1) Стандартты несие - қайтарылу
уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер - қайтарылу
уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.
Соңғы қабылданған активтердің жіктеу
ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара
бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты
күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді,
5-санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер - қайтару
уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар
шотына жазылған несиелер.
VII. Берілу шартына қарай:
- Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын
сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін
несие.
- Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді (түрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.)
кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- Овердравт несиесі - клиенттің шотынан қаражатты
шегеру арқылы ондағы дебеттік қалдық бойынша
берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
- Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі.
- Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие.
- Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін
несиесі.
- Ломбардтық несиесі - тез іске асатын бағалы заттарды иемесе бқағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
- Лизингтік несие — қүрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
- Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру
және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа
шығару тәжірибесінде пайдаланылатын
несие.
- Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
- Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уакыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.
- Консорциалдық несие - ірі жобаларды несиелеу мақсатында
банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру
принциптері екі топқа бөлінеді:
I топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
1) несиенің мақсаттылығы; 2) несиенің
дифференциалдығы.
II топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
1) несиенің мерзімділігі; 2) несиенің
қайтарымдылығы; 3) несиенің төлемділігі;
4) несиенің қамтамасыз етілуі;
8 тақырып
Банкілер, олардың түрлері және
операциялары
Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары
мен қорларын жинақтау, кредитберу, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар),
мекемелер және жеке адамдар арасындағы
өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда
делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі
бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды
қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен
түрлі операциялар жасау және басқа да
қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің
пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының
дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың,
фирмалардың, компаниялардың, сонымен
қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай
бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет
етушілерге өсіммен уақытша кредит беру
арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп,
Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында
(рыногында) тауарға айналатын жаңа талап
пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме
мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық
қызметтің негізін құрайды.
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық
өндіріс сапасының өнімдерінен өзара ажыратылады,
ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары
ерекше,ягни ақша, төлем құралдары түрінде
шығады.
Қызмет көрсету аясындағы банктің
өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі
оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі
өнімі «несие» болғандықтан, банкті —
«несиелік мекеме» деп атаған.
Сондай-ақ, банк
өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады.
Ол тек қана акциялармен басқа да бағалы қағаздар
шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің
бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда,
делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтықемес.
Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны
да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы
ірі саудакәсіпорындары да банк сияқты
белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан
банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен
байқауға болады. Банктің негізі деп оның
басты өнімі — несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі
түсінікте «коммерциялық банк» — бұл ерекше
өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз
ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге
асыратын ақша-несие институты болып табылады.
«Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет
туралы» Заңнын, 1-бабына сәйкес, «банк
- осы заңға сай банктік қызметті жүзеге
асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
Банктік қызмет
— бұл банктік операцияларды
жүзеге асырумен байланысты қызметті
білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес
банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау жәнесақтау;
- аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
- клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарынсақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелерберу;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Студенттердің
білімін бақылау және бағалау
материалдары
«Экономика
негіздері» пәні бойынша емтихан
сұрақтары
- Экономикалық теория пәні мен әдістері.
- Экономикалық теория құбылыстарының тану әдістері, экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.
- Экономикалық теорияның даму кезеңдері.
- Экономикалық құбылыстардағы: теория және шаруашылық тәжірибелер бірігуі.
- Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.
- Өндіріс және оның қоғамдағы рөлі, ресурстар және өндіріс факторлары
- Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі.
- Ресурстардың сиректігі мәселесі.
- Өндіріс факторлары. Экономикадағы таңдау мәселесі.
- Қоғамдық шаруашылықтың формалары.
- Натуралдық шаруашылық, оның белгілері және ерекшеліктері.
- Тауар өндірісі: пайда болу себептері<span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" style