Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 13:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі-ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. Несие деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1– бөлім. Банк жүйесіндегі несие жүйесі.
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі .......................................................5
1.2.Несиенің құрылымы .........................................................................8
1.3.Жеке тұлғаларды несилендіру жағдайы .....................................10

2 –бөлім.Республикадағы коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру.
2.1.БТА-ң жеке тұлғаларды несиелендіруі .......................................16
2.2.БТА банк карточкалары көмегімен клиенттерді несиелендіру..........................................................................................................22
2.3.Жеке тұлғаларды несиелендіру жағдайы ..................................25

3 –бөлім.Қазақстандағы жеке тұлғаларды несиелендіруді жетілдіру жолдары.
3.1. Жеке тұлғаларды несиелендірудің дамуы ..............................
3.2. Республикадағы жеке тұлғаларды несиелендірудің анализі....
3.3. Республикадағы банктік несиелеу жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары ......................................................................................................

Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк ісі курсовой.doc

— 607.50 Кб (Скачать документ)

Бірінші деңгейде негізінен ірі және орташа клиенттерге  қызмет көрсететін банктер болды.

Екінші деңгейде шамалы клиенттерге қызмет көрсететін банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болады.

Үшінші деңгейде  негізінен шағын, ұсақ клиенттермен жұмыс істейтін, микронесие беретін ұйымдар жатады.

Сондай-ақ ипотекалық несие және тұрғын үй құрылысына арналған қаражат беру жүйелерін дамытудың  нормативтік құқықтық негізін жетілдіруді  жалғастыру жоспарланып отыр.

 

3.2 Республикадағы жеке тұлғаларды несиелендірудің  анализі 

Қазақстан Республикасының  банктік жүйесі олигополиялық болып  табылады. Үш ірі банкке,яғни бұл, АҚ «Казкоммерцбанк»,АҚ «Банк ТұранАлем» және АҚ «Халық банк»-ке банктік жүйе активтерінің 60,95% тиесілі. Іскерлiк белсендiлiктiң анализін анықтау мақсатында қаржы мәлiметтерi  Қазақстан Республикасының он ірі банк негізінде 2010 жылдың көрсеткіштері алынған. Бұл көрсеткіштер бірінші кестеде көрсетілген.

 

Кесте-1. Екінші деңгейлі банктердің 2010 жыл бойынша активтер анализі

Банк аты 

Банк валютасы

Өтімділік активтер

1санатты капитал

Клиенттер алдындағы  міндеттеме

Қаржылық активтер

Материалдық активтер

АҚ “Казкомерцбанк”

286.04

12.62

25.37

359.52

257.72

4.42

АҚ “БТА”

228.68

11.50

22.35

335.54

215.17

1.46

АҚ “Халық банк”

219.11

13.45

16.76

333.15

201.10

7.07

АҚ"АТФБ”

68.00

7.49

5.48

234.40

63.30

1.83

АҚ“БанкЦентрКредит”

59.66

6.75

4.99

233.75

55.41

1.22

АҚ “СитиБанк”

29.24

3.13

5.47

215.72

28.19

0.49

АҚ “Нурбанк”

46.95

11.39

5.70

214.82

44.48

0.65

АҚ“ДАБ ABN AMRO БанкКазахстан”

29.88

2.36

5.38

209.46

27.95

1.02

АҚ“Евразиялық Банк”

32.55

2.78

4.32

207.76

30.87

0.28

АҚ “Темір Банк”

24.22

2.47

3.83

210.59

21.98

1.27

Басқалары

179.56

14.61

32.46

301.52

162.15

8.89

Ескерту: кесте  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банк секторының жағдайы туралы жасаған отчет негізінде құрастырылды.


 

Əлемдік қаржы  дағдарысының шиеленісуіне байланысты 2009 жылы кредит нарығы тоқыраушылық жағдайында болды. 2009 жылы банктердің экономикаға  кредиттерінің көлемі 7 644,0 млрд. теңгеге (51,5 млрд. долл.) дейін 2,5%-ға өсті. Банктердің экономикаға   кредиттерінің ЖІӨ-ге қатынасының көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы  46,9%-дан 48,1%-ға дейін көтерілді. 2008 жəне 2009 жылдары (өсуі тиісінше 2,8% жəне 2,5%) байқалған кредиттік белсенділіктің айтарлықтай баяулауы, 2010 жылы кредиттеудің төмендеуіне əкелді. 2010 жылы банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 7 596,5 млрд. теңгеге (51,3 млрд. АҚШ долл.) дейін 0,6%-ға төмендеді.

  Банктердің  экономикаға кредиттерінің ЖІӨ-ге қатынасының көрсеткіші 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 44,9%-дан 35,3%-ға дейін төмендеді.

Диаграмма-1. 2009-2011 жылдар аралығында Республикада жеке тұлғаларға берілген несие.

        Диаграммадан көріп отырғанымыздай 2009 жылы тұтынушылық кредиттер   1 063,7 млрд. теңгеге дейін 11,9%, ал ипотекалық кредиттер 650,6 млрд. теңгеге дейін 4,7% төмендеді. Ал 2010 жылы тұтынушылық кредиттер 928,1 млрд. теңгеге дейін 12,7%-ға төмендеді, ал ипотекалық кредиттер 690,2 млрд. теңгеге дейін 6,1%-ға ұлғайды. 2011 жылы бұл көресткіш жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 29,1%-дан 27,9%-ға дейін төмендеді.

       2009 жылдың жəне 2010 жылдың бастапқы үш тоқсанының қорытындысы бойынша несие портфелінің неғұрлым өсу қарқыны – 7,6%, 2011 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша – шетелдің қатысуы басым (капиталға қатысуы 50% астам) банктер алда болды. Шетелдік банктердің кредиттік белсенділігінің жоғары болуы, ең алдымен, осы банктердің негізгі компаниялар тарапынан қорландыруға рұқсатының болуымен байланысты. Сонымен қатар банк жүйесінің жиынтық жарғылық капиталына шетелдік қатысу үлесі 2010 жылы айтарлықтай азайды, бұл бірқатар банктерді мемлекеттің есебінен қосымша капиталдандырудың айтарлықтай көлеміне байланысты. Мəселен, банктердің жиынтық жарғылық капиталына шетелдік қатысу үлесі 2009 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 47,8%-дан 2011 жылдың үшінші тоқсанының аяғында 14,0%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіштер  екінші диаграммада көрсетілді.

Тұтастай алғанда, Қазақстандағы шетелдік банктер неғұрлым сапалы заемшылармен жұмыс істегенді жөн көреді. Алайда 2009-2011 жылдардағы кезеңде банктердің осы тобының шеңберінде проблемалық заемдар үлесінің барынша тез өскені байқалды: 2011 жылғы үшінші тоқсандағы жағдай бойынша несие портфеліндегі 5-ші санатты күмəнді жəне үмітсіз заемдардың үлесі 14,5% болды (2008 жылдың аяғында – 2,9%). Шетелдік банктер тобының несие портфелі сапасының төмендеуі көп жағдайда 2009 жылы шетелдік банктердің санындағы портфельге салыстырмалы түрде алғанда жоғары тəуекелді кредиттердің – тұтынушылық, ипотекалық жəне құрылыс компанияларына берілетін заемдардың айтарлықтай көлемі кірген АТФ Банктің кіруіне байланысты болды.

 

Диаграмма-2. Күмəнді заемдардың жəне үмітсіз заемдардың банктер топтары бойынша несие портфеліндегі үлесінің динамикасы.

Тұтастай алғанда, 2009 жылы – 2010 жылдың бастапқы үш тоқсанында қазақстандық банктер, ірілері де жəне ұсақтары да несие портфелі өсімінің барынша аз қарқынын көрсетті. Бұл  ретте, егер дағдарыстың «өткір» кезеңінде банктердің кредиттік белсенділігі төмен болуы негізінен қорландырудың жеткіліксіз болуынан жəне өтімділік проблемаларымен түсіндірілсе, 2010 жылы бұл проблемалар банктер үшін өзінің маңыздылығын жойды. Қазіргі кезде жаңа заемдарды беру көлемінің төмен болуы, ең алдымен, көптеген банктердің «тəуекелге тəбетінің» төмендігінен, бірқатар жағдайларда заемшылар тəуекелдерінің жоғары бағалануынан деп түсіндіріледі.

Сонымен қатар  мынаны атап өту қажет, ірі банктер  портфелінің сапасы 2009 жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай төмендеді: несие портфеліндегі 5-ші санатты күмəнді жəне үмітсіз заемдардың үлесі 8,5%-дан 22,5%-ға дейін өсті. Бұл ретте, егер 2009 жылы дағдарыстың өткір кезеңі басталғанға дейін банктер кредиттік портфельдің сапасын қайта құрылымдау арқылы басқарса, 2009 жылдың бірінші жартысында проблемалық жəне əлеуетті проблемалық заемдарға қайта құрылымдауды жүргізуге арналған ресурс айтарлықтай мөлшерде таусылды. Мұның салдары – ірі банктер портфелінің сапасы күрт құлдырап кетті, оның қарқыны 2010 жылы ғана баяулады.

Сонымен бірге  басқа (ұсақ жəне орташа) банктердің кредиттік  портфелі сапасының нашарлауы айтарлықтай  аз көрініс тапты: 2010 жылдың үшінші тоқсанының аяғындағы жағдай бойынша  банктердің осы топтарындағы жиынтық  портфельдегі 5-ші санатты күмəнді жəне үмітсіз заемдардың үлесі 10%-дан аз болды. Банктердің осы тобындағы кредиттік портфель сапасының нашарлау қарқыны дағдарысқа дейінгі кезеңде қарқынды кредиттік экспансияны жүргізген ірі банктер шағын банктермен салыстырғанда латенттік тəуекелдердің айтарлықтай үлкен көлемін өзіне қабылдауынан айтарлықтай төмен болды.

2010 жылы қайта  құрылымдау аяқталған үш банкке  қатысты алатын болсақ, олардың  кредиттік портфелінің жиынтық  көлемі үмітсіз заемдарды баланстан  есептен шығару үрдістерінің қарқындауына байланысты төмендеді. Мəселен, егер 2009 жылдың аяғында банктердің осы тобының жиынтық портфеліндегі 5-ші санатты жəне үмітсіз заемдардың үлесі 75,3% құраса, 2010 жылғы үшінші тоқсанның аяғында 68,6%-ға дейін төмендеді. Жүйе бойынша тұтастай алғанда, проблемалық заемдардың неғұрлым көп бөлігі банктердің осы тобының кредиттік портфеліне шоғырланғанын атап айту қажет.

Төменде көрсетілген  кестеде сіз Республика бойынша  жеке тұлғаларға берілген барлық кредиттер  санын көре аласыз.(кесте-2)

Кесте-2. 2010 жыл ішінде аймақтар бойынша банктердің берген кредиттері                                                                                                      

Облыстар 

 

                     Жеке тұлғаларға

Республика  бойынша барлығы

186 339

Қысқа мерзімді млн теңге

Ұзақ мерзімді млн теңге

Ұлттық валютада

Шетел валютада

Ұлттық валютада

Шетел валютада

5019

380

13080

3574

Ақмола 

1 319

133

0

221

35

Ақтөбе

5318

141

0

455

167

Алматы 

1263

92

1

372

18

Атырау

8200

251

9

633

174

Шығыс Қазақстан

5069

196

23

1201

184

Жамбыл

1129

105

2

304

36

Батыс Қазақстан

3522

111

1

285

110

Қарағанды

5333

323

13

626

512

Қостанай

3760

105

3

263

176

Қызылорда

1171

53

3

337

42

Маңғыстау

1559

182

0

494

117

Павлодар

5703

514

1

371

41

Солтүстік Қазақстан

2131

105

1

225

3

Оңтүстік Қазақстан

1441

99

0

582

140

Алматы

124096

2455

321

5654

1511

Астана

15326

155

3

1027

308

Ескерту: Қазақстанның Ұлттық Банкі сайтынан алынған мәлімет  негізінде жасалған


 

Берілген кестеге  кішігір талдау жасайтын болсақ аймақтар бойынша  жеке тұлғаларға берілген несиенің көп бөлігі Алматы қаласына тиесілі, кейін Астана қаласы мен Павлодар облысына берілген несиелер аз емес. Несие берілген ең аз облыс бұл Қызылорда. Мұнда 2010 жыл бойынша берілген несие  1171 млн.теңгені құрайды.

3.3 Республикадағы банктік несиелеу жүйесіндегі мәселелерді шешу  жолдары

    Егер  біз қазіргі уақытта экономикамыздың  дамуына әсер ететін күшті  факторлардың бірі ретінде банк  секторын атап өтетін болсақ  қателеспеген болар едік. Жалпы  олардың мемлекетіміздің өмірінде ойнайтын ролі және соған қатысты маңыздылығы айтпаса да түсінікті.

    Ал  банк үшін, оның ішінде коммерциялық  банк үшін пайда табу барысында  активті операциялар ішіндегі  несиелермен жасалатын операциялар,  оның пайдалылығына байланысты, аса маңызды болып табылады. Бірақ  та бұл операция түрінен пайда  табу барысында банк өз тарапынан қиындықтарға кездеседі. Осындай қиындықтардың бірі проблемалық несиелер.

   Банкі  өзінің несие саясатын жүргізу  барысында проблемалық несиелерді  болдырмауға бағытталған әрекеттері  өте маңызды. Банк несиелік  келісім бойынша клиетпен міндеттеменің орындалуын қатаң бақылап отырады. Оның мақсаты-ссуда бойынша төленетін пайыз және кезекті төлемдерін уақытылы және тұрақты төленуін қамтамасыз ету.Әрине әрбір ссуда түрі бойынша ойламаған жағдайлардың өріс алу қаупінен өзінің тәуекелі болады.Банк бұл тұрғыдан әр түрлі саясат жүргізуі мүмкін, мысалы банк тек қана абсолютті сенімді қарыз алушыларға ғана несие беру саясатынын жүргізуі мүмкін, бірақ мұндай жағдайда ол көп пайдалы мүмкіндіктерді жіберіп алуы мүмкін. Сонымен бірге егер несиені қайтарумен қиындықтар туса, банк үшін бұл өте қымбатқа шығып кетеді.Сондықтан ең оптималды саясат сақтық пен ресурстарды табысты орналастырудың барлық потенциалды мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

     Қазақстан тәжірибесінде несиелік келісімдер жасалғаннан кейін шарттардың бұзылу жағдайында оны реттеуде қолданылатын құқықтық жауапкершіліктің толық анықтығының жоқтығына байланысты болады. Несие алушы көптеген жағдайда банк алдында ешқандай жауапкершілік міндетін орындамай кетеді, ертеде алынған несиелер бойынша берешегі банк шығыны арқылы жабылумен шектелген. Кеңес үкіметінен мұраланған тәжірибе, ол қазіргі несиелендірумен салыстырғанда мүлдем басқа принциптерге негізделген. Нарықтық экономикада несиелік қатынастар және бәсекесі даму алды, ал ол болса жаңа талап қойып және қазіргі уақытқа сай әдістер мен шешу қолданымдарын пайдалануды қажет етеді.

Информация о работе Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру