Кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19

«ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28

«ФудМастер» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау 28

«ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42

КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату 48

Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48

3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру.doc

— 720.00 Кб (Скачать документ)

Балмұздақ дайындаудың технологиялық үрдісіне келесі негізгі сатылар кіреді:

    1. қоспаны дайындау;
    2. қоспаның толуы (пісуі);
    3. үздіксіз фрезерлеу;
    4. өнімді бөлшектеп өлшеу және қалыптастыру;
    5. ширату;
    6. орау және орама;
    7. ұзақ сақтау.

 

SWOT анализ:

Күшті жақтары

  • жоғары сапа
  • кең ассортимент
  • орамасының тартымдылығы

Әлсіз жақтары

  • тұтынушы нарығының маусымдығы

Мүмкіндіктері

  • өткізу нарығын басып алу
  • экспортқа шығу

Қауып-қатер

  • импортты ингредиенттерді жеткізу бойынша кепілдіктің болмауы
  • әлемдік нарықтағы бағалардың құбылмалылығы.

Маркетингтік жоспардың мақсаты мыналар:

  • Қазақстан нарығында жаңа бірегей өнімді орнықтыру;
  • мақсатты нарық сұранысын қанағаттандыру;
  • тұтынушыларға сапалы және уақытылы қызмет көрсету.

ТОО «ФудМастер-Айс Крим» өнімдерін Қазақстан Республикасының мына аймақтарында сатады: Астана, Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Алматы және т.б

 

2-кесте. Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өл-шем бір-лігі

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқу

+;-

%

1

Өткізілген өнімнен түскен түсім

мың тг

515581,26

705977,42

190396,16

136,93

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг

368255,18

460282,83

92027,65

124,99

3

Жалпы табыс

мың тг

147326,08

245694,59

98368,51

166,77

4

Кезең шығындары

мың тг

217311,13

179610,3

-37700,83

82,65

5

Негізгі қызметтен түскен түсім

мың тг

-69985,05

66084,29

136069,34

94,43

6

Негізгі емес қызметтен түскен түсім

мың тг

46311,15

-9410,33

-55721,48

-

7

Салыққа дейінгі жиынтық табыс

мың тг

-23673,9

56673,96

80347,86

-

8

Таза табыс

мың тг

-23673,9

39671,77

63345,67

-


 

                                                                                      

                                                                                         2-кестенің жалғасы

9

Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын

тг

1,14

0,91

-0,23

79,81

10

Өнімнің рентабельділігі

%

-

6,20

9,03

-

11

Сату рентабельділігі

%

-

5,62

8,83

-

12

Өндіріс рентабельділігі

%

-

6,10

8,84

-

13

Жұмыскерлер саны

адам

189,00

238,00

49,00

125,93

14

С.і. жұмысшылар саны

адам

77,00

177,00

100,00

229,87

15

1 жұмыскедің еңбек өнімділігі

мың тг

2727,94

2966,29

238,35

108,74

16

1 жұмысшының еңбек өнімділігі

мың тг

6695,86

3988,57

-2707,29

59,57

17

Жұмыскелердің еңбек ақы қоры

мың тг

71782

94185,1

22403,1

131,21

18

С.і. жұмысшылар еңбек ақы қоры

мың тг

22284,6

58121,2

35836,6

260,81

19

1 жұмыскердің орта айлық еңбек  ақысы

мың тг

379,8

395,74

15,94

104,20

20

1 жұмысшының орта айлық еңбек  ақысы

мың тг

289,41

328,37

38,96

113,46

21

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны

мың тг

547824

591867

44043

108,04

22

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

мың тг

57173,01

58807,22

1634,21

102,86

23

Қор қайтарымдылығы

тг

0,94

1,19

0,25

126,74

24

Қор сиымдылығы

тг

1,06

0,84

-0,22

78,90

25

Қормен қарулану

мың тг

7114,6

3343,88

-3770,72

47,00

26

Амортизация сомасы

мың тг

105834

91431

-14403

86,39

Ескертпе – к әсіпорын мәліметтері негізінде есептелген


 

Бірінші көрсеткіш өткізген өнімнен түскен түсім 2004 жылы 515581,26 мың теңге, ал 2005 жылы 705977,42 мың теңгені құрады. Яғни, 190396,16 мың теңгеге өскенін көріп отырмыз. Мұның себептері ретінде «ФудМастер» компаниясы 2005 жылы нарыққа жаңа балмұздак     түрлерін шығарған, сонымен қатар өнім сапасы жақсарып, сату             көлемі көбеюі болуы мүмкін. Ал  аталған көрсеткіштің өсуі жалпы табысқа, таза табысқа және де табыстылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.

 

 

 

Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 368255,18 мың теңге,      ал

2005 жылы 460282,83 мың теңгеге дейін өскенін көреміз. Бұл шикізатқа кеткен шығынның өсуіне байланысты. Бұл көрсеткіш кәсіпорын дамуының нашарлауының факторы бола алады.

Жалпы табыс 2004 жылы 147326,08 мың теңге, ал 2005 жылы 245694,59 мың теңгені құрады. Бұл өткізілген өнімнен түскен түсімнің өсуімен байланысты.

Кезең шығындары зерттеліп отырған кезеңде базисті жылмен салыстырғанда 37700,83 мың теңгеге азайған. Бұл жалпы және әкімшілік шығындардың азаюынан болған жағдай.

