Персоналды ынталандыру жане мотивациялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыста ұйым персоналын ынталандыру мен мотивациялаудың теориялық негіздері, тиімді әдістерін анықтауға және зерттеуге, ынталандыру мен мотивациялаудың қолдану тәжірибесін талдау және ұйым персоналын ынталандыру мен мотивациялаудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған жолдауында: 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық стратегиясында шикізаттық емес бағыттағы кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға аса назар аударылады

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1 ҰЙЫМ ПЕРСОНАЛЫН ЫНТАЛАНДЫРУ МЕН МОТИВАЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ұйым персоналын ынталандыру мен мотивациялаудың мәні мен қызметі..........................................................................................................................5
1.2 Персоналды басқаруда ынталандыру мен мотивацияның шетелдік тәжірибесі ………………………………………………............................................7
2 ҰЙЫМ ПЕРСОНАЛЫН ЫНТАЛАНДЫРУ МЕН МОТИВАЦИЯЛАУДЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Персоналды ынталандырудың маңызы мен қажеттілігін талдау.... 10
2.2 «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының еңбекақы төлеу және ынталандыру жүйесін талдау.................... 13
3 ҰЙЫМ ПЕРСОНАЛЫН ЫНТАЛАНДЫРУ МЕН МОТИВАЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3.1 Ұйым персоналын ынталандыру мен мотивациялаудың ықпалын бағалау……………………………………………………………………....……....19
3.2 Ұйым персоналын ынталандыру мен мотивация тәсілін жетілдіру.....................................................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................ 29

Прикрепленные файлы: 1 файл

Юсупов Бауыржан Персоналды ынталандыру жане мотивациялау.docx

— 338.51 Кб (Скачать документ)

Психикалық күйге қамқорлық жасау. Рухани денсаулыққа қамқорлық жасау психикалық күйге де қажет қамқорлықты көрсетуді тұжырымдайды. Психикалық күйдің нашарлауы жан ыңғайсыздығында анағұрлым айқын түрде байқалады. Өмір қызықтырмайды, ойлар – бос, мақсатсыздық пен иррационалдық. Шаршаған, енжар адам ішінен тұйықталып қалады және басқаларды ойламайды. Егер мұндай жағдай ұзаққа созылатын болса, онда психикалық тепе-теңдіктің мүлдем жоғалып кету қаупі пайда болады. Сондықтан психикадағы бұзылыстар алғашқы сатыларында айқындалуы керек, сол кезде ғана ұзақ уақыт емдеудің қажеті болмайды.

Адам қатынастары психикалық ахуалға шешуші әсерін тигізеді. Адам өзін басқалармен салыстыра келе сынап, тексереді. Егер адамдардың қатынастары, мәселен, үнемі асығу салдарынан үстіртін, әрі шала болса, онда адамдардың бір-біріне әсер етуі де әлсірейді. Достық және отбасылық қатынастар уақыт пен толық қатынасты талап етеді. Ашық және тығыз адами қатынастар қауіпсіздік сезімін қалыптастырады және кез келген, соның ішінде қиын жоспарларға кірісуге және оларды жүзеге асыруға батылдық береді.

Демалыс пен жеткілікті ұйқы тек көңіл-күйге ғана емес, сонымен бірге жан саулығына да әсер етеді. Жеткілікті түрде ұзақ және үздіксіз түнгі ұйқы жан сергектігінің басты себептерінің бірі болып табылады. Түнгі ұйқыдан жұмыс үшін уақытты шығындауға болмайды, себебі ол жақын уақытта нәтижелерде көрініс табады.

Құштарлық пен бос уақыт жан сергектігін арттыру мүмкіндігін береді. Өзі үшін және өз құмарлықтары үшін уақыт бөле отырып, адам өз өмірін одан сайын байыта түседі. Бос уақыт бізді жұмыстан алыстатып, босаңсуға көмектеседі. Сөйтіп, болашақ жұмыс үшін сергектік жинайды.

 

 

2.2  «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының еңбекақы төлеу және ынталандыру жүйесін талдау

 

«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еңбек жағдайларын материалды ынталандыру, сонымен бірге ұжымда жағымды психологиялық ахуалды жасау жолымен жақсартуға талпынады. Еңбекті ынталандыру жүйесі – компания мақсаттарына жету арқылы қызметкерлердің  өз мақсаттарын тиімді іске асыру қажеттілігін тудыратын компаниядағы материалды және материалды емес ынталардың жиынтығы.       

 «Ақсай» нан-тоқаш  комбинаты жауапкершілігі шектеулі  серіктестігі еңбекақы төлеу  және материалды марапаттау жүйесінің  негізгі критерийлері:

  • Еңбек үшін баламалы және әділ өтемақы;
  • Еңбек және қызметкерлердің денсаулығын қорғаудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету;
  • Еңбек үрдісінде қызметкерлердің жеке қабілеттерін қолдану және  дамыту мүмкіндігі;
  • Қызметкерлердің кәсіби және лауазым бойынша  жоғарылау мүмкіндігі, жұмысбастылық пен еңбекке ынталандыру кепілін нығайту;
  • Ұжымда қоғамдық интеграция;
  • Кәсіпорын ұжымдық мәдениетін қолдау және жетілдіру.

Еңбекақы төлеу және ынталандыру жүйесі заңға және «ҚР Еңбек кодексі» негіздеуші құжатына сәйкес әзірленген.

Қызметкерлерді материалды ынталандыру

Материалды ынталандыру қызметкерлерді материалды марапаттау деңгейімен қанағаттандыруды, нәтижесінде компанияға компанияның мақсаттары мен саясатын жүзеге асыратын кәсіби қызметкерлерді тарту және сақтап қалуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еңбекақы төлеу жүйесінің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Еңбекақы төлеудің негізгі бөлігі – лауазымдық қызметақы еңбекақының тұрақты бөлігі болып табылады және кәсіпорынның штатты кестесінде бекітіледі.

 

Кесте 2

Компанияның қызметкерлерінің лауазымдық қызметақы сұлбасы:

 

Қызметкерлер категориясы

Лауазымдық қызметақының негізгі мөлшерлемесінің коэффициенті

Жоғары басқарушы құрам

2,5

Бағыттар бойынша директорлар

1,8

Бөлім бастықтары

1,5

Бас мамандар

1,2

Мамандар

1,0

Сынақ мерзімімен жаңадан қабылданған маман

0,7


 

Компанияда негізгі лауазымдық қызметақының мөлшері 65000-120000 теңге аралығында тағайындалған.

Лауазымдық қызметақы жеке біліктілік, кәсіби тәжірибесі, лауазымдық міндеттері мен жауапкершілік дәрежесімен анықталатын қызметкер лауазымының категориясымен анықталады.

Лауазымдық қызметақыны тағайындау және өзгерту

Әр әкімшілік-басқару қызметкерінің өз лауазымының категориясына сәйкес келетін лауазымдық қызметақысы белгілі бір бөлімшенің тікелей жетекшісімен анықталады және компанияның Бас директорымен бекітіледі. Сынақ мерзіміне алынған қызметкердің лауазымдық қызметақысы мамандардың лауазымдық қызметақыларының категориялары бойынша 0,7 коэффициентімен есептеледі.

Кәсіпорынның жұмыс мамандықтарына қабылданған қызметкерлерге лауазымдық қызметақы кәсіпорынның тарифтік-біліктілік торына сәйкес,  атқарылатын жұмыс талаптарына және жұмысшы біліктілігіне  сүйене тағайындалады.

Шығыс құжаттары:

  • Кәсіпорын штаттық кестесі
  • Жұмыс мамандықтарының тарифтік-біліктілік  торы
  • ҚР еңбек кодексі

 

Кесте 3

Негізгі өндіріс пен қосалқы цехтердің тарифтік-біліктілік торы

 

Тарифтік разряд

1

2

3

4

5

6

7

Тарифтік

 Коэффициент

1

1,07

1,15

1,24

1,33

1,43

1,54

Тарифтік

Мөлшерлеме

204,00

216,00

235,00

253,00

270,0

354,00

378,00

Тарифтік

Қызметақы

34000

36000

39000

42000

45000

49000

54000


 

Кесте 4

Техникалық атқарушылардың тарифтік-біліктілік  торы

 

Тарифтік разряд

1

2

3

4

5

6

7

Тарифтік коэффициент

1

1,07

1,2

1,24

1,33

1,43

1,54

Тарифтік мөлшерлеме

240,00

257,99

276,0

299,99

317,99

341,99

371,99

Тарифтік қызметақы

40000

43000

46000

50000

53000

57000

62000


Кесте 5

Кондитерлік цехтің тарифтік-біліктілік торы

 

Тарифтік

Разряд

1

2

3

4

5

6

7

Тарифтік коэффициент

1

1,07

1,2

1,24

1,33

1,43

1,54

Тарифтік мөлшерлеме

251,99

269,99

300,0

329,99

359,99

389,99

419,99

Тарифтік қызметақы

42000

45000

50000

55000

60000

65000

70000


 

Лауазымнан лауазымға ауысу және сәйкесінше лауазымдық қызметақының өзгеруі бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Лауазымдық қызметақыны тағайындау немесе өзгерту туралы шешімді тікелей жетекшінің ұсынысымен Бас директор қабылдайды.

Еңбекақы төлеудің ауыспалы бөлігі

Еңбекақының ауыспалы бөлігі деп қызметкер өз жұмысының нақты нәтижелері,  сәйкес құрылымдық бөлімшенің компания жалпы саясатын іске асыру барысында жұмыс нәтижелеріне қосқан үлесіне тәуелді еңбекақысын атайды.

Кепілденген төлемдер

  • Мереке және демалыс күндік жұмыс үшін төлеу. Мереке және демалыс күндік жұмыс үшін екі еседен кем емес төлем жасалады.
  • Мерзімнен тыс жұмыс төлемі. Қазіргі еңбекақы төлеу жүйесінде мерзімнен тыс жұмыс үшін төлеу  бір жарым еседен кем емес төленеді.
  • Түнгі уақыттағы жұмыс төлемі.  Түнгі уақыттағы әр жұмыс сағаты  күндізгі (жұмысшының сағаттық мөлшерлемесі) төлемінің 70% мөлшерінде төленеді.

Тұрақты үстемеақы

 «Ақсай» Нан-тоқаш комбинаты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлеріне келесі үстемеақы түрлерін тағайындау көзделген:

  • Жұмыстағы  жоғары сапа үшін лауазымдық қызметақының 4%-24% мөлшерінде
  • Жұмыстағы ерекше күрделі жағдайлар үшін лауазымдық қызметақының 10%-12% мөлшерінде
  • Кәсіби шеберлігі үшін лауазымдық қызметақының  4%-24% мөлшерінде
  • Жетекшілік (бригада басқару) үшін лауазымдық қызметақының  15% мөлшерінде, бригададағы жұмысшылар санына тәуелді
  • Тәлімгерлік үшін – тәлімгерлік үшін төлеу  тәлімгерлік туралы Ережелерде анықталған
  • Қысқы коэффициент температуралық аймаққа сәйкес таза  ауада қысқы уақытта  жүктеу-жүк түсіру жұмыстарын атқару кезінде тағайындалады.
  • Жұмыс көлемін кеңейту немесе 5 күннен артық демалыс не ауру салдарынан  жұмыста жоқ қызметкерлерді уақытша алмастыру үшін төлеу  алмастырылған қызметкердің лауазымдық қызметақының 30% мөлшерінде анықталған.

Қосымша сыйлықақы төлеу жүйелері. Қызметтің жобалық түрлері үшін сыйлықақы төлеу

 «Ақсай» Нан-тоқаш  комбинаты жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінде қызметкерлерге  келесі жобалау жұмыстары үшін  сыйлықақы төлеу мүмкіндігі қарастырылған:

  • Нақты экономикалық тиімділікті беретін шараларды әзірлеу және енгізу – оңтайландырғыштық пен жаңашылдық үшін сыйлықақы. Нақты экономикалық тиімділікті беретін шараларды әзірлеу және енгізу үшін сыйлықақы «Ақсай» НТК ЖШС Бас Директорының сәйкес шешімі мен бұйрығы негізінде төленеді. Сонымен қатар берілген бұйрықпен қызметкердің сыйлықақы марапаттауының мөлшері тағайындалады.
  • Ерекше маңызды өндірістік тапсырманы (қызметкердің стандартты лауазымдық міндеттерінен асатын) орындау үшін сыйлықақы   «Ақсай» НТК ЖШС Бас Директорының сәйкес шешімі мен бұйрығы негізінде төленеді. 
  • Компания қызметкерлерінің кондитерлік тағамдарды өткізуі үшін сыйлықақы.
  • Тағам мен өңдеу өнеркәсібі күніне сыйлықақы.

Қызметкерлерді ынталандырудың өзге түрлері

Компаниядағы қызметкерлерді ынталандырудың өзге түрлері  жанама материалдық  марапаттаулар мен материалды емес ынталадыру жүйесі болып табылады.

Қоғамдық пакет

Материалдық көмек

Компания келесі жағдайларда кәсіпорын пайдасының есебінен 10 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетеді:

  • Бала туған жағдайда ата-ананың біреуіне
  • Қызметкердің хирургиялық операциясы
  • Қызметкердің немес оның жақын туыстарының өлімі
  • Қызметкердің зейнетке шығуы
  • Қызметкердің отбасы құруы
  • Қызметкердің мүшелтой жасына жетуі (50,55,60,65 жыл) жұмыс берушінің көзқарасына қарай 20 АЕК немесе  жоғары мөлшерде сыйлықақы марапаттау

Төленетін демалыс

Компания барлық қызметкерлерге 30 күнтізбелік күндер шамасында төленетін демалыс береді. Демалыс үшін төлем орташа еңбекақы төлеу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жасалады. Қосымша демалыс күндері қызметкерлерге зиынды немесе ауыр еңбек жағдайлы өндірістер, цехтер мен лауазымдар тізіміне сәйкес төленеді.

Қызметкерлерді оқыту

Компанияның  даму мақсаттары немесе барлық қызметкерлер үшін маңызы бар мақсаттармен байланысты қызметкерлердің оқуы компания есебінен төленеді. Жеке оқуды төлеу туралы шешім компания басшылығымен бөлімше жетекшісінің ұсынуымен  қабылданады.

Оқуға ынталандырудың келесі  нұсқалары:

  • Мемлекеттік тілге қосымша үйрету
  • Қызметкерді қызықтыратын семинарлар, конференцияларға бағыттама.
  • Оқып жатқан қызметкерге икемді жұмыс кестесі мен жұмыс жағдайын жасау.
  • Қызметкерді оқыту шығындарын өтеу.

Атақтар – Ең үздік қызметкер

Мамандық бойынша атақтар – Ең үздік қызметкер, жүргізушілер-өткізушілер-инкассаторлар арасында тоқсан бойынша қарастырылады,  қалғандары жылына бір рет қарастырылады. Атаққа ие болғандар құнды сыйлықтар алады.  Ең үздік бригада атағы негізгі өндірістің бригадалары арасында ай сайын қарастырылады. Егер бригада қатарынан үш рет бұл атаққа ие болса, жұмыс берушілер әр бригада мүшесін 5000 теңге шамасындағы сыйлықақымен марапаттайды.

Материалды емес ынталандыру

Компания қызметкерлерді ынталандырудың келесі түрлерін қолданады:

Информация о работе Персоналды ынталандыру жане мотивациялау