Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 17:39, курс лекций
Работа содержит конспекты лекций по "Экономике".
Мемлекеттік шығыстар - бұл мемлекеттің жұмыс істеумен байланысты ақша шығындары. Экономикалық санат ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі бар:
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады:
Демеу қаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сонымен қатар төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-комуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойынсауық басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде жүреді.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады.
Мемлекет шығыстарының келесі пайдалану жолдары бар:
1) білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау;
2) мәдениет, өнер, спорт және бұкаралық ақпарат құралдары;
3) денсаулық сақтау;
4) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.
3. Халықты әлеуметтік қорғау шығыстары - халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларында, болжамдарда әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі.
Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектрін қамтиды. Әлеуметтік сақтандыру көбінесе зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі, жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік қолдау арқылы іске асырылады.
1) қарулы күштерді қаржыландыру;
2) қару-жарақтарды, соғыс техникасын, өндіруге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
3) ғылыми зерттеулер мен қорғаныс сипатындағы зерттемелер;
4) әскери объектілердің күрделі құрылысы және т.б.
Қазақстан Республикасы бюджеттік кодекске сәйкес, бюджет жүйесі - бұл Қазақстан Республикасы бюджеттердің және Ұлттық қордың, бюджеттік процестер мен бюджетаралық қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде танылады. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесі келесідей құрылымдық буындардан тұрады: мемлекеттік бюджет, Ұлттық қор. Бюджет жүйесі әр түрлі деңгейлердегі бюджеттердің өзара байланысына негізделеді. Бюджетаралық қатынастар бюджет шығыстары мен кірістері арқылы қалыптасады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің құрылымы: республикалық және жергілікті бюджет. Республикалық бюджет мемлекеттік бюджеттің жоғарғы деңгейі, ал жергілікті бюджеттер төменгі деңгей санатымен ажыратылады. Бюджет кодексіне сәйкес, жергілікті бюжеттерге келесілер жатқызылады:
Аталған құрылымға сәйкес, ҚР мемлекеттік бюджеті - бұл республикалық пен жергілікті бюджеттерді қамтитын жиынтық бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі кұқықтық базасы ретінде келесідей заңдық мәртебесі бар құжаттар танылады: мемлекеттің Конституциясы, бюджеттік кодекс, ағымдық жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң.
Сондай-ақ, аталған құжаттардан басқа мемлекет бекіткен орта немесе ұзақ мерзімді әлеуметгік-экономикалық бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, мемлекеттің стратегиясы да қолданылады. Сонымен қатар, елге қауіпті немесе әскери жағдайларда төтенше бюджет құрылуы мүмкін. Төтенше бюджет қалыптасу кезінде аталған қор мемлекеттік бюджеттің және сәйкесінше бюджет жүйесінің құрамына енгізіледі. Төтенше бюджеттің кірісі республикалық және жергілікті бюджеттердің аударымдары арқылы қалыптасады.
Мемлекеттік бюджет келесідей бөлімдерден тұрады:
бюджет тапшылығын қаржыландыру немесе бюджет артықшылығын қолдану (қарыздық ресурстардың түсімі, қарызды өтеу, бюджет қаражаттар қалдығының қозғалысы).
Қазақстан Республикасы-ның Ұлттық қоры. Бұл қор Қазақстан Республикасы Президентінің " ҚР Ұлттық қоры туралы" Жарлығы бойынша мемлекеттің жинақтарын қалыптастыру мақсатында, сонымен бірге әлемдік баға коньюнктурасынан республикалық және жергілікті бюджеттер тәуелдігін төмендету үшін құрылады. Сондықтан бұл қор екі қызмет атқарады: жинақтаушы және тұрақтандырушы.
Қор ҚР Ұлттық банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотында шоғырланған қаржы активтердің жиынтығы болып табылады.
Қордың қаражат көздері мен қалыптасуы былай анықталады: ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық индикативтік жоспарының құрамында қазақстандық экспорттың көп бөлігін қүрайтын шикі мұнайға, мыс және тағы басқа шикізаттарға есептік тұрақты әлемдік бағалар қойылады.
Қор шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу жолымен республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалу процесінде қалыптасады.
7 тақырып Несие және оның маңыздылығы
1 Несие мәні, қызметі және маңызы. Несие ссудалық капитал формасы ретінде
2 Несие түрлері
3 Несиенің негізгі принциптері
Экономикалық категория ретінде несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық құнды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржыны қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизимі негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп кана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызмет іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесіндегі қызмет экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландырудағылардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.
Несие ссудалық капитал формасы ретінде. Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие кең ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын, сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Халықаралық несие - бұл мерзімді белгілеу, пайыз төлеу және кері қайтару келісіммен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы қарыз капиталының қозғалысы.
Халықаралық несиеде бір жағынан үкімет, жергілікті билік органдары, екінші жағынан шетел үкіметі, банктері, компаниялары, сонымен қатар халықаралық қаржы банк ұйымдары қатынасады. Несие беруші жақ мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал несие алушы ел - мемлекет-реципиент (несиегерді «донор», ал қарызгерді «реципиент»). Халықаралық несиелік қарым-қатынастарда халықаралық несие валюталық ұйымдар үлкен орын алады (Евразиский банк развития).
Банктік несиенің жіктелімі. Несиенің түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады. Несиелер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
№ |
Несиенің түрі | ||
І. |
Қарыз алушылар категорияларына қарай: |
||
1 Қаржылық институттарга берілетін несиелер |
мақсатты қорларға | ||
банктерге | |||
каржы-несиелік мекемелеріне | |||
2 Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер |
өнеркәсіп салаларына | ||
саудаға | |||
дайындау ұйымдарына | |||
ауыл шаруашылығына | |||
жабдықтау-сату ұйымдарына | |||
кооперативтерге | |||
жеке кәсіпкерлерге | |||
3 Тұтыну мақсатына берілетін несиелер |
|||
II. |
Мерзіміне қарай |
қысқа мерзімді (1 жылға дейін) | |
орта мерзімді (1 жылдан 3-5 ж. дейін) | |||
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) | |||
III. |
Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай |
негізгі қорларға жұмсалатын | |
айналым қаражатына жұмсалатын | |||
IV. |
Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай |
||
1.Қамтамасыз етілген |
Кепілхатпен | ||
Кепілдемемен | |||
Кепілдікпен | |||
2. Сақтандырылған |
|||
3. Қамтамасыз етілмеген |
сенім (бланктік)несиесі | ||
V |
Қайтарылу дәрежесіне қарай |
стандартты несие | |
күмәнді несиелер | |||
үмітсіз несиелер | |||
VI |
Валютамен берілуіне қарай |
ұлттық валютамен | |
шетел валютасында | |||
VII |
Берілу шартына қарай |
тұтыну, ипотекалық, овердравт, овернайт, онкольдық, банкаралық, ломбардтық, лизингтік, рамбурстық, сенім, маусымдық, консорциалдық |