Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 17:39, курс лекций
Работа содержит конспекты лекций по "Экономике".
|
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2010 1 басылым | |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | ||
Силлабус |
Ф.4.09-04 | |
01.09.2011 г. |
........ атындағы ....... мемлекеттік университетінің колледжі
СИЛЛАБУС
Экономика негіздері пәні бойынша
0518000 - Есеп және аудит мамандығы үшін
Оқыту түрі күндізгі
Семестр 1
Кредит саны 1
Оның ішінде:
Лекциялар 15
БОӨЖ
БӨЖ
Аралық бақылау 2
....... 2012
1. Оқытушы туралы деректер
Оқытушының аты-жөні |
ОӨЖ өткізетін консультация орны мен уақыты |
Байланыс туралы ақпарат |
e-mail, тел. | ||
|
4. Курстың қысқаша сипаттамасы
Курстың оқыту нәтижесінде оқушы
білуі керек:
- экономикалық теорияның жалпы ережелерін, экономикалық заңдарды, нарықтық экономиканың әрекет ету принциптерін;
- нарықтық экономиканың маңызды заңдары мен категорияларын және олардың әрекет ету механизмдерін;
- тауар қозғалысындағы нарыққа әсерін;
- кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі есеп пен талдау негіздерін.
- қаржылық механизмінің
мазмұны, оның әртүрлі
- нарықтық экономиканың әрекет ету принциптері;
ақшалай – несие, мемлекеттің инвестициялық және әлеуметтік саясат негіздері;
- негізгі макроэкономикалық категориялар мен көрсеткіштер;
- экономикалық қарым
– қатынас ерекшеліктері,
- макроэкономикалық
- нарықтық экономиканың механизмдері және маңызды заңдылықтары туралы;
мемлекеттік реттеу туралы;
- қазіргі кездегі Қазақстан
Республикасының
істей білуі керек:
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) |
1-8 аптадағы бағалау мөлшері |
9-15 аптадағы бағалау мөлшері |
Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері |
Журналға балл қоюдың кезеңі |
ӨЖ |
2 |
2 |
Әрбір ӨЖ –ге 100 баллдан |
4,7,11,14 апталарда |
Ағымдық бақылау |
1 |
1 |
Әрбір ағымдағы бақылауға 100 баллдан |
Апта сайын |
Кіру рұқсатының рейтингісі 1 |
R 1 = (СР1+СР2+R)/3 |
100 |
8 апта | |
Кіру рұқсатының рейтингісі 2 |
R2 =(СР3+СР4+R)/3 |
100 |
15 апта | |
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі |
R = (R1+R2)/2 |
100 |
15 апта | |
Емтихан |
Е |
100 |
16-17 апта | |
Қорытынды баға |
I = R*0.6+E*0.4 |
100 |
Бағалау саясаты
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға |
Бағаның цифрлік эквиваленті |
Пайыздық мөлшері |
Дәстүрлі түрде бағалау |
A |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A- |
3,67 |
90-94 | |
B+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3,0 |
80-84 | |
B- |
2,67 |
75-79 | |
C+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2,0 |
65-69 | |
C- |
1,67 |
60-64 | |
D+ |
1,33 |
55-59 | |
D |
1 |
50-54 | |
F |
0 |
0-49 |
Қанағатанарлықсыз |
Баға қоюдың критерилері
Бақылау түрі |
Максимальдық баға |
Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу үй тапсырмасын орындауы тәжірибелік сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция және тәжірибелік сабақтар барысындағы жауаптары, тәжірибелік тапсырмаларды орындау, оларды қорғау) |
100 20 30 30 20 |
Әр аптада |
ӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 30 30 40 |
ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
ӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 40 30 30 |
ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
ӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 40 30 30 |
ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
ӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 40 30 30 |
ӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
Аралық бақылау 1: 2 Нұсқа: тест |
100
50 50 |
8 апта |
Аралық бақылау 2: 2 Нұсқа: тест |
100
50 50 |
15 апта |
Курстың саясаты
Академиялық тәртіп және этика саясаты
Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Типтік бағдарлама бойынша тақырыптары |
Сағат саны |
Апта |
Әдебиет |
1 |
1 тақырып Экономиканың пайда болу тарихы Экономиканың пайда болу тарихы. Негізгі экономикалық түсініктер. Қажеттіліктер, экономикалық қолайлық , ресурстардың шектелуі; ресурстардың шектелу жағдайындағы экономикалық таңдау; экономиканың негізгі үш мәселелері: не, қалай, кім үшін? Экономиканың негізгі белгілеуі. Экономикалық қажеттіліктің ролі. Оқушыларда мыналар бойынша ұғым болу керек: экономиканың ролі және басқа да экономикалық пәдермен өзара байланысы, қажеттілік, ресурстар шектеуі Білімділікке қойылатын талаптар: экономика, пән ретінде экономикалық қатынасы; экономиканың негізгі үш мәселелері; экономикалық заңдардың типтері. Іскерлікке қойылатын талаптар: экономикалық талдаудың қарапайым әдістерін қолдану; графиктер, диаграммалар құру, оларды оқи білу, экономикалық айнымалыларды салыстыру Дағдылыққа қойылатын талаптар: негізгі экономикалық түсініктердің операциялары, экономикалық құбылстарды оқу кезінде зерттеу әдістерін қолдану. |
1 |
1 |
1, 2,3 |
2 |
2 тақырып Ақшаның пайда болу тарихы Өндіріс және құн формасы процессіндегі ақшаның пайда болуы. Ақшаның мәні, олардың функциялары және формалары. Инфляциялар. Қазіргі ақша айналымы және валюталық қатынастар. Оқушыларда мыналар бойынша ұғым болу керек: Негізгі түсініктер: ақша, ақша жүйесі, айырбас, инфляция, тауар, эквивалент, ақша функциясы, ақша формалары. Білімділікке қойылатын талаптар: ақша түрлері, функциялары, ақша айналымы туралы түсінік, ақша айналымы заңы туралы білуі тиіс Іскерлікке қойылатын талаптар: Ақша формаларын айыра білу, ақша функциялары және қай функцияда ақшалар тауарлы –ақшалай қатынастарды білдіретіндігі туралы. |
2 |
2-3 |
2,4,11 |
3 |
3 тақырып Сауда және маркетинг Сауда. Сауданың мәні және маңызы. Маркетинг. Маркетингтің мәні және маңызы. Маркетинг туралы негізгі түсініктер. Маркетингті қолдану саласында байланысты түрлері. Республика ұйым қызметінде маркетингті енгізу, дамытуды оқыту қажеттілігі. Маркетингтің даму мәселелері және перспективалары. Шетел және отандық кәсіпорындардың тәжірибелік қызметінде маркетинг концепцияларын қолдану Білімділікке қойылатын талаптар: маркетинг, тапшылық, қажеттілік, сұраныс, маркетинг тауары, айырбас жасау, маркетингті басқару, маркетинг концепциялары Іскерлікке қойылатын талаптар: маркетинг концепциясын талдау және салыстыру, әлеуметтік –этикалық маркетингтің пайда болуын дәлелдеу. |
2 |
4-5 |
3,6,11 |
4 |
4 тақырып Өндіріс саласы Өндіріс саласы туралы түсінік. Шикізат, материал және құрал –жабдықтар туралы негізгі түсінік. Өндірістік қызмет түрлері. Оқушыларда мыналар бойынша ұғым болу керек: өндірістік ұйым, фирма, кәсіпорын қызметінің мәні және негізгі түсініктерін білуі тиіс. Білімділікке және іскерлікке қойылатын талаптар: өндірістік қызмет түрлерін айыра білуі керек. |
1 |
6 |
1,7,11 |
5 |
5 тақырып Қаржының мәні және маңызы Қаржы мәні. Түсінік: қаржы, қаржылық ресурстар, қаржылық қатынастар. Қаржы туралы негізгі түсінік. Қаржының неізгі функциялары. Олар туралы қысқаша сипаттама, қаржының кеңейтілген өндірістегі ролі. Қаржы саясаты. Қаржы саясатының мазмұны. Қаржылық стратегиялық және оперативті басқару түсінігі. Білімділікке қойылатын талаптар: қаржы анықтамасын, олардың қажеттіліктерін, Қазақстан Республикасының қаржылық құрамдас элементтерін, жалпы мемлекеттік қаржының ролі және мәнін, қаржыны әртүрлі шаруашылық қызмет саласында қоланылуын және де қаржылық басқарудағы жоғарғы заңды өкілетті органдар ролін, қаржы саясатының мазмұнын білуі керек. Іскерлікке қойылатын талаптар: заңнамалық материалдармен, әдебиеттермен жұмыс жасай білу керек, және жеке қаржы жүйесінің звеноларын өзара байланыстыра білу керек, арнаулы пәндер сабағында белгілі тақырып бойынша байланыстыра білу керек. |
2 |
7-8 |
2,9,14 |
6 |
6 тақырып Мемлекеттік бюджет, оның құрылымы және қалыптасу принциптері Мемлекеттік бюджет, оның құрылымы және қалыптасу принциптері. Салықтар, олардың мәні және түрлері, фискалды саясат. Тәжірибелік сабақ. Білімділікке қойылатын талаптар: негізгі мемлекеттік бюджет функцияларын, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын, бюджеттік тапшылық және оларды басқару әдістерін білу керек. Іскерлікке қойылатын талаптар: бюджеттік тапшылықтың себептерін талдай білу керек, қазіргі кездегі республикалық және жергілікті бюджет жағдайына сипаттама беру іскерлігі. |
2 |
9-10 |
6,24,9 |
7 |
7 тақырып
Несие және оның маңыздылығы. Н Оқушыларға мыналар ұғым болу керек: несие, коммерциялық кредит, ссудалық процент, ссудалық процент туралы түсінік. Білімдікке қойылатын талаптар: несиенің мәні туралы, несие принциптері, несие формаларын білу тиіс. Іскерлікке қойылатын талаптар: несиенің принциптерін және формаларын айыра білу, ссудалық процентті есептеуді іске асыра білу. Дағдылыққа қойылатын талаптар: несиелік келісім–шарттармен, міндеттемелермен жұмыс жасай білу. |
2 |
11-12 |
2,4,7,11, 12,21 |
8 |
8 тақырып Банкілер, олардың түрлері және операциялары Банкілер, банк түрлері, банктердің жұмыс жасау принциптері, және банкілерді жүргізілетін операциялар. Банк типтері. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің ашылуы. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен өзара қарым – қатынасы. Оқушыларға мыналар ұғым болу керек: банк жүйесінің мәні туралы, коммерциялық банк мәні туралы. Білімдікке қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының банк жүйесінің деңгейін, Ұлттық банк мәнін, оның мәселелері мен функцияларын, коммерциялық банктердің базалық функцияларын, коммерциялық банктердің базалық функцияларын, ашылу тәртібін. Дағдылыққа қойылатын талаптар: Заңнамалық актілермен жұмыс жасай білу керек. |
3 |
13-14-15 |
1,3,2,519,22 |
Барлығы |
15 |
ДӘРІС КЕШЕНІ
1 тақырып. Экономиканың пайда болу тарихы
1. «Экономика » ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталады. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.
Экономика – материалдық игіліктермен қамтамасыз етумен байланысты адамдардың кез келген әрекеті.
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж.ж.) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономиканы бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырған. Платон (427-347ж.ж.) еңбек бөлінісі туралы, еңбекті мамандыру мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель «Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол байлық деп осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын санады. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін. «Саяси экономия» ұғымын ғылымға алғаш еңгізген А.Монкретьен болатын. 1615 ж оның «саяси экономия трактаты» деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік шаруашылықыты жүргізу кеңестері мазмұндалған.
Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы— меркантелистер мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұымын береді. Бұл мектептің өкілдерінің алға қойған мәселесі-қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге барынша көп сатып, олардан мейлінше аз сатып алу арқылы елдегі ақша және алтын қорын молайту жолдарын іздеу. Олар акша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Бұл жердегі бір кемшілік сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш болып табылмайды, себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.