Нарықты маркетингтік зерттеу ( «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасының мысалында )

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 20:33, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелердің бір қатарын жолға қояды. Осы шарттарда маркетинг ерекше орынға ие болады. Өйткені ол құрылымдық - ассортименттік саясатты қалыптастыру кезінде осы механизмнің ең көкейтесті құрамдасы ретінде сипатталады. Маркетинг кәсіпорындарда кеңінен тарай бастады. Яғни едәуір қаныққан нарығы бар үлкен қалаларда орналасқан ірі кәсіпорындарда маркетинг құрыла бастады.

Содержание

Кіріспе
Маркетинг түсінігі, маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті
1.1 Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы
1.2 Маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті, жалпы түсінігі
1.3 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері

2. Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім және «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасын нарықта маркетингтік зерттеу
2.1 Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім саласы
2.2 «Қарағанды кәмпиттері» өндірістік жағдайын талдау және бағалау
2.3 «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасының кондитер саясаты

3 «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасы және маркетингтік қызметіне ұсыныстар
3.1 «Қарағанды кәмпиттері» өндірістік маркетингтік іс - әрекеттерін дамыту
жөніндегі ұсыныстар мен нұсқаулар

Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Маркетингтік зерттеулер.doc

— 839.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Барлық жасалған тәжірибелерді, талдаудан алынған қорытындыларды саралай отырып төмендегі қорытындыға келуге болады. Мәселенің мәнісіне соншалықты терең мән бермейтін қарапайым халық үшін еліміз нарығында алуан түрлі өнімнің толып тұрғаны тиімді. Қалағаныңды сатып алуға мүмкіндік мол. Ал осы «молшылыққа» тереңірек үңілсек, өзгелерге қақпамызды кеңінен ашамыз деп, алдымен өзімізді құрбандыққа шалады екенбіз. Біріншіден, отандық өнім зардап шегеді. Өйткені өніміміз сырттан келіп жатқан арзан кәмпиттер нөпірі жанында баға бәсекесінде тұтынушысын жоғалтып алады. Екіншіден, өнімі өтпегеннен кейін өндіріс оны шығару көлемін азайтып, жұмысшыларын қысқартуға немесе ақшасыз демалысқа жіберуге мәжбүр болады. Яғни жұмыссыздыққа кең жол ашылады. Осының бәрін үстіміздегі жылдың қаңтар айына дейін кондитер фабрикалары басынан өткерді.

Сондай – ақ біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді деген сенім бар. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тәжірибеге, қуатты экономикалық әлеуетке, жоғары дәрежедегі бизнестік білім психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.

      Ал менің  курстық жұмысыма арқау болып  отырған тақырып «Қазақстандағы  кондитерлік өнімдерінің нарық жағдайын маркетингтік зерттеу» болып табылады.

       Қазіргі ХХІ ғасыр заманында тұтынушы талғамы әр қилы болып келгендіктен, олардың кондитерлік өнімге деген сұранысы мен талабы, қалауы мен қанағаттану дәрежесі сан түрлі және ұдайы өзгеріске ұшырап отыр. Осыған байланысты таяуда жүргізілген зерттеулерге келсек, олар келесі ақпараттарды беруде.

       Еуромонитор  Интернейшнл мәліметтері бойынша   кондитер өнімдерінің әлемдік нарық сыйымдылығы 2011 ж. 184 млн. тоннаны құрайды және жалпы тауар айналым 107 млрд. АҚШ долларын құрайды. Болжамдар бойынша 2011 ж. салыстырғанда кондитер өнімдері 2015 ж. әлемдік нарық сыйылымдылығы 30.6 млн. тоннаға жетуі мүмкін немесе 16.7% өсуі мүмкін және тауарайналымы 184 млрд. АҚШ долларын құрайды.

     Кондитер  өнімдерін өндіру жер шарының көптеген мелекеттерінде зор дамыған. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Бельгия мемлекеттерінде аты шыққан тауар маркалары нарықта өз орындарын тауып, дамыған және әлемге әйгілі. Ал дамушы елдерде кондитер өнімдерін өндіру енді қолданысқа, айналымға алынуда. Болжамдар бойынша кондитер өнімдерін өндіру процесі күрт ұлғаятын аймақтар мыналар: Қытай, Латын Америка елдері, Шығыс Еуропа елдері.

   Қазақстан Республикасы  да кондитер саласын дамытуға  өз жігерін қосып, елеулі даму  үстінде. Оған мысал ретінде отандық кондитер өндірушілер Рахат, Баян-Сұлу, Қарағанды конфеттерінің жеткен жетістіктерін айтуға болады.

Осы курстық жұмыста  кондитер саласының жалпы нарықтық жағдайы мен оның даму процестері туралы, отандық өндіруші Рахат кондитер фабрикасының Қазақстандағы алатын нишасы мен қазіргі даму тенденциясы жайында қорытынды жаздым.

Сонымен қорытындылай келе маркетингтік зерттеу дегеніміз -

Тағы бір айта кетер жетістік кәсіпорындарда көптен ұмытыла бастаған жас мамандар дайындау шарасы да қолға алынуда. Бұл көптеп сатылған кондитер өнімдерінен түскен қаржы отандық кәсіпорындарды модернизациялауға, кеңейтуге бағытталатынының жанды көрінісі болса керек. Ал нарықты өзгелерден қорғамау – ақшаның жөңкіліп, сыртқа кетуіне жол ашып, кәсіпорындарды тоқырауға, адамдарды жұмыссыздыққа ұшыратуға апаратынын осы соңғы бес айдың өзі – ақ көрсетіп берді. Қазақстан кондитерлер ассоциациясының мүшесі – «Баян-cұлу» (Қостанай) АҚ, «Қарағанды кәмпиттері» (Қарағанды) АҚ, «Ақтөбе кондитер фабрикасы» ЖШС қазақстандық тұтынушылардың сұранысын толық қамтамасыз етуге экономикалық жағынан да, техникалық жағынан да дайын екендіктерін дәлелдеді деуге болады. Бар дүние салыстырмалы жағдайда ғана ерекшеленетін болса, біздің отандық кондитер өнімдерінің ресейлік болсын, украиндық болсын кәмпиттерден артық болмаса, кем еместігіне тұтынушылардың да көзі жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Ассэль Г. «Маркетинг: принципы и стратегия». Москва 2001 год.
  2. Багаева Н.У. «Приоритетные направления развития международного маркетинга в РК» // Казахстан спектр – 2006. №1
  3. Есімжанова С.Р. «Становление маркетинга в экономике Казахстана» // Вестник КазГУ – 2003. №2
  4. Қажымұрат. «Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің рөлі» // Саясат – 2002. №2
  5. Тоқтасын А. «Қазақстанның кәсіпорнындағы маркетингті пайдалану ерекшеліктері» // Қаржы - қаражат – 2003. №4
  6. Фирманың маркетингтік қызметі. // Парасат әлемі. 2004. №3
  7. Нэреш К. Малхотра «Маркетинговые исследования» // Москва* Санкт – Петербург* Киев 2003ж.
  8. Е.П. Голубков « Маркетинговые исследования» теория, методология и практика // Москва «Финпресс» 2000г.
  9. www.rakhat.kz
  10. www.Stat.kz
  11. www.ComCon-2.kz
  12. Менеджмент негіздері: Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. –  Ақтөбе – Орал, «А - Полиграфия», 2005 – 519 б. 
  13. Бердалиев К. Б.  Менеджмент: Лекциялар курсы. – Алматы: Экономика, 2005. – 240б.
  14. Бердалиев К. Б., Өмірзақов С. Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р.,  Басқару негіздері (Оқу құралы): - Алматы; Экономика, 1997,  - 189б .

 


Информация о работе Нарықты маркетингтік зерттеу ( «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасының мысалында )