Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 17:39, курс лекций
Работа содержит конспекты лекций по "Экономике".
Меркантелистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп-физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында. Осы бағыттың негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны буржауазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың адғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған карама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық енбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бірі-маржинализм (французша marginal-шекті) теориясы.
Бұл бағыттың ортаға салған мәселесі-шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Олардың пікірі бойынша кезкелген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, яғни пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері — К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842—1924). Оның басты еңбегі "Экономика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының, кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз — ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.
Экономикалық құбылыстарды талдау-зерттеліп отырған құбылысты жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін бір тұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зертеу. Синтездеу-бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіру арқылы ортақ қортында жасау.
Индукция - жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады.
Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция методологиялық әдістермен жүзеге асырылады.
Экономикалық теория
– адамның шектеусіз
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
3. Позитивті және нормативті экономика.
Позитивті экономика – дерек негізіндегі экономикалық қылық туралы болжамдар. Ал экономиканың тиімділігі жөнінде сөз болғанда, онда мұны нормативті экономикалық ғылым деп білеміз. Нормативті экономика – елдің экономика туралы бағалау пкірлері.
2 тақырып Ақшаның пайда болу тарихы
1 Ақшаның экономикалық мазмұны және ақшаның маңызы мен қызметі
2 Ақша жүйесі және оның
3 Ақша айналымының түсінігі. Қолма-қол және ақшасыз айналым
4 Инфляция мазмұны, пайда болу
нысандары және инфляция
5 Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Ақша пайда болмай тұрып көп елдерде ақша ретінде малды пайдаланды. Сондықтан латынның сөзі "пекуния" (ақша) деген сөз “искус" (мал) сөзінен шыққан. Капитал сезінің шығуы да малмен байланысты, өйткені бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетеді.
Ақша - айырбастың ұзақ даму нәтижесінің объективті шарттасқан тауар өндірісінің тарихи санаты.
Қоғамда ақша қажеттілігі тауар өндіру мен тауар айналысынан туындайды. Адам еңбегінің өнімі, егер ол баламалы негізде басқа өнімге айырбастау жүргізсе, тауар бола бастайды. Ал бұл ақшаға қажеттілік тудырады, яғни айырбас Т-А-Т Маркс сұлбасы бойынша жүреді. Берілген жағдайда ақша тауарларды сатып алу-сатудың баламалы негізінде делдал ретінде көрінеді. Бұл іске асу үшін, сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және сомаға (Т1) басқа тауар сатып алу қажет. Жалпыға бірдей балама ролінде көрінетін ақша болмаған кезде, берілген сәттегі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қабыспауынан айырбас болмай қалуы да мүмкін. Әрқашанда ақша тауарларға қарсы тұрады. Тауар мен ақша бір-бірімен біртұтас. Әйтсе де ақшаның өзі тауар, тауар өндірісі мен айналысының өнімі, олар ерекше айрықшалықты тауар, ол жөнінде толығырақ осы тақырыптың келесі бөлімдерінде қарастырамыз
Ақшаның формалары мен түрлері. Ақшаның формасы дегеніміз – ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті: 1.металдық; 2.қағаздық; 3. несиелік; 4электрондық ақша.
Металл ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылады. Монеталар толыққұнды және айырбастық болып бөлінеді.
Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардағы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.
Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады. Мысалы, номиналы – 50 000 тенге құрайтын, 2008 жылғы 1 қарашада айналысқа «Ұлттық валютаны енгізудің 15 жылдығына арналған ескерткіш монеталар» шығарылған.
1 сурет |
|
Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте ҚР елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Au 999» деген жазу орналастырылған.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде ұлттық валюта нышандары суретінің аясында үш монетадан – «Шабандоз», «Қызғалдақ» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған.
Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта – теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған. Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген.
Ескерткіш монеталар: 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы - 1000 грамм, диаметрі - 100 мм., «рroof» сапасымен жасалған, таралымы - 100 дана.
Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде
Кредит ақша - айналымдағы толық бағалы ақша орнына қолданылатын және кредит белгісі ретінде білінетін қағаз ақша белгілері. Олардың меншікті құны болмайды, баламалы-тауарда берілген құнның символикалық өрнектелуі болып табылады. Кредит ақшаның негізгі шығарушысы болып банк жүйесі есептеледі. Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банкілердің кредиттер беруі қағаз ақшаны ауыстырады, яғни кредит ақша тауар айналысы қажеттілігін қанағаттандырады.
Өз дамуында кредит ақша келесі сатылардан өтті: вексель, банкнот, чек, электронды ақша және олардың соңғы түр өзгешелігі - кредит және пластикалық карточка.
Вексель - бұл онда белгіленген соманы вексель айналысының заңы бойынша белгіленген мерзімде сөзсіз төлегендігі жөніндегі мерзімді ақша міндеттемесі. Вексельдер жай және аударма болып бөлінеді. Жай вексельді қарызға алушы жаздырып алады. Бұл вексель берушінің ұсынушыға белгілі бір сома ақша төлейтін сөзсіз міндеттемесі.
Аударма вексельде (тратта) кредит берушінің бұйрығы болады - вексель берушінің (трассанттың) қарыз берушіге (трассатка) аталған соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) мерзімінде төлегендігі жөнінде. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілгерлік) арқылы төленуі мүмкін, ал вексель мен қосымша парақтың аллонджында «аваль деп саналсын» деген жазумен ресімделеді.
Банкнот - бұл эмитент-банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды сәті бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель белгілі бір мерзімге шығарылады, ал банкнот - мерзімсіз міндеттеме; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнотты айналымға мемлекеттің кепілдігімен елдің Орталық банкі, ал вексельді дереспубликалық бюджетес кепілдікпен жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.
Қазақстанда банкнот шығарушы болып Ұлттық банк есептеледі, олар мәні бойынша Республиканың бүкіл аумағында ұлттық ақша болып саналады. Тауар немесе алтын түрінде материалдық қамтамасыз ету болмайды, бірақ банкнотттардың кредиттік негізі бар, өйткені олар айналысқа банкілік кредиттеу тәртібімен шығарылады және несие қорының элементі болып табылады.
Банкнот айналысы кеңістіктегі кредит ақшаның қызмет етуін кеңейте түсуге мүмкіндік берді және сонымен бірге банкнотгардың айналыс құралы атқарымын тамаша қамтамасыз етті. Кредиттік ақшаның келесі құралы болып чек есептеледі.
Чек - бұл талап етілумен жасалған қатаң есептегі ақша құжаты, чек берушінің (шот иесі) банкіге чек иесіне онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі бұйрығы болады. Қысқа мерзімді әрекеттегі ақша құралы ретінде оның заңды төлем құралы болатын мәртебесі жоқ. Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуда пайдаланылады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысатын болады.