Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 13:48, курсовая работа
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі-ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. Несие деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жаығынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.
Кіріспе......................................................................................................................3
1– бөлім. Банк жүйесіндегі несие жүйесі.
1.1.Несиенің мәні және қажеттілігі .......................................................5
1.2.Несиенің құрылымы .........................................................................8
1.3.Жеке тұлғаларды несилендіру жағдайы .....................................10
2 –бөлім.Республикадағы коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру.
2.1.БТА-ң жеке тұлғаларды несиелендіруі .......................................16
2.2.БТА банк карточкалары көмегімен клиенттерді несиелендіру..........................................................................................................22
2.3.Жеке тұлғаларды несиелендіру жағдайы ..................................25
3 –бөлім.Қазақстандағы жеке тұлғаларды несиелендіруді жетілдіру жолдары.
3.1. Жеке тұлғаларды несиелендірудің дамуы ..............................
3.2. Республикадағы жеке тұлғаларды несиелендірудің анализі....
3.3. Республикадағы банктік несиелеу жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары ......................................................................................................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................
Несиенің эпизодтық өтеуі көбінесе несиенің шарты негізінде өтімділік қалдық қайтару мерзімін белгілеген болса. Несиені өтеу мерзімі несиенің белгіленген шартта мерзімі біткен соң банк ссудалық берешекті есептен шығарады. Қаражаттарда қарызға алу қажеттілігін төмендететін және өз қаражаттарын іс жүзінде жинау шарасы бойынша несиені өтеудің бір мысалы ретінде жұмыс мерзімінің сипатына байланысты несиені алуды қажет ететін ауыл шаруашылығының кәсіпорындары бөле алады. Бұл кәсіпорындар несиеге жылдың басынан қысқы және көктемгі мезгілдеріне, дәнді дақылдарды өсіру үшін қолданады, бұл кезде несиелік өтеу жүргізілмейді, бұл астық жинау және ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу процесінде басталады. Осы өнімді сатудан түскен пайда қарыз алушылар өздерінің алған қарызын банкке қайтаруға мүмкіндік береді (несиені қайтарудағы нақты мерзімдер несиелік келісім-шартта көрсетіледі). Осындай қарыздық өтеулер өнеркәсіптік кәсіпорындарға маусымдық шығындарды жүзеге асыруда да пайда болуы мүмкін.
Банктің қорының шотына берешектерді мерзім қысқартуды есептен шығару мына кезде ғана жүргізіледі: егер клинет қарызы үмітсіз болғанда, банк ұзақ уақыт бойы алдын ала берілген ссудалардың төлемін алмаған жағдайда және қайтарудың өзі мүлдем қарастырылмайды. Бұл жағдайда клиент қарызын есептен шығару банк қаражат құрал шотында жүргізіледі, шоғырландыру қорларының түрлерінде, оның несиелік қызметін тікелей банк қызметі есептен шығарумен айқындалады. Толығымен қайтарымдығы бойынша несие түрлері келесі кестеде көрсетілген :
Кесте-9. Толығымен қайтарымдылығы бойынша несие
Толығымен қайтарымдығы бойынша несие |
|
Ескерту: кесте автордың өзімен құрастырылған |
Несиені өтеуді рәсімдеу құжат түрінде және құжатсыз жүргізіледі. Құжат ретінде қарызды өтеуге клиентті жазбаша қарауы немесе алдында банкке жіберілген жедел міндеттемелер, несиеге келісім берілген жазбаша банктің өзінің жарлығы, төреліктің бұйрығы жатады. Клиенттің жарлығымен есеп айырысу шотындағы ақшаларды ссудалық берешекті өтеуге жазбаша немесе ауызша түрде есептен шығарады.
Соңғы жылдары макроэкономикалық шарттардың жақсаруы және қаржы нарығының тұрақты дамуын сақтау арқасында экономиканың көптеген секторларында өндірістің көптеген секторларында өндірістің өсуі оң нәтиже беруде. Нақты секторлардың көптеген кәсіпорындарының жұмысы жақсарып келеді, тауар сату мен қызмет көрсету оңалып келеді, айналым қаражаты көбейіп келеді. Жалпы алғанда, халықтың әл-аухаты көтерілді, азаматтардың табысы өсіп келеді, бірітіндеп ақша жинау үшін бос ресурстар пайда бола бастады. Осының нәтижесінде барлығы елімізде кәсіпорындардың және азаматтардың несие беру мүмкіндігіне оң әсерін тигізуде. Банк беретін несиелерге деген сұраныс артты.
Сонымен қатар, Қазақстанда несие берудің қарқынды дамуын айқындайтын факторларға мыналарды жатқызуға болады:
-несиеге өмір сүруден қорықпайтын тұрғындар саны артып келеді;
-банктердің сыйақы ставкаларының төмендеу үрдісі байқалады;
-банктер несие берудің жаңа түрлерін көбейту жөнінде өздерінің қызметін айтарлықтай жандандырды;
-экономикалық
өсудің жоғары қарқыны үнемі
ақша қаражаттарының
Осы жағдайларда банктер берілетін жаңа несиелердің спектрін әжептәуір кеңейтті және олардың көлемін арттырды, ал қазір несие беру олардың артықшылықты қызмет түрі болып қалды.
3-бөлім. Республикадағы жеке тұлғаларды несиелендіруді жетілдіру жолдары
3.1 Жеке тұлғаларды несиелендірудің дамуы
Қазіргі кезде банктердің барлық активтерінің 60%-ға жуығы экономиканы несиелеуге бағытталған. Отандық банктердің жеткілікті дәрежеге капиталдануын ескерсек (орташа алғанда 52 млн. АҚШ долл. шамасында), несиелердің мұндай арақатынасы қалыпты болып есептеледі. Әлемдік тәжірбиеде орташа универсал банкте оның активтерініңдегі несиелердің үлесі 60-65 %-ды құрайды.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы несие нарығы мынадай үрдістермен сипатталады. Несие валюталарының ішінде бұрынғыдай шетел валюталары басым болып отыр. Дегенмен, 2010 жылдың басынан бері несиені ұлттық валютамен беру үлесінің бірқалыпты өсу үрдісі байқалады, бұл ең алдымен, теңге бағамының АҚШ долларына қатысты нығая түсуімен түсіндіріледі. Қарыз алушы ол несие алған кезде несие алған шетел валютасы бағамының төмен түскені пайдалы.Қазіргі кезде қалыптасқан жағдайда көптеген қарызшылар үшін теңгенің пайдасына шешім қабылдаған дұрыс болады.
Сонымен қатар қысқа мерзімді несиелермен салыстырғанда орта және ұзақ мерзімді несиелердің бұрынғыдан да өсіп бара жатқанын атай кету керек. Соңғы үш жылда олар тиісінше 5,2 және 3,7 есе, ал 2010 жылдың басынан бері - тиісінше 10,5%-ға және 8,4 %-ға артты. Ұзақ мерзімді несиелердің басым бола түсуі – ең алдымен экономикалық субъектілердің ертеңгі күнге деген сенімінің және жалпы экономикалық жағдайының тұрақтылығының куәсі.
Шетелдік инвесторлар өз қызметі үшін мемлекет таңдаған кезде, әсіресе экономиканың тұрақтылығы өз кезегінде негізгі факторларының бірі болып табылатынын айта кеткен жөн. Экономикаға деген сенімінің артуы біздің халықаралық рейтингімізге өз әсерін тигізеді Қазақстан ТМД аумағында бірінші болып инвестициялық деңгейдің рейтингісін алды, мұның өзі отандық коммерциялық банктерге берілетін синдикатталған қарыздардың көлемінің артуына, яғни олардың ел ішіндегі несие қызметінің жандана түсуіне себін тигізеді. Қарызшылардың сипаты бойынша несие құрылымына келсек, несиелік қызмет көрстеу нарығында банктердің негізгі қарызшылары болып бұрынғыша корпоративтік клиенттер қалып отыр. Олардың үлесіне 2010 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша барлық несиенің үлес салмағы жыл басындағымен салыстырғанда 0.9 пайызға өскеніне қарамастан, әлі де шамалы ғана. Қалай да жеке тұлғаларға берілген нсие үлесінің мұндай өсуі банктердің тұрғындарға ұсынатын несиелік қызмет көрсетуінің кеңеюімен түсіндіріледі. Сөйтіп, мысалы, азаматтардың тұтыну мақсаттарына берілген несие үлесін атай кету керек.
Азаматтардың тұтыну мақсатына берілген несие үлесінің негізгі көрсеткіштері келесі кестеде көрсетілген.
Кесте-10. 2008-2010 жылдар
аралығында азаматтардың тұтыну мақсаттарына
берілетін несиелердің өсу
Көрсеткіштер |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
Барлық несиелер: оның ішінде |
271403 |
481475 |
656913 |
721087 |
Азаматтардың тұтыну мақсаттарына |
6598 |
15251 |
31475 |
37690 |
Тұтыну мақсатына берілген несие үлесінің жалпы көлемі, % |
2,4 |
3,2 |
4,8 |
5,2 |
Ескерту:кесте автордың өзімен құрастырылған |
2008 жылдың басынан бастап 2010 жылдың сәуірін қоса алғанда бұл несиелердің үлесі 2.4% -дан 5.2%-ға дейін өсті. Бұл үрдіс тұрақты сипат алып отыр.
Бұл ең алдымен, тұтыну
Банктердің
экономика салаларын
Кесте- 11.Банк несиелерінің экономика салалары бойынша үлес салмағы,%
Экономика салалары |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
Өнеркәсіп |
30.5 |
33.9 |
34.3 |
33.2 |
Ауыл шаруашылығы |
9.4 |
10.3 |
11.4 |
11.3 |
Құрылыс |
4.3 |
4.7 |
6.4 |
6.6 |
Көлік |
5.4 |
4.3 |
3.0 |
2.4 |
Байланыс |
2.1 |
2.4 |
1.9 |
1.5 |
Сауда |
33.9 |
31.1 |
29.4 |
29.4 |
Басқалары |
14.4 |
13.3 |
13.6 |
15.6 |
Барлығы |
100 |
100 |
100 |
100 |
Ескерту:кесте автордың өзімен құрастырылған |
Дегенмен, қазір банктер беретін несиенің басым көпшілігін сауда операцияларын жүргізу үшін қарыз алушылар қолданады, бұның үлес салмағы қазіргі кезде әжептәуір жоғары (29,4 %).
Бүгінгі күні банк қарыз алушыларының негізгі бөлігі - сыннан өткен ойдағыдай дәрежеде тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар.
Келешекте
экономиканың нақты сектроының
негізгі салаларының
Кесте-12. Банктердің несие портфелінің жиынтық сапасын сипаттайтын көрсеткіштердің өзгерісі, %
Жіктелетін несие портфелінің Үлесі |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
Стандартты |
55.3 |
76.8 |
69.1 |
71.3 |
68.9 |
Күмәнді |
39.2 |
21.2 |
28.6 |
26.7 |
29.4 |
Үмітсіз |
5.5 |
2.0 |
2.3 |
2.0 |
1.7 |
Барлығы |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Ескерту:кесте автордың өзімен құрастырылған |
Экономиканың тұрақты дамуы, қаржы нарығының тұрақтана өсуі, инфляция қарқының баяулауы және теңгені айырбастау бағамының әжептеуір тұрақтауы қаржы нарығындағы операциялардың кірістілігінің төмендеуіне әсерін тигізді. Сөйтіп, 2009 жылы заңды тұлғаларға теңгемен берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы жылдық 15,3%-дан 14,1%-ға дейін, жекетұлғалардікі-жылдық 24,5%-дан 21,5%-ға дейін төмендеді. Алайда 2010 жылдың басынан бері жеке тұлғалардың несиелері бойынша ставка 16,9%-ға, жеке тұлғаларға несиелер 22.5% жылдыққа артты. Бұған құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм сияқты салалардың маусым кезінде айтарлықтай жандануының нәтижесінде несие ресурстары құнының артуы себеп болды. Сонымен, өткен жылдарда отандық несие нарығының жұмысындағы сапалық және сандық көрсеткіштерде айтарлықтай табысқа қол жетті. Мысалы, Ұлттық банк мезгіл-мезгілкоммерциялық банктердің өкілдерімен кездесулер өткізіп тұрды, онда банктің несие саясатын жетілдірудің мүмкіндіктерін талқыланды. Сондай-ақ банк несиелері бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге байланысты экономикалық жағдайлар сипатталған хаттар жолданды, 2009 жылғы қарашада Ұлттық банкте қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 7,5% , ал 2010 жылы 7% төмендетілді. Құрамына банктердің, Ұлттық банктің, сондай-ақ Үкіметтің өкілдерімүше болып кірген жұмыс тобы құрылып, осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. Сонымен, соңғы жылдардағы үрдіс Қазақстанның несие нарығы тұрақты даму үрдісінде екенін растайды. 2009 жылы Ұлттық банк Қазақстаннның қаржы секторын дамытудың алдағы 4 жылға арналған тұжырымдамасын әзірледі. Бұл жалпы қаржы жүйесінің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді айқындайды. Осыған байланысты, қаржы нарығын дамыту жөнінде айтар болсақ, аталған тұжырымдама шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Несиелендірудің тиімді жұмыс істейтін үш деңгейлі жүйесі құрылды[20,5б].
Информация о работе Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелендіру