Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:22, курсовая работа
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19
«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28
«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28
«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48
Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48
3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
Қорытындылай келіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың 3 негізгі жолдарын көрсетуге болады:
Соңғысына біз ашып қарастырайық.
Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі, евро курсының жоғарылауы мен доллардың төмен түсуі өндірушілерді өз өнімін өткізуінде тұтынушылар мен делдалдарға жол беруге тура келеді. Одан басқа, жарнама тиімділігі өсіп жатқан шығындар есебінен төмендейді. Сондықтан, соңғы кездері көптеген кәсіпорындар жарнама компаниясына тиімді сүйеу болатын өткізуді ынталандыруға сүйенеді.
Сатуды ынталандыру көп мақсатты бағытқа ие. Мақсат алдағы ықпал объектісіне байланысты таңдалады. Мақсаттық аудиториялардың бірнеше типтері бар:
Ынталандыру шаралары қойылған мақсатқа байланысты таңдалып алынады. Оларды 3 ірі топқа біріктіруге болады:
Сүт саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне сай болуы тиіс.
Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады [6].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі іс-әрекеттердің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер диплом жұмысымда өзіндік сипаттары бойынша төрт топқа бөліп қарастырылады:
бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау (4-сурет).
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық сүт өнімін өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірушілер саналатын АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын игеріп алуы қиын емес.
Сондықтан да ішкі нарықтағы сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен, олардың сапасына байланысты.
Бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру тетіктері
Өнімнің тартымдылығын арттыру - өнімнің сапалық және бағалық тиімділіктерін жарнамалау; - кәсіпорынның сауда белгісін нығайту және танымалдылығын кеңейту; - өнімнің сыртқы келбеті
мен жағымдылық қасиет-терін -маркетинг жүйенің страте-гиясы, тактикасын дайындау |
Өнімнің сапасын арттыру - халықаралық сапа - өнімнің органолептика-лық қасиеттерін жақсарту; - ғылыми-техникалық және
инновациялық жетістіктер-ді - өндірісті диверсифика-циялау; - өнімді дифференциация-лау; - еңбек күшінің ықпалы. |
Баға саясатын реттеу - нарықта баға стратегиясын айқындау; - өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндіктерін іздестіру; - бағаны қалыптастыру әдістерін анықтау;
- нарықтық бәсеке жағдай-ында
байланысты өнімнің бағасын |
Өндірісті мемлекеттік қолдау - БСҰ кіру қарсаңында
өндірушілерді заңдылық - инвестициялық саясат ұстану; - экономикалық қолдау шараларын енгізу; - өзара байланысты сала-ларды кешенді дамыту; -бәсекелік ортаны дамыту. |
Ескертпе - Әмірбекұлы Ержан Автореферат
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру
4-сурет - Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Сүт өнімдерінің сапалық деңгейі бірнеше тұрғыда анықталады. әлемдік нарыққа шығудың негізгі жолы болып – халықаралық сапа стандарттарының талаптарын орындау және оны өндіріске енгізу қадамдары саналады, сонымен қатар, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу саясатын да негізгі назарда ұстанған жөн деп санаймыз [3].
Өндіріске инновациялық және ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану тек өнімнің сапалық қасиеттерінің жақсаруына ғана емес, шикізат пен материалдарды үнемді пайдалануға, сонымен қатар, оның баға бәсекесі жағдайындағы өтімділігін арттыруға да серпін береді.
Бүгінгі жағдайда, өңдеуші өнеркәсіптердің, соның ішінде сүт өнімі кәсіпорындарының инвесторлар үшін тартымдылығы төмен екендігін ескере отырып, бұл кемшілікті жою мақсатында сол кәсіпорындардың өздері нақты ұсыныстарды алға тартуы тиіс. өйткені, ғылыми- техникалық жетістіктерді өндіріске тарту ірі көлемдегі қаржының көмегінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұндай ұсыныстардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- қосылған құн тізбегі бойынша өнім шығаруды дамыту жолдарын айқындау. Яғни, өнімнің шикізат түрінен дайын өнімге айналуына дейінгі өндірістік процесті ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- сүт өнімдері тамақ өнімдерінің басқа да түрлері сияқты белгілі бір мөлшерде құнарлылық, энергетикалық құндылылық көрсеткіштеріне, пайдалану уақытына сай жарамдылық, сақталу мерзімі, дәмдік сипаттарына тәуелді. Осыған орай, дамыған елдерде қолданылып жүрген, өнімнің осы қасиеттерін жетілдіруге немесе жақсартуға мүикіндік беретін, инновациялық сипаттағы технологияларды пайдалану жолдарын қарастыру [6].
Инновациялық процестерді жетілдірудің жолы ретінде аймақтық ғылыми-өндірістік жүйені құруды ұсынуға болады. Бұл жүйе белгілі бір өңірдің (мәселен, Алматы облысының) сүт өндіретін кәсіпорындары мен осы салаға қатысы бар ғылыми зерттеу мекемелері кіреді. Бұл мекемелердің өзара тығыз жұмысы әлемдік сүт өндірісінің техникалық мүмкіндіктерін, өнімдерінің дайындалу ерекшеліктерін зерттеуге, жаңа жетістіктерді айқындауға және мүмкіндігінше сол пайымдаулардың нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал етеді. Аталған жағдай саланың өндірістік, экономикалық және ғылыми- техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға итермелейді. Сүт өндіруші кәсіпорындардың қолдауымен ғылыми мекемелер өз зерттеулерін жүргізе отырып, маңызды ұсыныстарын тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алады.
Сонымен, сүт өнімдерінің сапасын арттыру осы сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шешімін табуы тиіс деп санаймын:
Президенттің стратегиясына сәйкес біздің мемлекет қысқа уақытта әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына енуі қажет. Кейбіреулері біздің ел дамыған мемлекеттердің қатарына кіргеннен кейін өмір сүру деңгейі автоматты түрде Жапония, Ұлыбритания, АҚШ деңгейлеріне жетеді деп ойлайды. Алайда, бұл жол ауыр ұрынуға болатын тастарға бай. Аналитиктер біздің ел БСҰ-ға кіргеннен кейін көптеген отандық компаниялар бәсекелестерге шыдамай, көп ұзамай банкротқа ұрынады деп бекітеді.
Тұтынушылар Ұлттық лигасы мен Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясының мамандарының мақұлдауы бойынша БСҰ-ға кірген кезде отандық кәсіпорындардың өнім мен қазметтің сапасы және бәсеке қабілеті үлкен мағынаға ие болады. Ең жақсы «елулік» мемлекетке кіргендегі қазақстандықтардың өздері де маңызды роль ойнаулары керек.
Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясына 30 отандық компаниялар мен фирмалар кіреді. Бірақ көптеген қазақстандық өндірушілер мен қызмет берушілер бұл қатарға кіруге қорқады ─ тұтынушылар алдындағы көп міндеттерді өз иықтарына артуға тура келеді. Одан басқа, мінсіз бизнесті қалыптастыру үшін елеулі ақша-қаражат қажет, ал олар тез арада ақталмайды. Сонымен бірге, жасырудың не қажеті бар, қазақстандық өндірушілердің көптеген өнімнің сапасы әлемдік стандарттарға тіпті жақындамаған.
Біздің елде отандық нарықта ұсынылған тауар мен қызметтің сапасын көтеретін механизмдер әлі де қалыптаспаған. Көптеген жағдайда өндіруші тұтынушының қажеттілігі не, оның қажеттілігін қанағаттандыруы үшін тауар мен қызметтің сапалық және бағалық параметрлері қандай болу керек екендігі білмейді. Қазақстандық өндірушілер сатып алушымен кері байланысты орнатуды құнттамайды. Біздің мемлекетте отандық өндірушілерге халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік беретін нақты бәсекеге қабілетті стандарттар жүйесі де жоқ.
Әрине, мұның бәрінде тек қана өндірушілерді кінәлауға болмайды. Мұнда мемлекеттің де, біздің, тұтынушылардың кінәсі да бар. Кей жағдайда алданған тұтынушылар өз құқықтарын сотта қорғайды. Қалғандары бір тауарда алданып, екінші тауарды сатып алады және өз ақшаларын сол қиянатшыл бизнеске салады. Дөрекілеу шындық: әрбір медальдың екі жағы бар. Сондықтан, Қазақстанның БСҰ-ға кіруі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, сонымен қатар, біздің өміріміздің сапасын көтереді.
Сапаны жоғарылату мәселесі ҚР Президентінің «Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясында» кең қарастырылады. Тұтынушылар Ұлттық лигасы мен Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясының мамандарының ойынша отандық компаниялардың сапа стандарттарын тұтынушымен жөнделеген кері байланыс арқылы жоғарылатуға болады [4].
Информация о работе Кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру