесін нақты бағалау аз.

 Берілген дипломдық жұмыста «Бикен-жарнама» ЖШС кәсіпкерлік қызметін арттырумен байланысты мәселелер, ұсыныстар мен экономикалық талдаулар мәселелері қарастырылады.

 Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты: нарық жағдайында өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің экономикадағы белсенділігі мен тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.

Мемлекет өз тарапынан  іскерлік бастамашылықтың жолындағы  заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық  кедергілерді ысырап тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті. Осы және тағы басқа мәселелерді үшінші бөлімде қарастырамыз.

Қазіргі заманғы экономикада  шағын кәсіпкерліктің рөлі өте маңызды болып табылады.

Нарықтың әртүрлі сфераларын жеңіп алу және әлемдік қауымдастықтың көптеген  елдерінде шағын кәсіпкерліктің өркендеуі , кәсіпкерліктің  осы формасының ТМД республикаларында , соның ішінде  Қазақстанда кең таралуын анықтады.

1.Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық мәселелері. 

1.1 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігі.

      Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне баға беру оның тиімділігінің соңғы нәтижелері арқылы жүзеге асырылады. Тар мағынада тиімділік «әсер беретін, қажет нәтижеге қол жеткізетін, жүзеге асыратын» дегенді білдіреді.

«Шағын кәсіпкерлік  –бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасаты, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін - өзі ұйымдастыру процесі».

Анықтаманың өзінде айтылғандай, шағын кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономика субъектілерінің белгілі бір анықталған критерийлер, көрсеткіштер және заңдар негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметі .

 Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігі қызмет етудің барлық сатысындағы маңызды сапа белгісі болып табылады. Қызмет ету тиімділігі өндіріс потенциалын қолдану дәрежесін көрсетеді, ал бұл қоғамдық өндірістегі нәтижелер мен шығын арасындағы қатынасты анықтайды. Шығын өзгермей-ақ нәтиже жоғарылаған сайын, бір-бірлік шығынға қарағанда нәтиже жылдам өскен сайын немесе аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі. Еңбек өнімділігінің көлемі өндірістегі экономикалық тиімділікті жалпылайтын критерий болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық тиімділігінің негізі – оған қол жеткізу үшін жұмсалған шығын мен нәтиженің өзара салыстырылуында, осылайша тиімділік әсер дәрежесін көрсетеді.

Әр түрлі ғалым-экономистер  шағын кәсіпкерліктің тиімділігін  арттыруға, оның маңызын ашуға қатысты өздерінің анықтамаларын ұсынады.

К.Решетинскийдің пікірінше, тиімділік белгілі бір қатынасты  білдіреді және соңғы нәтижеге қандай көлемде шығын жұмсау арқылы қол жеткізілгенін көрсетеді.

Тиімділік бұл – пайдалы әсер мен оған жету үшін жұмсалған шығын арасындағы өзара қатынас. Бірақ шығынның мақсаттылығын көрсететін нәтиже арасындағы белгілі бір ара қатынас болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік тиімділігінің  төрт түрі анықталған, олар:

  1. Экономикалық тиімділік келесі постулат арқылы корсетіледі: Кәсіпорында шешім қабылдаған кезде әрқашан шектеулі, қолда бар құралдарды пайдалана отырып, көздеген мақсатқа қолайлы жетуді есепке ала отыру керек.
  2. Әлеуметтік тиімділік қолда бар шектеулі құралдармен кәсіпорынның барлық қатысушыларының әлеуметтік қажеттілігін

   қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

             3.         Техникалық тиімділк – кәсіпорынның техникалық мақсатына

     байланысты, алға қойылған техникалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз

          етеді (өндірістік потенциалға қажетті, өнімге және өндірістік

          бағдарламаға қойылған сандық және сапалық талаптардың орындалуы).

                   4.          Экологиялық тиімділік – кәсіпорынның экологиялық

            мақсаттарға жетуіне зейін қояды.

Қызмет ету тәжірибесінде  экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық мақсаттар бір-бірімен тығыз байланысты және тәуелді. Әдеттегідей экономикалық тиімділікке жетуге бағытталған шешім әлеуметтік те, техникалық та, экологиялық мақсаттарға да қатысты.

Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын экономикалық тәуелсіз тауар өндіруші бола отырып, мемлекет бекіткен салық салымдары мен әлеуметтік шектеулер көлемінде өндірістік дамудың тиімділігіне баға берудің кез-келген түрін қолдануға құқылы. Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау, оның сандық және сапалық бағалауын талап етеді, яғни қызмет ету тиімділігінің критериі мен көрсеткіштерін анықтау.

Жоғарыда айтылған экономикалық әсер натуралды және құнды көрсеткішпен көрсетіледі, олар кәсіпорын қызметінің соңғы және аралық нәтижелерін анықтайды.

Осындай көрсеткіштерге мысалы: жалпы өнім, тауарлы өнім, өткізілген өнім, өндірістік ресурстардың әртүрлі элементтерін үнемдеу, өнімнің өзіндік құнын төмендетуден жалпы үнем жатқызылады.

Шағын кәсіпкерліктің экономикалық қызметін талдау нәтижелері болашақта  даму жоспарының шешімін жасау үшін негіз түрінде қолданылады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның арнайы және басқа да қорларының қор құраушылары болып табылады.

Қызмет етуге баға берген кезде тек қана экономикалық емес, әлеуметтік нәтижелерін де ескеру қажет.

Шағын кәсіпкерлікте экономикалық қызметтің тиімділігі «тиімділік» категориясының баға беру мүмкіндігін одан да дәлірек көрсетеді. Ол әрдайым нәтиже құндылықтарымен шығын құндылықтарының қатынасымен байланысты және де баға берудің өзгерісімен өзгере алады.

Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылаған сайын қажетті еңбегін 1 ңгеге жұмсаған шығынның есебінен тез өскен сайын немесе пайдалы нәтиженің бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі.

Қызмет ету тиімділігі – тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады – шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы болып табылады.

Экономикалық қызмет тиімділігін жоғарылату мәселесі келесі: әрбір еңбек, материал, қаржы ресурстарының бірлігне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл нәтижеде еңбек өнімділігінің жоғарылауын көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін жоғарылату қажеттілігі  мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық даму кезеңінің қазіргі заманғы ерекшелігімен ескертіледі. Жалпы тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында бір нарық субъектісі жұмысының нәтижесі, басқа субъектілер жұмысының нақтылығына және жинақтылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.

Өндірісті басқару жүйесінде  кәсіпорын қызметінің тиімділігін объективті анықтай алу үлкен мағынаға ие.

Өнеркәсіпте шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін өлшеудің бастапқы принциптері қоғамдық формациялардың барлығына бірдей. Әрине айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау әдісін тәжірибесі нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқаруды ұйымдастырумен анықталады.

Информация о работе Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары