Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2012 в 17:37, курсовая работа
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық теория пәні төңірегінде алуан түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық теория пәні тұжырымдамасы туралы экономикалық ғылым саласындағы танымал беделділердің арасында да ортақ пікір жоқ.
Өз ілімдерінде Фридрих фон Визер «шаруашылықты жекелей ұйымдастыру» тұжырымдамасын негіздеді. Ғалымның ойынша меншіктің жеке формасы ең тиімді, ең пайдалы түрі, бұл меншіктің жүз жылдаған әртүрлі формаларымен дәлелденген деді.
Дәйіктер ретінде ғалым, біріншіден шаруашылық игіліктерінің шығындарына ұқыпты қатынас қажеттілігін; екіншіден «менікі» және «сенікі» деген сұрақтардын маңыздылығын; үшіншіден, меншікті шаруашылықты пайдалану үшін құқықтық кепілдіктерді көрсетті.
Шекті тиімділік тұжырымдамасының негізгі ережелер мыналар:
Игіліктердің құндылығын зерттеу негізі тұтыну сұранысының талдауы қойылады. Мәні шығындарға емес, нәтижелерге ие.
Негізгі тұтыну сұранысын зерттеу.
Шекті пайданы талдау адамдардың уәжін (мотивін) зерттеуімен байланысты.
Өндіріс құралдырының құндылығы еңбек шығындарымен емес, тұтыну тауарлардың шекті тиімділігі мен анықталады.
Игіліктер айырбасы саудаға
қатысушыларының субъективті
Уильям Стенли Джевонс (1835-1882 жж.) еңбектеріндегі маржиналдық субъективтік ойлар, біріншіден, аз күш жұмсап тұтынуды максималды қанағаттандыру, оның ойынша саяси, моральдық факторлармен байланысты емес, тек қана, экономикалық мәселе болып саналады. Екіншіден, функционалды байланыс бойынша тиімділікпен құндылықты қарастыра отырып, тауар бағасы шекті тиімділікпен анықталады деп есептеген. Бұл оның А. Маршалл мен В. Парето жасаған, шығындар мен шекті тиімділіктің өзіндік мағынасын мойындамағаның көрсетеді.
Үшіншіден, У. Джевонс сатушы мен сатып алушының бір-біріне толық байланысты және толық өзара ақпаратқа ие болуына мүмкіндік беретін жетілген бәсеке туралы классиктердің ережесін мойындағаны. Оны маржинализмді бастаушылардың бірі деп есептеуге негіз берді.
У.Джевонс психологиялық
категорияларды кейінен қолданып, игіліктерді
тұтынуымен байланысты оң тиімділік
түсінігін және игіліктерді құру
бойынша еңбек күшінің
Оның ойынша, құн, осы еңбекпен игілікке оң әсер беретін еңбектің соңғы бірлігінің теріс әсерін өлшеуден тұрады. Өнімнің қосымша саны қосымша күштердің шығындарын қайтармайтындығын әрі жалғастыруға тиімсіз екендігін дәлелдеді.
Кембридж мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Альфред Маршалл (1842-1924 жж.). Ол өзінің «Экономика принциптері» еңбегінде «Саяси экономия немесе экономикалық ғылым адамзат қоғамының тіршілігін зерттеумен айналысады, ол игі жағдайдың материалдық негіздерін құрумен байланысты болып, қоғамдық іс-әрекеттерінің жеке салаларын тексереді», деген ойын айтты.
А.Маршалл нарықтық баға теориясын әзірлейді, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттерінің проблемаларын зерттеп, «сұраныс икемділігі» деген ұғымды енгізді.
Оның зерттеулерінде маңызды орынды нарықта еркін баға белгілеу мәселелері алды. Ғалымның ойынша , баға екі фактормен анықталады: шекті пайдалылықпен және өндіріс шығындарымен.
Маршалл бойынша нарықтық
баға - бұл шекті пайдалылықпен
анықталатын сұраныс бағасы мен
шекті шығындармен анықталатын
ұсыныс бағасының қосылу нәтижесі.
А.Маршалдың маңызды
Жекелей алғанда, ол бағаның төмендеуімен сұраныстың өсуін, ал бағаның жоғарлауымен сұраныстың төмендеуін көрсетті. А.Маршалл тұрақты немесе тепе-тең баға деп сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік нүктесін белгілеген бағаны есептеді. Маршалдың болжамы бойынша, егер нарықта баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда ұсыныс сұраныстан артады, баға төмендей бастайды, және керісінше.
Лозан мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі Леон Вальрас (1834-1910 жж.) – швейцарлық экономист – математик. Жалпы экономикалық тепе-теңдік мәселесін дәлелдеген. Оны үш сұраққа жинақтауға болады:
Іс жүзінде нарықтық тепе-теңдікке жету мүмкін бе?
бұл тепе-теңдік тұрақты болып табылама?
тепе-теңдік тұрақтылығының жағдайлары қандай?
Бұл сұрақтарға Вальрастың ойынша, тек-қана математика ғана жауап бере алады деді.
Барлық экономикалық өмірді Вальрас ең үлкен екі топқа бөлді: фирмалар мен үй шаруашылығына. Тауар өндірушілерінің барлық шығындары үй шаруашылығының табыстарына айналады, ал үй шаруашылығының барлық шығындары – өндірушілер табыстарына. Факторлар бағасы өндіріс көлемі, сұраныс, өндіру ігілігі тауарлар бағаларына тәуелді. Негізінде, тауарларға деген бағалар факторлары бағаларға тәуелді.
Жүйенің дұрыс қызметі сұраныс пен ұсыныс (факторлар мен тауарлар) арасындағы сәйкестік пен бекітеді. Фактор бағасы фирманың шығындарына, ал фирма табысы үй шаруашылығының шығындарына сай болуы керек.
Тепе-теңдік жағдайы үш шартты қарастырады:
өндіріс факторларының сұранысы мен ұсынысы тең; оларға тұрақты және орнықты баға белгіленеді.
тауар және ұсыныс қызметті сұранысқа тең және олар тұрақты баға негізінде жүзеге сатылады.
тауарлар бағасы өндіріс шығындарына сәйкес қатысты.
Алғашқы екі шарттар айырбас пропорция теңдігін қарастырады. Үшінші шарт өндіріс сферасындағы тепе-теңдікті білдіреді.
Тепе-теңдік орнықты болып табылады, немесе нарықта ауытқуларды түзейтін және тепе-теңдікті қайта келтіретін күштер бар. Ол еркін бәсекенің даму жағдайы.
Вальрас моделі – тұйық
математикалық модель, онда барлық
қатысушылар екі топқа
Вальрас моделінен келесі қортындылар шығады:
2.2. Институционализм
және монополистік бәсеке
Институционализм – қазіргі батыстың экономикалық ойлардың көрнекті ағындарының бірі. Оның ерекшеліктері:
институционалистер экономика пәнін кең түрде қарастырады. Олар шаруашылық қызметке әсер ететін факторлар мен жағдайлардың барлық түрлерін есепке алуды қажет етеді.
«экономикалық» адам деген қатынастан туатын экономикалық қатынастарды талдаудан бас тарту қажет.
Институционализмнің басты ерекшелігі (мағына) институттарды безендіру мәселелеріне беріледі.
Институтционализм ХІХ ғ. аяғында пайда болып үш бағытта тарады.
Олар: әлеуметтік-психологиялық институционализм; әлеуметті-құқықтық және эмперикалық (коньюнктура-статистикалық) болып.
Бұлардын барлығы жалпы
фундаменталды жағдайларың
«Ескі» институтционалистермен (Т. Веблен, Дж. Коммионс және У. Мичелл) неоинститутционалистердің (Дж. Гелбрейт, Дж. Бьюкенен, Р. Коуз, Д. Норт және т.б.) көз қарастарының арасында кем дегенде үш ерекшеліктер бар:
«Ескі» институтционалистер
құқық пен саясаттан
«Ескі» институционализм индуктивті жекешеліктен қоғамдық тәсілдерді қолданды, сондықтан ортақ институционалды теория сол бетімен қолданылмай қалды. Осы институттар ортақ теориясыз талданған, неоинституционализм дедуктивті тәсілдерді қолданып: институттарды бірыңғай теория негізінде талдаған.
«Ескі» институтционализм ең басты көңілді үйымның мүддесін қорғау мақсатында басты орынға тәуелсіз индивидті қояды. Неоинституционалистер бірінші орынға еркін мүшесін сайлайды ол қай ұжымға мүше болуды өзі шешеді.
Әлеуметтік-психологиялық институционализм ағымын тұрған Торетейн. Б. Веблен (1857-1929 жж.), американың экономисті және социологы. Ол экономикалық дамудың психологиялық теориясын қалыптастырды.Оның ең маңызды еңбектері: «Теория праздного класса» (1899), «Қазіргі заманға сай өркендеудегі ғылымның орны және басқа очерктер» (1919), «Қазіргі заманға өзгеретін жүйелердің очерктері» (1934). Веблен экономикалық құбылыстарды бекітілген дәстүр ретінде қарастырған. Ғалым ойынша, адамның еңбекке деген уәжін (мотив) қоздырушы мыналар: «аналық» инстинкті, ата-аналарды балаларын асырауына мәжбүр етеді және «білуге құмарлық» инстинкті, яғни адамдардың қоршаған ортаны және әлемді білуге ұмтылады. [24]
Вебленнің айтуынша, қоғамдық-экономикалық құрылымының эволюциясы биологиялық процеспен табиғи таңдаумен заңдалынған.
Веблен барлық қазіргі
заманға сай индустриялық Технологиялық
тұжырымдамалардың негізін
Ол «бизнес» және «индустрия» әлемін бөліп көрсеткен. Біріншісі – қатынас сферасымен, ал екіншісі – өндіріс сферасымен айналысады.
Ғалымның айтуынша, менеджер, басқарушы, финансистер бизнес сферасын көрсетеді. Бизнес Вебленнің айтуынша, өзіне кері әсер тигізе отырып ұлттылықты діни дөрекілікті және меншікті тудырады. Веблен былай ойлаған, индустрия әлемі бизнес әлеміне басым жағдай жасауы керек. Оның айтуынша саяси билік инженерлер мен техниктердің «генералдық штабына» берілуі қажет. Вебленнің техникалық идеялары оның ізбасарларының еңбектерінде дамыды.
Институтционализмде әлеуметтік-құқықтық бағыттардың негізін қалаушы болып Дж. Д. Коммонс (1862-1945 жж.) табылады. Оның басты еңбектері – «Құқықтық капитализмнің негіздері» (1924). «Институционалдық экономика. Оның саяси экономикадағы орны» (1934). «Еңбек экономикалық теориясы әрекеттерінің» (1950). Коммонстың методологиясы өзімен шекті пайдалылық мектебінің ережесімен экономикадағы юридикалық концепциясының синтезін білдіреді.
Экономикалық талдауда Коммонстың басты көңілі жан-ұя мемлекеттік профсоюздық корпорацияларды, сауда ұйымдары сияқты институттарды зерттеуге бағытталған Коммонс бойынша экономикалық категориялар және институттар заңды ресімдеу арқылы көрінеді. Коммонстың айтуынша, нарықтық жағдай қазіргі заманға сай капиталистік қоғамда «рас емес» және «әділсіз» болуы мүмкін. Барлық минустарды жою үшін заңдылықтарды бекітіп және заңды дұрыс қолдану керек. Барлық тойтарыстар заңды негізде шешілулері керек.
Эмперистік немесе коньюнктуралық
статистикалық
Митчелдың зерттеуіндегі
басты орын адамдардың қоғамдағы
жүріс – тұрыстарына жүгінген.
Ғалымның айтуынша, адамдардың психологиясы,
олардың әдеп-ғұрыптары
Митчелл басты көңілді
экономикадағы құбылыстарға ақша айналысының
мәселелеріне аударған.Оны ойландырар
жағдай: қай фактор экономикаға ең
көп әсер етеді, ал оның ішінде әсіресе
– қаржы, ақша және несиеге.Митчелдің
айтуынша, осы сфералар басты болып
саналып осыларды дұрыс реттеу дағдарысты
болдырмауына әкеледі. Митчелдің методолиялық
тәсілінің ерекшелігі мынада: үлкен
статистикалық материалдарға
У.Митчелл экономикадағы
циклдік құбылысты экономикалық
зерттеудің Ұлттық бюросын қалыптастырды.
Ол «үлкен» және «кішігірім» циклдің
ұзақтығын есептеді, экономикалық дамудын
дағдарыссыз моделін
Митчелл арнайы мемлекеттік жоспарлау органдарын дамытуды жақтады. Жоспарлау бұл жерде директивті емес, ұсынысты түрінде болуға тиіс.
Қазіргі инстиционализм немесе неоинституционализм өзінің алғашқы түрінен көп ерекшеленеді яғни, ерте немесе ескі институционалзммен салыстырғанда.
Неоинституционализмнің ең жарқын өкілдері болып Дж. Гелбрейт, Г. Мюрдаль, Я. Хейлбронер, Д. Белл, О. Тоффлеп, және т.б саналынады.
Бұл ағымның ең жоғары өсуі ХХ ғасырдың 50-60ж. сәйкес келеді. Соғыстан кейін институционализм 30-шы жылдарғы институционализмнен методология жағынан да, теория аумағында жағынан да ерекше. Институционализмнің эволюциясы жаңа этаптарда индустриялдық технократтық тәсілді игеруден белгілі. Индустриялдық тұжырымдамалардың тамырлары Т. Вебленнің еңбектерінде көрінді. Бірақ 50-60-шы жылдардағы институционалистер ҒТР-ны «бизнес» әлемімен байланыстырды. Қазіргі институционализмнің лидерлері Дж. К. Гелбрейт. Оның еңбектері – «Американдық капитализм» (1925), «Жаңа индустриялдық қоғам» (1967), «Экономикалық теория және оның мақсаттары» (1973).
Дж. Гелбрейт индустриялдық жүйені, корпорацияларды, басқару мәселелерін монополия ішіндегі басқарумен қоғамды басқаруды, мемлекеттің рөлін, экономикалық саясаттың сұрақтарымен капиталистік жүйенің шаруашылық механизмін зерттеді. [25]
Капиталистік мемлекеттердің барлық экономикалық жүйесін Дж. Гелбрейт екі сектордың-жоспарлық және нарықтық жиынтығы ретінде қарастырды. Біріншісіне ол «жетілген корпорацияларды» кіргізді. Олар жаңа технологияны пайдаланып бағаны белгілейді, қоғаммен үкімет алдында әкімділік жүргізеді. Мұндай корпорация ұйымы индустриалды қоғамның негізі(стержні).
Информация о работе Экономикалық теорияның калыптасуы мен даму кезеңдері