Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 17:39, курс лекций
Работа содержит конспекты лекций по "Экономике".
Ақша өзінің бірқатар функциялары арқылы капитал қозғалысының процесіне: 1. құндылық өлшемдері; 2. айналым құралдары; 3.қазына мен жинақтауды құру құралдары; 4. төлем құралдары; 5. әлемдік ақша ретінде қызмет көрсетеді. ҚРның Азаматтық кодексінің 127 бабына сәйкес:
1. ҚР ақша бөлінісі теңге болып табылады. 2. Теңге ҚР бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады. 3. ҚР аумағындағы төлемдер қолма-қол төлеп және қолма-қол төлемей есеп айырысу түрінде жүзеге асырылады. 4. ҚР аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттері, тәртібі мен шарттары ҚР заңдарында белгіленеді.
1. Ақша құн өлшемі ретінде. Барлық тауарлар өздерінің құндарын ойша пайымдаудағы ақшамен яғни, санадағы ақшамен есептейді. Баға - тауар құнының мөлшер көрсеткіші. Тауарлардың нарықтық бағасы, өз құнының мөлшерімен әрқашанда сәйкес келе бермейді.
2. Ақша айналым құралы ретінде. Ақша тауарлар алмасуында делдалдық рөл ойнайды. (Т-А-Т): тауар сатуды жүзеге асырып (Т-А), тауар өндіруші түскен ақшасына өзіне қажетті басқа тауарды сатып алады (А-Т). Айналым құралы болып тек нақты ақша алынады.
3. Әлемдік ақша ретінде. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. Әлемдік аренада ақшанын айнылым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады. Бұл алдымен халықаралық несиенің дамуымен түсіңдіріледі.
4. Ақша қазына мен жинақтауды құратын құрал ретінде. Егер тауар өндіруші тауарын сатып болған соң ұзақ уақытқа дейін басқа тауар сатып алмаса, сол әрекетімен ол ақшаны айналымнан шығарады, оны жинақтап, қазына жасайды.
Қазына түрінде ақша жинау нарықтық құбылмалылықтан өзін қорғау үшін әреспубликалық бюджетір тауар өндірушінің белгілі бір ақша қорын жасауға тырысуымсн анықталады. Оның үстіне қазына құру құралының функциясын тек толық бағалы және нақтылы ақша ғана: монета және құйма түріндсгі алтын мен күмістер орындай алады. Қазына жинау, мұнан басқа, "қазынаның эстетикалық формасы" деп қабылданатын алтын мен күмістен жасалынған сендік заттар түрінде жүзеге асырылады. Әрине, қағаз ақшаны да жинауға болады, бірақ олар құнсыздануға ұшырауы мүмкін.
Қазына нарықтық экономика жағдайында байлық жинау формасы рстінде қосалқы рөл атқарады, себебі, ең бастысы — айналым, ақша қозғалысын жылдамдату.
5. Ақша төлем құралы ретінде. Тауарларды қолма-қол қаражатқа сату және сатып алу міндетті емес. Сатып алушының қолында ақша ұдайы бола бермейді, сатушы кейде болашақ тауарларын сату жөнінен келісім жасайды. Жалпы алғанда, әртүрлі себептерге байланысты тауарларды сатып алу-сатуды несиемен жүргізудің, яғни төлем мерзімін ұзартудың қажеттілігі туады. Төлем құралы функциясындағы қағаз ақша қозғалысы (тауарлар мен игі қызметтерге біз ақша төлегенімізде) — "ақша айналымы" деп аталады. Ақша айналымы мемлекеттік ақша жүйесінің заңды бекітілген формасында жүзеге асады. Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымының болуы ("теңге", "доллар" және т.б.); заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы "банкнот" және "қазыналық билеттер"); ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты "қаржылық" мемлекеттік аппарат секторы.
Ақша — бұл, бәрінен бұрын, нарықтық игіліктердің экономикалық құндылығының әмбебап өлшеуіші. Алайда ақшаның жалпыға бірдей есеп бірлігі деп саналуының себебі, ол кез келген сатылатын игілікке төлем құралы ретінде пайдаланылады. Ақшаның "төлемдік" функциясы ақшаның бірінші теориялық және практикалық проблемасы — өтімділік проблемасын тудырады.
Мәселе мынада — "өтімділік" (ликвидность) дегеннің не екенін түсінбей, біз "ақшаның" не екенін айыра алмаймыз. Өз кезегінде, өтімділік мәнін түсіндіру қазіргі ақша теориясының негізіне алынатын принципте жатыр. Ол былай айтылады - "ақша орнына жүретін барша нәрсе, ақша болып саналады".
