Кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19

«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28

«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28

«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48

3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру.doc

— 720.00 Кб (Скачать документ)

Қаймақ өнімдерін бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалағанда да біздің «ФудМастер» ЖШС-нің өнімі алдыңғы орынға ие болды. Жоғарыдағы кестеге қарап, қаймақтың сапасы өте жақсы және тартымдылық деңгейі де салыстырмалы түрде жоғары деген қорытындыға келеміз.

 

7-кесте. Сүзбенің бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау  (200г)  

                 

Сауда белгісінің атауы

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері

Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ

Бәсекелік тұғыры

Сапа деңгейі

Тартымды-лық деңгейі

Нарықтық бағасы, тг

ФудМастер

9,72

9,36

138

0,66

2

Агропродукт

8,87

7,78

96

0,72

1

Веселый молочник

8,26

9,12

124

0,61

4

Кайсар

7,84

6,24

83

0,59

5

Адал

8,38

8,15

108

0,63

3

Ескертпе – бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдісіне сәйкес есептелді


 

 Бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға ие болған «Агропродукт» ЖШС-нің сүзбесі, біздің зерттеуіміз бойынша ішкі нарықта бәсекелік қабілеті ең жоғары өнім болып есептеледі (бәскеге қабілеттілігі деңгейі 0,67). Біздің «ФудМастер» ЖШС-нің сүзбесі (0,66) және «Адал» сүзбесі (0,63) де тұтыну нарығындағы бәсекелік тұғырларының жоғары екендігі көрсетті. Біздің «ФудМастер» ЖШС-нің сүзбесінің сапа мен тартымдылық деңгейлерінің коэффициенттері талданған басқа өнімдердің коэффициенттерінен жоғары, бірақ нарықтық бағасы да жоғары болғандықтан, ол екінші орында.

 

8-кесте. Балмұздақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау  

                   

Сауда белгісінің атауы

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері

Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ

Бәсекелік тұғыры

Сапа деңгейі

Тартымды-лық деңгейі

Нарықтық бағасы, тг

ФудМастер стаканчик

9,68

8.46

28

2,9

1

Агропродукт стаканчик

7,24

7,63

26

2,12

3

Кайсар пломбир

6,79

6,85

29

1,6

7

Вечерний Алматы

8,2

8,67

38

1,9

4


                                                                                        8-кестенің жалғасы

Смак  стаканчик

6,58

7,08

27

1,7

6

Смак пломбир

7,42

7,67

32

1,8

5

Шин Лайн  Снеговик

8,06

9,1

28

2,6

2

Ескертпе – бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдісіне сәйкес есептелді


 

Бұл жерде бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші орында біздің «ФудМастер» ЖШС-нің балмұздағы (бәсекеге қабілеттілік деңгейі 2,9) болып отыр. Кейінгі екі орынды «Снеговик» сауда маркісімен Шин Лайн ААҚ (2,6) және «Агропродукттің» стаканчик балмұздағы (2,12)  алып отыр, біріншісі тартымдылық деңгейімен, екіншісі төмен баға деңгейімен ерекшеленді.

Біздің «ФудМастер» ЖШС өнімі бәсекелік қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға ие болғандықтан дифференциалданған әдіспен есептегенде бағалау базасы ретінде сапа мен тартымдылықтың ең үлкен коэффициентін аламыз, яғни 10 балл.

 

Сі = 9,68 / 10 = 0,97

Ti = 8,46 / 10 = 0.85

 

Сапа деңгейінің көрсеткіші 0,97-ге тең, бұл көрсеткіш 1-ге өте жақын болғандықтан балмұздақтың сапасы жоғары деген шешімге келеміз. Тартымдылық деңгейінің көрсеткіші 0,85-ке тең, бұл көрсеткіш жоғары болғанымен, осы деңгейге қазіргі талаптар қанағатталмаған (Кті<1), соған орай, оны жақсарту керек, яғни: өнімнің сыртқы келбетін, қорабының дизайнын әсемдеп өзгертіп; сауда белгісі мен өнімнің танымалдылыған өсіру керек.

«ФудМастер» ЖШС-нің өнімдерін талдап, мынандай қорытындыға келеміз: «ФудМастер» ЖШС-нің өнімдері ішкі нарықта бәсекеге          қабілетті болып келеді. Әсіресе бұл кефир, қаймақ және балмұздақ өнімдерінен көрінеді, олар бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға ие болған. Ал сүт пен сүзбе өнімдері екінші орынға ие болғандықтан, талдаудан біз өнімдердің тартымдылық деңгейін өсіру керек; барлық өнімнің сапасы қанағаттандырады, жоғары  деген шешімге келдік.

 

 

 

 

 

 

3  КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН жоғарылату

3.1   Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы

 

Бәсекелік саясатта тауарға қатысты, ең алдымен, оның функционалдық тағайындалуын, сенімділік, қолдануындағы ыңғайлылық, сыртқы      келбетің эстетикалығы және басқа сипаттамалары, яғни берілген      тауардың үлгі тауарларға қарағандағы тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері назарға алынады. Берілген тауардың жиынтық қасиеттерін қосатын тауардың мұндай тұтынушылық құндылықтарын қалыптастыру нарықта өмір сүріп қалудың маңызды шарты болып табылады. өндіруші бәсекеге қабілетті тауарды өндіргенде әртүрлі стратегияны қолданылады:

  • Бәсекелестер тауарынан айырмашылығы бар кәсіпорын тауарына тұтынушының назарын аудару;
  • Өндіріске айқындалған тауарлардан барлық тұтынушылар үшін тартымды бір тауарды таңдап, соның негізінде нарықты жаулап алу;
  • Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасынан экономикалық тиімсіз тауарды уақытылы алып тастау;
  • Ескі және жаңа тауарлармен жаңа нарыққа шығудың амалын табу;
  • Сатып алушының жаңа қажеттіліктері  мен талғамдарына сәйкес өндірілетін тауардың модификациясын жасау;
  • Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту [20].

Халықаралық еңбек бөлінісі мен ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен бәсекеге қабілеттіліктің кең таралуы өндірушілерді жаңа  бәсекеге қабілетті тауарларды мен оны өткізудің жаңа нарықтарын көбірек        іздеуге мәжбүр етеді. Халықаралық тәжірибе бір ғана өнім емес, ассортименттік наборды құрастыратын кең параметрлік қатарды            өндіру тиімді екенін көрсетеді. Параметрлік қатар мен ассортименттік    набор кең болған сайын, тұтынушы өзі үшін сатып алудың               оптималды нұсқасын табатынына ықтималдылығы жоғары болады.   Мысалы, бір-бірінен жүккөтерімділігі, жылдамдығы, айналу радиусы       және басқа айырмашылығы бар бір типті автотиеуіштерді шығару.          Әрбір сатып алушыға оның жұмыс жағдайы есебінен сатып алынатын автотиеуіштердің кейбір анықталған эксплуатациялық параметрлері     қажет болады. Егер сатушы ол қажеттіліктерді қанағаттандырса, тұтынушы оны сатып алады; егер қанағаттандырмаса, тұтынушы басқа сатушыны іздейді.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін, ең алдымен, бәсекелестері өнімді сатып жатқан немесе өткізуге мақсат қойған нарықтар туралы объективті ақпаратты алуы керек. Нарықтарды талдауға ерекше назар аударылады. Әсіресе берілген тауар қанағаттандырмайтын қажеттіліктер және тұтынушылар атап өткен тауардың жақсы қасиеттері бағалану керек.  Ең соңында техникалық деңгейі және сапасы бойынша өндірілетін өнімнің ақырғы тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетіні туралы мәселе шешіліп, нарықты комплексті зерттеуі нәтижесінде оның бәсекегқабілеттіліг бағаланады.

Тауардың қазіргі және болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін бағалаудан кейін одан әрі өндірістік-өткізу саясаты туралы шешім қабылданады:

    • Берілген тауардың өндірісі мен өткізуін жалғастыру керек пе;
    • Өндірістің модернизациясын жасау керек пе;
    • Оны өндірістен алып тастап, жаңа тауарды шығаруға кірісу  керек пе;
    • Тауарды нарықтық жаңалық тауарға айналдыруындағы модернизацияны өткізу керек пе;
    • Қаржылық ресурстар, тауарды өткізу торы, сатылған тауардың сервисін қамтамасыз ету мүмкіндігінің жеткіліктік есебінен жаңа өткізу нарығын іздеуге кірісу керек пе [22].

Өнеркәсіптік кәсіпорын  жағынан өндіріс рентабельділігі мен  өткізуін қамтамасыз ету мақсатында нарықтың жоспарланған үлеске ие болуға мүмкіндік беретін тауарлардың өндіріс көлемін  туралы мәселе шешілуі тиіс. Сонымен бірге, кәсіпорынды ресурстық қамтамасыз                 ету ─ қажетті материалдар, жинақтайтын бұйымдар, жартылай      фабрикаттар сатып алу мүмкіндігі, қажетті қаржылық ресурстар              мен квалификациялық деңгейі жоғары кадрларды тарту да өте          маңызды мәселе болып табылады. Көптеген бәсекелестерге қатысты         нарықта ұстанымды жаулап алудың негізгі сәті - өндірілетін       тауарлардың уақытылы жаңаруы, өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру мен даярлау. Қазіргі жағдайдағы нарықта кәсіпорынның гүлденуі үшін жаңа тауарлардың өндірісі мен қалыптастыру               шешуші мағынаға ие. Статистикалық мәліметтер бойыншаөндірістің      негізін қалайтын жаңа өнімді игергеннен кейін оның өткізуінің өсу          темпі бәсекелестерге қарағанда 2 есе артық.  Жаңа өнімді шығарғанда      және тауарлардың ассортиментін кеңейткенде кәсіпорын нарықтың болжанбайтын өзгерістер есебінен банкротқа әкеле алатын  бір тауардан тәуелділігін азайтуға тырысады. Нарыққа шығарылған жаңа тауарлардың бірталайы коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі: шамалас 10 өнімнен   8 өнім өндірушілер оларға артқан сенімділігін ақтамайды. Негізгі себептері: берілген тауарларға сұраныскөлемінің жеткіліксіздігі, тауардың техникалық және эксплуатациялық кемшіліктері, тиімсіз жарнма, жоғары баға, бәсекелестердің болжанбайтын жауапты қимылдары, нарыққа шығу үшін таңдалған дұрыс емес уақыт, өндірістің шешілмеген мәселелері, жалпы алғанда бәсекелес саясаттың дұрыс емес болжануы.

Жаңа тауарларды шығару тұжырымдамасының  негізінде тек жаңа техникалық және техникалық-экономикалық параметрлерге жетудегі дәстүрлі ұмтылысты сақтау ғана емес, сонымен бірге басқа аналог тауарларға қарағанда бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейлі «нарықтық жаңалық тауарды» құруға талпыныс болып табылады.

Өнімнің бәсекеге  қабілеттілігін жоғарлату жолдарын таңдаған   кезде жаңа тауар шығару емес, өндірістен моральдық ескірген тауарды         шығару емес, тауардың модификациясы туралы уақытылы шешім    қабылдау жиі жақсы нәтижеге әкеледі. Тауардың модификациясы     туралы шешім үлкен пайда алу үшін тұтынушының ерекше     қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында  қабылданады. Сонымен     қатар, машина, құрал-жабдық және басқа өнеркәсіптік өнімді қолдану     мен өткізумен байланысты  комплексті қызметті көрсету, олардың    жоғары тиімділікті эксплуатацияға әрқашан дайын болуы, яғни   сервистік немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға дұрыс бағыт болып табылады. Білікті     ұйымда өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін    жоғарлатудың шешуші     факторы сервис болып табылады, өйткені қосалқы бөлшектерге баға өндірісте қолданылатын жинақтаушы бөлшектерге қарағанда 1,5-2,0 есе төмен.

Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін шешуінде  таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан   жылға артып келеді. Осыған байланысты әрбір кәсіпорында бұл     салады талдау-іздеу жігері өте маңызды. Жаңа өткізу нарықтары   тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін   күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік           циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде      сұраныстағы маусымдық ауытқулар тауардың сәтті өтуіне себеп бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне   кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші,     салықтың төмен деңгейі, және кеден баждары мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған    байланысты, егер ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас бұрын, жаңа өнім немесе ескі өнімді өндірістен шығармас бұрын) онымен өткізу жаңа нарығына шығуға әрекет жасау керек [18].

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті  жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы мүмкін:

    • Қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;
    • өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;
    • өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен монтаждауды бақылау жүйесінің өзгеруі;
    • өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;
    • нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;
    • өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі;
    • жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;
    • импорт құрылымы мен импортталатын өнім түрлерінің өзгеруі.

Информация о работе Кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру