Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 13:48, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі-ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. Несие деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1– бөлім. Банк жүйесіндегі несие жүйесі.
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі .......................................................5
1.2.Несиенің құрылымы .........................................................................8
1.3.Жеке тұлғаларды несилендіру жағдайы .....................................10

2 –бөлім.Республикадағы коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру.
2.1.БТА-ң жеке тұлғаларды несиелендіруі .......................................16
2.2.БТА банк карточкалары көмегімен клиенттерді несиелендіру..........................................................................................................22
2.3.Жеке тұлғаларды несиелендіру жағдайы ..................................25

3 –бөлім.Қазақстандағы жеке тұлғаларды несиелендіруді жетілдіру жолдары.
3.1. Жеке тұлғаларды несиелендірудің дамуы ..............................
3.2. Республикадағы жеке тұлғаларды несиелендірудің анализі....
3.3. Республикадағы банктік несиелеу жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары ......................................................................................................

Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банк ісі курсовой.doc

— 607.50 Кб (Скачать документ)

-несиелік келісім-шарт  жасау;

-қарызды қамтамасыз  етуге келісім-шарт жасау.

Жеке қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігін талдау дегеніміз жеке тұлғалардың несие алуға заңды құқығына және жекелеген қасиеттеріне баға беруді айтамыз. Қарыз алушыны бағалағанда банк оның жеке өміріне, өмірлік стиліне көп мағына береді. Банк негізінен өтімділік қозғалмайтын мүліктерін, жұмыс орнын жиі ауыстырмайтын, жанұясы бар клиенттермен жұмыс істеуге тырысады. Осының бәрі банктің алдында клиент өз міндеттерін орындайтынына сенім білдіреді.  Банк клиентпен бірінші рет кездескенде оны мұқият зеттейді және оның жеке өмірі мен тұрмыс жағдайы туралы ақпаратты көп мөлшерде алуға тырысады.

Төлем қабілеттілігін талдаған кезде банк керекті деректерді сұрауы мүмкін, сонымен қатар жұмыс  орнынан да және берілген деректерді тексеруі мүмкін. Егерде банк құжаттарының дұрыс емес жағын анықтаса онда қарыз алушыға тұтыну несиесін беруден бас тартады. Егер қарыз алушы банктің клиенті болса, онда несиелік қатынастардың банктік тарихы берілген қарыз алушымен бағаланады.

Потенциалды қарыз  алушының несиелік өтеу қабілеттілігін талдағанда оны екі негізгі әдіспен анықтауға болады: эксперттік бағалау және балдық жүйенің көмегімен.

Эксперттік  талдау негізінде әдістерді пайдалана  отырып, банктер жалпы экономикалық тұрғыдан қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалауға енеді. Ақпараттарды талқылаған соң эксперттер тұтыну қарыз беру мүмкіндіктерін қарастырады.

Балдық жүйені қолдану эксперттік бағалауды қолдануға  қарағанда бұл объективтік және шешім қабылдауға негізделген экономикалық процесс.

Қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігінің балдық жүйесінің жеткілікті дәрежесін Д.Дюран моделінің көмегімен анықтауға болады.

Потенциалдық  қарыз алушыларға балды есептеу  келесі коэффициенттермен анықталады:

-жасы: 20 жылдан жоғары жыл сайын 0,01 балл (максимум 0,3);

-белгілі бір тұру тәртібі: жыл сайын тұрған сайын 0,042 балл (максимум 0.42);

-мамандығы: мамандығына тәуекелдің төмен болуы 0,55 балл, жоғары болуы 0 балл және 0,16 балл басқа мамандықтар үшін;

-жұмыспен қамтылу: берліген кәсіпорында жыл сайын жұмыс істеу 0,059 балл;

-қаржылық көрсеткіштер: 0,45 балл банктік шоттардың қолда барына, 0,35 балл қозғалмайтын мүліктерге иеленуіне, 0,19 сақтандыру полисінің бар болуына.

Төлем қабілеттілігін талдау деп, қарыздық міндеттемелерді  қарыз алушының тұтыну қарыз есебіне  күнделікті өтеудің қаржылық мүмкіндіктерін талдау. Банк жеткілікті жеке құралдарды потенциалдық қарыз алушылар үшін дер кезінде қарыздардың орнын толтырудан кейін басқаларға наразылықтарын қанағаттандыру және осы соманың өтелген қарыз төлемімен ссуданы өтеу және ол бойынша проценттер талданады. Жеке тұлғаның пайда көзі жұмыс ақысы болғандықтан банк оның орташа деңгейін тексереді. Банк шотына жұмыс ақысы тікелей салынса осы жөнінде клентпен келісу керек. Ең алдымен оның табысының сенімділігін анықтау қажет.

Қарыз алушы  банкке тұтыны судасын өтінген өтінішімен бірге банк ақпараттарының талаптарына жауап беретін анкета, сонымен бірге оның қарызды өтеу қабілеттілігі төлем қабілеттілігін, сұраған ссудасының сипаттамасы болу керек.

Қарыз алушының тұтыну ссудасын өтеудің басты көзі оның айлық табысы болып табылады, сондықтан оның өтінішінің басты бөлігі “айлық табыспен есеп айырысу”. Таза сомасын алу үшін ол оның шығындарын есептеу керек. Осындай есептеу банкте былай жүргізіледі:

А. айлық табыс: жұмыс ақысынан салықты ұстап  қалу, балалар жәрдем ақысы, зейнетақы, бағалы қағаздар және депозиттер бойынша  сыйақы, басқа табыстар, барлығы;

Б. Айлық шығын: ағымдағы шығындар, сақтандыру салымдары, бұрын берілген ссудаларды өтеу, пәтерге  төлем ақы, басқа шығындар, барлығы.

Жайғастырылған  табыс = А – Б. Қарыз алушының айлық  қарызды өтеуді жайғастырылған табыс  мүмкіндіктерімен салыстырып, бөліп  оның төлем қабілеттілігін анықтайды. Егерде қарызды өтеу сомасы жайғастырылған табыстың сомасынан асып кетсе банк қарыз алушының өтінішінен бас тартады. Д (Д = процент + негізгі қарыз); Егерде қарызы 60 % төмен болса ғана банк потенциалдық қарыз алушының  төлем қабілеттілігін бағалайды.

Арнайы коэффициенттерді банк тұтыну ссудасының барабар несие  тәуекелділігінің мөлшерін жабу үшін қолданады, ссуданы өтеудің төлемінің мөлшері  аз және қарыз алушының табысын максималды қарызын сипаттайды (к1 және к2);

к1 = қарызды  өтеудің төлемінің минималды  мөлшері / қарыз алушының табысы

к2  = берешектің максималды жіберілген мөлшері / қарыз алушының табысы

Осы коэффициентерді  пайдалана отырып банк мына жағдайды бағалайды: анкета берілген табыс мөлшерінің сәйкестігі, қарыз алушының фактілік мөлшері табыс көзінің тұрақтылығы, егерде қарыз алушы өз табысын  қандай да бір себептермен жоғалтатын болса төлем қабілеттілігі және өтеу қабілеттілігінің бағалауы бұл қарыз алушының ретшіге несие және балдық жүйе негізінде бағаланады.

Жақсы көрсеткіштер шыққанда, банк тұтыну қарызының келісім-шарты  негізінде өңдеуге кіріседі. Бұл  кезең құрастырылған қарыз деп аталады. Осы жағдайда банк тұтыну қарызының негізгі сипаттамасы анықталады:

 





 

 

Сызба-7. Тұтыну қарызының негізгі сипаттамасы.

   Тұтыну  несиесін рәсімдегенде оның құнына  назар аударылады, оған сыйақы  мөлшері, беру комиссиясы, ссуданы өтеуді рәсімдеу, бақылау кіреді және басқа факторлар есептелінеді. Банк ресурстарымен тартылған нақты құны ссудамен байланысты қарыз алушының сенімділігі және тәуекел дәрежесі қарыз алушы мен банк арсындағы қарым-қатынас. Тұтыну ссудасындағы банктің минималды табысын мына формуламен анықтайды:

D = (S + M) x K + R

D – қарыз  бойынша кіріс

S – банк ресурстарымен  тартылған нақты құн

M – банк маржасы

K – тұтыну  несиесінің сомасы

R – қарызды  өтеудегі және берудегі тікелей  және жанама банктік шығындар.

Мысал ретінде: банк ресурстарының валюталық тартуының  нақты құны жылына 8,5%, банк маржасы  жылына 6%, тұтыну несиесінің сомасы 5000$, қарызды өтеудегі тікелей және жанама шығындар 100$, ссуда мерзімі бір  жыл. Банктің минималды ссудасы  ссуда бойынша былай анықталады:

D = (8,5% + 6%) x 5000$ + 100$ = 825$

Ссуда бойынша  базалық сыйақы ставкасын былай  анықтауға болады:

С= (D*365)*100/(k**n)=(825*365)/(500*365)*100=16,5%

n –тұтыну ссудасының  күн бойынша мерзімі.

Базалық ставка операциялық мағынада есептелмейді, ол таза кезінде тұтыну ссудасына белгіленбейді. Ол негізінде берілетін ссуда бойынша сыйақыға баға белгілеу базасында қолданылады, қосымша проценттік жоғары базалар, тұтыну ссудасының банк белгілейтін, ол негізінен тәуекел дәрежесіне байланысты. Әдетте оған мыналарды қосады: қарызды өтеу мерзімінің тәуекел сыйақысына және міндеттемелерді өтеу тәуекеліне сыйақы.

Қазақстан халық  банкінің жеке тұлғаларға пластикалық  карточка бойынша қарыз беру есебінің ережелері N887 22.12. 2006 жыл өзгерген N36 28.01.00 жыл. Осы айтылған ережелерге сай Қазақстан Халық банкі және оның филиалдары жеке тұлғаларға несие беру үшін жоғарыдағы ережелерге сай несие көлемін, негізгі талаптардан оның жүргізу процедурасын бас банкпен байланыса отыра несие жұмысын атқарады. Несиелер келесі мақсатта  беріледі (жеке тұлғаларға):

-Үй заттарын  алуға (жеке тұлғаларға);

-Емделуге (медициналық  қызмет);

-Оқу орындарында  бала оқыту үшін және т.б.

Несие негізінен 23 жастан жоғары азаматтарға келісім-шарт бойынша тағайындалған қайтару  мерзіміне беріледі. Несиені беру кезінде белгілі бір сомаға мысалы: 100$ 3 айға беріледі және оның көлемі бойынша максималды шектелуі тағайындалмайды.

Несиені тұтыну мақсатына бергенде максималды мерзімі  мысалы 18 айдан жоғары болмауы керек, ал минималды мерзімі 3 айдан жоғары болмауы керек. Несие көлемі оның қайтару мерзіміне байланысты және қарыз алушының максималды тәуекел сомасымен оның жалпы шектелуі бас банкпен тағайындалып, оның филиалдары іс жүзіне асырады. Жеке тұлғаларға несие беру теңгеде және шетел валютасында оның қайтару мерзіміне байланысты беріледі.

Объектіні және субъектіні позитивтік бағалау, несиемен қамтамасыз етудің сапасы, несиелік келісім-шарт жасау, экономикалық және заңдық параметрлерді  анықтағанда несие берудің негізін  құрайды. Несие банк қызметкерлерінің сәйкес бұйрығының көмегімен беріледі. Банкте қалыптасқан өкілеттілік деңгейіне байланысты ол президент, оның орынбасары, несие басқармасының бірі де болуы мүмкін. Несиені беру туралы бұйрық клиенттердің шоты бойынша есеп айырысу және несиелік операциялар жүргізетін бөлімшеге түседі, онда (жеке тұлғалар жөнінде болса) клиенттің аты-жөні, сомасы және несие беретін шоты көрсетіледі.

Барлық жағдайда қарыздық шот дебеттеліп белгілі  клиенттің есеп айырысу шоты немесе басқа кәсіпорындардың ұйымдардың бюджеттік және басқа мекемелердің немесе басқа қарыздық шот кредиттеледі.

Көлемі бойынша  несие беру де үш вариантқа бөлінеді:

-Қарыз толық  сомасында оның біртіндеп шығындалуы  іске асырылатын есеп айырысу  шотына түседі;

-Несиенің толық  көлемін алу құқығын клиент қосымша ақшалай ресурстардың қажеттілігінің және басқа байланысты біртіндеп іске асырады;

-Клиент несиелік  келісімде бұрын белгіленген  несие көлемін алудан бас тарта  алады.

Экономикалық  тұрғыдан несие бағытының бірінші  варианты клиент үшін екіншісімен салыстырғанда аз шамада таңдамалы болып табылады, өйткені несие валютасы толық сапасын білу және содан кейін оның біртіндеп шығымдануы банктің несиелік қолдауын қымбаттауы. Есте болатын жай, күнделікті алынатын несие үшін қарыздық процент төленеді. Несие үшін өтеу уақыты несие берілу туралы шешім қабылданған мезгілінен емес, қарыздық шотта алынған қарыз көрінісінің бірінші күнінен бастап беріледі. Несиеде есеп айырысудың көмегімен алынған ақша салымының ұзақтығы несие төлемінің өсуіне әкелуі, сондықтан осы құбылыстан алшақтау керек.

Басқа тең шарттарында  клиенттің несие алудан бас тартуы банктің потенциалдық шығындарына  әкеледі. Банк клиенттерінің кінәсінен  өз ресурстарының тұрып қалуына  жіберілмейді, өйткені олардың маңызды  бөлігі төлем негізінде. Осы жағдайда банк шығынды өтеуді талап етуге құқылы. Алынған өтемді несиелік шартта арнайы кредиттік ескерулер ретінде жазып қоюға болады.

Несиенің толық  мөлшері клиенттің билігіне түсуі  әртүрлі жағдайларға байланысты. Мысалы, несиенің мөлшері кредиттік  келісімде белгіленген. Осы келісімдегі сома клиенттің өзі көздеген сомасында болады. Берілген сома несиелік лимит болып табылады. Оны басқаша да айтуға болады. Несиелік сызық, бақылау саны. Несиелеу лимитін келесідей классификациялауға болады.

Әрекет мерзіміне қарай: шығарылатын және ішкі жылдық лимиттер. Шығарылатын лимиттер – бұл клиенттер белгілі бір мерзімге сыртқа шығаруға құқы бар. (Мысалы, жыл басына немесе кварталға). Екінші лимиттің түрі қарыз алушыларға белгілі бір мерзімге қолдануға бреді.

Несиенің көлемінің өзгеруі деңгейіне байланысты, қарыз алушы көбеюші және жылжымалы лимиттерге бөлінеді. Қарызды пайдалану мүмкіндігіне байланысты: қатты, қосымша, арттыру құқығының лимиті және еркін лимит.

Қатты лимит  қарыз алудағы максимал құқығын  жазады, банктің бұйрығынсыз оны көтермеуге мүмкіндік жасайды. Қосымша алынған қарыз жоғарыда бекітілген қатты лимиттің қосымша лимиті болып жазылады. Көп жағдайда лимиттік несиелеу қатаң болмайды және клиентке оны көтеруге мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндіктер шексіз көп болады (бір клиентке арналған орталық банктің ірі несиелерге арналған нормативтер қызмет етуі мүмкін. Әрбір жағдайда қарызды қолдану құқығы коммерциялық банктің ережелерімен реттеледі және несиелік келісімде жазылады)


 


 


 


 



 




 

                                                                                                                                   





 

 

Сызба-8. Несиелеу лимитінің классификациясы.

Еркін лимит  болып саналады, егер клиент белгілі  бір сома алуға құқығы болса. Мысалы, егер лимит жүз мың сомасына бекітілген болса, ал банктің қарызы сексен мыңға жетсе, онда бұл клиенттің ссуда алу құқығы әлі бар және банктен қалған жиырма мыңды қосымша алуға болады.

Әртүрлі лимиттік несиелеу клиенттің банктік ссуда  алу құқығының несиелік сызығы болып табылады, бұл қарыз алушы белгілі бір мерзімде қолдануға алынған несиенің максималды сомасын анықтайды. Қазіргі жағдайдағы несиелік сызық несиелік шарт жасаудың көп жағдайда банктен ссуда алуды білдіреді.

Клиентке берілген несие шамасы, өтінішіне бір жағынан клиенттің өзіне байланысты. Бірақ та клиенттің өтініші ссуданың белгілі мөлшері несие қайтарудың мүмкіндіктерімен, банктың нақты есептеуімен сәйкес келмеуі мүмкін. Несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты:

-қарыз алушының айналым төлеміндегіі мөлшердің үзілісі;

-тауарлы-материалдық  құндылықтардың нақты жинағының  несие айналысына түсуі және  олардың өтімділігінің дәрежесі;

-маржа деңгейі;

-тәуекелдің  деңгейі және банктің клиентке  сенуі;

-банкте белгілі  бір көлемде бар болуы және т.б.

Несиенің берілу және өтелуінің белгіленген моделі болмайды. Тәжірибе ссудаларды  көп  қырлы өтеу нұсқауларын тудыруы, оның ішінде:

-Несиелік келісім  негізінде эпизодтық өтеу;

-Жеке қаражаттар  фактілі жиналу мөлшерінде өтеу  және қарыз алушының есеп айырысу шотында несиеге қажеттіліктің төмендеуі;

-Алдын-ала белгіленген  сомалар негізінде жүйелі өтеу (жоспарлы төлемде);

-Қарыздық  берешекті  азайтуға есеп айырысуды қолданбай  түсімді есепке алу;

-Несиені өтеудің  мерзімін өзгерту;

-Мерзімі өткен берешекті мерзімі өткен несие шотына аудару.

-Мерзімі өткен  берешектердің банктің резерв  шотына т.б. есептен шығаруы.

Информация о работе Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру