Кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19

«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28

«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28

«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48

3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру.doc

— 720.00 Кб (Скачать документ)

Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына,  материалдық   ресурстардың үнемделуіне  ықпалын  тигізеді.

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасының талғамы мыналар есебімен негізделеді:

        • өнімнің тағайындауы және қолдану шарттары;
        • тұтынушылардың талаптарын талдау;
        • сапа көрсеткіштерінің негізгі талаптары;
        • сипатталатын қасиеттердің құрамы мен құрылымы;
        • өнім сапасын басқару мәселелері.

Сипатталатын қасиеттердің құрылымы мен құрамын анықтаудың негізгі бағыттары өнімнің сапа деңгейін бағалауда қолданылатын көрсеткіштер классификациясын көрсетеді. Сипатталатын қасиеттер бойынша олар:

        • жеке ;
        • комплексті (топтық, жалпы, интегралды).

Өлшем бірліктері:

        • натуралды (килограмм, метр, литр)
        • құндық бірлікте.

Сапа деңгейін бағалау бойынша:

        • базалық;
        • қатысты көрсеткіштер.

Анықтау сатысы бойынша:

        • болжанатын;
        • жобаланатын
        • өндірістиік;
        • эксплуатациялық көрсеткіштер.

Сипатталатын қасиеттер бойынша келесі көрсеткіштер топтары қолданылады:

        • тағайындау;
        • сенімділік;
        • технологиялық;
        • стандарттау және сәйкестендіру;
        • экономикалық
        • эргономикалық;
        • эстетикалық;
        • тасымалдау;
        • патенттік-құқықтық;
        • экологиялық; қауіпсіздік.

Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.

Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Технологиялық  көрсеткіштер  өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі  еңбек  өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы  жаппай  өнім  шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару  және сату  барысында  материалдар мен еңбек құралдарын,  уақытты  тиімді  пайдалануға жағдай жасайды. Технологиялық көрсеткіштеріне       жатады:

    • өнім дайындаудың салыстырмалы еңбек сыйымдылығы;
    • өнім дайындаудың салыстырмалы материал сыйымдылығы;
    • материалды қолданудың коэффициенті;
    • өнім дайындаудың салыстырмалы энергия сыйымдылығы, т.б.

Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің  стандартталған  және  сәйкестендірілген  бөліктерінен  тұрады.

Экономикалық көрсеткіштер сатып алушының сатып алуға немесе эксплуатацияға кеткен толық шығындарды сипаттайды және тұтыну баға элементтерін ұсынады. Жалпы түрде тұтыну бағасы келесі элементтерді құрайды:

      • тауар бағасы;
      • қолдану орнына дейін тауардың транспорттауына кеткен шығын;
      • орнату, монтаждау құны;
      • қызмет көрсетуші персалды оқытып үйрету;
      • электроэнергия, отын шығындары;
      • қызмет көрсетуші персоналдың еңбекақысы;
      • салықтар;
      • алдын-ала көзделмеген шығындар.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың,  будың   және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).

Эстетикалық  көрсеткіштер  өнімнің  сыртқы  орындалуын,  формасын,  тауарлық   түрін   қамтамасыз  етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға   бейімділігін,   шыдамдылығын   көрсетеді. Тасымалдау көрсеткіштеріне жатады:

    • тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа ұзақтығы;
    • тасымалдауға өнімді дайындаудың орташа еңбек сыйымдылығы;
    • тасымалдау құралының көлемін қолданудың коэффициенті;
    • тасымалдау құралынан өнім партиясын түсіруінің орташа ұзақтығы.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі  жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық  белгі  мен  өндірістік  үлгіні  тіркеуді  көрсетеді.

Экологиялық  көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда  қоршаған ортаға тигізетін кері  әсерінің  деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық  сәулелердің  болу  мүмкіндігі). Экологиялық көрсеткіштер есебі қамтамасыз ету керек:

    • табиғатқа, қоршаған ортаға өнеркәсіптік, тасымалдау заттардың, ағын сулардың шектеулі көлемде лақтырылуы;
    • биологиялық расурстардың рационалды қолданылуы және оларды сақтау;
    • өсімдік пен жануар әлемінің геоқорын сақтау.

Қауіпсіздік  көрсеткіштер  (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану  кезіндегі қауіпсіздікті  сақтау).

Осы  көрсеткіштердің  жиынтығы  өнімнің  сапасын  құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

Сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс:

    • халық шаруашылығ мен халық қажеттіліктеріне өнім сапасының сәйкес келуін қамтамасыз ету;
    • тұрақты болуы керек;
    • өндіріс тиімділігінің жоспарлы өсуіне жағдай жасау керек;
    • халыұ шаруашылық салаларындағы техника, ғылым, техникалық прогрестің бағыттарының қазіргі замандағы жетістіктерін ескеруі қажет;
    • оның тағайындауымен байланысты белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімнің барлық қасиеттерін сипаттау [24].

Өнім сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау реті алдын- ала анықталады:

    • өнім топтарының түрі;
    • өнімнің сапа көрсеткішінің номенклатурасын қолдану мақсаттары;
    • сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатура топтары;
    • әрбір топ бойынша сапа көрсеткіштерінің бастапқы номенклатурасы;
    • сапа көрсеткішінің номенклатурасын таңдау әдісі.

Бәсеке қабілеттіліктің деңгейін бағалау үшін өнімнің параметрлерін сандық анықтау маңызды мәселе болып табылады. Сандық анықтау әдісі бойынша «қатты» және «жұмсақ» параметрлер ажыратылады.

«Қатты» параметрлердің белгілі бір бірлікте көрсетілген табиғи физикалық өлшемі бар, конструктивті принциппен берілген өнімнің негізгі функцияларын көрсетеді. Мысалы, қуаттық, мөлшер, дәлдік,      т.б.

«Жұмсақ» параметрлердің әдетте табиғи физикалық өлшемі жоқ, сондықтан  оны сандық бағалау өте қиын. «Жұмсақ» параметрлерге өнімнің эстетикалық, эргономикалық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, ұйымдастырушылық-коммерциялық көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін сандық бағалау әдісін таңдау керек.                    Ол кезде адамның өнімнің белгілі бір қасиеттерін қабылдауына негізделген органолептикалық әдіс немесе балдық жүйе қолданылуы мүмкін. Одан басқа, «жұмсақ» параметрлерін бағалау кезінде экспер топтары өткізетін квалиметрикалық әдістер де пайдаланылады. Ол кезде          эксперттер тек өнімнің қасиеттерін қабылдауына ғана емес, сонымен қатар нарықтағы жұмыс тәжірибесіне, сатып алушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімнің қасиеттеріне бағытталады. Квалиметрикалық әдістер өнімнің әртүрлі қасиеттерінің өлшеміне мен эксперттік бағалар талдауына негізделеді [12].

Нарықтық экономика жағдайында сапаның дамуы бәсекелестікпен анықталады. Қазіргі заманғы тенденциялар кәсіпорын қызметінің барлық сфераларында сапа жүйесін құруды қарастырады. Сапаны басқару жүйесі халықаралық стандарттарға сай және кәсіпорын қызметінің есебімен дайындалу керек, сол кезде ғана ол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылауын қамтамасыз ете алады.

 

 

 

 

 

 

 

  1. «ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1  «ФудМастер» ЖШС-тің өндірістік-шаруашылық қызметін      талдау

 

«ФудМастер» компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерді «неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді?» деген ой мазалады. Дәл сол кезде «ФудМастер» Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған «Crystal Lake» йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі кезекте бүкіл «сүт саласын» игеруге батыл бел буды. «ФудМастер» компаниясы қазақстандық  нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды  көздеді.

Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт – тауарлық ферма кіреді. 6 зауытқа төмендегілер жатады:

“ФудМастер –  Алматы ” – Есік қаласындағы сүт зауыты

“ФудМастер – НС Астана ” – Астана қаласындағы сүт зауыты

“ФудМастер - Қордай ” – Жамбыл облысы, Ауқатты аулындағы ірімшік зауыты.

“ФудМастер - Асептик ” – Есік қаласындағы ұзақ сақтауға арналған шырын және сүт өндірісі бойынша зауыт.

“ФудМастер - Агро” – Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск поселогындағы  сүт – тауарлық ферма.

“ФудМастер – АйсКрим ” – Алматы қаласындағы балмұздақ өндірісі бойынша зауыт.

«ФудМастер» Компаниясы Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында сүт қабылдау торабын ұйымдастырды. Мұндай жеке меншік орындар шведтік сүт қабылдаушы резервуарлар мен алынған сүттің экспресс – анализін өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай –ақ бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз сүтпен қайтарылды. Осылай сүт зауыттарына сүт ағуы басталды. Уақыт өте келе  шикізаттың тек сапалы болуына қол жеткізілді.

Әрбір зауыттың тарихын және қызметін атап өтейік.

“ФудМастер" Компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында “ФудМастер –  Алматы” кәсіпорны 1995 жылы құрылған. Есік сүт зауытындағы алғашқы жетістіктер Қазақстанда сүт өнімімен айналысу пайдалы болатындығына көз жеткізді. Жыл сайын республиканың  әр түрлі аумақтарындағы Компания меншігіндегі зауыттар саны өсті. Білікті мамандар тобы кәсіпорынды нарықта алғашқы орынға шығарды. Тәулік сайын сүт зауыты 100 тоннаға дейін сүт өндіреді.

Йогурт өндірісі бойынша шағын цехтан басталған Есік зауыты бүгінгі күні дәстүрлі сүт өнімі қатарын, оған қоса ацидофильді қатық, витаминді сүт, бифидумбактерин, “БИО” бифидумбактерин дақылдары қосылған өнімдер және т.б. қазақстандық нарық үшін жаңа сүт тағамдарын өндіруде. Оларды өндіру тек арнайы құрал – жабдықтарды ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге өндірістің ерекше мәдениетін талап етеді.

Өткен жылдар бойы кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету мақсатында  қазіргі талаптарға сәйкес өзгертіліп тұрды. 2001 жылы қуаттылығы сағатына 50000 литр суға тең болып келетін құрал – саймандар                    мен түтіктерді жуғыш екі тізбекті   автоматты CIP станциясы орнатылған.

Жоғарғы технологиялық құрал – жабдықтар өнімнің аса сапалы болуын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жылдар аралығында Есік сүт зауытын қайта құру мен модернизациялауға 2 млн. АҚШ доллары жаратылған. Ал қазір жабдықталуы бойынша бұл зауыт европалық кәсіпорындардан қалыспайды.

“ФудМастер –  НС Астана” ЖШС 1997 жылдың қаңтар айында пайда болды. Кәсіпорынның алдында тұрған міндет – Республиканың жаңа астанасын сапалы, әрі Алматыда кең таралып үлгерген “ФудМастер” сүт тағамдарымен қамтамасыз ету болды. Негізінен Астананың қалалық      сүт  зауытының бұрынғы жұмысшыларынан құралған мамандар тобы    тез арада “ФудМастер”өнімінің негізгі ассортиментін өндіріп, оны         өткізе бастады. Тек қана сапасы жоғары сүт тағамдарын өндіру        арқылы және жаңашыл өнімдерді енгізе отырып, кәсіпорын тұтынушылардың сеніміне кірді. Кәсіпорын мамандарының көбі Еуропа мен Американың жетекші азық – түлік кәсіпорындарында тәжірибеден өтті.

Кәсіпорын өнімдері: тұтастай сүт өнімі: сүт, кефир, қаймақ, ряженка, сүзбе, “Пеппи” йогурттық сусыны.

Емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылатын өнімдер: BFB, БИО – С, “БИО” – айран, А+Д сүті.

1998 жылы “ФудМастер ”  Компаниясы жеке меншігіне Оңтүстік  Қазақстан  облысындағы Көк Саек аулында орналасқан май – ірімшік жасауға маманданған  зауытты алады. 1936 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, кезінде өнімдері баршаға мәлім болған зауыт, экономиканың дағдарыс кезеңінде жұмысын толық тоқтатты. 7 жыл бойы тоқырау жағдайында болған зауыт, “ФудМастер” Компаниясының келуімен қайта жанданды. Зауыт күніне 30 тонна сүт өңдейді. Қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болған жұмсақ қышқылтым және балқыған ірімшік, сүзбе өнімдерін   шығарады. Қазіргі “Хугарт” және “Роверс” технологиялық тізбектері заман талабына сай сапалы өнімнің  алуан түрлі жиынтығын өндіруге мүмкіндік береді. Өз істерінің шебері болған жергілікті халықтан құралған еңбекші ұжым – кәсіпорыннның үнемі   өсіп отырған тиімділігінің басты себепшісі.

Информация о работе Кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру