Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:22, курсовая работа
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19
«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28
«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28
«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48
Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48
3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті 0,19-ға өскен. Бұл көрсеткіштің өсуі жалпы активтердің табыстылық деңгейіне әсер етеді. Сондықтан жалпы активтердің табыстылық деңгейі жоғарылады деп есептеуге болады. Қордың рентабельділік коэффициенті неғұрлым жоғары болса, өнім рентабельділігі солғұрлым жоғары болады. Қарастырып отырған кезеңде 2004 жылғы 1,52-ден 2005 жылы 2,6-ға дейін жоғарылады. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторларды атап өтсем: өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі; қор сыйымдылығының көбеюі; материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы. Нарықтық жағдайдағы маңызды көрсеткіштердің бірі негізгі қызметтен алынатын табыс. Бұл көрсеткіш тек қана кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін ғана емес, сонымен қатар бағаның құрылу процестерінің тиімділігін көрсетеді. 2004 жылы көрсеткіш 0,98 болса, 2005 жылы 1,58-ге дейін өсті. Барлық табыстылық көрсеткіштерінің ішінде сату көлемінің табыстылығы коэффициенті 0,19-ға кеміген. Оның кемуіне мына факторлардың өзгерісі әсер етеді: өнімнің өзіндік құнының өсуі және сату бағасының кемуі.Сонымен табыстылық коэффициенттері кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді. Біздің кәсіпорын үшін көрсеткіш 2004 жылы 1,09 құраса 2005 жылы 2,16 болды. Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын пайдалану тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, өнімді сатудан түскен табыс түріндегі жалпы тиімділігі өсті. Негізгі құралдардың айналымдылығы қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Көрсеткіш 2004 жылы 1,1 болса, 2005 жылы 1,52-ге жоғарылап, 2,62-ні құрады. Оған негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы әсер етті. Келесі қарастыратын көрсеткіш- меншікті капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Біздің кәсіпорында 2004 жылы көрсеткіш 0,02 болса, 2005 жылы 0,3 болды. Яғни көрсеткіштің айтарлықтай артқанын көріп отырмыз, өсім – 0,28. Егер меншікті капитал 2004 жылы 0,02 рет айналса, 2005 жылы 0,3 рет айналған. Бұл кәсіпорынның меншік иелерінің қаражатын пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.
Жалпы кәсіпорынның жағдайын зерттеліп отырған кезең, яғни 2004 жыл мен 2005 жылдардағы мәліметтерге сүйене отырып, жақсару үстінде деп айтуға болады. Және алдағы жылдары өте жақсы нәтижелерге жетіп, дамитынына көзіміз жетіп отыр.
2.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетіктері сол өнімнің нақты нарықтағы тұтынушылардың талғамдарына сәйкестік деңгейімен айқындалады. Бұл шарт өнімнің бәсекеге қабілет деңгейін анықтауды қажет етеді.
Диплом жұмысымның талдауына негіз болып отырған сүт өнімдері тамақ өнімдеріне жатады, ол адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау, ең алдымен оның сапалық құрамына тәуелді (өңделу деңгейі, дәмі, түсі,иісі, майлылығы, сақталу мерзімі және т.б.). бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы, ол – тартымдылық қасиеті. Оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және өнімнің танымалдылығы жатады. Кәсіпорын жұмысының тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның бәсекелік тұрақтылығының жоғарылауына кепіл болады.
Осы орайда тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың ыңғайлы, әрі шынайы мәлімет беретін келесі әдісті ұстандым [6]. Ұсынылатын әдіс өнімнің үш жақты құндылығын (бағасы, сапасы, тартымдылығы) қатар ескеруге бағытталған. Бұл әдістің көмегімен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың сипаты төмендегі формуламен бейнеленеді:
БҚ = С / Б * Т
мұндағы БҚ - өнімнің бәсеклік қабілеті деңгейі ;
С - өнімнің сапалық қасиеттерінің деңгейі, балдық жүйемен;
Б - өнімнің нарықтық бағасы;
Т - өнімнің тартымдылық қасиеттері, балдық жүйесі бойынша.
Өнімнің сапалық және тартымдылық қасиеттерін балдық жүйе бойынша анықтау тұтынушылардың сараптамалық бағалау мәліметтерімен жүргізіледі. Әрбір көрсеткішке тұтынушылардың берген балдық бағаларын (ең төменгісі 1 балдан, ең жоғарғысы 10 балға дейін) топтастыру арқылы орташа мән алынады және маңыздылық коэффициенттері белгіленеді.
Ұсынылған әдістемеге сәйкес есептелген нәтижелерді ? - кесте мәліметтерінен көруге болады. кестеде келтірілген сүт өнімдерінің бағалары 2007 жылдың сәуір айында қалыптасқан деңгейімен алынған.
«ФудМастер» ЖШС әртүрлі сүт өнімдерін өндіреді, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін мына өнімдер алынды: сүт, кефир, қаймақ сүзбе, балмұздақ.
4-кесте. Сүттің бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау
( майлығы 3,2%, 1 литр)
Сауда белгісінің атауы |
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері |
Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ |
Бәсекелік тұғыры | ||
Сапа деңгейі |
Тартымды-лық деңгейі |
Нарықтық бағасы, тг | |||
ФудМастер |
9,26 |
8,07 |
114 |
0,66 |
2 |
Агропродукт |
8,47 |
7,19 |
115 |
0,53 |
6 |
Веселый молочник |
7,44 |
9,14 |
113 |
0,6 |
4 |
Кайсар |
6,83 |
5,37 |
114 |
0,32 |
10 |
Адал |
8,56 |
6,69 |
103 |
0,56 |
5 |
Домик в деревне |
7,25 |
8,6 |
146 |
0,43 |
7 |
Мое |
7,86 |
6,32 |
140 |
0,36 |
9 |
Айналайын |
9,64 |
9,13 |
145 |
0,61 |
3 |
Белое |
8,0 |
6,84 |
133 |
0,41 |
8 |
«Мумуня» |
9,59 |
8,72 |
125 |
0,67 |
1 |
Ескертпе – бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдісіне сәйкес есептелді |
Бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға ие болған «Мумуня» сауда белгісіндегі сүті, біздің зерттеуіміз бойынша ішкі нарықта бәсекелік қабілеті ең жоғары өнім болып есептеледі (бәскеге қабілеттілігі деңгейі 0,67). Біздің «ФудМастер» ЖШС-нің сүті (0,66) және «Айналайын» (0,61) сүті де тұтыну нарығындағы бәсекелік тұғырларының жоғары екендігі көрсетті. Сонымен қатар, жергілікті нарықта «Веселый молочник» және «Адал» ААҚ өнімінің бәсекелік қабілет деңгейлері біршама жоғары болып отыр. Біріншісі - өнімдерінің тартымдылық көрсеткіштерімен, екіншісі – нарық бағаларының төмендігімен ерекшеленеді.
Біздің «ФудМастер» ЖШС өнімін бәсекелік қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға ие болған «Мумуня» сауда белгісіндегі сүтімен және сол параметр бойынша ең жоғары деңгейге ие болған өніммен салыстырып дифференциалданған әдіспен талдап көрейік. Талданатын өнімдер үшін бағалау базасы ретінде олардың сапа мен тартымдылық деңгейлерін аламыз:
Сі = 9,26 / 9,59 = 0.97 («ФудМастер» - «Мумуня»)
Сі = 9.26 / 9.64 = 0.96 («ФудМастер» - «Айналайын»)
«ФудМастер» ЖШС өнімін «Мумуня» сауда белгісіндегі сүтімен салыстырғандағы сапа параметрінің көрсеткіші 0,97-ге, ал «Айналайын» сүтімен салыстырғандағы көрсеткіш 0,96-ға тең. Бұл көрсеткіштер 1-ге өте жақын болғандықтан сүттің сапасы жоғары деген шешімге келеміз.
Ті = 8,07 / 8,72 = 0.93 («ФудМастер» - «Мумуня»)
Ti = 8.07 / 9.14 = 0.88 («ФудМастер» - «Веселый молочник»)
Бұл көрсеткіштер жоғары болғанымен, осы деңгейге қазіргі талаптар қанағатталмаған (Кті<1), соған орай, оны жақсарту керек, яғни: өнімнің сыртқы келбетін, қорабының дизайнын әсемдеп өзгертіп; сауда белгісі мен өнімнің танымалдылыған өсіру керек.
5-кесте. Кефирдің бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау
( майлығы 3,2%, 1 литр)
Сауда белгісінің атауы |
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері |
Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ |
Бәсекелік тұғыры | ||
Сапа деңгейі |
Тартымды-лық деңгейі |
Нарықтық бағасы, тг | |||
ФудМастер |
9,33 |
8,5 |
115 |
0,69 |
1 |
Агропродукт |
8,24 |
7,12 |
107 |
0,55 |
4 |
Веселый молочник |
7,56 |
9,21 |
112 |
0,62 |
3 |
Кайсар |
6,9 |
5,85 |
98 |
0,41 |
6 |
Адал |
8,43 |
6,26 |
112 |
0,47 |
5 |
«Мумуня» |
9,4 |
8,32 |
117 |
0,67 |
2 |
Ескертпе – бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдісіне сәйкес есептелді |
Бұл жерде бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші орында біздің «ФудМастер» ЖШС кефирі (бәсекеге қабілеттілік деңгейі 0,69) болып отыр. Кейінгі екі орынды «Мумуня» (0,67) және «Веселый молочник» (0,62) өнімдері алып отыр, біріншісі сапа деңгейімен, екіншісі тартымдылық деңгейімен ерекшеленді.
Біздің «ФудМастер» ЖШС өнімі бәсекелік қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға ие болғандықтан дифференциалданған әдіспен есептегенде бағалау базасы ретінде сапа мен тартымдылықтың ең үлкен коэффициентін аламыз, яғни 10 балл.
Сі = 9.33 / 10 = 0.93
Ti = 8.5 / 10 = 0.85
Бұл көрсеткіштер жоғары болғанымен, осы деңгейге қазіргі талаптар қанағатталмаған (Кті<1), соған орай, оны жақсарту керек, яғни: өндірісті жаңа, алдыңғы қатарлы техникамен қамтамасыз ету арқылы өнімнің сапасын арттырып, сонымен қатар, өнімнің сыртқы келбетін, қорабының дизайнын әсемдеп өзгертіп; сауда белгісі мен өнімнің танымалдылыған өсіру керек.
6-кесте. Қаймақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау
( майлығы 15%, 200г)
Сауда белгісінің атауы |
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері |
Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ |
Бәсекелік тұғыры | ||
Сапа деңгейі |
Тартымды-лық деңгейі |
Нарықтық бағасы, тг | |||
ФудМастер |
9,46 |
8,63 |
88 |
0,93 |
1 |
Агропродукт |
7,9 |
7,36 |
75 |
0,78 |
7 |
Веселый молочник |
8,04 |
9,12 |
84 |
0,87 |
4 |
Кайсар |
6,58 |
7,22 |
56 |
0,84 |
6 |
Адал |
9,03 |
8,52 |
84 |
0,92 |
2 |
Домик в деревне |
8,76 |
9,0 |
87 |
0,91 |
3 |
Мумуня |
9,36 |
8,23 |
91 |
0,85 |
5 |
Ескертпе – бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдісіне сәйкес есептелді |
Информация о работе Кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру