Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 17:15, курсовая работа
Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі өндіріс қоры - ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз. Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады. Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес.
КІРІСПЕ...................................................................................................................4
І. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ................8
1.1 Өндірістік негізгі қорлардың саралануы......................................................12
1.2 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі...................................16
1.3 Негізгі капиталдың тозу түрлері...................................................................18
ІІ. НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІ.................................................20
2.1 Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары..........23
2.2 Негізгі капиталды қайта бағалау...................................................................28
.
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................33
Өзінің қазіргі сатысында техникалық серпілістегі еңбек қоғамдык бөлісуді дамытуда сапалы өзгерістерге негіз болады. Негізгі корлардың белсенді бөлігінің өсуі еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін көтерудің басты резерві болып табылады. Соңғы жылдары байкалып отырған негізгі қорлардың белсенді бөлігінің төмендеуі ғимараттар мен құрылымдар құнының өсуі есебінен, яғни өндірістің капитал сыйымдылығының жоғарылауынан орын алып отыр. Негізгі қор құрылымының озық өзгерістерінің экономикалық мәні, демек, оның өзгерістерін басқарудың максатка сәйкестілігі мен кажеттілігі негізгі қорлардың тиімділігін арттыру міндетімен байланысты.
Негізгі қорлар құрылымы кәсіпорынның географиялық орналасуына да байланысты. Ауа райы суык болған жағдайда ғимарат құрылысына капитал салымы көбірек кажет етіледі. Кәсіпорын шаруашылық жағынан әлі игерілмеген аймакта орналасса, инфрақұрылым тұрғызу шығындары арта түседі. Елдің оңтүстік және солтүстік негізгі қорлар құрылымы арасындағы айырмашылық осы жағдайлармен түсіндіріледі. Кәсіпорынның көлемі негізгі қорлар құрылымына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, ірі кәсіпорындарда машиналар мен құрал-жабдықтардың үлес салмағы жоғары, ал ғимараттар мен құрал-жабдық үлесі - төменірек болып келеді. Өндіріс алаңы ұтымды пайдаланылатындықтан, онда құрал-жабдықтар саны көбірек орналасады, бұл жағдай ғимараттарға (өндіріс алаңдары), құрылымдар мен құрал-жабдықтарға кететін күрделі салымды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Негізгі қорлар құрылымына өндірісті ұйымдастыру түрі де әсер етеді. Мысалы үшін, ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының арақатынасы өндірістің мамандануы мен ұжымдану деңгейіне байланысты. Өндірісті күрделендіру қойма орындарының қажеттілігін біраз қыскартады. Өндіріс алаңдарын бұл кәсіпорынға керексіз өндіріс құралдарының косымша қызметтерінен босату, құрал-жабдыктарды дұрыс орналастыру, технологиялық үдерістерді жетілдіру, автоматтандырылған және көлемі аз машиналарды өндіру негізгі өндірістік қорлардың басты бөлігіндегі кұрал-жабдықтардың үлес салмағын арттыруға жағдай жасайды.
Кәсіпорынның негізгі корларының құрамы және құрылымы
Негізгі қор топтарының арақатынасы немесе жекелеген топтардың жалпы құн ішіндегі меншікті үлесі өнеркәсіптік өндірістердің техникалық деңгейін көрсететін негізгі қорлардың өндірістік құрылымын құрайды.
Құрылымды талдау мен оны жетілдірудің шаруашылық қызметтің барлық деңгейіндегі маңызды тәжірибелік мәні тек кәсіпорын және бір сала ішінде ғана емес, цехта да, өндірістік телімде де зор, себебі өнеркәсіптік халық шаруашылығы саласы да, жекелеген өндірістер де тек өзіне тән негізгі қорлар құрылымына ие. Негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипаттамаларының бірі болып табылады деп айтуға болады. Барлық аталған негізгі өндірістік қор (НӨҚ) белсенді (активті) немесе енжарлы (пассивті ) больш екіге бөлінуі
мүмкін.
Белсенді бөлікке кәсіпорын мен саланың өндірістік қуатын, техникалық деңгейін белгілейтін, «өнімді жасайтын» негізгі қорлар жатады. Белсенді бөлігі басым түсетін негізгі өндірістік қорлар едәуір озық құрылымды болып табылады. Кең мағынасында негізгі қорлардың белсенді бөлігіне еңбек затына кез келген түрде әсер етуші және осы үдерісті қамтамасыз етуші еңбек құралдары жатады. Бұл топтың негізін машиналар мен құрал-жабдықтар, сонымен бірге жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдары да құрайды. Бірақ, негізгі қорлар құрылымы оның жекелеген элементтерінің арақатынасымен ғана емес, олардың өзгеру қарқынымен де анықталады. Негізгі қорлар құрылымының өзгеруінде белгілі бір заңдылықтар орын алады. Егер негізгі қорлар құрылымының тиімділігі оның белсенді бөлігінің, соның ішінде машиналар мен құрал-жабдықтардың меншікті үлесімен сипатталатын болса, оның тиімділігін арттыру осы элементтер үлесін көбейту бағытында жүргізілуі
тиіс екендігі белгілі. Шын мәнінде, негізгі қорлардың бұл озат өзгеріске беталысы әрқашан сақтала бермейді. Жекелеген салалардың дамуының, жаңа құрылыстар немесе қайта жаңартулар аумағы мен ырғағының төмендеуі, тежелуі және т.б. сияқты себептерге байланысты ауытқулар туындауы мүмкін.
Енжарлы бөлігіне өндіріске жағдай жасайтын, бірақ тікелей «өнім өндіруші» болып табылмайтын негізгі қорлар жатады. Бұл бөлікке әдетте ғимараттар мен құрылымдар, көбінесе өткізгіш құрылғылар, көлік құралдары және т.б. жатады. Қолданылып жүрген саралау негізгі қорлардың өнеркәсіп өндірісіндегі рөлі тұрғысынан жан-жақты зерттеуге толық мүмкіндік бермейді. Өз кезегінде негізгі корлар құрылымын белсенді және енжарлы бөліктерінің арақатынасы түрінде дәл көрсету, олардың салалық шығу тегін, қызмет ету құрамын зерттеу де әр уақытта мүмкін бола бермейді. Бұл жағдай негізгі қорлардың іріленген топтарының болуымен түсіндіріледі, мысалы, тау-кен өндіру саласындағы ұңғымалар, кейбір кен қазбалары және т.б.
Негізгі қордың белсенді бөлігі үлесінің өсуінің тікелей нәтижесі - өнім шығарудың артуы және кәсіпорынның қызметтік көрсеткіштерінің жақсара түсуі. Ғылыми-техникалық серпілістіктің үдеуімен бірге негізгі қорлардың белсенді бөлігінің жалпы өнеркәсіп бойынша да, жеке салалар бойынша да жоғарылау бет алысы күшейіп келеді. Жаңа кәсіпорындарда негізгі қорлардағы құрал-жабдықтар құнының меншікті үлесі ескі кәсіпорындарға карағанда жоғары болатыны мәлім.
Қорлардың енжарлы бөлігін талдауды да естен шығармау керек. Кейбір жекелеген жағдайларда өндірістік қорлардың енжарлы бөлігі өсуі мүмкін. Бұл ерекше өндірістік жағдайларды талап ететін (мысалы, тазалығы, ылғалдылығы, ауа температурасы бойынша), демек жаңа өндірістік ғимараттар салуға жұмсалатын шығындарды күрт жоғарылататын өнім түрін өндіре бастағанда орын алуы мүмкін. Енжарлы бөліктің өсімі кейде әлеуметтік талаптарға сәйкес ескі кәсіпорынды қайта жаңғырту ісіне қомақты күрделі салым жасау есебінен жүреді. Бірақ, басқа шарттар бірдей болған жағдайда ең озық құрал-жабдық түрлерін пайдалану, неғұрлым ұтымды түрде оларды жобалау арқылы негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлесін арттыруға ұмтылу қажет.
Ең алдымен, кәсіпорынның техникалық деңгейі негізгі қорлардың құрылымына ықпал етуі мүмкін. Өндірістік үдерістерді механикаландыру, кәсіпорынды озық техника үлгілерімен жабдықтау негізгі қордың жалпы құнындағы жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтарының меншікті үлесін арттыра түседі. Өндірісті автоматтандыру және электрлендіру жұмысшы құрал-жабдықтың мәнін күшейте түседі. Өндірістің толассыз әдісін өндіру цехішілік және цехаралық көлік құралдарының меншікті үлесін арттырады. Кәсіпорынның техникалық деңгейінің өсуі өндіріске әр түрлі аспаптар мен реттеу құрылғыларын жылдам енгізуге жол ашады.
Өңдеу және өндіру өндірістеріндегі негізгі қорлар құрылымы әр түрлі. Егер біріншісінде машиналар мен құрал-жабдықтар үлесі басым болса, екіншісінде құрылымдар үлесі жоғары болады. Негізгі корлар құрылымына өндірістің ұжымдануы, шоғырлануы және мамандануы да үлкен ыкпал етеді. Шоғырлану мен мамандану, механикаландыру деңгейі неғұрлым жоғары болса, машиналар мен құрал-жабдықтардың үлес салмағы да соғұрлым жоғары болады.
Әрбір саланың экономикалық өзгешелігіне байланысты әр саладағы негізгі қорлар құрылымы әр түрлі болып келеді. Мысалы, жұмыс машиналар мен құрал-жабдыктар металлургия және металл өңдеу, қара металлургия секілді салалардың негізгі қорлар құрамының үлкен бөлігін алып отырады; құрылымдар мен өткізгіш құрылғылардың үлес салмағы отын, мұнай өндіру және газ өнеркәсіптерінде жоғары болса, жұмысшы машиналары мен құрал-жабдықтар - электр энергиясында, көлік құралдары - орманды игерудің негізгі қорларында басым болып келеді.
Негізгі қорлардың өндірістік құрылымы өнімнің қор сыйымдылығына, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысқа да үлкен ықпалын тигізеді.
Негізгі қорлардың салалық құрылымында қор сыйымдылығы жоғары салалардың үлес салмағы жоғары болған сайын, басқа жағдайлар бірдей болғанда, өндірістік өнім мен ұлттық табыстың қор сыйымдылығы жоғарылай береді. Негізгі қордың өндірістік құрылымында машиналар мен құрал-жабдықтардың, әсіресе технологиялық құрал-жабдықтардың үлес салмағы артқан сайын өнім шығарылуы артады, нәтижесінде өнім мен ұлттық табыстың қор сыйымдылығы төмендейді.
1.1 Өндірістік негізгі қорлардың саралануы
Өндірістік үдеріске қатысу сипатына қарай негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістің негізгі капиталына өндіріс үдерісіне тікелей қатысатын нысандар жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар және т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар).
Өндірістік емес негізгі капиталдың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі капитал жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі капитал жатады. Иелігіне қарай негізгі капитал меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып бөлінеді.
Меншіктік капитал дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның теңдестігінде көрініс табатын негізгі капитал. Белгіленген мерзімге сәйкес басқа субъектіден алынған негізгі капитал жалға алынған құралдар болып саналады.
Өндірістік-шаруашылық қызметтегі пайдаланылу барысына қарай негізгі қорлар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі капитал жатады. Жұмыс істемейтін негізгі капиталдың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен әзірге басқа жаққа да берілмеген басы артық жабдықтар жатады. Сақтауда тұрған негізгі капиталдың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозуына немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі капиталдың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдыктар жатады.
Заттық кұрамына қарай негізгі капитал мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан
басқа) сияқты күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер телімдерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі капиталға күрделі қаржы жұмсау және т.б.) жатады.
Халык шаруашылығының әр түрлі даму сатыларында негізгі қорларды жүйелеу әр қилы болғандығын айта кеткен жөн. Саралау топтарының саны мен құрамы өзгеріп отырады. Бірақ ұлттық экономиканың барлық даму кезеңінде негізгі қорларды саралау ісінде аталған әдістемелік тәсіл пайдаланып келді. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында барлық қызмет салалары мен меншік түрлері үшін міндетті негізгі қорларды саралау жүйесі қолданылады. Саралаудың біртүтастығы оны халық шаруашылығы салаларында есепке алуда, салыстыруда, саланың дамуын анықтауда маңызды шарт болып табылады.
Өзінің құрамы, мақсат-міндетіне және еңбек үдерісінде атқаратын қызметіне қарай негізгі қорлар келесі топтар мен ішкі топтарға бөлінеді: үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма және т. б.), ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстакадалар, ұңғымалар және т.б.), өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар және т.б.); машина және құрал-жабдықтар (өндірістік негізгі қорлар құрамындағы бұл топ ең маңызды әрі көп санды болып табылады және ол келесі шағын топтарға: күш машиналары мен құрал-жабдықтар, жұмысшы машиналар мен құрал-жабдыктар; өлшеуіш және реттеу аспаптары; есептеуіш техника; басқа да машиналар және техникалар, сонымен қоса автоматты машиналар мен құрал-жабдықтар болып бөлінеді); тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер, тракторлар және т.б.); құрал-сайман мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер және т.б. негізгі капитал); шаруашылық құрал-жабдықтары (жиһаздар, кілемдер, сейфтер және т.б.), жұмыс және өнім малдары; көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер; жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар және басқа да негізгі қорлар.
Халық шаруашылығының салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі капитал: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, басқару орындары, әлеуметтік сақтандыру, білім мен ғылым беру және тағы да баска салалар бойынша топтап алды.
Екінші жағынан алғанда негізгі корларды басқа әдістемелік амалды пайдалана отырып саралауға болады. Мұндағы басты қағида - негізгі капиталды мыңдаған түрі бар жеке капиталдар жиынтығы ретінде қарастырудан бас тартып, жаңа тұжырымдамаға көшу. Әрқайсысына сәйкес негізгі капиталдың мөлшерлі қызмет ету мерзімі бойынша саралау топтарын барынша мол колдану болып табылады, яғни оның құнын жою мерзімінен тұратын ауқымды саралау топтарын құруға кірісу. Негізгі капитал саралауын құрудағы мұндай тәсіл бірқатар экономикасы дамыған елдерде қолданылады.
Негізгі міндеті мен атқаратын жұмысының (қызмет) сипатына қарай салалар, кәсіпорындар, бірлестіктердің негізгі қорлары келесі саралану түрлеріне сәйкес бөлінеді:
- жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай акті берілген болса, онда жер телімі мүліктік нысан болып саналады;
- үйлер - халыкка еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс нысандары. Әрбір тұрғын үй мүліктік нысан болып табылады;
- ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жок белгілі бір қызметтерді орындау арқылы өндіріс үдерісін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс нысандары (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайы бар әрбір жеке ғимарат мүліктік нысан болып табылады;
- өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр стансасы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін және кабылдау көмекші стансаларынан трансформатор жайына дейін мүліктік нысан бола алады;
- машиналар мен құрал-жабдықтар - күш беретін машиналар мен жабдықтар; жұмысшы машиналар мен жабдыктар; өлшеуіш және реттеуіш аспаптар, қондырғылар мен зертханалык жабдыктар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік нысанның бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдар, соған тиісті заттар, аспаптар, қоршау, іргетастың барлығы мүліктік нысан болып саналады. Негізгі капиталдың бұл тобы бес ішкі топтан тұрады: