Негізгі өндіріс қоры және қуаттылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 17:15, курсовая работа

Краткое описание

Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі өндіріс қоры - ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз. Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады. Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
І. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ................8
1.1 Өндірістік негізгі қорлардың саралануы......................................................12
1.2 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі...................................16
1.3 Негізгі капиталдың тозу түрлері...................................................................18
ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІ.................................................20
2.1 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары..........23
2.2 Негізгі капиталды қайта бағалау...................................................................28
.
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құндыз отчёт.docx

— 98.03 Кб (Скачать документ)

болғанымен, құрал-жабдықтың накты ауыстыру мүмкіндігі мен материалдық тозуды ескермейді.Өндіру саласындағы негізгі корларды кызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу тұрғысынан жылжымалы (машиналар, құрал-жабдықтар, саймандар т.б.) және жылжымайтын (ғимараттар, құрылымдар, өткізу кұралдары) деп белуге болады.

     Егер бірінші топ үшін өнеркәсіптің баска салаларындағыдай негізгі қордың қызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу әдісі колданылатын болса, жылжымайтын қор бөлігі үшін ол басқаша жүргізіледі. Негізгі қорлардың бұл элементтері пайдалы қазбаның кен орнымен біртұтастықты құрайды және олардың қызмет ету мерзімдері кен орнындағы өңдеу жұмыстарының уакытына, дәлірек айтсақ, осы кен орнындағы өңдеуші тау-кен кәсіпорнының қызмет ету мерзіміне байланысты. Олар басқа нысандарға жатпайды. Тау-кен кәсіпорнының қызмет мерзімі кенінің қорының мөлшеріне және жылдық өндіру көлеміне байланысты болғандықтан, оны анықтау үшін оңтайлы қызмет мерзімі мен жылдық өнімділігін білу қажет. Өндіруші кәсшорындардың негізгі қорларының жылжымайтын бөлігінің қызмет ету мерзімі де осы секілді болады (әрине, олардың кейбірі бүкіл кәсіпорынның кызмет мерзімінен аз кызмет етеді, мысалы, кейбір тау-кен қазбалары шектеулі уакыт кызмет етеді).

     Осы себептерге байланысты кен өндіру өндірісінде негізгі қорлардың жылжымайтын бөлігін амортизациялауда уақыт бірлігімен есептелетін амортизациялық мөлшерді колдану тиімсіз болып табылады, өйткені тәжірибеде дәлелденгендей, ол қордын құнын толык өтеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан бұл жағдайда өнім бірлігін, яғни өндірілген өнім тоннасының амортизациялық мөлшерін бекіткен дұрыс. Бірнеше жүздеген жыл қызмет ететін нысандардың амортизациясы да (дамбалар, плотиналар, каналдар, темірбетонды және тас көпірлер және т.б.) ерекше қызығушылық тудырады. Бірақ қызмет ету мерзімі аса ұзак болып табылатын бұл еңбек құралдары да міндетті түрде амортизациялауды қажет етеді, себебі оларды құруға аса көп қаржы жұмсалған. Бірақ, казіргі кезде олардың қызмет мерзімі тым жоғары (кейде 500 жылға дейін), ал амортизациялау мөлшері өте төмен болып отыр. Демек, осы тәріздес нысандардың неғұрлым негізделген қызмет

мерзімін анықтау қажеттілігі  туындайды.

     Өндірістік негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі деп олардың өндірісте өзінің бастапкы мақсатына сай қызмет еткен уакыт кезеңін айтамыз. Бұл мерзімге негізгі қорлардың заттық және техникалық іс-әрекет сипаты сәйкес келмейді, себебі, біріншісі шектеусіздеуге болса, ал екіншісі олардың қызмет

ету мерзімінің өзгеруіне байланысты. Қызмет ету мерзімі амортизациялық кезеңмен де (мөлшерлі қызмет ету мерзімі), амортизацияны санау мерзімімен де сәйкес келмеуі мүмкін. Іс жүзінде өнеркәсіптегі кұрал-жабдықтың орташа жасы оның мөлшерлі қызмет ету мерзімінен аспайды, бұл жағдай ескі құрал-жабдық үлесінің артуына себеп болады. Мұны былай түсіндіреміз: жаңа құрал-жабдықты жасап шығару көлемі техникалық жағынан ескірген құрал-жабдықты алмастыра алмайды, осыған байланысты өнеркәсіп өндірісінің тиісті аукымы мен тиімділік деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Негізгі қорларды жаңартудың төмен қарқынмен жүруінің зияндылығы - олардың тозу деңгейі жоғары болады және күрделі жөндеуге қажетті жұмыстары үлкен шығын әкеледі. Негізгі капитал элементтерінің мөлшерлі қызмет ету мерзімін анықтау көп жағдайда ұлттық экономиканы дамытудың қайта жанғыртушылық үлестерімен байланысты екенін көрсетеді. Кәсіпкерлер үшін мөлшерлі мерзім өздерінің амортизациялық және инвестициялық саясатын жүзеге асыруда нұсқаушы бағдар болып табылады, сол аркылы негізгі қорларды қайта жаңғыртуды жоспарлауда мөлшерлі қызмет ету мерзімінен оңтайлы мерзімге өтуіне мүмкіндік туғызады.

     Мөлшерлі қызмет ету мерзімі негізінде негізгі капиталдың элементтері бойынша амортизациялык мөлшері есептеледі, яғни салық салудан босатылған нақты ресурстар көлемі аныкталады, демек негізгі қорларды кайта жаңғыртудың қаржылық негізі құрылады.

     Өнеркәсіпте негізгі қорлардың амортизациялык мөлшерлері орташа немесе жекеленген түрде болады. Орташа мөлшер - бұл жалпы өнеркәсіптік кәсіпорын немесе өнеркәсіп саласы үшін бірыңғай мөлшері; жекеленген түрдегі мөлшерлер негізгі қорларды пайдалану шарты мен сипатына карай әр

түрге жеке қолданылады. Соңғысы қонымдырак болып келеді, себебі жекелеген негізгі қор түрлерінің қызмет мерзімі әр түрлі және оларды қайта жаңарту нақты еңбек құралдарымен жүргізіледі. Сонымен бірге, негізгі қорлардың тозуын дүрыс есепке алып отыру тек жекеленген түрдегі мөлшер негізінде мүмкін болмак, ал орташа мөлшерлер, өндірістік жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, жыл сайын қайта карауды қажет етеді.

     Қазіргі кезде, әдетте, жекеленген түрдегі мөлшерлер қолданылады. Орташа мөлшерлер болса, аса ірі, ауқымды өндірісті жоспарлау мен бақылауда қолданылады.

     Амортизациялық мөлшерлер машиналар мен кұрал-жабдықтардың мөлшерлі қызмет ету мерзімін және негізгі қорлардың сапалық тозуын мейлінше толық есепке алуды, сондай-ақ заттық тозған құрал-жабдықты тиімсіз күрделі жөндеуден өткізуді доғаруды қамтамасыз етуі тиіс, Амортизациялык аударым мөлшерлері тек негізгі қорларды толық калпына келтіруге арналған (яғни реновацияға). Сонымен бір уакытта, негізгі қорларды жөндеудің барлық түрі (ағымдағы, күрделі) өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындарда жоспарланатын негізгі қорларды жөндеу қызметі есебінен және өнімнің, жұмыс немесе қызмет көрсетудің өзіндік құнына қосу арқылы жүргізілуі керек. Бұл кордың қаржылары өндірістік бірлестік пен кәсіпорынның қол астында болады және ол мақсатына сай пайдаланылады.

     Заңнамаға сәйкес, меншік түріне байланысты емес барлық субъектілер негізгі корларды жұмыс күйінде ұстап тұрады және жұмсалған шығындардың барлығын (техникалык бақылау мен күтуге, ағымдағы, орта және толық жөндеу жұмыстары) өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына қосады. Жөндеу ағымдағы және күрделі жөндеу түрінде болады. Бұлайша бөлу жөндеу циклінің мерзімділігіне, жөндеу жұмысының көлеміне, күрделігіне және бағасына байланысты: ағымдағы жөндеу аралығы - бір жылдан аспау керек, күрделі жөндеу аралығы - бір жылдан кем болмауы керек. Машина мен кұрал-жабдықты күрделі жөндеу кезінде (немесе көлік құралын, агрегатты) оны толығымен бөлшектеп, тозған бөлшектерін ауыстырады немесе қалпына келтіреді, жинайды және агрегатты сынайды.

     Ғимараттар мен құрылымдарды күрделі жөндеуден өткізген кезде олардың тозған конструкциялары мен бөлшектері толығымен алмастырылады немесе едәуір берік әрі үнемді материалға ауыстырылады.

     Негізгі капиталды жөндеу жұмысы шаруашылық (субъектінің өз күшімен) және мердігерлік тәсілмен (өзге субъектілер күшімен) жүргізілуі мүмкін.

     Екі жағдайда да әрбір жөнделетін нысанға ақаулық ведомосты толтырылады. Онда орындалатын жұмыстар, жөндеудің басталу және аяқталу мерзімі, ауыстырылатын бөлшектер, оларды жасауға кететін уакыт мөлшері, әрбір бап бойынша жөндеу жұмысының құны көрсетіледі.

     Егер жөндеу шаруашылық әдіспен орындалатын болса, онда бас механиктің бөлімінде акаулық тізбелік негізінен үш данада жасалады. Біріншісі, жөндеу жүргізетін цехка, екіншісі - осы тапсырыс бойынша талдау есебін жүргізу үшін бухгалтерияға беріледі, ал үшіншісі - бас механиктің бөлімшесінде қалдырылады. Ақаулык ведомосы мен тапсырыс нөмірі негізінде коймадан қажетті материалдар, қосалкы бөлшектер, өнім жасауға арналған жұмыскер киімін алу үшін құжат толтырылады.

      Жөндеумен байланысты барлық шығындар өндірістік шығындар пайда болған кезеңдегі шығындарға қосылады.

 

 

 

 

2.2 Негізгі капиталды қайта бағалау

 

     №6 Бухгалтерлік есептеу стандартына (БЕС) сәйкес, негізгі капиталдың бастапқы құнын белгілі бір күндегі нарықтағы бағасымен сәйкес келтіру үшін нысанға кайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп тұрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілер заңмен ұштастырылған негізгі капиталдың индекстелуінің ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негізгі капиталдың құрылымы, олардың ағымдағы (нарықтық) құны мен тозу дәрежесі туралы нақты және толық мәлімет алынады. Негізгі капиталды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, табыстылығын аныктаудың экономикалық тиімді жағдайларын жасайды, сондай-ак нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды рөл атқарады. Ол негізгі капиталды белсенді түрде жаңартуға қажет инвестициялық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі капиталды кайта бағалау техникалык серпілістің дамуын есепке ала отырып, амортизациялык мөлшерлерді нақтылауға негіз бола алады. Қазіргі заман талабына сай ұдайы өндірісті жетілдіруге қажет жағдайларды жасап, негізгі капиталды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.

     Негізгі капиталды қайта бағалауды жүргізу үшін хаттама комиссиясы құрылады және бағалаушы кәсіби мамандар шақырылады, ал олар сол бағалау күніне сәйкес келетін негізгі капиталдың бағасын шығарады. Қайта бағаламастан бұрын, сол негізгі капиталды белгіленген тәртіпте түгелдейді. Негізгі капиталды кайта бағалауда олардың бастапқы құны, қызмет ету мерзімі, техникалық жағдайы кайта бағалаудың ең негізгі ақпараты болып табылады, яғни кайта бағалау кезінде олар негізге алынады.

     Шаруашылық жүргізуші субъектінің өз калауы бойынша меншігіне жататын негізгі капиталын, қоймада тұрған кондыруға арналған құрал-жабдыктарын, аяқталмаған күрделі құрылыстарын қайта бағалауға заңды түрде мүмкіндігі бар. Қайта бағаланған сомасы негізгі капиталдың ағымдағы немесе бастапқы құны артқан кезде олардың құнына қосылады. Осымен қатар, есептелген тозу сомасына да түзетулер енгізіледі.

     Инфляция жағдайында негізгі капиталды қайта бағалау негізгі капиталдың бағасын және өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнындағы амортизацияның үлесін реттеуді көздейді.

Егер бұрындары қайта  бағалауға қатыспаған негізгі капиталдың құны арзандаса (бастапқы кұны азайса), онда төмендеген кұнының сомасы шығыс, ал түзетулер енгізілген тозу сомасы жай табыс болып табылады.

     Негізгі қорлар  құрылымының өзгеру бағытын зерттеп, күрделі талдау жасау үшін және оларды іс жүзінде пайдалану тиімділігін арттыру жолдарын аныктау үшін жасалған сараптаумен қатар баска да топқа бөлу колданылады. Мысалы, негізгі қордың белсенді және енжарлы бөліктері құрылымын зерттеу көпшілік қабылдаған тәртіп. Енжарлы бөлікке, әдетте, құрылымдар, шаруашылық құрал-жабдықтар және т.с.с, ал белсенді бөлікке - машиналар мен құрал-жабдыктар, көлік құралдары, саймандар және т.б. жатады.

      Негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің көп үлес салмағы оның құрылымының озықтығын жалпылама түрде сипаттайды. Ол саланың, бірлестіктің, кәсіпорынның, цехтың, телімнің, негізгі қорлардың жалпы құнына қатысты белсенді бөлігінің (машиналар, аппараттар, аспаптар, құрал-жабдықтар және т.с.с.) пайыздык үлесін бейнелейді.

      Негізгі корлардың технологиялық құрылымы негізгі қорлардың әр түрінің белгілі бір топ ішіндегі меншікті үлес салмағын (пайызбен) сипаттайды. Мысалы, металл кескіш құрал-жабдықтар тобында жекелеген токарьлық, фрезерлік, бұрғылау, аралап кесу және т.с.с. станоктардың олардың жалпы құнына немесе жалпы көлеміне (заттық бірлікте) қатысты пайыздық үлесін анықтауы мүмкін.

      Құрал-жабдықтың технологиялық құрылымын тереңірек талдау максатында баска көрсеткіштер де қолданылуы мүмкін, мысалы: құрал-жабдыктың озық топтарының үлес салмағы, толассыз желілерде орнатылған құрал-жабдықтардың үлес салмағы және т.б. секілді.

      Құрал-жабдықтың озық топтарының (жинақ) меншікті үлесі оның теңдестік құнының немесе бірлік санының (арнайы, автоматты, бағдарламалық басқарылатын және т.б. топты) цех, кәсіпорын, бірлестік немесе саланың осы құрал-жабдық түрінің бүкіл паркінің құнына (немесе санына) қатынасын сипаттайды. Толассыз желілерде орнатылған құрал-жабдықтың меншікті үлес салмағы толассыз желіге біріктірілген құрал- жабдық бірлігінің осы құрал-жабдық түрінің цех, кәсіпорын, бірлестік немесе сала ішіндегі жалпы паркіне қатынасымен сипатталады.

       Негізгі қорлардың жұмыс істеу мерзімінің құрылымы негізгі қорлардың әр түрлі жүмыс істеу мерзімі бойынша айырмашылығы бар топтардың жалпы құнына шақкандағы меншікті үлесімен (пайызымен) сипатталады (ал бір түрлі

корлар үшін - олардың  табиғи көрінісін көрсететін жалпы санымен). Мысалы, станок, ұсталық-престеу құрал-жабдығы немесе басқа да машиналардың меншікті үлес салмағы келесі құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін 5 жылға дейінгі, 5 жылдан 10 жылға дейінгі, 10 жылдан 20 жылға дейінгі және 20 жылдан жоғары деп топтау арқылы аныкталуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          ҚОРЫТЫНДЫ

 

     Негізгі капиталды тиімді пайдалану - кәсіпорынға түсетін пайданы арттырудың маңызды шарты болып табылады. Негізгі капиталды барынша толық пайдалану өндіріс көлемін арттыра отырып, жаңа өндіріс қуаттарын жаңартуға деген кажеттілікті төмендетуге алып келеді, демек кәсіпорынның пайданы одан әрі дұрыс пайдалануына әкеліп соқтырады (тұтыну қорына пайдадан түсетін төлемдер үлесі артады, жинақтау қорының едәуір бөлігі өндірісті механикаландыру мен басқаруды автоматтандыруға және т.с.с бағытталады).

       Негізгі қорларды пайдалану жағдайы мен дәрежесі өндірістің техникалық деңгейін, оның даму қарқыны мен ауқымын, оның тиімділігін көрсетеді. Негізгі қорлардың тиімділігі белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемімен немесе негізгі қорлар кайтарымымен анықталады.

      Негізгі корларды өндірісте пайдалану тиімділігі бірқатар факторларға байланысты:

- біріншіден, кәсіпорынның негізгі қорларының жалпы құнындағы белсенді бөлігінің меншікті үлес салмағына, яғни олардың құрылымына, себебі өнім өндіруді тікелей осы белсенді бөлік қамтамасыз етеді;

- екіншіден, қайсыбір  машина, құрал-жабдық түрін қолдану дұрыстығын анықтайтын бастапқы сапалық сипаттамаларына (сенімділігі, ұзақ мерзімділігі, автоматтандыру мен жөндеуге ыңғайлығы, түзілісінің жетілу дәрежелері, бірлік куаты);

- үшшшіден, кәсіпорындағы  негізгі корлардың күйіне негізгі капиталды тиімді пайдалану - кәсіпорынға түсетін пайданы арттырудың маңызды шарты болып табылады. Негізгі капиталды барынша толық пайдалану өндіріс көлемін арттыра отырып, жаңа өндіріс қуаттарын жаңартуға деген қажеттілікті төмендетуге алып келеді, демек кәсіпорынның пайданы одан әрі дұрыс пайдалануына әкеліп соқтырады (тұтыну корына пайдадан түсетін төлемдер үлесі артады, жинақтау қорының едәуір бөлігі өндірісті механикаландыру мен басқаруды автоматтандыруға және т.с.с бағытталады). Негізгі қорларды пайдалану жағдайы мен дәрежесі өндірістің техникалық деңгейін, оның даму қарқыны мен ауқымын, оның тиімділігін көрсетеді. Негізгі қорлардың тиімділігі белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемімен немесе негізгі қорлар қайтарымымен анықталады. Негізгі корларды өндірісте пайдалану тиімділігі бірқатар факторларға байланысты:

Информация о работе Негізгі өндіріс қоры және қуаттылығы