Негізгі өндіріс қоры және қуаттылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 17:15, курсовая работа

Краткое описание

Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі өндіріс қоры - ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз. Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады. Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
І. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ................8
1.1 Өндірістік негізгі қорлардың саралануы......................................................12
1.2 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі...................................16
1.3 Негізгі капиталдың тозу түрлері...................................................................18
ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІ.................................................20
2.1 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары..........23
2.2 Негізгі капиталды қайта бағалау...................................................................28
.
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құндыз отчёт.docx

— 98.03 Кб (Скачать документ)

- жер телімдері бойынша  меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы - актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін ресімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді максатты пайдалануға (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу және т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;

- құрастыруды және орналастыруды  қажет ететін немесе қажет етпейтін сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша сатып алу құны, тасымалдау, соның ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын және т.б. тексеру мақсатымен өткізілетін сынақтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды құрастыру кезінде болған ақауды жөндеуге кеткен ағымдағы шығындарды қоса есептеген деп жөндеу құны. Егер негізгі капитал несие аркылы сатып алынған болса, онда төленген пайыздар ағымдағы шығыстар болып табылады да, нысанның бастапқы құнына қосылады;

- үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезіндегі құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен тетіктерінің жұмысы, жұмыскерлердің еңбекақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметтің төлемі, құрылысты салу кезінде сактандыруға жұмсалатын төлемдер, құрылыс салу кезінде берілген несие бойынша пайыздар, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын төлемдер, жобалык-сметалық құжаттардың құны және т.б. құрылыс бойынша жұмсалған шығындардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;

- жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде оларды өз орнымен пайдалануды есепке алу барысында бұл нысандардың бастапкы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер тек жер ғана пай-

далануға арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары және т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек құнға шектеулер қойылмайды, ал жер сатып алынған нысанға жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыннан нысанды бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді;

- мердігерлік әдіспен  тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша, нысанды тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар қосылады, егер де оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;

- өздерінің келісілген бағасы бойынша кұрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі капитал;

- субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі капитал бойынша, сатып алуға жұмсалған шығындардың накты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған нысандардың (алушының құрал-жабдықтарды орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасы қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығындар;

- тегін алынған негізгі капиталдың нысандары бойынша құжаттарда көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беруге, орналастыруға кеткен шығындарды қоса есептегенде);

- айырбас операциясы нәтижесінде алынған нысандардың бастапқы құны негізгі капиталдың ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі капиталдың ағымдағы құнына сәйкес алынған (берілген) ақша қаражатының сомасына тең болады. Айырбастауға пайдаланылатын нысандар қатарына әр түрлі мақсатқа арналған нысандар да жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі капитал: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған нысан сатылған нысанның құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай түскен сомасы ескеріледі;

- жас малдарды негізгі табынға аударған кездегі малды өсірудің нақты өзіндік құны;

- негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша - жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шықкан шығындар және сатып алумен байланысты баска да шығындар;

- жас өсімдіктер бойынша - өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейін) накты шығындар;

- толық төленген және ұзак мерзімге жалға алынған негізгі капитал бойынша олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;

- жерді жақсартуға жұмсалған  күрделі шығындар бойынша, яғни жүргізілген жұмыс бойынша шыққан накты шығындар.

     Негізгі капиталдың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін, қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі капиталдың жарым-жартылай қалдығы, нысанды бұзу негізгі капиталдың жағдайына әсер ететін болса, онда пайдалы қызмет ету мерзімі қыскартылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Негізгі капиталдың ағымдағы құны - бұл негізгі қорлардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

     Негізгі капиталдың қалпына келтіру құны ұдайы өндіріс жағдайында қызмет жасап жатқан ұқсас негізгі капитал нысанының құнымен анықталады, яғни сәйкес негізгі капитал түрлері үшін осы күні аныкталған нарықтық баға қайта бағалау жолымен табылады.

     Негізгі қорларды қайта бағалау (индексациялау) оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні жасауға кететін құнына байланысты аныкталады. Бұл негізгі капиталдың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі капиталды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап оларды теңдестікті

қалпына келтіру құнымен есептейді.

     Негізгі капиталдың теңдестік құны негізгі капиталдың бастапкы немесе ағымдағы құнынан жинақталған амортизация мөлшерін алып тастағандағы қалған құн.

     Кәсіпорын теңдестігінде қайта бағалау жүргізілгенге дейін негізгі қорлар бастапқы құны бойынша, ал қайта бағалаудан соң қалпына келтіру құны бойынша есепке алынады. Сол себепті бастапқы (қалпына келтіру) құнды теңдестік құны деп атайды. Бұл әдіс әр жылдары жасалған негізгі капиталдың бірдей элементтерін бағалауда біртұтас үлгі ретінде қолданылатындықтан, оның «аралас құнға» қатысты бастапқы құны бағалау әдісінің кемшілігін жояды. Сонымен қатар, негізгі қорларды толық қайта бағалауды реформалауды ұлттық экономика шеңберінде қолданылған әдістеме бойынша жүргізу белгілі бір қиындықты туғызды. Себебі ол үшін негізгі капиталдың барлық элементтерін кешенді түрде қайта бағалап шығу мен олардың сапалық

мінездемелерін ескеріп  отыру қажет, ал бұл едәуір уақыт пен қаржы шығындарын талап етеді. 1998 жылға дейін бағаның ұдайы өзгеруіне байланысты ҚР Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 24 қазандағы №1178 қаулысына сәйкес жыл сайын негізгі капиталды қайта бағалау немесе индекстеу жүргізіліп келді. Негізгі капиталды индекстеуге арналған бастапқы мәлімет ретінде 1 қазандағы хаттамалау нәтижесі бойынша анықталған теңдестік құны мен кәсіпорынның көтерме бағасының орташа салалық индексіне сәйкес есептелген негізгі капитал (қорлар) құнының ұлғаю коэффициенті алынған. Бұл коэффициента Ұлттық статистикалық комитет департаменті бекіткен. Қазіргі таңда қорларды кайта бағалау жүргізілмейді.

     Негізгі капиталдың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі капиталды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады. Негізгі капиталдың қалдық құны - негізгі капиталдың пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және т.б. пайдалануға болатындарының) құнынан нысанды есептеп шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау аркылы анықталады.

     Негізгі капиталдың амортизациялық кұны - негізгі капиталдың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылық, ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы

кезеңіне субъектінің шығысы ретінде бөлінеді. Бұл кезде:

- пайдалы кезең қызметі  - бұл мерзім ішінде негізгі капиталы пайдаланудан экономикалық олжа алуды топшылайды;

- нормативтік қызмет кезеңі - бұл мерзім ішінде белгіленген  мөлшерге сәйкес кәсіпорын негізгі  капиталдың тозуын есептейді.

 

2.1 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары

 

     Негізгі капиталдың ұдайы өндірісін дамытып, инвестициялық және инновациялық әлеуетін өсіре түсу үшін кәсіпорын қажетті қаржы ресурстарының көлемін өзінің қолында шоғырландыра алуы керек.

     Жалпы түрде алғанда, кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық әлеуеті бірқатар қағидалық шарттармен анықталады:

- салық салу жүйесінің  тиімділігімен;

- амортизациялық аударымдар  шамасымен;

- несие ресурстарына қол  жетерлік мүмкіншілігімен;

- құнды қағаздар нарығының даму деңгейімен.

     Пайдамен бірге амортизация негізгі капиталды ұдайы дамыту өндірісінің маңызды көзі болып табылады. Осыған байланысты амортизацияның экономикалық болмысын қарастырған орынды.

     Жоғарыда айтылып өткендей, негізгі қорлар көптеген өндірістік циклдің ұзақ уакыт кезеңі бойынша әрекет етеді. Пайдалану үдерісінде негізгі қорлар тозады, бұл дегеніміз экономикалық тілмен айтқанда, құнын жоғалтады (дегенмен, әдетте өзінің табиғи қалпын сақтап қалады). Тозу дегеніміз - бұл заттық және сапалық сипаттамаларды жоғалту үдерісі. Заттык тозу негізгі капиталды пайдаланудың және сыртқы факторлардың әсер етуінің нәтижесі болып табылады. Сапалық тозу кезінде активтер қазіргі заманғы ғылым мен техника талаптарына сәйкес келмейді.

     Негізгі корлардың тозуының орнын толтыру оның жоғалткан құнын дайындалатын өнім құнына қосу жолымен жүзеге асырылады.

     Негізгі капитал өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жанадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс амортизация деп аталады. Амортизация (латынның "өтеу" деген сөзінен шықкан) - тозудың құндық көрінісін білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарылып отырады, яғни негізгі капиталдың тозуына байланысты құнның кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады. Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі капиталдың бастапкы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық өнімнің өзіндік құнына қосылатын сомасы.