Ақша айналымы дегеніміз - ақшаның бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қозғалысы. Ақша айналысының құрылысы бірнеше белгілермен сипатталады, оның ішінде ең маңыздысы осы айналымның қызмет көрсететін қарым - қатынастарының түрі. Осы белгі бойынша ақша айналымы үшке бөлінеді:
Ақша айналымы оған қатынасатын субъектілерге байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1.банкаралық
айналым; 2..тек жеке тұлғалар
Біртұтас ақша айналымының құрамына: қолма-қол ақшасыз айналым және қолма-қол ақша айналымы кіреді. Қолма-қол ақшасыз айналым дегеніміз – бұл қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жиынтығы. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу дегеніміз – қолма-қол ақшаның қатынасынсыз, тек банкідегі есеп шоттарға жазу арқылы немесе өзара талаптарды есепке алу арқылы есеп айырысуды айтамыз. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың келесі нысандары бар: 1. төлем-тапсырмалық нысаны; 2. аккредитивтік нысан; 3. чекпен есеп айырысу; 4.төлем-талап тапсырмалық нысаны. Қолма-қол ақша айналымы деп қағаз ақша белгілерінің (банкноталар) және монеталардың үздіксіз қозғалысын айтамыз. Қолма –қол ақша арқылы еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы, т.с.с төлемдер төленеді.
Инфляция – бұл айналым арналарының артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі, сонымен қатар халықтың нақты табысының төмендетілуі, ақшаның құнсыздануы. Инфляция деген сөз – латын тілінен аударғанда «көтерілу, қабыну» деген мағынаны білдіреді.
Инфляция түрлері мен тұрпаттары, олардың сипаттамасы.
ІІ. Шығын инфляциясы. Шығын инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіріледі. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтық жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде де бағалар үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі ХІХ-ХХ ғасырдың 1-ші жартысындағы циклдік өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс страгфляция (инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса) деп аталады., ол экономикалық дағдарыс пен страгнация (өндірістің тоқырауы) жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
ІІІ. Жылжымалы инфляция. Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10 пайыздан аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
ІV. Қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200 пайызға жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
V. Ұшқыр инфляция. Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300 пайызға жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді.
Мемлекеттік инфляцияға қарсы іс-қимылдарының екі нұсқасы (варианты) бар:
1) инфляцияға бейімделу
саясаты немесе кірістерді, жалақыны,
пайыздық, төлемдерді, инвестицияларды
индекстеу шаралары
2) компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімді жобаларды іске асырады, жеке тұлғалар қосымша кірістің кезін іздейді т.б.; инфляцияны төмендету немесе инфляцияның алдын алу бойынша инфляцияға қарсы шаралар кешенін жүргізу.
Инфляцияға қарсы саясат ақша ұсынысын шектеудің әр түрлі әдістерінен құрылады:
1) орталық банктің (Ұлттық) қолма-қол ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналымдағы ақша көлемін азайту;
2) несие қорларын өсіру
және оларды алу мүмкіндігін
жеңілдету мақсатында
3) несиелік мультипликаторды қысқарту және коммерциялық банктердің несиелік үстемдігін шектеу мақсатында Ұлттық Банктің резервтік талаптарын арттыру;
4) осы мақсаттарда
Ұлттық Банктің несиелерін
Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттік шығыстарды қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту жолымен жүргізіледі. Салық саясаты инфляция жағдайында өзара байланысты, бірақ бір-біріне қайшылықтағы мәселелерді шешуге бағытталады: біріншіден, теңестіру және тапшылықты жою мақсатында мемлекеттік бюджет кірістерін арттыру; екіншіден, экономиканың бастапқы буындарын өндіріс пен алмасу кеңістігінің экономикалық белсендігін жандандыру.
Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салықтарды қысқартуда көрінеді. Жанама салықтар инфляциялық сипатта болады, себебі олар бағаларды өсіреді, сұранысты қысқартады.
3 тақырып Сауда және маркетинг
Сауда. Сауданың мәні және маңызы. Маркетинг. Маркетингтің мәні және маңызы. Маркетинг туралы негізгі түсініктер. Маркетингті қолдану саласында байланысты түрлері.
Республика ұйым қызметінде маркетингті енгізу, дамытуды оқыту қажеттілігі. Маркетингтің даму мәселелері және перспективалары. Шетел және отандық кәсіпорындардың тәжірибелік қызметінде маркетинг концепцияларын қолдану.
4 тақырып Өндіріс саласы
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі.
Өндіріс процесі тек кана үш факторлардың – адамның күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады.
Еңбек заты- болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар. (мұнай, руда, шикізат т.б.).
Еңбек құрал- саймандары
– қажетті игіліктерге
Өндіргіш күштер – бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.
Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен байытылады. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің ролі мен маңыздылығы арта түседі.
Экономикалық қатынастар – бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.
Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан тұрады.
Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді.
Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі және айырбасталуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Ұйымдастыру формаларына еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндіріс концептрациясы (фирмалардың, т.б. іріленуі), өндірістің орталықтандырылуы (көптеген шаруашылық бірліктерінің бір тұтас бірігуі) және т.б. жатады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.
Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.