Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 13:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі-ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. Несие деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1– бөлім. Банк жүйесіндегі несие жүйесі.
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі .......................................................5
1.2.Несиенің құрылымы .........................................................................8
1.3.Жеке тұлғаларды несилендіру жағдайы .....................................10

2 –бөлім.Республикадағы коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру.
2.1.БТА-ң жеке тұлғаларды несиелендіруі .......................................16
2.2.БТА банк карточкалары көмегімен клиенттерді несиелендіру..........................................................................................................22
2.3.Жеке тұлғаларды несиелендіру жағдайы ..................................25

3 –бөлім.Қазақстандағы жеке тұлғаларды несиелендіруді жетілдіру жолдары.
3.1. Жеке тұлғаларды несиелендірудің дамуы ..............................
3.2. Республикадағы жеке тұлғаларды несиелендірудің анализі....
3.3. Республикадағы банктік несиелеу жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары ......................................................................................................

Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк ісі курсовой.doc

— 607.50 Кб (Скачать документ)

Ссудалық шот  – клиенттің банктен олған  несиесіне байланысты қарызы көрсетілетін, яғни ссуданың берілуі мен қайтарылуы көрсетілетін шотты білдіреді.

 Несиенің  берілуі мен өтелуі, қарыздың  көрсетілуінің ортақ біртұтас  сызбасы барысында ссудалық шоттар  өзара бөлінеді:

  • ашылу мақсатына қарай;
  • айналыммен өзара байланысы бойынша.

Ашылу мақсатына  қарай ссудалық шоттар депозиттік-ссудалық болып келеді. Мұндай жағдайда, клиент өзінің банктік депозитке салынған меншікті қаражатын жұмсап қойған кезде ғана белгілі бір мөлшерде несие алуға хұқық алады. Егер бұл шотта дебеттік қалдық шықса, онда ол депозиттік шоттан ссудалық шотқа айналады.

Айналымы мен  өзара байланысы бойынша ссудалық шоттардың үш типі болуы мүмкін:

  1. айналым-төлемдік;
  2. қалдықты-компенсациялық;
  3. айналым-қалдықтық.

Осы үш типі мәні жағынан несиелеудің үш әдісіне  сәйкес келеді.

Айналым-төлемдік шотты ашу барысында клиент әр түрлі қажеттіліктерге байланысты төлем құжаттарын: тауарлар мен қызметтер шотын, жалақыға берілетін чектерді, берешек қарызды өтеуге, салықтар мен басқа да төлемдерді аударуға байланысты төлем тапсырмаларын төлеуге мүмкіндік алады.

Сонымен,несие экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын  өндірістік қатынас арқылы анықтау  керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше  сипаттамайды, оны осы мәміле негізінде  пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономикалық тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.

 

2–бөлім.Республикадағы коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру.

2.1.БТА-ң жеке  тұлғаларды несиелендіруі

БТА Банкі Қазақстан  Республикасындағы төлем карточкаларын  шығару мен қызмет көрсету бойынша  алдыңғы қатарлы банктердің бірі болып табылады. 1994 жылы банк Қазақстанда бірінші болып Visa International халықаралық төлем жүйесінің Принципті мүшесі болды. Сондай-ақ Банк 1998 жылдан MasterCard International халықаралық төлем жүйесінің мүшесі болып табылады. БТА Банкі Қазақстанда алғашқы болып процессингтік орталық шығарды, республикадағы бірінші банкоматты орнатты және AlemCard қазақстандық төлем карточкасын шығарды.

2007 жылы Банк микрочипті  карта шығаруды қарастыратын  жаңа, заманәуи, сенімдірек карточкалық  жүйеге ауысуға табысты қадам жасады. Микрочиптің болуы клиенттің банктік шотын жасанды карточканың көмегімен санкцияланбаған бұзу әрекеттерінен барынша қорғайды. Сенімді қорғаныспен қатар, микропроцессорлы картаға көшумен банктің картаның көмегімен ұсынылатын қызмет көрсетулер спектрін кеңейту мүмкіндігі туды. Сонымен бірге жаңа карточкалық жүйе төлем карточкалары бойынша барлық операцияларды on-line режимінде жүргізуге мүмкіндік береді, бұл операцияларды өңдеу уақытын барынша қысқартады. Жалақыны аудару, қаражатты картадан картаға аудару, әр түрлі провайдерлер қызметтерін төлеу секілді транзакциялар микрочипті карта бойынша басынан аяғына дейін 30 секунд ішінде жүргізіледі.

Бүгінгі күнде БТА Банкі  халықаралық және жергілікті төлем  карточкаларының, сондай-ақ карточкалық өнімдердің келесі түрлерін ұсынады:

— Электрондық: Visa Electron Instant, Visa Electron, Maestro International

— Классикалық: Visa Classic, MasterCard Standard

— Алтын: Visa Gold, MasterCard Gold

— Платиналық: Visa Platinum, MasterCard Platinum

— Виртуалды  карточка

— Жалақылық  карталар

— Кедендік төлемдер мен салықтар төлеу үшін карталар

— SmartAlemCard

Visa Virtuon-ды есептемегенде, төлем карталары кредиттік немесе дебеттік болуы мүмкін:

— Дебеттік карточка ондағы бар ақшалай қаражаттың шегінде  шығындық операцияларды жүзеге асыруға  мүмкіндік береді.

— Кредиттік  карточка клиентке заемдық қаражатты  белгіленген лимит шегінде пайдалануды ұсынады.

Карточка ұстаушылар үшін мүмкіндіктер мен қызметтердің кең спектрі

БТА Банкінің төлем  карточкаларын ұстаушылары заманәуи халықаралық төлем карточкаларының  барлық артықшылықтарына және одан да көбіне қол жеткізе алады:

— қауіпсіздік  – көп қолма-қол ақша сомасын  өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ;

— төлем карточкаларын  пайдаланып, банктік шоттағы ақшаны шетелге шыққанда декларациялау  талап етілмейді;

— карточканы алыстан  толтыру мүмкіндігі;

— картадан қолма-қол  ақшаны барған ел валютасында алу – автоматты конвертация;

— жеңілдікті шарттармен қосымша карточкалар ашу;

— Интернет арқылы төлем карточкасын пайдаланып, банктік  шотқа тәулік бойы қол жеткізу;

— контроль над  движением средств по карте при  помощи мобильді телефон көмегімен карта бойынша қаражаттың қозғалысын бақылау;

«Қамқор» карточкасы бойынша сыйақы көлемі:

Төлем карточкасын пайдаланып, банктік  шоттағы қалдық ақша, KZT

Базалық сыйақы    ставкасы, KZT

Тиімді  сыйақы ставкасы, KZT

     

0 - 30 000

жылдық 0%

жылдық 0.0%

     

30 001 - 150 000

жылдық 2%

жылдық 2.02%

     

150 000 жоғары

жылдық 4%

жылдық 4.07%


Есептелген  сыйақыны төлеу төлем карточкасының  көмегімен банктік шотқа автоматты  түрде аударылу жолымен айына  бір рет жүргізіледі. Сыйақыны аудару тек микрочипті карточкаға жүргізіледі.

Төлем карточкаларын  шығару мен қызмет көрсетуге негізгі  тарифтер

   

Дебеттік төлем  карталарын шығару

Visa Electron Instant –  1000 теңге

Visa Electron, Maestro International – 700 теңге

Visa Classic/MasterCard Standard

 — сақтандырылған депозитімен 6 200 теңге

— сақтандырылмаған.депозитімен 12 400 теңге

Visa Gold /MasterCard Gold

— сақтандырылған депозитімен 23 300 теңге

— сақтандырылмаған депозитімен 46 600

Visa Platinum /MasterCard Platinum

— сақтандырылған депозитімен 54 300 теңге 

— сақтандырылмаған депозитімен 108 600

 

Дебеттік картамен қолма-қол ақшаны

алу үшін комиссия

0,7% - БТА Банкінің  банкоматтарында және бөлімшелерінде 

1% (кем дегенде  350 теңге) – ҚР шегінде басқа  банктердің банкоматтарында және  бөлімшелерінде 

1,75% (кем дегенде 500 теңге) – ҚР шегінде басқа банктердің банкоматтарында және бөлімшелерінде

Сауда және сервис кәсіпорындарында қолма-қол ақшасыз  төлем үшін комиссия

0%

Қосымша карталарға жылдық қызмет көрсету

Карточканың және өнімнің тиісті түріне жылдық қызмет көрсету құнының 50%

 

93


 

"БТА Банкі"  АҚ карточкаларынан қолма-қол  ақша алу бойынша тәуліктік  лимиттер

2009 жылдың 1 наурызынан "БТА Банкі" АҚ шығарған  барлық карточкалар түрлері үшін  қолма-қол ақшасыз нысандағы шығын  операцияларын жасау және күніне 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде қолма-қол ақша алу бойынша тәуліктік лимит орнатылған, оның ішінде:

— карточка ұстаушылар Visa Virtuon карточкалары бойынша қолма-қол  ақшасыз операциялар жасағанда  тәулігіне 150 000 (жүз елу мың) теңге  көлемінде шектеу орнатылады;

— Business, Gold, Platinum түріндегі карточкалар бойынша  банк банкоматтары мен бөлімшелері  арқылы карточкадан ұстаушы қолма-қол  ақша алуда тәулігіне 500 000 (бес жүз  мың) теңге көлемінде шектеу орнатылады;

— Classic, Business Electron түріндегі карточкалар бойынша банк банкоматтары мен бөлімшелері арқылы карточкадан ұстаушы қолма-қол ақша алуда тәулігіне 400 000 (төрт жүз мың) теңге көлемінде шектеу орнатылады;

— Electron, Instant түріндегі  карточкалар бойынша банк банкоматтары мен бөлімшелері арқылы карточкадан ұстаушы қолма-қол ақша алуда тәулігіне 350 000 (үш жүз елу мың) теңге көлемінде шектеу орнатылады; "Депозит 24" карточкасы бойынша – тәулігіне 350 000 (үш жүз елу мың) теңге, бірақ айына 500 000 (бес жүз мың) теңгеден көп емес

Сондай-ақ ұстаушылардың назарын келесі ақпаратқа аударамыз:

Карточка ұстаушы  лимитті өзгертудің болжамдалған күніне кемінде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда бұл туралы банкті алдын-ала жазбаша  хабардар етіп, қолма-қол ақша алу  және/немесе карточка бойынша қолма-қол  ақшасыз шығын операцияларын орындау лимитінің көлемін өзгертуге құқылы.

Клиенттердің  қауіпсіздігі мақсатында төлем карточкаларын  беру және пайдалану тәртібі туралы шарт негізінде шығарылған карточкалар  бойынша (Visa Virtuon-нан басқасы) Интернет ғаламдық жүйесінің сыртқы ортасында тауарлар мен қызметтер үшін кез келген есеп айырысулар жүргізуге тыйым салынады (бұл шектеу Интернет-банкинг жүйесі арқылы қызметтерге төлеуге таралмайды).

2.2  “БТА”  – нің жеке түлғаларды несиелендіруі

1925 жылдан бастап қалыптасқан бұл банк қазіргі таңға дейін өз клиенттерінің игілігіне дамып келеді.

2009 жылдың 2 ақпанындағы  дағдарысқа қарсы шаралардың  аясында ҚР Үкіметі ҚР қаржы  нарығы мен қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 75,1 пайыз көлемінде «БТА Банкі  «Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат қорының акцияларының бақылау пакетін сатып алу жайындағы ұсынысын қабылдады. Өтеуді төлеу банктің қосымша эмиссиясы арқылы жүзеге асты. Соның нәтижесінде банк 251 319 485 теңге мөлшерінде қосымша капитал алды.

2009 жыл бойына БТА  Банкі ҚР Үкіметінің нақты экономика секторын қолдауының аясында агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру мен тұрғын үй құрылысын аяқтауды қаржыландыру сияқты тұрақты бағдарламаларды белсенді түрде жүзеге асыруға қатысты. Шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бағдарламасы бойынша банк 36,9 млрд. теңге Қазына-І, Қазына-ІІ және Қазына-ІІІ транш аясында қаражат иеленді.

2010 жылы БТА  тобы ипотекалық кредиттерді  қайта қаржыландыруды табысты  аяқтап, 37 млрд. теңгеден аса соманы игеріп, 10 300 заимшымен келісімшартты қайта жасады.

БТА Банкінің тұтынушылық  кредиттеу бағдарламалары – бұл  халық тұтынатын тауарларды кредитке сатып алу, әр алуан қызметтер  ақысын төлеу, тұрғын үйді, автомобильді және тағы басқаларды сатып алу үшін қажетті қаржыларды жедел ұсыну. Банк құжаттардың шағын топтамасын талап етеді, оларды қарастырған соң, әрбір клиенттік өтінім бойынша шешім қабылданады.

БТА-ның тұтынушылық  кредиттері – бұл қолайлы құрал, оның көмегімен өз арман-тілектеріңізді ұзақ жинаусыз жедел түрде жүзеге асыра аласыз.

Қызмет көрсету артықшылықтары

— Қаржыландырудың жоғары емес құны. Кешенді кредиттеудің әр алуан сұлбаларын пайдалана отырып, банк клиенттердің пайыздық шығындарын оңтайландыруға ықпал етеді.

— Пайыздық ставкаларды  төмендету мүмкіндігі. Кредиттік операциялар бойынша ставкалары нарықтық коньюнктураның өзгерістеріне сәйкес белгіленеді және түзетіледі және банктің клиентпен ынтымақтастығы масштабтарын ұлғайту шамасына қарай төмендетілуі мүмкін.

— Кредиттеу мерзімін ұлғайту мүмкіндігі. Кредиттік желі аясында жобаларды қаржыландыру төмен пайыздық ставкаларды қолданып қана қоймай, сонымен бірге кредиттеу мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

— Кредиттік өтінімді жедел түрде қарастыру. Банк қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған барлық күш-жігерді жұмсайды, соның нәтижесінде жоба сараптамасы жедел түрде жүзеге асырылады.

— Аймақтардағы қаржыландыру. Банктің қызметтерін Республиканың  барлық облыс орталықтарында пайдалана  аласыз. Банктің Қазақстан бойынша аймақтық филиалдары мен бөлімшелерінің тармақталған желісі және шетелдерде бірқатар өкілдіктері бар. БТА кредиттеудің түрлері келесі 3 кестеде ұсынылады.

 

Кесте-3. БТА АҚ жеке тұлғаларға кредит беру  түрлері 

 

Ипотекалық кредиттеу

Отбасыңыздың ұйытқысы және сенімділігі. Бұл – элиталық түрғын үйді, екінші нарықта жылжымайтын мүлікті сатып алу, тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысу, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу, табысты растаусыз кредит алу, талаптардың кең спектрін ұсыну мүмкіндігі

Любимая кредиттік желісі

Өз уақытын және жайлылықты бағалайтын банк клиенттері үшін БТА  кредиттеудің арнайы «Любимая кредиттік  желісі» жаңа бағдарламасын ұсынады. Кредиттік желіні аша отырып, сіз  бір реттік кредиттермен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтарға ие боласыз

Автокредиттеу

БТА Банкінен жаңа, жеңілдетілген  ережелер бойынша автокредит ала  аласыз.

15%-дан басталатын бастапқы  жарна, құжаттардың шағын топтамасы,  кредит бойынша үздік ставка, кредит мерзімі – 5 жылға дейін,  айыппұлсыз кредитті мерзімінен бұрын өтеу, филиалдардың кең желісі және жүргізушілік өтіліңізге ешқандай талаптарсыз – мұның барлығы БТА-ның автокредиттері.

Әмбебап факультет

«Әмбебап факультет» бағдарламасы арқылы «Бакалавр», «Маман»  және «Магистр» бағдарламалары бойынша  Қазақстанның және алыс шетелдің кез келген аттестацияланған ЖОО-да білім ала аласыз.БТА Банкі жедел кредиттеудің әр алуан бағдарламаларын ұсынады, олар жаңа жиһазды немесе тұрмыстық техниканы сатып алуға, ЖОО-дағы оқу ақысын төлеуге, шетелде демалуға, салтанатты жиындарды және тағы басқаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Ескерту: кесте автордың өзімен құрастырылған 

Информация о работе Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру