Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 18:34, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда әр шаруашылық субъектісінің қызметі осы үрдіс нәтижесіне қызығушылық білдіретін нарықтық қатынас қатысушыларының назарына ие.
Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің тектік түсінігінің мәнән, сонымен қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.Қазіргі жағдайда іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп , кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: «Кәсіпкерлік- бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген , қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын , шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы , инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процессі.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................3
1.ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Шағы кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық мәні және қызмет ету тиімділігі.....................................................................................................................5
1.2 Қазақстанда шағын кәсіпорынның даму жолдары...........................................11
1.3 Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар................20
2. «БИКЕН-ЖАРНАМА» ЖШС МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ.
2.1 «Бикен-жарнама» ЖШС-ның техникалық-экономикалық сипатталуы........25
2.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау.......................................................................................................................34
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ.
3.1 Қазақстан республикасында шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау..46
3.2 «Бикен-жарнама» ЖШС қызметінің тиімділігін арттыру жолдары..............64
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ........................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Шағын-кәсіпорындар-қызметінің-тиімділігін-арттыру-жолдары.doc

— 521.50 Кб (Скачать документ)

 

 

          Талдауды жүргізу барысында келесі бағыттар айқындалды.

Негізгі қорлардың қорқайтарымдылық динамикасының талдауы келесіні көрсетеді: зерттелген периодта қорқайтарымдылық ұлғайды, көрсеткіштің минималды көрінісі 2003 жылы 3,91 құраса, максималды – 6,28 теңгені құрды. Бұл прогресс өнім көлемінің өсуінен болып отыр.

Қорқайтарымдылық негізгі  қорлардың активті бөлімінің  көлеміне тәуелді болғандықтан, негізгі  қорлардың активті бөлімінің қорқайтарымдылығын анықтайық. Бұл көрсеткіш жалпы қорқайтарымдылық көрсеткішіне тәуелді өзгереді, 2003-2004 жылдары 4,50-ден 7,49 теңгеге дейін өсті. Негізгі қорлардың ішіндегі активті бөлімінің үлесі 100%-ке дейін жететінін айта кету керек.

Қорсыйымдылық қорқайтарымдылық көрсеткішіне сәйкес керісінше өзгереді: 0,26-дан 0,16-ға дейін төмендеді. Бұл  өндіріс көлемінің өсуіне әсер етеді, сәйкесінше негізгі қорларды пайдалану  тиімділігінің өсуіне әсер етеді.

Қорлардың қажеттілік дәрежесі төмендейді, бұны қорлардың ескіру және қажеттілік коэффициенттерінің көрсеткіштері дәлелдейді. Кәсіпорын қорларының ескіру дәрежесі жоғарғы жаңару көрсеткіштерімен реттеледі. Сондықтан да кәсіпорын қорларының ескіруі 45%-тен аспайды. Кәсіпорын құрал-жабдықтары толығымен жаңартылмайды, өйткені ескісінің белгілі бір бөлігі жұмыс істеп тұрады.

Еңбектің қорқаруландырылуы  зерттелетін периодта өскен, бұл  кәсіпорын негізгі капитал көлемінің  өсуіне байланысты.

Жалпы кәсіпорын бойынша  келесілерді белгілеп өтуге болады: 1) жұмысшылардың орташа тізімі 124 адамға дейін жетті; 2) 2004 жылға қорқайтарымдылық максималды көлеміне жетті – 12, 13; 3) қорлардың активті бөлімінің қорқайтарымдылығы да өсуде; 4) әрбір жұмысшының капитал қаруландырылуы ұлғайды; 5) периодтың соңына қарай өндірістің қорсыйымдылығы 0,08-ге жетіп, төмендеді; 6) периодтың соңына қарай 0,55-ке қорлар қажеттілік дәрежесі төмендегендіктен ескіру коэффициентінің өсуін көрсетеді – 0,45.

Кәсіпорынны негізгі  қорларын пайдалану тиімділігін  анықтағаннан кейін, материалдар мен айналым қорларды пайдалану тиімділігін анықтау қажет. Материалдар мен айналым қорларын пайдалану тиімділігін талдау нәтижелері 6-кестеде көрсетілген.

 

6-кесте. Материалдар мен айналым қорларын пайдалану анализі.

Көрсеткіштер

2003 жылы

2004 жылы

1

Материал қайтарымдылығы

21,10

31,11

2

Материал сыйымдылығы

0,047

0,032

3

Айналмалы қорларының айналым  саны

16,82

21,97

4

Бір айналымның айналу ұзақтығы

21,40

16,39


 

 2004 жылы материал қайтарымдылығының көлемі жоғарылады, алайда қолданылған материалдар көлемі азайғанына байланысты емес. Жоғарылау өнім өткізуден түскен табыстың ұлғаюынан болды.

Өнімнің материалсыйымдылығының көлемі материалқайтарымдылығына кері болғандықтан, сәйкесінше көрсеткіш  кері өзгереді. Осылайша минималды  материал сыйымдылығы 2004 жылы 0,032-ге тең болса, максималды материал сыйымдылығының 2003 жылы 0,047-ге тең болды.

Материалдық айналмалы  қорларының айналым саны өсті, бұл  өткізуден түскен табыстың өсуіне байланысты болды. Максималды айналым 2004 жылы байқалды – жылына 21,97 айналым саны, ал минималды айналым 2003 жылы болды – жылына 6,82 айналым саны.

Бір айналымдық ұзақтығы жасалатын айналым санына тәуелді  болғандықтан, бір айналымның минималды  ұзақтығы жасалатын айналым санының  максималды көлеміне байланысты. Бір  айналымның максималды ұзақтығы 2003 жылы 21,4 күнді құрды, ал минималды ұзақтығы 2004 жылы 16,4 күнді құрды. Жалпылама материалдар мен айналым қорларын пайдалану тиімділігі максималды көрсеткіштерге жетті. Кәсіпорында материалдық қорлардың көбеюі болып жатыр. Материалдық қорлардың көбеюі сәтсіз, өйткені айналым қорларын пайдалану тиімділігі төмендейді. Сол себептен материалдар алу үшін салынған қорларды айналымнан алып тастайды.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін  сипаттауда еңбек қорларын пайдалану  сапасы үлкен рөл атқарады. Өнімді өндіру көрсеткішімен бірге, жұмысшылардың еңбекақы көлеміне де назар аудару керек. Осы екі көрсеткішті салыстырып, қайсысының өсу қарқыны жоғары болатынын байқауымыз керек. Егер еңбекақы көлемінің өсу қарқыны өндіру көрсеткішінен жоғары болса, онда еңбек ресурстарының пайдаланылуы тиімсіз болады. Ал керісінше болса, жұмысшыларды марапаттау жүйесінің «кедей» болуы байқалып, олардың еңбегіне мотивацияның жетіспеуі байқалады.

Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды анықтау үшін өндірілген өнімнің әрбір теңгеге жұмсалған жұмысшының еңбекақысы көрсеткішін қолдануға болады. Бұл көрсеткіш өнім құнының өсу қарқыны мен еңбекақының өсу қарқынын салыстыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын цехтарында шығарылған өнімнің әртүрлілігіне байланысты өнімді натуралды өлшемде санауға да болмайды,уақыт нормасында да өлшеуге болмайды. Бұл көрсеткіштерді натуралды түрде анықтау және еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерін анықтау мүмкін емес. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды талдау 7-кестеде көрсетілген.

 

7-кесте. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын талдау.

Көрсеткіштер

2003 жылы

2004 жылы

1

1 жұмысшымен жасалған  орташа жылдық жұмыс

1023804

2004839

2

Жұмысшы еңбекақысының 1 теңгесіне шаққанда шығарылатын  өнім көлемі

15,7

7,2

3

Кадрлар ағымы коэффициенті

18,8

22,6


 

7-кестеде көрсетілген талдау негізінде 1 жұмысшымен жасалған орташа жылдық көрсеткіші өсті, өйткені өнім өткізуден түскен табыс жыл сайын өсуде.

Жұмысшылардың еңбекақы көлемі төмендеді, өйткені еңбекақының  өсу қарқыны өнім өткізуден түскен табыстың өсу қарқынына қарағанда  төмен.

Кадрлар ағымы өте  жоғары. Жалпы алғанда еңбек ресурстарын  пайдалану сапасын бағалағанда, кәсіпорында қолданылатын еңбекті марапаттау мен мотивация облысындағы саясат әлсіз болып келеді.

 

2.2. «Бикен-Жарнама» ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау.

Өндірістің ағымдағы және болашақ қызметінде қолданылатын ішкі резервтерін айқындау мақсатында кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасайық. Өндірістік-шаруашылық қызметті талдау үшін бухгалтерлік есептің келесі берілгендерін қолданайық: форма №1 – кәсіпорынның жылдық балансы; форма №2 – кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық нәтижелерінің есебі; форма №3 – қаржылық қорлар қозғалысының есебі. 2003 – 2004 жылдарға талдау жасайық.

8-кестенің берілгендері бойынша жалпы капитал рентабельділігі төмендеді, 2003 жылы – 0,19, ал 2004 жылы 0,18-ге тең болды. Берілген көрсеткіштің 2004 жылға төмендеуі жалпы капиталдың өсуімен сипатталады. Бұл өндіріс көлемінің өсуіне байланысты болды. Таза табыстың 2004 жылға қарай өсуі айқын көрінген жоқ. Жалпы бұл көрсеткіш тиімді болып саналады, өйткені өндіріс көлемі ұлғайып, пайда көлемінің тұрақты өсуі байқалды.

Өзіндік капитал рентабельділігінің динамикасын талдауға назар аударсық, оның көрсеткіштері тұрақты және жалпылама өсу бағыттары бар. Бірақ периодтың соңына қарай өзіндік капитал рентабельділігі минималды деңгейіне түсіп 0,3-ке теңелді. 2004 жылға қарай бұл көрсеткіштің төмендеу себебі – кәсіпорын пайдасының өсу қарқыны жеткіліксіз болғаны мен өзіндік капитал көлемінің өсуі.

8-кесте. Рентабельділік коэффициенттерінің көмегімен «Бикен-Жарнама» кәсіпорын рентабельділігін бағалау

Көрсеткіштер

2003 жылы

2004 жылы

1

Жалпы капител рентабельділігі

0,19

0,18

2

Өзіндік капитал рентабельділігі

0,33

0,30

3

Сатылымдар рентабельділігі

0,18

0,16

4

Өндірістік қорлар рентабельділігі

0,16

0,10


 

 

8-кестедегі берілгендердің анализі келесіні көрсетті: сатылымдар рентабельділігі төмендеді, бұл өнімнің өзіндік құнының өсуіне байланысты болды. Өнімнің өзіндік құны 2004 жылға қарай 8%-ке өсті, яғни 5620928 теңгені құрды. Сатылым рентабельділігі 2003 жылы 0,18-ге тең болды, ал 2004 жылы – 0,16. Осыған қоса рентабельділік деңгецінің төмендеуі өнім өткізуден түскен табыс деңгейінің төменгі деңгейіне байланысты болды. Өткізуден түскен табыс деңгейі өз кезегінде сол уақытта нарықта қалыптасқан жалпы кризистік жағдаймен айқындалады. Бәсекелес кәсіпорындар – жарнамалық өнімді өндірушілер саны өсіп, нәтижесіне кәсіпорын өніміне барлық бағалар төмендеді.

 

 

 

1-сурет. Сатылым рентабельділігі  өзгеруінің графигі.

 

 

1 мен 2 сандарының арасында  – 2003 жыл аралығы, 2 мен 3 сандарының  арасында 2004 жыл аралығындағы көрсеткіштер көрсетілген.

Өндірістік қорлардың  рентабельділігі де талдау периодында төмендеді, оның максималды көлемі 2003 жылы 0,16-ға теңелді, ал минималды көлемі 2004 жылы 0,10-ға тең болды.Өндірістік қорлар рентабельділігінің төмендеуі  негізгі және айналмалы қорлар көлемінің өсуіне, пайданың өсу қарқынының төмендеуіне байланысты болды.

Кәсіпорын рентабельділігінің көрсеткіштерін анықтағаннан кейін оның әр түрлі айналымдылық көрсеткіштерінің көмегімен кәсіби белсенділігін бағалау керек. Айналымдылық көрсеткіштерін анықтау берілгендері форма №1,2-де берілген. Талдау нәтижелері 9-кестеде көрсетілген.

9-кестедегі берілгендерді талдау барысында жалпы және өзіндік капиталдың айналымдылығының өсу бағыттары айқындалады, бұл кәсіпорынның жыл сайынғы пайдасының өсуіне байланысты. Айналымдылықтың минималды көрінісі 2003 жыл болды, максималды – 2004 жылы.

Кәсіпорын өнімдері өткізуден  түскен табыстың өсу қарқыны жоғары болғандықтан, негізгі капитал айналымдылық коэффициенті өсті. Негізгі капитал айналымдылығы 2004 жылы максималды болды – 10,43, ал минималды көрінісі 6,08 болды. Айналымдылықтың түсуі кәсіпорын негізгі капитал көлемінің өсуімен түсіндіріледі.

 

9-кесте. Кәсіпорынның кәсіби белсенділігінің көрсеткіштері.

 

Көрсеткіштер

2003 жылы

2004 жылы

1

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

22,9

5,17

2

Өзіндік капитал айналымдылық коэффициенті

5,19

8,70

3

Негізгі капитал айналымдылық коэффициенті

6,08

10,43

4

Қорлар мен шығындар айналымдылығының коэффициенті

21,09

31,11

5

Дайын өнім айналымдылығының коэффициенті

100,41

257,08

6

Дебиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті

15,56

25,37

7

Мобильді қорлар айналымдылығының коэффициенті

119,07

336,4

8

Кредиторлық борыштар айналымдылығының коэффициенті

30,67

50,40

9

Ағымдық активтер айналымдылығының коэффициенті

6,77

5,70


 

 

Кәсіпорынның ағымдағы активтер ағымдылық айналымдылығының талдауы нәтижесінде 2004 жылы бұл көрсеткіш 5,7 айналым санына жетіп, төмендегенін көреміз. Оның себебі – кәсіпорын мобильді қорлар көлемінің өсуі. Кәсіпорын активтерінің күрт өсуі 2004 жылы байқалды.

Қорлар мен шығындар талдауы барысында 2003 жылға дейін материалдар айналымдылығы төмендеген. Өйткені кәсіпорын қорлары мен шығындар көлемі ұлғайды. Бірақ 2004 жылы қорлар айналымдылығы өзінің максималды деңгейіне жетті – 31,11 айналым саны. Бұндай жағдайға өнім өткізуден түскен табыс көлемінің күрт өсуі әсерін тигізді.

Дайын өнім айналымдылығы  жыл сайын жоғарылады, 2004 жылға 257,08 айналым санына жетті. Дайын өнім айналымдылығының өсуі өткізуден түскен табыс келбетіндегі дайын өнім көрсеткіштерінің төменгі деңгейімен айқындалады. Өз кезегінде кәсіпорынның дайын өнім көлемі көрсеткіштері өнімнің ерекшелігіне байланысты. Өнім өндірісі тапсырыс қабылдау арқылы дайындалады. Белгілі бір себептерге байланысты өндірілген өнім сатып алушымен қайтарылып, кәсіпорынның қоймаларында жатты.

Дәл осындай жағдай ақша қорларының айналымдылығымен қайталанды, 2003 – 2004 периоды аралығында күрт өсті. Осылайша айналымдылықтың минималды  көрінісі 2003 жылы 119,07 айналым санына теңелді, максималды көрінісі 2004 жылы – 336,4 айналым санына тең болды.

Дебиторлық борыштар айналымдылығы күрт өзгерулерге  ұшырады. 2003 жылы айналым саны 15,56-ға, 2004 жылы 25,37-ға теңелді. Көрсеткіштің өсуі дебиторлық борыштар өсуіне қарамастан, пайда көлемі ұлғайды.

Кредиторлық борыштар жағдайы  дебиторлық борыштар жағдайына ұқсас. Оның айналымдылығының минималды көрінісі 2003 жылы – 30,67 айналым саны байқалды, 2004 жылы – 50,40 айналым. Зерттелетін периодта бұл көрсеткіш қарқынды өсті.

Жалпы кәсіби белсенділік  көрсеткіштерін бағалай отырып, зерттелген периодта барлық көрсеткіштер өсу бағыттарын алды, көрсеткіштердің минималды көріністері 2003 жылы байқалды, ал максималды көріністері 2004 жылы көрінді. Көрсеткіштер өсуінің себептері өндіріс көлемінің ұлғаюы болып табылады, нәтижесінде кәсіпорын табысы мен пайдасының өсуіне әкеліп соқтырды.

Ал рентабельділік көрсеткіштерінің жағдайы басқаша, зерттелген периодтың  соңында кейбір көрсеткіштер төмендеді. Бұл нарықта қалыптасқан қалыпты емес жағдайларға байланысты болды: нарықта бәсекелестердің үлкен көлемінің пайда болуы, сәйкесінше өнім бағасының төмендеуіне әкелді, осыдан өнім өткізуден түскен табыс көлемінің және пайданың азаюы болды. Айта кететін жәйт, 2004 жыл өзіндік капиталдың, негізгі қорлардың және кәсіпорын өндіріс көлемінің  күрт өсуі байқалды. Кәсіпорын болашақ дамуында нарықта лидерлік позицияларға ие болатындығына және рентабельділік көрсеткіштерінің өсуіне бағытталған.

Информация о работе Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары