Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:22, курсовая работа
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19
«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28
«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28
«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48
Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48
3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Сүт саласы өнеркәсіптің ірі салаларының бірі және оның үлесіне жалпы ұлттық табыстың 20% көбі келеді. Бұрынғы КСРО-ның барлық мемлекеттерінен Қазақстан сүт табынының мал басы саны бойынша алдыңғы орындардың бірін алады. Республика мал басынан да, сүт өңдеу көлемінен де Ресей, Белоруссия, Украинадан кейін тұрақты 4 орында [3].
Сүт және сүт өнімдер нарығының дамуында позитивті және негативті тенденциялар көрінеді. Сүт өндірісінің тұрақты өсуі байқалуда. Орташа жылдық өсімше темпі жоғары – 4,95%. Сонымен бірге, ұсыныстан гөрі сұраныс жоғары екені белгіленіп отыр. Сүттің төмен сапасы салдарынан отандық өндірісінің жеткіліксіз ұсынысымен байланысты терең өңделген сүт өнімінің импорты өсіп отыр. Бұл жағдайда сүт ұсынысының өсуі жоғары сапалы шикізат өндірісі мен потенциалды өсуі жоқ ұсақ шаруашылықтар негізінен асырылады.
Ұсақ шаруашылықтар сүтті біркелкісіз өндіріп, көбінесе оны сорттысыз етіп тапсырады. Бұның бәрі сапасы жоғары сүт өндірісі үшін қажетті жағдайлардың болмауынан: сүт фермаларының ветеринарлы-санитарлық жағдай, сүтті алғашқы өңдеу үшін арнайы бөлмелер мен оларды сүт құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, т.с.с.
Осылайша, сүт өндірушілердің көбісі және ондағы қайта өндіру жүйесі сапалы, бәсекеге қабілетті өнім мен өңдеу өнеркәсіп шикізатын өндіруге онша бағытталмаған7
Сүт сапасын жоғарылату механизмін өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге шейін ғылыми негізделген кепілдемелер және ауыл шаруашылығында қолданылатын әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар осындай маңызды мәселені комплексті шешу талабына сәйкес келмейді және нарықтық жағдайда қолдану қиынға соғады.
Республиканың ауыл шаруашылық кәсіпорындарда қолданылатын сүт өнім сапасын жоғарылату бойынша шаралар комплексі (1-сурет):
Одан басқа, сүттің өзіндік құны төмендеуі кезінде сиырлардың өнімділігінің өсу заңдылығы байқалады, бұл сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудағы сүт өндірісінің дамуы интенсивті факторлардың артықшылықтарын көрсетеді. Мысалы, Ресейдің Белгород облысының фермаларында сүт сиырлардың концентрациясы мен өндірісінің интенсивті жоғарылауы 44%-ға (450-ден 650 басқа), оның өнімділігі 63,5%-ға өсті (3150-ден 5150 кг-ға), ал 1ц сүттің өзіндік құны 5%-ға төмендеді. Сапалы сүт өндірісі есебінен өткізілетін баға да 15,9%-ға өсті. Сүт өндірісінің интенсивтілігінің өсуі сүттің бәсекеге қабілеттілігіне де оң әсерін тигізеді. Сүттің бәсеке қабілеттілігінің бағалық индексі жоғары болып сақталады (5150 кг өнімділігі кезінде Ақш тауарына қатысты 1,97 және 4255 кг сауылым кезінде Жаңа Зеландиялық тауарға қатысты бірге тең).
|
Ескертпе - Джумагалиева Ж.Г. автореферат
«Управление качеством продукции и обеспечение ее конкурентноспособности»
5-сурет - Ауыл шаруашылық кәсіпорында сүт өнімнің сапасына әсер ететін факторлар.
Дамыған елдер, сонымен қатар Ресейдің тәжірибесінен жоғары сапалы сүт өнімдерін өндіру негізі ретінде сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін «ФудМастер» ЖШС-де өндірісті мамандандыру және концентрация жағдайында сүт малшаруашылығының интенсификациясын өткізу керек, ол азық өндірісінің озық өсу, табынның генетикалық потенциалын үнемі жоғарылату, малды ұстаудың прогрессивті әдістерін енгізу, азық өндірісі процестерінің механизациясы, азықтандыру, сауым, мал ұстайтын бөлмелерді жинау есебінен асуы қажет [23].
Сүт малшаруашылығының төмен сапалы өнім өндірісінің негізгі факторлары келесі: көптеген шаруашылықтарда қажетті материалды-техникалық базаның болмауы; өндірістің ескерген технологиясы; мамандардың біліктілік деңгейінің жеткіліксізідігі; өндірісті басқару мен есептің жетілмегендігі; орындаушылардың орындаған жұмысына жауапкершіліксіздігі; өнім мен жұмыс сапасының жүйелік бақылаудың болмауы; т.б.
Сапасы төмен сүт өндірісінің себептерін шешу өнім сапасын жоғарлату практикасында маңызды роль атқарады [8].
Қалыптасқан жағдайда ішкі нарықта сүт өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату кәсіпорынның инновациялық қызметіне тікелей байланысты. Ол өнімнің жаңа түрлерін игеріп өңдеу, сапаның жоғары деңгейін және бағалық артықшылықтарын қамтамасыз етеді, сыртқы нарықтарға белсенді өту үшін жағдайларды қалыптастырады. Сондықтан, инновациялық қызметтің даму мәселесі талданып жатқан «ФудМастер» ЖШС үшін өте маңызды болып келеді.
Инновациялық процестерді тежейтін факторлардың ішінен мыналарды белгілеп өтейік:
Кәсіпорындардың шетелдік тәжірибесі мен анализі көптеген мемлекеттердің сүт өнеркәсібінің дамуында инновациялар маңызды рольді атқарғанын көрсетеді. Сондықтан, «ФудМастер» ЖШС үшін инновациялық қызметтің приоритетті бағыттарын таңдау өзекті мақсат болып табылады.
Отандық және шетелдік тәжірибесі мен анализі инновациялық қызметтің негізгі бағыттарын белгілейді:
Инновациялық қызметтің бағыттарының тиімділігін бағалау «ФудМастер» ЖШС үшін маңызды мәселелерді шешіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Маркетинг пен ассортименттік саясатта бұл дәм толтырғыштар мен витаминдік қоспалар арқылы сүт өнімдерінің жаңа түрлері мен ассортиментін кеңейту болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей мұндай проекттердің ақталу мерзімі 6-12 ай.
Технико-технологиялық саясатта жаңа ресурс үнемдейтін технологияларды игеру, аммиактық суықтандырғыштан автономды фреонды құралдарға ауысу маңызды борлып келеді, ақталу мерзімі 2 жыл.
Өнімді өткізу мен өнімнің ұстанымын жақсарту сферасында инновацияның мысалы ретінде өнім өндірушілердің сату кәсіпорындарын тоңазытқыш пен басқа құралдармен қамтамасыз ету болады. Мұндай проекттердің ақталу мерзімі 1-1,5 жыл [25].
Шикі сүттің сапасын жоғарылату механизмі мен қолдануға дайын сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттіліктің маңызды элементі сүтті қолдануға байланысты фермерлік бағаның дифференциациясы болып табылады. Яғни, ішетін категория сүт үшін баға жоғары болады, өйткені оның өндірісі жоғары санитарлық нормалардың, сақтау мен өнімді тасымалдаудың қатаң шарттарының сақталуын талап етеді.
Шикі сүттің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша ұсынылған шаралар дайын сүт өнімдерін өндіруге позитивті әсер етеді. Бірақ, қорытынды тауар бәсее қабілеттілігіне әсер ететін шикі сүт пен дайын өнім өндірісі кезінде белгілі бір арнайы шарттарды ескеру қажет [8].
Қорытындылай келсек, «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың келесі жолдарын ұсынғым келіп тұр:
- Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту; т.б.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену қажеттілігі отандық кәсіпорын өнімінің бәсекелес ұстанымын арттыру міндетін қойып отыр. Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтың экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі. Бұл тарапта, басты назар нарық тұтынушыларының талғамдарын қанағаттандырытын, өзгермелі сұраныс пен ақыл-ой жетістіктерінің нәтижелерін ескере отырып, өндірушінің мүмкіндіктеріне сай тұтынушылық сипаты жоғары өнім өндіруге жұмылдырылуы керек.
Жүргізілген зерттеулер негізінде келесі қорытындылар мен ұмыныстарды жасауға болады.
Информация о работе Кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру