Экономикалық теорияның калыптасуы мен даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2012 в 17:37, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық теория пәні төңірегінде алуан түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық теория пәні тұжырымдамасы туралы экономикалық ғылым саласындағы танымал беделділердің арасында да ортақ пікір жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эконом теориян калыптасуы мен даму кезендери.docx

— 86.78 Кб (Скачать документ)

     Неокейнсеандықтың Кейнс ілімінен өзгешелігі, ол экономикалық өсу және циклдік даму теориясын құрастырды. Неоклассиктер мен Кейнс позицияларының айдын қайшылықтарына қарамастан, олар бір – біріне өте қажетті. Логикалы байланысты және ұсақ – түйегіне дейін жасалған неокласикалық жүйе дағдарыс пен жұмыссыздық сияқты айрықша құбылыстарды түсіндіре алмады. Кейнстің “Жалпы теориясы” керісінше, экономикада тепе – теңдік жағдайды шығарушы факторларға талдау жасап және нақты іс – қыймыл бағдарламасын ұсына отырып, шын мәниесінде ортақ, түгел қамтушы теориялық жүйені бере алмады.

      Сондықтан экономикалық ғылымда, пен көрнекті экономистер Дж. Хикс, Р. Харрод, Э. Хансен, П.Самуэльсон және т.б.  Кейнстің позицияларын неоклассиктермен біріктіру  мақсатында интенсивті аналитикалық  талдау жұмыстарын кең түрде жүргізді. Осының арқасында “неоклассикалық немесе кейнсианды - неокласикалық  синтез” деп аталған теориялық жүйе қалыптасты.

      “Неоклассикалық синтезді құрушылар”,  “Жалпы теорияда” берілген кейнсиандық тұжырымдаманы интеграциялаудан бұрын, оны түбегейлі түрде екі себеп бойынша қайыра өңдеу керектігін шешті.

Бірінші себеп, соғысқа дайындалу  негізінде дамыған  капиталистік экономика (өсудің жоғары  қарқыны, жеңген халықтың қайыра жұмыссыздыққа  қарсы  күресі,  капитализм мен  социализм  сияқты әлемнің екі  жүйесінің сайысы және т.б.) экономистердің алдына 1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқыраудың  суымаған ізі бойынша жазылған “Жалпы теорияға”  қарағанда басқа проблемаларды  тартты. Ендігі жерде ең басты проблема болып сұраныс емес, экономиканың өсуімен байланысты инфляция және ресурстарды жинақтау болды. Бұл тек қана сұраныс үшін ғана емес, сонымен бірге өсу үшін де пайдалы болып саналатын реттеудің жалпы тұжырымдамасына  қажет еді.

      “Жалпы теорияны” қайта қараудың екінші себебі, өзінің күрделігімен  карама-қайшылықтарына байланысты, бұл жұмыста бір-бірін жоққа шығарушы пайымдаулар мен түсініктерге жол берілген еді. Америка экономисі  М. Блауг, Кейнстің  “Жалпы теориясы” – Рикардоның “Принципі”, Маркстың “Капиталы”, Бем - Баверктің “Позитивті теориясына” ұқсас, қарапайым түрде жазылған  жайғана кітап  деп баяандады. Бірақ онда қазіргі экономика қызметінің төрт үлгісі болатын, оның кейбір идеялары неоклассикалық үлгіге (моделге) жеңіл кірсе (встраиваются), басқалары оның бүкіл логикасын бұзды.

      Кейнстің дана маңызды тұжырымдамасын зерттеу процессінде оның кей бір бағыттарын аз мәнді деп умытылды, ал басқалары одан әріқарай дамыды. Әр түрлі коментаторлар өздерінің түсінігі бойынша оның ілімінің мәнін өздерінше, оны “неоклассикалық синтез” деп “неокенсиандық”, “ортодоксалды кейнсиандық”,  яғний “хиксиандық” кейнсиандық немесе “заңсыз  тұған” кейнсиандық деп атады.

     70-ші жылдардағы құрылымдық және циклдық дағдарыстар, әсіресе 1974-75 жылдардағы дағдарыс және созылмалы сипаттағы инфляция экономикалық саясатты дағдарысқа алып келді. Тура осы кезеңде стандартты антициклдық кейнсиандық схемалар әрекет етуін тоқтатты. Егер, бұрын инфляция экономиканың көтерілу сатысымен сәйкес келіп және сұранысты шектей отырып, оны ұстап тұруға тырысса,  ендігі жерде үкімет алдында тіпті көтерілу сатысы кезеңінің өзінде экономикалық қиындықтарды қалай шешуге болады деген мәселелер аса өткір түрде тұрды.

     Кейнсиандықтың және бүкіл “неоклассикалық синтездің” дағдырысы – мемлекеттік реттеудің ресми доктринасы ретінде, тек қана дәстүрлі қарсыластары – неоклассиктер тұрғысынан ғана емес, Кейнс теориясына берілгендедердің өздері - посткейнсианстар мен монетаристер тарпынандада сынға ұшырады.

     Монетаризм теориясының негізін салушы М. Фридмен, Кейнс теорисы экономиканы басқаруға мүлде тиімсіз деп санады. Шынында ол тек 70-ші жылдары ғана жарамсыздығын көрсетті. Мүмкін, басқарудың белгілі бір баспалдағы, әрбір экономикалық жүйеге тән болып, сосын орталықтанған  реттеу өзінің мүмкіндіктерін жоғалтып, жалпы сәйкессіздікті көбейтеді. Батыста осындай баспалдақ 60-70-ші жылдардың шегінде өтті. Ол кезде ГТП нәтижесінде өнімдердің номенклатурасы күрт өсті, олар тез ауысып отырды, шағын және орта бизнестің ролі артты. Осылардың барлығы экономиканы орталықтан (мемлекеттік) реттеуді  қиындата түсті, нарықтық реттеу арқылы басқарудың объективті  өзгерістерін талап етті. Міне, реттеудің тиімді кейнсиандық шаралары өзінінің маңызын неге жоғалтты дегенге  сұраққа берілер жауап.

       Екі кейнсиандық ағындардын қосылуы нәтижесінде посткейнсиандық қалыптасты. Бір жағынан бұл кембридж университетіндегі Кейнстің шәкірттері мен серіктерінің (ДЖ. Робинсон, Н. Калдор, П. Сраффа және т.б.) солшыл  кейнсиандықтар, ал  екінші жағынан 60-ші жылдары Р. Клауер,П.Девидсон, және тағы басқа экономистердің бастауы бойынша АҚШ – та кейнсиандыққа сыни тұрғыдан қайта баға беру басталды. Олар ортодоксалды  кейнсиандық теорияның “толық емес жұмыспен қамтылушылығының тепе – теңдігін” “неоклассикалық синтездің” бөлігі ретінде сынады.

       Бұл жаңа ағым, Кейнс теориясы мен неоклассикалық теорияның бір – бірімен мүлде сыйымсыз екіндігін бекітті. Шын мәнісінде, Кейнс болжамдарын әзірлеушілер – Э. Хансен, Р. Харрод, Д. Хинс, П. Самуэльсон оның теориясының мағынасын  біршама бұрмалады. Бұл кейнсиандықты “қайта құрудың” екінші ағымын, жиі “монетарлық кейнсиандық” деп атады, себебі олар үшін, ақша процесімен байланысты тұрақсыздық пен белгісіздік  шешуші фактор болды.

      Сөйтіп, неортоксалды кейнсиандықтардың екі ағымы да, неоклассикалық жүйені түбегейлі жоққа шығарып, Кейнстің экономикалық теорияда бастаған “революциясын” аяғына дейін жеткізіп макро – және микроэкономиканың жаңа синтезін жасауды алдарына мақсат етті.

      Дегенмен, мынаны атап өту керек, өмірден оның неғұрлым көрнекті өкілдері (Р. Робинсон, Н. Калдора,       П. Сраффи және т.б.) өтумен, бұл ұмтылыстар, жалпылама түрде танылған теория жүйесін жасауға қол жеткізе алмады. 80- ші жылдарға тән идеология мен саясаттағы консервативтік қозғалыс жағдайында нарықтық экономикада түбегейлі “қайта құру” идеяларының әлсіреумен байланысты посткейнсиандық өзінің бұрынғы белгілерін жоғалтты, дегенмен әлі де өмір сүруін тоқтатқан жоқ.

       80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында “жаңа” кейнсиандық атауымен постейнсиа-ндықтың жаңа дамуы байқалды. Оның міндеті – Кейнстің теориясын одан әрі қарай дамыту, осы теорияны қазіргі нарықтық жағдайларда инфляция процессі мен экономиканы интернационалдыруды макроэкономикалық саясат талаптарына бейімдеумен болды. Бұл, мемлекеттің белсенді араласу көмегі мен монетаризмінің неоклассикалық синтезінің жаңаруы болып табылады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

      Экономика ғылымдарының  сол жаңа ғылымдардың  қалыптасу жағдайын шолып отыруы тиіс. Сонымен қатар экономика ілімдерінің даму бағыттары бүгінгі таңдағы Экономикалық ойдың негіздерін, соның ең маңызды деген логикалық тұжырымдары мен берік бірлігіне бастайтын болуы қажет.  Мен бұл жерде ойшылдардың экономикалық процестерге деген эволюциялық көзқарастарын жүйелеп қана қоймай олардың идеяларын қарастырып нәтижелерін ашуға тырыстым. Алғашқы экономикалық категориялар мен идеялардың қаншалықты өзекті , осы заман шарттарына сәйкесетінін өзгерістер теория тұрғысынан қарастырып одан бір нәтижені шығару. Экономикалық ойлар әртүрлі мектептер мен бағыттардың негізгі жетістіктерінің жиынтығын құрап, осы заманғы іргелі әлеуметтік ғылымдардың сипатын тануда. Ал осыдан келіп қарасақ экономика осы кезде әр түрлі тараптарға бөлінеді, осыны толығымен аша білу. Экономика ілімдерінде ғалымдардың алуан түрлі көзқарастары кездеседі.  Сонымен қатар әрбір экономика ғалымдарының арасында ортық пікір жоқ, осы тақырыпта соны саралап бір ортық шешімге келу . Яғни олардың ойларын талқылай отырып соның даму бағыттарын ұстанғанда қандай нәтиже шығатындығын түсіну. Осы тұрғыда келер болсақ экономикалық құбылыстардың даму бағыттарында  - жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына дейін қарасытырдым.

     Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.

      Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ экономикалық қөзқарастар көне заманда да кездеседі.

        Экономикалық ілімдер тарихы ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізі – диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып, экономикалық ілімдер тарихы өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданады.

        «Экономика ғылымының ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті» - дейді американдық белгілі экономист, жаңа институционалдық бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық экономика ғылымына берілер баға жоқ секілді. Себебі Роберт Хайлбронер келтірген бұл үш атақты экономистер экономика ғылымында түбегейлі өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәңгілік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық жүйелердің нарықтык, жоспарлы, аралас түрлерінің негізін қалаушылар.

      Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялык негізі - экономикалық теория (саяси экономика) курсы. Өткен заманғы және қазіргі әлемге танымал атақты экономист ғалымдардың, теориялық мектептер мен экономикалық бағыттардың негізгі экономикалық концепцияларының талқыламаларын салыстыра отырып алған білімнің экономикалық теория курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.

      Қазақстандағы экономикалық ілімдер тарихын кешенді тұрғыдан қарастыруға арналған ғылыми деңгейде зерттеулер әлі тиісті жолға койылмаған. Сондықтан да осы бағыттағы ізденістер әрі жалғасуда.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Павлова И.П., Владимировский Е.А, Оводенко А.А., Ильинская Е.М., «История экономических учений»: Учебное пособие. 5-е изд. - СПб.: Изд. «Лань», 2010
  2. История экономических учений: Учеб. пособие/Под общ. ред. Шмарловский Г.А. - 2-е изд., испр.-Мн.: Новое знание, 2001.
  3. Ядгаров Я.С. История экономических учений. Учебник. М., 1998
  4. Аникин А.В. Путь искании. Социально-экономические идеи в России до марксизма. М., 1990.
  5. Аубакиров И. А. Извлечение из опубликованных работ в разные годы. Алматы: Қазақ университеті, 2008.
  6. Ашимбаев Т. А. Экономика Казахстана на пути к рынку. Тенденции и размышления. Алматы: Казакстан. 1994.
  7. Баликоев В.З. Общая экономическая теория. Новосибирск, 1999.
  8. Бұгыбаева Р.О., Жанагулов А.Ш., Жетпісбаева М.К., Сүіндіков Ж.С. Макроэкономика. Барлық мамандыққа арналған оқу-тәжеребе құралы. Караганды, 2002.
  9. Всемирная история экономической мысли. М.: «Мысль» 1т., 1987, 2т., 1988, 3т., 1989.
  10. Доскалиев С. Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастары. Алматы: Қазақ университеті, 1997.
  11. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы. Қазақ университеті, 2009.
  12. Жанагулов А.Ш. Макроэкономика. Учебно-методическое пособие для студентов всех специальностей. Караганды, 2007.
  13. Жанагулов А.Ш., Сүіндіков Ж.С. Нарықтық экономиканын казіргі терминологиялық түсіндірме сөздігі. Караганды: КЭУ баспасы, 2003.
  14. Жатканбаев Е. Средневековые мыслители Центральной Азии о государстве и государственном управлении //Вестник КазГУ. Серия экономики, 2008. № 10
  15. История экономических учений. М.: ИНФРА-М., 2009.
  16. История экономических учений. Полный курс в кратком изложении. М. 2002.
  17. История экономических учений. Пособие для подготовки к экзаменам конспект лекции в схемах. М. 2009.
  18. История экономическихучений. Часть I. МГУ, 1989.
  19. Костюк В.Н. История экономических учений. Курс лекций. М. 1997.
  20. Мальтус Т. Опыт о законе народонаселения. М. 1993.
  21. Марк Блауг. Экономическая мысль в ретроспективе. М.: Дело ЛТД, 2008.
  22. Муканов М.С. Из исторического прошлого. Алматы: «Казахстан». 2008.
  23. Назарбаева Д.Н. Содружество Евроазии. М.: ЗАО «Бизнес-школа «Интер-Синтез». 2009.
  24. Национальная программа разгосударствления и приватизации собственности в Республике Казахстан. Алматы: Ғылым, 1993.
  25. Новейшая история Казахстана. Сборник документов и материалов. т.1 (1917-1939г.г.). Алматы: «Санат». 1998.
  26. Нурпеисов К., Аяганов Б., Жаксылыков Н., История Казахстана. Алматы: «Мектеп», 2003.
  27. Очерки экономической истории /Под ред. академика С.Б.Баишева. Алма-Ата, 1974.
  28. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. /Под ред. проф. С. Д. Асфендиярова. 2-е издание. Алматы: «Казахстан». 1998.
  29. Кабдиев Д.К. Развитие экономической мысли в Казахстане (конец XIX века начало XX века), Алматы, 1978

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

ҚОСЫМША 1

 

 

XVIIІ ғасырдың  аяғы мен XIX ғасырдың басындағы  Англиядағы экономикалық  жағдай.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША 2

 

Д. Рикардо идеясына сәйкес саяси экономияның басты  міндеті


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША 3

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экономикалық теорияның калыптасуы мен даму кезеңдері