Нарықты маркетингтік зерттеу ( «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасының мысалында )

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 20:33, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелердің бір қатарын жолға қояды. Осы шарттарда маркетинг ерекше орынға ие болады. Өйткені ол құрылымдық - ассортименттік саясатты қалыптастыру кезінде осы механизмнің ең көкейтесті құрамдасы ретінде сипатталады. Маркетинг кәсіпорындарда кеңінен тарай бастады. Яғни едәуір қаныққан нарығы бар үлкен қалаларда орналасқан ірі кәсіпорындарда маркетинг құрыла бастады.

Содержание

Кіріспе
Маркетинг түсінігі, маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті
1.1 Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы
1.2 Маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті, жалпы түсінігі
1.3 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері

2. Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім және «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасын нарықта маркетингтік зерттеу
2.1 Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім саласы
2.2 «Қарағанды кәмпиттері» өндірістік жағдайын талдау және бағалау
2.3 «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасының кондитер саясаты

3 «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасы және маркетингтік қызметіне ұсыныстар
3.1 «Қарағанды кәмпиттері» өндірістік маркетингтік іс - әрекеттерін дамыту
жөніндегі ұсыныстар мен нұсқаулар

Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Маркетингтік зерттеулер.doc

— 839.50 Кб (Скачать документ)

«Қарағанды кәмпиттері» туралы нарықтың ақпараттану мақсатында иландыру, еске түсіру сипаттағы  жарнама орындалады. Оны жүргізу бейне және аудиороликтер арқылы кондитер тағамдарына ең көп мөлшердегі  сұраным кезінде жоспарланып отыр. Теледидарда жеке хабарлар мен бағдарламаларға қоспалар арқылы мұндай жарнаманы жыл бойы негізінен демеушілік іс-әрекет бойынша орындау керек. Осындай жарнаманың мақсаттарына жету үшін стационарлық объектлері тиімді.

Плакаттық және басқа да полиграфиялық бұйымдар тұтынушыларды ақпараттандыру функцияларын орындайды. Осы мақсатта үш өлшемді плакаттар, екі деңгейлі корпоративті папкалар, қалта күнтізбелерін шығару жоспарланып, жүзеге асырылуда. Берілген бағыт шектерінде фирмалық киім немесе оның элементтері жасалған.

Тұтынушылармен тікелей  жұмыс істейтін фирмалық дүкендегі  жүргізушілері, өткізу бөлімінің қызметкерлері үшін орамал, алжапқыштар Алматы қаласының тұтынушылары арасында кең тараған. «Қарағанды кәмпиттері» өнімі жайлы ақпараттың айтарлықтай көлемін алып жатқанын есепке ала отырып, республика аумағының барлығында тұтынушыларға бір уақытта әсер ету үшін жарнама шығындарын алғашқы кезде Республика арналарында шоғырландыру керек.

Кәсіпорындардың тауар  таңбасын пайдалану өнімдерге сатып  алушыларды жұмылдыруға тікелей әсер етеді. Әйгілі кәсіпорындардың тауар таңбасы тағамдар сипатының кепілдігі болып, өнімдердің нақтылығын растайды. Бұл он жыл бойы қалыптасқан жолдары сапа салттары сатып алушылар арасында жоғарғы бедел мен әйгілікпен ерекшеленеді. 

Сонымен, тауарды жылжыту жөніндегі кәсіпорын іс-әрекетін талдау нарықтағы белсендігін қамтамасыз ететін ынталандыру, насихаттау, жеке сатулар, делдалдармен өзара әрекет және басқа да құрамдастарын енгізетін маркетингтік кәсіпорындардың жүйесін басқарып отыр.

Жалпы бүгінгі таңда «Қарағанды кәмпиттері» Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы табысты кәсіпорыны болып саналады. Оған дәлел ретінде оның әлемдік стандартқа сай дәмді де сапалы және басқа қабілетті өнім түрлерін өндірумен байланысты деуге болады. Ал ол кәсіпорынның қызметінің  табыстылығы мен тиімділігін көрсетеді. 

«Қарағанды кәмпиттері» фабрикасының маркетинг қызметі құрамына салыстырмалы түрде көп санды қызметкерлері бар Алматы, аймақтық және фирмалық сату бойынша арнайы бөлімшелері бар өткізу бөлімі кіреді. Маркетингті басқару бөлімінің үш қызметкері сатуларды талдау, баға белгілеу бойынша жұмыс, сұранымды болжаумен қатар жалпы маркетингтік және тағамдардың жеке топтапры жөнінде бағдарламаларды құрумен айналысады. Мұндай ұйымдастыру бөлімшелердің өзара байланыстары, білгірлік шектері, персонал дайындығына талаптар, өз функциялары ішінде шешімдер қабылдау үшін жауапкершілікті айқын анықтайды.

Сонымен қатар, «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасының қызметінің жемісті болуына  ондағы жүзеге асырылып жатқан бірқатар маңызды іс-шаралармен тығыз байланысты. Атап айтсақ, бұл кәсіпорын ашық акционерлік қоғам ретінде өзгерістер енгізді және нарықтық қатынастар шеңберінде өз қызметін нарық талаптарына сәйкес толықтырады, яғни құрал-саймандары мен өндірістік құрал - жабдықтары жаңартылып, автоматизацияланды, жаңа өндірістік линиялар жүзеге асырылды.

Өткен жылдың наурыз айында «Қарағанды кәмпиттері» акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Бұл жиналыста Қоғам Жарғысына, өткен жылы қабылданған Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы жаңа заңындағы өзгертулер енгізілді. Қоғам бұрынғы ұйымдық- құқықтық параметрлерін сақтай отырып, бұдан былай ашық емес жай акционерлік қоғам (АҚ) деп аталатын болды.

Бүгінгі таңда «Қарағанды кәмпиттері» әйгілі, бәсекелестікке қабілеттілігі бар, нарықта өз орнын тапқан кәсіпорын.Маркетингтік зерттеу қызметі кәсіпорын беделін көтеріп және биік шыңдарға жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1 «Қарағанды кәмпиттері»өндірістік маркетингтік іс-әрекеттерін дамыту   жөніндегі ұсыныстар мен нұсқаулар

 

     Жалпы бүгінгі  таңда «Қарағанды кәмпиттері» Қазақстандағы  тамақ өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы табысты кәсіпорыны болып саналады. Оған дәлел ретінде оның әлемдік стандартқа сай дәмді де сапалы және басқа қабілетті өнім түрлерін өндірумен байланысты деуге болады. Ал ол кәсіпорынның қызметінің табыстылығы мен тиімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, «Қарағанды кәмпиттері» қызметінің жемісті болуына ондағы жүзеге асырып жатқан бірқатар маңызды іс-шаралармен тығыз байланысты. Атап айтсақ, бұл кәсіпорын ашық акционерлік қоғам ретінде өзгерістер енгізді. Және нарықтық қатынастар шеңбернде өз қызыметін нарық талаптарына сәйкес толықтырады. Яғни, құрал - саймандары мен өндірістік  құрал-жабдықтары жаңартылып, автоматизацияланды, жаңа өндірістік     линиялар жүзеге асырылды. Қазіргі заманның талаптарына сәйкес кондитерлер мен технологтардың біліктілігін жоғарлату мақсатында әртүрлі семинарлар, курстар, оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды; кондитерлік өнеркәсіп үшін қажетті шикізаттар мен құрал-жабдықтарды өндіретін әлемдік, әсересе европалық өндірушілермен серіктестік қарым -қатынастар нығайтылды. Шет елден көбінесе какао, кондитерлік майлар, ароматизаторлар (хош иістендіргіштер) және т.б. тасымалданады.  Дегенмен, әр уақытта кәсіпорының қызыметін дамытуда оны жетілдіріп отыру қажет. Сондықтан «Қарағанды кәмпиттері» табысты да пайдалы өнімдерін өндіруде кездесетін бір қатар мәселерді шешу жолдары туындайды.

Солардың бірі – жұмыскерлердің біліктілігін көрсету кәсіпорынның ең басты мәселерінің бірі. Әсіресе инженерлер, технологтар, маркетинг қызметкерлерінің біліктілігі мен білімін жетілдіру мақсатында әртүрлі курстар мен семинарлар ұйымдастыруы қажет. Бұл мамандар қазіргі заманның білім жүйелерін меңгеріп, жаңа өнім өндіру тиімділігін қамтамасыз етеді. Сол үшін кәсіпорын тарапынан жоғары сапалы жұмыскерлерінің санын көбейту оның өзекті мәселесі болуы тиіс. Бұл тұрғыда менің ойымша, маркетинг бөлімін жандандыру негізінде баға, сапа, өткізу, тарату сияқты бөлімшелерінің қызметін жетелеп бақылайтын жүйе құру керек. Яғни әр бөлімше өзінше жауапкершілікпен тиісті білікті мамандары арқылы өз мәселеріне шешім табуына мол мүмкіндігі болады. Сонымен қатар, шетелдік мамандардан білім алмастыру немесе мерзімдік стажировкалар ұйымдастыру арқылы мамандардың біліктілігін көтеруге болады. Әсіресе кондитерлік өнеркәсіптің шебер-кондитерлері Швейцарияның білікті қызметкерлерінен шоколад өндіріс технологиясын дамыту жөнінде семинарларды, қарым-қатынастарды нығайту қажет.

Менеджментті дамыту. Әрбір кәсіпорынның қызметін жүзеге асыруда басты мәселе оның басқару тиімділігінде болды. “Рахат” Ашық Акционерлік Қоғамның жұмысын ұйымдастыруда негізгі мәселе оның қалай басқарылып, ұйымдастыруы қарастырылады. Жалпы басқару қызметін жоспарлау, бақылау, ынталандыру, ұйымдастыру функциялары арқылы жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорында негізінен бақылау функцияы әрбір өндіріс кезеңінде тұрақты түрде талданып отырады. Бақылаудың қатаң жүйесі өнімді өндірудің барлық кезеңінде  оның бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіндік береді және сауда торынан минималды қайтарылу дәрежесін төмендетті деуге болады. Жалпы бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастыруға негізделеді. Басқарушылық есеп берудің құру қағидалары ретінде жауапкершіліктің қолдануын келтіруге болады. Сонымен қатар әрбір бөлімшелердің қызметін қадағалау арқылы олардың пайдалылық деңгейі мен өзарақатынасын анықтауға болады. Әрине бұл кәсіпорында ұйымдастырушылық - экономикалық қамтылу дәрежесі жеткілікті, дегенмен оны қайта құру мен жандандыру мәселесі ескерілуі тиіс. Ол үшін жаңа басқарушылық стильдері, модельдерді қарастыру қажет. Менеджмент тұрғысынан ұйымның мақсаты мен миссиясына сәйкес жаңа бағыттарды зерттеу керек, мысалы әрбір ұйым бөлімшелерінің қызметін тиімді болуы үшін орталықсыздандыру жұйесін енгізуге болады. Яғни әр бөлімше дербес экономиканың, ұйымдастырушының қызыметтерін өз бетінше жауапкершілікпен жасаса, сонда өзінше әр бөлімнің тиімділігі артуы мүмкін. Нәтижесінде ұйымның рентабілділігі артып, бөлімшелердің өкілеттіліктері өседі. Сонымен қатар тиімді менеджментті жүзеге асыру үшін ұйымның ұйымдастырушының құрлымының қызметін де ескеру керек.  

         Жарнаманы қалыптастыру мәселесі. Сонымен қатар, бұл кәсіпорында негізінен жарнама қызметін жетілдіру қажет сияқты. Себебі егер де жарнаманы табысты және тиімді жүзеге асыру арқылы одан да табыстырақ кәсіпорын болуы мүмкін. Сондықтан, жарнаманы қалыптастыру іс-шаралары болуы керек. Сапалы және өтімді өнім түрлерін тұтынушыларға жарнама түрлері арқылы хабардар етуге болады. Интернет сияқты тарату жолдарымен жеткізуге болады. Сонда кәсіпорынның өнімдері тартымды жарнамалармен тұтынушылардың талғамына әсер етеді. Сонымен қатар, Бұл ұйымға көбінесе өз өнімдерін таныту мен жарнамалау бағытында әртүрлі сипаттағы көрмелерге, конкурстарға қатысу қажет. Мысалы, «Қарағанды кәмпиттері» сапаның алтын белгісінің иегері атанып, “Қазақстанның белгісі” сыйымен марапатталған. Сол сияқты ол халықаралық және республикалық байқауларда сапалы өнім өндіру негізінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондықтан, келешекте де ұйымның табысты қызмет атқаруына оның өнім сапасы мен тұтынушыға деген пайдалылығын ескеруі тиіс.

     Бұл жағдайда  жарнаманы пайдалану және және  оны үнемді ұйымдастыру ол  осы кәсіпорынның маңызды шараларының  бірі ретінде қарастырылады. Жарнама негізінен тауарды немесе қызметті тұтынушыға, жабдықтаушыға, сатып алушыларға т.б. таныстыру мен жан - жақты таныстырудың бірден – бір тиімді құралы. Ол неғұрлым сапалы және тартымды болса, соғұрлым халыққа дұрыс танылады.

   «Қарағанды кәмпиттері» өнімдері біздің елде айтарлықтай танылған танылған деуге өнімдері біздің елде айтарлықтай танылған деуге болады, бірақ кәсіпорынның қызметінің табыстылығына, өнімның өтімділігіне жарнаманың алатын маңызы зор.

 

Нарықтағы «Қарағанды кәмпиттері»жарнамалық шараларының дәйектілігі

п/п

Сатып алушылар назарын

жұмылдыру кезеңдері

Негізгі шаралар

І

Тауар жайлы білім алу

Нарықта “Рахат” АҚ кондитерлік

Тауарларының пайда  болуы және бар болуы туралы  ақпараттарды тарату

ІІ

Тауарға қатынас        

Тауардың тұтынушылық қасиеттермен танстыру, осы тауарды сатып алған тұтынушылардың онымен қанағаттануы жәйлі ақпарат тарату

ІІІ

Сатып алуға ниет

Потенциялды тұтынушылар  мақсатты тобын таңдау. Нақты  кондитер тағамдар қатынасында  оларға жарнаманың тұрақты әсер етуі

V

Сатып алу

Бірінші сатып алуды  және келесі жолы оны қаиталауды  ынталандыру


 

   Сыртқы экономикалық байланысын жетілдіру жолдары. Шетелдік серіктестермен, әсіресе Германия, Франция, Нидерланды т.б. Европа елдерімен байланстарын нығайту арқылы техналогияны тәжірбиелік қолдану қағидаларын игеру керек. Кондитерлік өнеркәсіптің құрал-жабдықтары мен жаңа машиналар түрлерін, сонымен қатар қазыргі заманғы өзық технологияның түрлерін шетелдік елдердег даму сипатын ескере отырып,іс-жүзінде қолдану жағыдайларын ұйымдастыру. Мысалы, “Рахат” Ашық акционерлік Қоғамы бүгінгі таңда бірнеше дамыған мемелекеттермен экономикалық байланстары бар:

  • “Кондинаф” ,Голландия (какао бұршақтары);
  • “Драгоко” , Австрия (жемс иістендіргіштер);
  • “Кроклан” , Нидерланды ( кондитерлік майлар);
  • “Нагема” , Германия (құрал-жабдықтар мен саймандары);
  • “Сакада” , Франция (мұздатқыш құралдары);
  • “Шнейдерэлектик” , Франция (электр құралдары);

       Міне, жоғарыдағы аталған ірі компаниялар негізінде «Қарағанды кәмпиттері» өз қызметін жетілдіру мен дамыту бағытында тұрақты және өзара тиімді қарым - қатынас орнату арқылы жетістіктерге жетіп отыр. Яғни бұл кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызыметін одан әрі дамыту немесе жақсату жолдарын қарастыру қажеттілігі туады. Ол үшін қазыргі уақытта әр түрлі өзара серіктестік қатынастағы келісім - шарттар мен байланыс түрлері бар. Сонымен қатар, бұл ұйым үшін шетелдік байланстарды нығайтуда интернет дүниежүзілік байланыстарын пайдалануды да ұсынуға болады. Себебі, ол бірқатар экономикалық шығындардың төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан кондитерлік өнімдерді сату - сатып алу несие олардың шикізаттарымен материялдарын жабдықтауда интернеттің қосар үлесі де аз емес.

 

 

«Қарағанды кәмпиттері»тауарларының артықшылықтары мен кемшіліктері

тауар түрлері

факторлар

Артықшылықтары

кемшіліктері

Шоколад

конфеты

 

 

Карамель конфеты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ирис конфеты

 

 

 

Мармелад

Тұтынушылардың

талаптары

 

 

Бәсекелестердің

тауарларды салстыру:

  1. Сапа мен қасиеттері
  2. Орналасқан аймағы

 

  1. Ынталандыру жолдары

 

 

 

 

Жаңа тауар шығару  мүмкіншілігі

 

 

Тауарды Бәсекелестерден қорғау жолдары

денсаулыққа

зиянсыздығы

 

 

Сапасы жоғары деңгейде,

демографиялық жағдайға

байланысты.

Базар орталығының жанда орналасқан.

Жарнама тарату,

көрме ұйымдастыру.

Жаңа технология енгізу.

Фирманың, стратегиялық, тактикалық жоспарлануы.

Тауар атының танымалығы

кейбір кезде

мезгілге қарай сұраныстың азаюы

 

Базар орталығында  сауданың көптігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тіліндегі ақпараттың  аздығы

 

Базардағы барлық тауарды қадағалай алу

Информация о работе Нарықты маркетингтік зерттеу ( «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасының мысалында )