Лекции по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 17:39, курс лекций

Краткое описание

Работа содержит конспекты лекций по "Экономике".

Прикрепленные файлы: 1 файл

СМЖ ЖМУ Е.doc

— 803.50 Кб (Скачать документ)

Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты.

Бөлу өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.

Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.

Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады.

Тұтыну екі сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы  мүмкін. Өндірістік тұтыну дегеніміз  өндіріс процесінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану  ұдайы өндіріс негізін құрайды.

Өндірістік емес тұтыну жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.

Жеке тұтыну – бұл  адамджардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін  қанағаттандыру.

Қоғамдық тұтыну –  қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Өнімдерді тұтынған кезде  олар оң мағынада жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру қажет.

Ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс – бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.

Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері  өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды.

Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші – оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.

  1. Ресурстардың шектеулігі және оларды талдау мәселелері.

Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар – бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады (мысалы, ауа), ал екіншісі – шектеулі (мұнай, көмір т.б.). Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.

өндіріс факторлары

ресурстары 

табыстары

жер

табиғи

рента

еңбек

еңбек/жұмыс күші

жалақы

капитал

материалдық, қаржылық

пайыз

кәсіпкерлік қабілеттілік

 

пайда


  1. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

Қоғамдық өндіріс екі  саладан тұрады:  материалды және материалды емес.

Материалдық өндіріс  саласы – халық шаруашылығы салаларының  төмендегідей материалдық иігіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсеиту саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрчсету – киімді өндеу, тігу, жуу, тазалау және т.б.).

Материалдық емес игіліктер (рухани құндылықтар)  жасалады, сондай-ақ матерниалдық емес қызмет көрсету – денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт, және т.б.

 

5 тақырып Қаржының  мәні және маңызы

2.1  Қаржы  мәні және  қажеттілігі. Қаржы  ресурстары мен қаржылық қатынастар

Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір суретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау жөне пайдалану процесіндегі экономика-лык қатынастарды қамтып корсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекетгің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды. Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмысалуына бақылау жасау.

«Қаржы ресурстары». Шаруашылық жүргізу тәжірибесінде «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын, яғни ақша қорларын, несие ресурстарын, ақша қаражаттарының резервтерін айтады. Кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақша қаражаттары, олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.

Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:

1. Мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер.

2. Бюджеттен тыс қаражаттар. Олар ШЖС-дің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді.

2.3  Қаржы жүйесі және оның  негізгі буындары.

"Қаржы жүйесі" ұғымы тиісті ақша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды.

Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның қоғамдық-экономикалық үдерістердегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады: 1) қаржы қатынастарының жиынтығы; 2) ақша қаражат қорларының жиынтығы; 3) басқарудың қаржылық аппараты.

   2.5  Қаржы  механизмінің мазмұны мен құрылымы

Қаржы сасатын нақты  шаруашылық өмірде қаржы механизмі  арқылы іске асырылады.  Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарырын біріктіреді.

Қаржы механизмінің арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік  дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржылық қатынастары басқарылады.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі: 1) ШЖС-нің қаржы механизмі, 2) мемлекет қаржы механизмі, 3) сақтық механизмі болып бөлінеді. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм, бюджеттен тыс қорлар механизмі, мемлекеттік несие механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Қаржы механизмінің құрылымы. Қаржы механизмінің құрылымында  мынадай функциялық буындарды бөледі: 1. қаржы ресурстарын жұмылдыру; 2. қаржыландыру; 3. ынталандыру және т.б.

Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып таб., олар:  

1. қаржылық жоспарлау  (қаржы болжамдары, жоспарлары, баланстары, қаржылық көрсеткіштері және қаржы нормативтері),

      1. қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары (қаржы ресурстарының нормативтері, қаржымен қамтамасыздандыру),
      2. ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны ұйымдастыру (заңнамалар мен нормативтер, қаржылық басқару мен бақылауды ұйымдастыру).

Қаржы механизмінің блогы (буыны) – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.

Қаржы механизмінің элементі – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша білінеді. әрбір элемент бірыңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс жасайды және барлық элементтер келісуді талап етеді.

Қаржы механизмдерінде қаржы – экономикалық нормативтер мен  лимиттер пайдаланылады. Нормативтер – шығындардың немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген мөлшерлері, лимиттер – ресурстарды пайдаланудың шекті мөлшерлері қаржылық жоспарлауда пайдаланылады.

 

6 тақырып  Мемлекеттік бюджет, оның құрылымы және қалыптасу принциптері

6.1 Мемлекет  қаржысы және оның әлеуметтік - экономикалық  рөлі 

    1. Мемлекеттік кіріс жүйесі. Кірістің сыртқы және ішкі көздері

6.3 Мемлекеттік  шығыстар мәні

6.4 Бюджет және  бюджет жүйесі 

Мемлекеттік қаржының құрамында негізгі орынды бюджеттік қатынастар иеленеді. Бюджеттік қатынастар арқылы ақша қаражаттардың көп бөлігі қайта бөлінеді. Республикалық бюджеттің ресурстары жалпы мемлекеттік шараларды қаржыландыруға бағытталған. Осыдан республикалық бюджеттің рөлін анықтауға болады. Жалпы мемлекеттік бағдарламаларға тәртіпті сақтау шаралары, шегараны сақтау, әлеуметтік аяны дамыту, халықаралық міндеттемелерді атқару және басқа да мақсатты мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар жатқызылады.

Қазақстанның бюджетінің негізі болып республикалық бюджет есептеледі. Республикалық бюджет мемлекеттік кірістер мен шығыстардан құралады.

Мемлекеттік кірістер - бұл мемлекеттің басқару органдарын және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы ресурстарын құруға байланысты жүргізілетін қаржы қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттік кірістердің құралу көздерін 2 топқа жіктеуге болады:

  1. Ішкі кірістер - бұл осы елдің ішінде жасалатын ұлттық табысты айтамыз.
  2. Сыртқы кірістер - бұл мемлекеттік қарыз ретінде алынған басқа елдің ұлттық табысының бір бөлігін жатқызамыз.

Мемлекеттік кірістерді жұмылдырудың келесі әдістері бар:  1.салық салу,  2.қарыз алу,  3. ақша эмиссиясы.

Жоғарыда айтылған әдістерден басқа мемлекеттік кірістердің басқа да көздері бар:

1. салықтық емес түсімдер;

  1. экспорттық және импорттық операциялардан түсетін түсімдер;
  2. мемлекеттік объектілерді сатудан немесе жекешелендіруден, жалға беруден түсетін түсімдер және т.б.

Салық - мемлекеттік кірістердің негізгі көзі ретінде. Салық - бұл заңмен бекітілген міндетті түрде белгілі бір мөлшерде, белгілі уақытта мемлекетке төленетін ақшалай төлем.

Қазақстан Республикасында  мынадай салықтар және төлемдер белгіленген:

№  р/н

Салықтар мен  төлемдердің аты

1

корпоративтік табыс  салығы

2

жеке табыс салығы

3

қосылған құн салығы

4

акциздер

5

экспортқа рента салығы

6

жер қойнауын пайдаланушылардың  арнаулы төлемдері мен салықтары

7

әлеуметтік салық

8

көлік құралы салығы

9

жер салығы

10

мүлік салығы

11

ойын бизнесі салығы

12

тіркелген салық

13

бірыңғай жер салығы

бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер:

1

мемлекеттік баж

1) алымдар:

1

тіркеу алымдары

2

автокөлік құралының  Қазақстан Республикасы аумағымен  жүргені үшін алым

3

аукционнан алынатын алым

4

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым

5

телевизия және радио  тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым

2) төлемақылар:

1

жер учаскесін пайдаланғаны үшін

2

үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін

3

қоршаған ортаға эмиссия  үшін

4

жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін

5

орманды пайдаланғаны үшін

6

ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін

7

радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін

8

қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені  үшін

9

кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін

10

сыртқы (көрінетін) жарнаманы  орналастырғаны үшін қолданылады

Информация о работе Лекции по "Экономике"