     Амортизация ұдайы өндірісте негізгі қорлардың тозу орнын толтыру үшін қаржы жинақтау түрін білдіреді. Амортизацияның міндеті - негізгі қорлардың тозу орнын толтыруға байланысты амортизациялык кор оның орнын толтыру құнына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, амортизация өндірісті бұрынғы қалпында ұстап тұратын жай ұдайы өндіріс көзі болып табылады. Бірақ, амортизациялық аударымдар негізгі қорлар қызметін аяқтаған соң ғана қалпына келтіруге жұмсалады. Сол себепті, осы кезең ішінде көрсетілген төлемдер резервтік қор түрінде сақталып, толығымен тозған еңбек құралдары табиғи түрде қалпына келтіруді қажет еткенше тұрады. Бұл уакыт жеткенге дейін машиналар құны резервпен акша қоры түрінде жинала береді. Демек, амортизациялық қордын өзі жинақтау көзі болып табылады.

      Амортизация ұдайы даму өндірісінің көзі болып та табылады, себебі біріншіден, уакыт өте келе еңбек құралдарын жасау жөніндегі еңбек өнімділігі арта түседі де негізгі корлар арзандайды, екіншіден, техникалық серпілістің нәтижесінде еңбек құралдары жаңа, едәуір жетілдірілген техникаға алмастырылады, үшіншіден, қайсыбір негізгі қор түрінің қызмет мерзімі біткенге дейін жинакталып жаткан амортизациялық қор айналымға түсіп, жаңа құн жасалынады.

     Бірақ, амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға құрылғандықтан, оның сомалык мөлшері қор құнынан аспауы тиіс (кейбір авторлар талабына сәйкес). Бұл жерде мынадай сауал туындайды: "Амортизацияны қалай жүзеге асыру қажет - бастапқы құн бойынша ма, әлде

қалпына келтіру құнына сәйкес пе?" Теориялық жағынан, амортизацияны қалпына келтіру құны бойынша жүргізу қажет, өйткені негізгі қорлар, ұзақ уақыт бойы техникалық серпілістің ықпалына түсе отырып, өзінің кұнын өзгертеді. Ал бұл жағдайда, негізгі қорлардың кең көлемде ұдайы даму өндірісінің мүмкіндігі кемиді және ең бастысы, оларды жыл сайын қайта бағалап отыру қажет болады. Сондықтан, негізгі қорлар бастапқы құны бойынша амортизацияланады. Сондай-ақ, амортизация өндірістік үдеріске қатысу сипатына байланысты емес, өнеркәсіп саласы мен кәсіпорын теңдестігінде тіркелген барлық негізгі қорларға жүргізілетіндігін есте сақтаған дұрыс.

     Амортизациялық қорды дәл санау үшін амортизациялық мөлшердің негізделінген жүйесі қажет. Амортизациялық мөлшер деп негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызын айтады. Бұл мөлшерлер экономикалық тұрғыда негізделген, мемлекет деңгейінде бекітілген болуы тиіс және біртұтас әдістемелік есептеу қағидаларына сүйенуі керек. Техникалық серпілістің, негізгі қорларды пайдалану шарттарының өзгеруіне қарай амортизациялық мөлшер де жүйелі түрде қайта қаралып отыруы тиіс.

     Нақты амортизациялық мөлшерді бекітуде еңбек кұралдарына негізделген қызмет ету мерзімін анықтау аса маңызды, әрі күрделі жағдай туғызып отыр. Ең алдымен, негізгі қорлардың жекелеген түрлерінің өзгеріс беталысы туралы түсінік алу үшін олардың нақты кызмет еткен мерзімін статистикалық әдіспен анықтау қажет. Бұл әдістердің, әсіресе негізінен заттық тозу факторымен анықталатын ғимараттар мен құрылымдардың қызмет ету мерзімін анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ негізгі қорларды қайта бағалау құжаттарын пайдалануға болады. Сарапшылық жолмен тозу пайызы мен қалдық қызмет мерзімі анықталып, соның негізінде толық қызмет ету мерзімі табылады. Бірақ бұл әдіс әр кісінің пікіріне байланысты, әрі сапалық тозуды ескермейді.

     Негізгі қорлардың қызмет еткен мерзімін толық жөндеуге жұмсалған шығындарға сүйене отырып анықтау әдісі де назар аударарлық, яғни еңбек құралы оны толық жөндеуден өткізу шығыны бастапқы құнынан асып түскенге (жеткенге) дейін қызмет етеді. Бұл әдіс мейлінше шындыкқа жақын

Информация о работе Негізгі өндіріс қоры және қуаттылығы