Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 17:15, курсовая работа
Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі өндіріс қоры - ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз. Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады. Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес.
КІРІСПЕ...................................................................................................................4
І. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ................8
1.1 Өндірістік негізгі қорлардың саралануы......................................................12
1.2 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі...................................16
1.3 Негізгі капиталдың тозу түрлері...................................................................18
ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІ.................................................20
2.1 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары..........23
2.2 Негізгі капиталды қайта бағалау...................................................................28
.
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................33
Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі өндіріс қоры(капиталы) - ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз. Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.
Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне, осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым болып бөлінеді. Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі өндіріс коры – өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс қоры - бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын - машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және койма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей катыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) - өндірістік емес қорларға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік кұрылымға кіретін – тұрғын үй қоры, мәдени - тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен кұрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі өндіріс
қоры төмендегідей болып бөлінеді:
1. Өндіріс ғимараттары
2. Ірі кұрылыстар
3. Беріліс қондырғылар
4. Күш машиналары мен жабдықтар
5. Жұмыс машиналары және жабдықтар
6. Өлшеуіш және реттеуші приборлардың барлық түрлері, зертханалық жабдықтар
7. Шаруашылық және өндіріс инвентарлары
8. Инструменттер, аспаптар
9. Көлік машиналары
10. Басқадай негізгі қорлар түрлері.
Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі кұрылымын көрсетеді. Негізгі өңдіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады. Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін — ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі өндіріс қорының бөлігін — енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгілі бөлігі өндіріс
бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс корларын - белсенді бөлігіне жатқызады.
Өндірісте негізгі қордың белсенді бөлігінің құны арқылы кәсіпорыннның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік көрсеткіштері жоғарлап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады. Негізгі өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарлағанда, сонымен бірге негізгі өндіріс қорының өндіріс қуаттылығын аныктағанда табиғи және құн (ақшадай) түрдегі көрсеткіштері қолданылады. Жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар бухгалтерлік есепте олардың баланстық құны бойынша көрсетіледі.
Негізгі өндіріс қорлары төмендегідей бағаланады:
• бастапқы құны бойынша, оған қорға ие болғандағы құны, оны жеткізу және құрастырып орналастыру шығындары кіреді;
• қалпына келтіру құны бойынша, яғни оған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесіндегі құны жатады;
• қалдық құны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе қалпына келтірілген құнның тозу құнының айырмашылығымен аныкталады.
Негізгі өндіріс қорының ұзақ уақыт жұмысқа қатысу үрдісінде немесе жұмысқа катыспай тұруынан тозып, өзінің пайдалы қасиетінен айырылып, яғни табиғи және сапалы тозуға душар болады. Табиғи тозу - негізгі өндіріс қорларын өндірісте ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуын және тозуын айтады. Тозудың бұл түрі пайдаланудың және табиғаттың әсерінен болуы мүмкін.
Сапалы тозу - негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндіріс үрдісінен шығып қалуы. Ғылыми-техникалық прогрестің даму әсерінен кәсіпорындағы техникалар мен жабдықтар көп жағдайда сапалық тозуға ұшырайды. Сапалық тозу табиғи тозуға қарағанда тозуы ерте келеді, ондағы техниканы әліде болса өндірісте қолдануға болады, бірақ оны қолдану
экономикалық жағынан алғанда тиімсіз. Сапалық тозуға көбінесе машина, техника және жабдықтар ұшырайды. Сапалық тозудың екі түрі ажыратылады. Сапалық тозудың бірінші түрі — баланстық және қалпына келтіру құндарының ара қатынысы негізінде анықталады. Сапалық тозудың екінші түрі - көбінесе ескі және жаңа жабдықтардың өнімділігін салыстыру арқылы анықталады.
Амортизация - негізгі өндіріс қорының өндірісте қолдануына сәйкес оның тозуын жыл сайын өнім құнына өндірілген өнімге (өзіндік құнына) өзінің ақшадай көшіріп отыратынын айтқанбыз. Негізгі қордың табиғи және сапалық тозу құнын экономикалық орнын толтыру амортизациялық көшірім арқылы шыққан шығынды өндірілген өнімге аударьш отыруымен көрініс алады. Сонымен, амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндіріс қорының құнын біртіндеп көшіруін айтамыз. Амортизациялық көшірім - кәсіпорын балансындағы тұрған негізгі өндіріс қорлардың топтағы немесе жабдықтар объектісінің баланстық құны бойынша белгіленген мөлшерінде кәсіпорынның
көшіріп отыруын айтамыз. Амортизация мөлшері — белгіленген негізгі қорлардың жылдық пайыздық өтелу және жыл сайынғы амортизациялық көшірім сомасы. Былайша айтқанда, амортизация мөлшері дегеніміз бұл жылдық амортизациялық көшірім сомасының негізгі өндіріс қорлар кұнына қатынасы, пайызбен көрсетіледі.
Экономикалық талдауда, есепте және жоспарлауда біріншіден еңбек құралдарының қозғалысын және жағдайын, екіншіден оларды дұрыс пайдалану тиімділігін анықтау үшін көптеген көрсеткіштер жүйесін қолданады. Оларды екі топқа бөлуге болады: жинақтаушы және жеке көрсеткіштер. Негізгі өндіріс қорының қолдану деңгейінің тиімділігін айқындайтын негізгі бір жинақтаушы көрсеткіш - қорқайтарымдылық. Қорқайтарымдылық дегеніміз жалпы өнім кұнының негізгі өндірістік қордың ортажылдық құнына қатынасы. Қорқайтарымдылық көрсеткішінің кері катынасы өнімнің қорсиымдылығын көрсетеді: Қорсиымдылық көрсеткіші дегеніміз негізгі өндіріс қорының орта жылдық құнының жалпы өнім құнына қатынасы.
Негізгі өндіріс қорының белсенді бөлігін қолдану деңгейін тікелей сипаттайтын және өндіріс қуаттылығын, сонымен бірге оларды пайдалану мүмкіндігін жақсартатын жеке көрсеткіштеріне жататыны:
а) жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті коэффициенті - негізгі өндіріс қорының белсенді бөлімін пайдалану деңгейін уакытпен сипаттайтын көрсеткіш, немесе жабдықтардың нақты істеген жұмыс сағат санының, жоспар бойынша оның жұмыс сағат санына қатынасымен анықталады. Өндірісте негізгі қорды пайдаланудың экстенсивті тобында төмендегідей коэффициенттерді колданады:
• жабдықтарды алмастыру коэффициенті;
• жабдықтарды жүктеу коэффициенті;
• жабдықтардың жұмыс тәртібінің алмасуын пайдалану коэффициенті.
б) жабдықтарды пайдалануда интенс
Кәсіпорынның өндіріс куаттылығы деп белгілі бір уақыт бірлігінде өндіріс жабдықтарын, өндіріс алаңын, инновациялық технологияны қолдана отырып, еңбекті ұйымдастыруды тиімді және өндірісте өнім сапасын жоғары деңгейге жеткізуді қамтамасыз етіп, өнім көлемін барынша мол өндіру (жұмысты орындау, қызмет көрсету) деп түсінеміз. Ереже бойынша өндіріс қуаттылығы табиғи өлшем бірлігінде өнім өндіру көлемімен жоспарланады. Мысалы, машина жасау зауытында өндіріс қуаттылығы жылдық машина өндірісі, жабдықтар, қосалқы бөлшектер өндіру негізінде саналады. Кәсіпорынның өндіріс қуатгылығы жабдықтар бойынша технологиялық және экономикалық негізгі қатынастары арқылы белгіленеді.
Өндірістің қуаттылығын анықтайтын негізгі элементтерге жататыны:
- орнатылған машина, механизмдер, агрегаттардың т.б. саны;
- кәсіпорындағы және цехтардағы өндіріс алаңдары;
- кәсіпорынның жұмыс режімі;
- машинаны, механизмдерді, агрегаттарды т.б. пайдаланудың технико-экономикалық мөлшері.
Өндіріс қуатгылығын келесі түрлері бойынша ажыратуға болады: белгіленген жобадағы қуаттылық, кәсіпорынның жетекші өндіріс бөлімшелерінің қуатгылығы, бастапқы жоспарлау мезгілдегі анықталған қуатгылық, жоспарлау мезгілдің соңында белгіленген куаттылық, өндіріс бағдарламасын есептеу негізінде анықталған орта жылдық қызметкерлер саны.
І. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер ықпалын, оларды барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық туғызады. Негізгі капитал деп материалдык өндіріс саласында, сонымен катар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сактай отырып, құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген кызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады. Негізгі капиталға жататындар: жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, құрылымдар, көпжылдық екпе ағаштары және басқа да жермен тығыз байланысты және оларды оның міндетіне залал келтірмей жылжыту мүмкін болмайтын нысандар), машина мен құрал-жабдықтар, өткізгіш тетіктер, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, тасымалдау құралдары, аспаптар, аулау құралы, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар
және өзге де негізгі капитал. Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі капиталдың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі капиталдың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын өнімдер (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамындағы құрастыруды қажет ететін жабдықтар да жатпайды.
Мақсатына қарай материалдық активтер есепте негізгі капитал, тауарлық-материалдық қорлар және қаржылық инвестициялар түрінде көрсетіледі. Жердің табиғи байлығының, пайдалы қазбалардың және т.с.с. басқа да құндылықтардың экономикалық табиғаты ерекше қызығушылық тудыруда. Өз бетінше табиғи байлықтардың құны жоқ, демек ол өндірістік қорға кірмейді. Бірақ оларға жұмсалған шығын оның құнын құрайды да, осылай оны
өндірістік қорларға жаткызады. Мысалы, жер, жеке алғанда, өндірістік қорға жатпайды. Бірақ оған салынған қаржы, каналдар, суарушы құрылымдар тұрғызу, қойнау бетін тегістеу, шаруашылық құрылыстар салу және т.б. өндірістік негізгі қорларды құрайды. Жердің экономикалық болмысын және құнын бағалауды аныктау, оқшауланған телімдерді кәсіпорын теңдестігінде көрсетуге мүмкіндік береді, ал бұл жағдай жерді ұқыпты пайдалануға әкеледі. Жоғарыда айтылғандар басқа да табиғи ресурс түрлеріне, соның ішінде пайдалы қазба кендеріне де қатысты. Негізгі өндірістік корлар қоғамның материалдық-техникалық негізінің едәуір маңызды бөлігін құрайды. Оның қаншалықты тиімді пайдаланылуына, қайтарымы қандай болатынына байланысты оған тұтынылатын еңбек өнімділігінің өсімі, ұлттық табыс өсімі байланысты болады.
Халық шаруашылығын үнемі дамыту және жетілдіру жағдайында негізгі қорлар құнының өсуімен бірге жаңа еңбек құралдары пайда болуда. Оның барлығы негізгі қорларды дұрыс саралауды қажет етеді. Мұндай саралау кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін, өндірісті есепке алу, негізгі қордың ұдайы өндірісін пайдалану мен жоспарлауды, амортизация аударымдарының мөлшерін санағанда керек болады.
Барлық негізгі қорлар экономикалық белгілеріне қарай саралануы мүмкін. Олардың ішіндегі маңыздылары - кызметтік міндеті, тозу қаркыны және қызмет ету мерзімі, пайдалану дәрежесі, кәсіпорын жұмысына ықпал ету дәрежесі, техникалық жаңалығы, жұмылдырылған дәрежесі (қозғалатын және қозғалмайтын), халық шаруашылығы саласы, меншік иелігі. Негізгі капитал жеке капиталдардың жиынтығы ретінде қаралады.
Кәсіпкерліктің басты мақсаты - пайда табудың қажетті шартын жүзеге асыру, яғни инвестиция, өндіру, сату және тұтынудың барлық сатыларын қамтитын капиталды қайта жаңғыртуды жоспарлау болып табылады.
Нақты айналым кезеңіне сәйкес әр түрлі кейіпке еніп отырған капитал үздіксіз қозғалыс үдерісі үстінде болады. Капитал айналымы капиталдың шеңберлік айналымымен сәйкес келмейді. Әрбір айналымның нәтижесінде кәсіпкерге алдын ала төленген капиталдың тек бір бөлігі ғана ақшалай түрде қайтады; ал жалпы күрделі құн иесіне өзінің бастапқы қалпында, яғни акшалай түрде қайтып келеді. Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей болып жүрмейді. Капитал құнының айналымдағы әр түрлі қызметіне қарай капитал негізгі және айналмалы болып екіге бөлінеді. Негізгі капиталға еңбек кұралдарының құны, айналмалы капиталға еңбек заты мен жұмыс күшінің құны кіреді.
Батыстық әр түрлі экономикалык оқу құралдары авторларының негізгі және айналым қорларына қатысты ортақ пікірі жок, оның себебі әр елде қолданылатын бухгалтерлік есеп пен есеп беру ерекшеліктеріне байланысты. Отандық теория мен тәжірибеде негізгі құралдар және айналмалы қаражаттар деген терминдер жиі кездеседі. Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіріп, оны жалпыға ортақ әлемдік стандарттарға сәйкестендіруге байланысты отандық терминология да байып келеді. Осылайша, «Негізгі капитал» терминімен қатар «айналымнан тыс активтер» ұғымы да жиі қолданылып жүр. Бірқатар авторлардың «айналымнан тыс активтер» және «негізгі қор» ұғымдарын барабар деп санауы орынды. Негізгі капиталға негізгі қор, сондай-ақ жұмсалып бітпеген ұзак мерзімді инвестициялар, материалдық емес активтер және жаңа ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары (салымдар) кіреді.