Негізгі өндіріс қоры және қуаттылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 17:15, курсовая работа

Краткое описание

Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі өндіріс қоры - ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз. Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады. Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
І. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ................8
1.1 Өндірістік негізгі қорлардың саралануы......................................................12
1.2 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі...................................16
1.3 Негізгі капиталдың тозу түрлері...................................................................18
ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІ.................................................20
2.1 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары..........23
2.2 Негізгі капиталды қайта бағалау...................................................................28
.
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құндыз отчёт.docx

— 98.03 Кб (Скачать документ)

а) күш беретін машиналар  мен жабдықтар;

э) жұмысшы машиналар мен  жабдықтар;

б) өлшеуіш және реттеуіш аспаптар мен қондырғылар және зертханалық жабдықтар;

в) есептеу техникасы;

г) басқа машиналар мен  жабдықтар.

- күш беретін машиналар  мен құрал-жабдықтар тобына электр және жылу энергияларын өндіруге пайдаланылатын генератор-машиналар, сондай-ақ әр түрлі энергия түрлерін (жел, жылу, су, электр энергиясын және т.с.с.) қозғалыс энергиясына, яғни механикалық энергияға түрлендіруге пайдаланылатын барлық қозғалтқыш машиналар жатады. Аталған топка өнеркәсіптің барлық саласындағы бу машиналары мен қазандықтар, локомобильдер, турбинаның барлық түрі, атомдық реакторлар, электр қозғалтқыштар мен электр генераторлар, іштен жану қозғалтқыштары, тракторлар және өз бетінше жүретін шасси, энергопоездар мен жылжымалы электр стансалары, электр аппараттары мен күш трансформаторлары, түзеткіштер және т.с.с. құрал-жабдықтар кіреді;

- жұмысшы машиналар мен жабдықтар тобына жұмысшы машиналардың, агрегаттар мен құрал-жабдықтардың өнім өндіруде немесе өндірістік сипаттағы қызмет көрсетуді орындау кезінде еңбек заттарына механикалық, химиялық және жоғары температурада әсер етуге арналған, өндіріс үдерісінде еңбек заттарын қозғалтқыштар, адам немесе малдың күшімен қозғалтуға арналған (конвейер, траулерлер, көтергіштер, крандар) барлық түрі жатады;

- өлшеуіш және реттеуіш  аспаптар мен құрылғылар және зертханалық жабдықтар тобына барлык түрдегі диаметр, аудан, қалыңдық, салмақ, қысым, уакыт, қуат, кернеу және т.с.с. өлшеулерді жүргізуге арналған әр түрлі аспаптар мен құралдар, электрлі, пневматикалық және гидравликалық реттеу құрылғылары, автоматты басқару, бақылау және дабыл беру пульттері, сондай-ақ зауыт және ғылыми-зерттеу зертханаларының қондырғылары мен құрал-жабдықтары кіреді; есептеу техникасының тобына әр түрлі ЭЕМ-дар, басқару, аналогтық және сандық есептеу машиналар мен құрылғылар, акпарат жинау, белгілеу және беріліске арналған көмекші жабдықтар кіреді; өзге машиналар мен жабдықтар тобына машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдықтар (телефон стансаларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) жаткызылады;

- көлік құралдарына адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған әр түрлі құралдар жатады, яғни теміржол, теңіз, өзен, әуе жолдары және зауытішілік көліктің (вагонеткалар, тепловоздар, вагондар, платформалар, мотоциклдер, велосипедтер және т.с.с) барлық түрінің жылжымалы құрамдары кіреді. Бұған өндірістік құрал-жабдықтар қатарына енгізілген конвейер, транспортер секілді құралдар жатпайды. Көлік құралдарына, сондай-ақ, магистральды мұнай-газ құбырлары, құбыр өткізгіштер және оның тармақтары, яғни сұйык және газ тәрізді заттарды тасымалдау құралдары да кіреді; құрал-сайман, өндірістік және шаруашылық заттар тобына барлық қолмен атқаратын және механикаландырылған құралдар кіреді: кескіш, соқкыш, жаншу құралдары, нығыздаушы және т.с.с, соған қоса, еңбек заттарын өңдеуге, бекітуге, құруға және т.б. арналған әр түрлі құралдар жатады. Осы топқа қызмет мерзімі бір жылдан асатын саймандар мен құралдар жатқызылады;

- өндірістік мүлік және соған жататын заттар тобына өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар, еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар, сұйық, сусымалы және материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар, өндірістік қажеті бар басқа да заттар жатады;

- шаруашылық мүлікке кеңселік және шаруашылық мақсатта ұсталатын заттар кіреді (шкафтар, үстелдер, ілгіштер, сейфтер, көбейткіш және көшірме құрылғылар, әр түрлі шаруашылық және өртке қарсы саймандар);

- жұмысшы және өнім беретін малға - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін малға - ірі кара мал, асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер, бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошкарлар жатады; көпжылдық өсімдіктер мен көшеттерге колдан егілген, көпжылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көпжылдық түрлері, раушан гүл өсіретін жер телімдері, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) жатады. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер қыртысын жақсарту шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер телімдерін жоспарлау, егін егу үшін жерді өңдеу, егіс даласын тастардан тазалау, бұталардан тазарту, су қоймаларын тазалау);

- басқа да негізгі қорлар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

 

1.2 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі

 

     Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі ресурстарды жаңарту туралы жалпы стратегияның бір бөлігі болып табылады. Бұл стратегияның негізінде қолданылатын өндірістік ресурстарды бір қалыпты жағдайда ұстап түру қағидасы жатыр. Бұл қағида жөндеу, жаңғырту жэне қайта қүру арқылы негізгі капиталды қалпына келтіруді қарастырады. Бұл жұмыстарды жүргізу стратегиясын белгілегенде кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін еске ала отырып, ықтималды инвестициялық жобаларды оңтайлы қалыптастырып қана анықтауға және талдауға болады. Жаңа құрылыс салу, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта құру арқылы кәсіпорынға тиісті негізгі капиталдың ұдайы өндірісін әр түрлі жолмен жүргізуге болады. Егер жүргізілген жаңғырту және қайта құру жұмыстары арқылы қызмет (тиімді пайдалану мерзімі, қуаты, пайдалану сапасы) керсетудің қабылданған нормативтері жақсарса, онда негізгі капиталдың бастапқы құны жоғарылайды. Жаңа құрылыс - бұл жаңа аудандағы өндірістің кеңею үдерісі. Кәсіпорынды ұлғайту - жұмыс атқарып жатқан кәсіпорында қосымша өндірісті құру, жаңа цехты салу немесе бар цехты кеңейту. Қайта құру - техниканы жаңартуда негізгі капитиалдың енжарлық бөлігін қайта қалыптастыруды қамтамасыз ететін үдеріс. Қайта құру үдерісі кезінде кәсіпорынның өндірістік ресурстарына айтарлықтай өзгерістер енгізілуі мүмкін. Техникалық қайта жабдықтау – жаңа техниканың негізінде өндірісті әбден жетілдіру үдерісі. Осы арқылы өндірістің техникалық деңгейі айтарлықтай жоғарылайды және өндірістік іс-әрекеттің экономикалық

нәтижесі түпкілікті өрлейді. Техникалық деңгей қолданылып жүрген әдістер мен еңбек құралдарын жетілдіру дәрежесін сипаттайды. Егер ресурстарды жаңарту кезінде бар құралдар табиғи тозған негізгі капиталды ауыстыруға жұмсалса, онда оны техникалық жаңғырту деп атаймыз, себебі ол тиімділіктің айтарлықтай жоғарылауына алып келмейді. Бұл жағдайда әңгіме тек жай ұдайы өндіріс үдерісі жайлы болады. Егер жаңарту кезінде қосымша өндірістік қуат жасалса және өндіріс үдерісінде сапалы өзгерістер орын алса, онда оны кеңейтілген ұдайы өндіріс деп атауға болады.

     Қайта жаңғыртудың артықшылығы. Өнеркәсіптегі негізгі қорлардың ұдайы даму өндірісінің басты әрі маңызды көзі - бұл өндіріске күрделі салым жасау. Негізгі қорлардың жай және ұдайы даму өндірісінің бірнеше түрлері болады. Жай (қарапайым) үдайы өндірістің түрі - ескірген негізгі қорларды алмастыру және толық жөндеуден өткізу. Ұдайы даму өндірісі жаңа құрылыс салу, колданыстағы фирманы кеңейту, оларды қайта қалпына келтіру немесе техникалық қайта жарақтандыру, құрал-жабдықты жетілдіру арқылы іске асырылады. Бұл түрлердің әркайсысы белгілі бір міндеттерді аткарады және олардың өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

     Жаңа құрылыс салу есебінен жаңа кәсіпорындар іске қосылады, өндіргіш күштерді ел аумағына дұрыс, тиімді орналастыру міндеті шешіледі. Жаңадан құрылыс салуда техникалық серпілістің жаңа жетістіктерін, кешенді жобалауды пайдалануға болады, бірақ мұның барлығы негізгі қорлардың белсенді және енжарлы бөліктерін құруға көп уакыт пен едәуір қаржыны қажет етеді. Қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірісті кеңейтудің барлық мүмкін жолдары болмаған жағдайда ғана жаңа құрылысқа кіріскен жөн. Ескі құрал-жабдықты жаңарту немесе ауыстырудың өзі өндірістің едәуір ұлғаюына себепші болады.

     Қайта жаңғыртудың артықшылығы - мұнда күрделі шығындардың ескі өндірістік ғимараттар мен құрылымдарды пайдалана отырып, ең алдымен, негізгі кордың белсенді бөлігін кеңейтуге жұмсалуы. Құрал-жабдықка жұмсалған қаржы үлесін арттыру бұрынғы күрделі салымдар көлемін сақтай отырып өндіріс өсімін арттыруға және соның негізінде еңбек өнімділігін жоғарылатып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, кей жағдайларда фирманың жекелеген бөлімшелерінің жұмысын тоқтатуға тура келеді, бұл болса фирманың қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Негізгі қорлардың ұдайы даму өндірісінің тағы бір түрі құрал-жабдықты жетілдіру болып саналады. Бұл жағдайда құрал-жабдықтың екінші дәрежелі сапалық тозуын толығымен немесе ішінара жоюға және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін неғұрлым озық конструкциялы ұксас құрал-жабдықтың деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік туады. Құрал-жабдықты жетілдіру бірнеше бағытта жүруі мүмкін: қолданыстағы машиналардың конструкциясын жетілдіру жолымен, оның техникалық сипаттамалары мен мүмкіндіктерін арттыру; станоктар мен тетіктердің жұмыс істеу ретінің сипаттамалары мен техникалық мүмкіндіктеріне сай механикаландыру және автоматтандыру; құрал-жабдықты бағдарламалық баскаруға көшіру.

     Құрал-жабдықты жетілдіру нәтижесінде жылдық өндіріс көлемі өсіп, өнімнің өзіндік құны төмендейтін болса, онда ол экономикалық жағынан тиімді деп есептеледі. Бұл кезде өндіріс табыстылығы да жоғарылауы қажет. Егер жетілдіруге жұмсалған шығынның нәтижесінде пайданың салыстырмалы

өсімі өндірістік қорлардың құнынан жоғары болатын болса, онда соңғы нәтижеге кол жеткізуге болады.

 

1.3 Негізгі капиталдың тозу түрлері

 

     Негізгі капитал өндіріс үдерісіне қатысуы мен пайдалану жылы ұлғайған сайын, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану үдерісінде біртіндеп тозады, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай калады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі капитал сатып алуға тура келеді.

     Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (заман талабына сай келмеуі). Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс үдерісіне қатысуы нәтижесінде және негізгі капиталдың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстардың салдарынан, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) болады.

     Негізгі капиталдың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуынан, яғни негізгі капиталдың ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмеуінен туындайды. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі капиталдың ұқсас түрінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, паидаланылудағы негізгі капитал өз кұнының белгілі бір бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұкымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі капиталды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.

     Негізгі капиталдың сапалык тозуы мынадай факторлар аркылы анықталады: өндірістегі құрал-жабдықтарды жанартуда жаңалыктар ендіру (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық үдерісті жетілдіру: жаңа технологияны қолданған кезде пайдаланылатын машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып қалады; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартканда ескі машиналар мен құрал-жабдыктар жарамсыз болып танылады; жұмысшы күшінің еңбекпен қамтылуындағы, жұмыскерлер біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру аумағындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен құрал-жабдықтар санының азаюын талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіруші салаларында өндіріс көлемінің қыскаруына әкеліп соқтыруы мүмкін.

     Негізгі капиталдың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық серпіліске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбекөнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын өнімді, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі капиталдың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі капиталдың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдайда ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (пайдаланылған) машиналар мен көліктердің, құрал-саймандардың, тағы да басқа негізгі капиталдың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі капиталды сатып алу тиімді болады. Негізгі капиталдың сапалық тозуының екінші себебі - ғылыми-техникалық өркендеумен байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары, әрі тиімді негізгі капиталдың пайда болуы. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі капиталдың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген, үнемді негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құрал-жабдықтардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрын пайдаланылып келген негізгі капиталдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады. Сапалық тозу әсерінің нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдық нысандары жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Сапалық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдық нысандары қайта құрылып, жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІ

 

     Негізгі қорларды жаңарту олардың табиғи көрсеткіші мен ақшалай түрдегі құрылымына, сонымен қатар саралануына сәйкес жоспарланады. Негізгі қорларды пайдалану және оларды есепке алу үдерісін басқарудағы қажетті шарт - оларды бағалау қағидасының тұтастығымен қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімінің ұзақтығына, оның біртіндеп тозуына және ұдайы өндірістің өзгеріп тұруына байланысты негізгі қорлардың құнын бағалаудың келесі әдістері қолданылады:

- бастапқы құны бойынша;

- ағымдағы құны бойынша;

- теңдестік құны бойынша;

- сатылу (келісілген) құны  бойынша;

- қалдық құны бойынша.

     Негізгі қорлардың бастапқы құны дегеніміз - бұл негізгі капиталды салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмсалған кез келген шығындардың жиынтығы. Негізгі капиталды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар негізгі капиталдың бастапқы құнына кіргізілмейді, ол ағымдағы кезең шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі капиталдың бастапқы құны мынадай жолмен аныкталады:

Информация о работе Негізгі өндіріс қоры және қуаттылығы