Негізгі қызметтен түскен түсім жалпы табыстың өзгеруіне байланысты. Біздің кәсіпорында жалпы табыс артып отыр, сондықтан негізгі қызметтен түскен түсім де артты, яғни 136169,34 мың теңгеге.

Таза табыс кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерінің маңыздысы болып табылады. Бұл көрсеткіш 2004 жылы теріс мәнде болса, 2005 жылы 63345,67 мың теңгеге артып, 39671,77 мың теңге болды. Яғни кәсіпорын жағдайы жақсарды.

Өткізілген өнімнің бір теңгесіне келетін шығын есепті жылы базисті жылмен салыстырғанда 23 тиынға кеміген, мұның өзі кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізеді.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2004 жылы 547824,0 мың теңге болса, 2005 жылы 291867,0 мың теңгені құрады. Бұдан  «ФудМастер» компаниясы 2005 жылы жаңа техникамен қаруланғанын көре аламыз. Осының есебінен қор қайтарымдылығы да 0,25-ке артты. Бұл құбылыс тағы амортизация сомасына да әсерін тигізді. Жаңа техника алғандықтан бұл көрсеткіш 14403,0 мың теңгеге азайып тұр.

Кәсіпорын жұмысының жақсарғанын өнім рентабельділігі, сату және өндіріс рентабельділігінің өсуінен байқауға болады. Жұмыскерлердің еңбек ақы қорының 31 пайызға өсуіне олардың санының 25 пайызға   өсуі себеп  болған. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны    өскенімен қормен қарулану төмендеп кеткен оған да себеп жұмыскерлер санының өсуі. Ал амортизация сомасы есепті жылы 13,61 пайызға төмендеді.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржы-экономикалық жағдайды талдау арқылы оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

 

 

 

3-кесте. «ФудМастер» ЖШС-нің қаржы-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2004 ж

2005 ж

ауыт-қуы

1

Рентабельділік көсерткіштері

1.1

Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті

-

0,08

0,13

1.2

Сату көлемінің табыстылығы коэффициенті

1,18

0,99

-0,19

1.3

Қордың рентабельділік коэффициенті

1,52

2,6

1,08

1.4

Негізгі қызметтің рентабельділік коэффициенті

0,98

1,58

0,6

1.5

Өндірістің рентабельділігі

-

0,12

0,18

2

Қаржы тұрақтылық коэффициенттері

2.1

Тәуелсіздік  коэффициенті

-0,04

0,12

0,16

2.2

Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті

-14,05

2,1

16,15

2.3

Тәуелділік коэффициенті

0,56

0,26

-0,3

2.4

Меншікті айналым қаражаттары мен салынған капитал арақатынасының коэффициенті

0,02

0,3

0,28

3

Іскерлік белсенділік көрсеткіштері

3.1

Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті

1,09

2,16

1,07

3.2

Негізгі құралдардың айналымдылығы

1,1

2,62

1,52

3.3

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

-27,72

17,36

45,08

3.4

Өткізілген өнімді өндіруге кеткен шығындардың қайтарымдылық коэффициенті

1,16

1,54

0,38

4

Өтімділік көрсеткіштері

4.1

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,37

0,83

0,46

4.2

Жедел өтімділік коэффициенті

0,26

0,3

0,04

4.3

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

0,36

0,48

0,12

4.4

Меншікті өтімділік коэффициенті

0,02

0,41

0,39

Ескертпе – к әсіпорын мәліметтері негізінде есептелген


 

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір    кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы ─ бұл тәуекелділіктің   мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық  тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады. Аталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін қаржы тұрақтылық коэффициенттерін анықтадым.

Тәуелсіздік коэффициенті  меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады. 2004 жылы бұл көрсеткіш -0,04-ке тең болса, 2005 жылы 0,16-ға өсіп 0,12 құрады. Осыдан меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесі аз мөлшерде, дегенмен өсу тенденциясы бар. Тәуелділік коэффициенті 2004 жылы 0,56 болса, 2005 жылы 0,3-ке кеміп, 0,26 құрады. 2004 жылы кәсіпорын  қарыз қаражаттарының  жиынтық капиталдағы үлесі жоғары деңгейде болғандығын байқадым, ал  2005 жылы кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржыландырудың сыртқы көздеріне тәуелділігі 30 пайызға азайған. Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті 16,15-ке көбейген, яғни кәсіпорын активтерін қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру өскен.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.

Абсолютті өтімділік коэффициенті баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. «ФудМастер» ЖШС-нің ағымдағы қарыздарының 2004 жылы 37 пайызы, 2005 жылы 83 пайызы баланс жасалатын уақытта өтелген. Бұл мәлімет арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жақсарған, ол жалпы кәсіпорын жағдайының жақсарғандығын көрсетеді. Жедел өтімділік көрсеткіші арқылы ағымдық міндеттемелердің 2004 жылы 26 пайызы, 2005 жылы 30 пайызы  тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет есебінен өтелген. Бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған деп айтсақ болады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті – ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін    көрсетеді. Аталған көрсеткіш 0,36-дан 0,48-ге жоғарылаған. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті капиталды сипаттайтын көрсеткіш айтарлықтай өскен, 39 пайызға. Жалпы зерттеліп отырған кезеңде компанияның төлем қабілеттілігі жоғарылаған.

Информация о работе Кәсіпорын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру