Экономикалық теорияның калыптасуы мен даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2012 в 17:37, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық теория пәні төңірегінде алуан түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық теория пәні тұжырымдамасы туралы экономикалық ғылым саласындағы танымал беделділердің арасында да ортақ пікір жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эконом теориян калыптасуы мен даму кезендери.docx

— 86.78 Кб (Скачать документ)

                                                   КІРІСПЕ

      Экономикалық теорияның даму тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.

    Экономикалық теория ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ экономикалық қөзқарастар көне заманда да кездеседі.

Оның өмір сүру кезендерінде бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылды.

    Экономикалық әдебиеттерде экономикалық теория пәні төңірегінде алуан түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық теория пәні тұжырымдамасы туралы экономикалық ғылым саласындағы танымал беделділердің арасында да ортақ пікір жоқ. Қазіргі кездегі экономикалық көзқарастардың жіктелуі, экономикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді. Олардың арасынан классиктерді (олар экономикалық ғылым пәнін қоғамдық байлықты ендіру заңдары деп есептейді); неоклассиктерді (олардың ойынша, экономика ғылымы шектеулі өндірістік ресурстар жағдайында ұтымды шешімдерді іздестірумен айналысуы тиіс); марксистерді (оларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде туындаған экономикалық қатынастарды зерттейді); кейнсшілдерді (олар экономикалық өсу факторларын зерттеген және факторлық талдау негізінде макроэкономикалық реттеу ұсыныстарын жасаған); маржиналистерді (олар «экономикалық адамның» ұтымды іс-әрекетін зерттеген); монетаристерді (олар экономиканы тұрақтандыру және жұмысбастылықты қамтамасыз ету факторы ретінде монетарлық, яғни ақша несие саясатын алған); институционалистерді (олар экономикалық қатынастарды әлеуметтік, саяси және рухани қатынастармен байланыстырып қарастырған) және т.с.с. бөліп қарауға болады. Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің қысқаша сипаттамасы да қолданылады. Бірқатар ресейлік ғалымдар (Борисов Г.В., Шишкин М.В., Сутырин С.Ф.) бұл курстың пәні өркениет дамуының түрлі сатысындағы экономикалық теориясының пайда болу, даму және басқалармен ауысу процесі деп есептейді. [1]

     Санкт-Петербургтік ғалымдардың пікірінше, экономикалық ілімдер тарихының пәні — бұл экономикалық ілімдердің пайда болуының, қалыптасуының, дамуының, күресуінің және ауысуының тарихи процесі.

     Г.А. Шмарловскаяның анықтамасы бойынша «Экономикалық ілімдер тарихының зерттеу пәні экономикалық идеялардың пайда болып, дамуының, күресуінің және ауысып отыруының тарихи процесі және олардың адам өркениетінің дамуындағы ролі» [2]

     Профессор С.А.Бартенов экономикалық процестерге және экономикалық теориялармен мектептердің қалыптасып, дамуының заңдылыктарына деген көзқарастар эволюциясы экономикалық ілімдер тарихының пәні деп есептейді.

    Әрине, курс әдебиеттерді зерттеп. белгілі экономистердің көзқарастарын жүйелеумен және ашумен шектеліп қоймай, идеялардың өзара байланысың, реттілігін, әдістер мен қорытындылардың трансформациясын анықтауға ұмтылады.

     Қазақстанда аталған мәселелер осы күнге дейін жеткіліксіз зерттелген. Экономикалык әдебиетте ғылым тұрғысынан алғандағы экономикалық ілімнің тарихи аспектілерін қамтитын бірқатар басылымдар бар (Я.Ә.Әубәкіров, О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Досқалиев, М.К.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев, Д.К Кабдиев, К. К. Қанатбаев,К. Н. Нәрібаев, Т. С. Сарбасова, О.Қ.Шеденовтың және т.б.).

      Қазақстандағы экономикалық ілімдер тарихын кешенді тұрғыдан қарастыруға арналған ғылыми деңгейде зерттеулер әлі тиісті жолға койылмаған. Сондықтан да осы бағыттағы ізденістер әрі жалғасуда.

      Курстық жұмыстың мақсаты – алғашқы экономикалық категориялар мен идеялардың қаншалықты өзекті, осы заман шарттарына сәйкесетінін өзгерістер теория тұрғысынан қарастырып одан бір нәтижені шығару, және қазіргі заманда қандай бағыттар даму үстінд екендігін зерттеп, саралау болып табылады.

Аталмыш мақсаттың жүзеге асуы келесі міндеттерді шешумен  байланысты:

  • Экономикалық көзқарастардың әр түрлі даму деңгейлерінде шешетін негізгі мақсаттар мен қызметтердің теориялық мәнін ашу;
  • Ойшылдардың экономикалық процестерге деген эволюциялық көзқарастарын жүйелеп қана қоймай олардың идеяларын қарастырып нәтижелерін ашып көрсету;
  • Қазақстанда қазіргі заманда өзекті болып тұрған экономикалық бағыттар мен көзқарастардың мәнін анықтау;

      Зерттеудің объектісі болып экономикалық ойлар мен ілімдердің ежелгі заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі даму эволюциясының ерекшеліктері табылады.

      Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі  мен қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

І.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.

1.1. Ерте дүниедегі  экономикалық ойлар.

     Экономикалық ілімдер тарихы ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Кез-келген ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізі – диалектикалық танып білу әдісі болып табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді олардың дамуы тұрғысынан – жай түрінен күрделісіне, төменгі сатыдан жоғарысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Танып білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып, экономикалық ілімдер тарихы өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зерттеу әдістерінде қолданады.

    Экономикалық ілімдер тарихының пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы — ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойдан, елес ретінде түсіндіріледі. Ал нақты нәрсе — бүл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы түрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. К.Маркс айтқан болатын: «...экономикалық форматтарға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивті де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның күші жүруге тиіс». Көбінесе құбылыстың мәнін түсінуде, сол кездегі кездейсоқ, қосарланған кейбір жағдайлар кедергі жасайды. Сондықтан да басты нәрсені шешіп алу үшін — мәселенің мәнін тоқып, оны терең қорытындылау, кедергі жасайтын, екінші дәрежедегі құбылыстардан дерексіздендіру қажет.

     Абстракциялық ойлау процесінде экономикалық категориялар (тауар, нарық, ақша, капитал, пайда және т.б.) калыптасады. Экономикалық категория — логикалық ұғым және адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қайсы бір қатынастарды көрсетеді. Демек, экономикалық ілімдер тарихы адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды экономикалық категориялар ретінде бейнелеу арқылы оқытады.

    Кез-келген процесті зерттеуде экономикалық ілімдер тарихы зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігін колданады. Осы тенденцияның дамуын айқындау үшін, құбылыс пен процестің пайда болуы, олардың өсу жолдарын көрсету қажет. Демек, экономикалық ілімдер тарихи принципті басшылыкка алады. Экономикалық қатынастарды тарихи көзқараспен зерттей отырып, экономикалық ілімдер тарихтың соңынан ілесе алмайды. Себебі, тарих кең жағдайда кездейсоқ факторлар, қым-қиғаш құбылыстар, кері шегіністер мен ілгері озып кетушіліктер іс әрекетіне бой алдырады. Осы кездерде экономикалық ғылымының логикасы көмекке келеді. Сондықтан да экономикалық ілімдер тарихы әдісінің ең маңызды принциптері – зерттеудің тарихи әдісі және логикалық әдістерінің бірлігі болып табылады. Логикалық әдіс – деп жазды Ф.Энгельс, – бұл сол бір тарихи әдіс, тек тарихи дамудың кездейсоғынан басталған. Экономикалық ілімдер тарихы осы тарихи сатыдағы болмысты бейнелейді және «заңға сәйкес, шындықты тарихи процестің өзі беріп отырады». [3]

     Экономикалық процесті танып-білуде жалпы, ерекше және жекенің бірлестігі әдісін қатаң сақтау орын алады.

     Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез (жинақтау) тәсілі де қолданылады. Табиғатта да, қоғамда да зерттелетін құбылыстар мен процестер каснеттер мен сипаттар жиынтығына ие болады. Осы объектіні дұрыс түсіну үшін, оларды ең алдымен құрамдас бөліктерге жіктеу кажет. Зерттелетін құбылыс өзінің құрамдас бөліктері мен жактарына жіктеледі. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын тәптіштеп тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз. Алайда құбылысты қарастыру тек талдаумен шектелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді зерттеп болған соң, осы элементтерді қайтадан тұтас етіп біріктіру қажет. Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып-білуді синтез (жииақтау) дейміз.       

 Ғылыми болмыс экспериментті  қолдануды, экономикалық процесс  пен кұбылыстардың математикалык  әдістерін жасауды да қарастырады.  Осының барлығы жаңа теория, тұжырымдамалар мен экономикалық заңдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Кез келген қоғамдық өмір мен табиғат сияқты экономикада кездейсоқтықтың тікелей ауыртпалығына құбылыстардың ретсіз бейнелеріне бағытталған белгілі заңдылықтарға жол салады.

       Ежелгі әлемде экономикалық пайымдаулар ойшылардың  еңбектерінде айтылды, ал жазбаларда, трактаттарда шаруашылықты жүргізу әдістері мен ұйымдастыру бойынша тәжиребелік ұсыныстар мен кеңестер жазылды. Алғашқы экономикалық трактаттардан біз Ертедегі Шығыста натуралды өндіріспен қатар тауарлы және ақша – несие қатынастарының жеткілікті түрде дамығандығын анықаттаймыз.

      Моисейдің Библиясының өзінде – ақ Т-А-Т формасы бойынша қалыпты тауар - ақша қатынастары сипатталады. Ақша түрінде күміс қатысты, оған құлдарды, жерді, нанды және басқа тауарларды сатып алды. [4, 55 ]

      Жаңа Вавилон патшалығындағы (VII-VI б.д.д. жылдар) құжаттарда жалгерлік контрактылар, көпес қол хаттары, жүк құжаттары, сонымен бірге сол уақыттағы бухгалтерлік есептер, векселдер кездеседі. Сол дәуірде монеттер болмасада құндылығын салмағымен өлшенетін, олардың рөлін күміс құймалар атқарды. Отты, дөңгелекті және банкті бейнелеуде айтылған үш жаңалық – адамзаттың ұлы жасампаздығы болып саналады деп  рас айтылған.

     Жаңа Вавилон – патшалығының өзінде, барлық банк операциялары жүргізілген; салымдар қабылдаған, несиелер берген, вексельдердің есебін, чектерді төлеуді жүзеге асырылған, аударымдар арқылы есеп айрысуды жүргізген, яғни нағыз банктер, “іскер үйлер” өмір сүрген.

Шамамен біздің дәуірімізге  дейінгі 1780 жылдары жазылған патша  Хаммурапидің (1792-1750 ж. б.д.д.) кодексінде, мемлекет, заң актілерінің көмегімен, ескі вавилон патшалығындағы өзбетімен, жеке өндірушілерді таратуды тоқтатуға  тырысқан.

     Хаммурапи кодексінің негізгі мазмұны – “күштілер әлсіздерді ығыстырмас үшін” жағдай жасау болып табылады. Мәселен, патша әскерлерімен және басқада шынайы берілген вавилондықтардың қарыздар үшін жер иеленуші бөлімдерін (неделдерін) сатуға,  оқшаулауға тыйым салынған; борыштың сомасына қарамастан олардың арасында  құлдық борышқа жол берілмеген, растовщиктік қанауға (20 % - ақшалай, 33% натуралды ссуданы) шектеу қойлған. Кодекс, жеке тұлғаны құқықтық қорғаумен қатар, құл иеленушілердің құлдарға жеке меншік құқын, патшаға қызмет етушілердің мүдделерін қорғауды кіргізді. Патша Хаммурапи кодексі, Вавилондағы тауарлы – ақша қатынастарын дамытудағы құқықтық нормалар жүйесінің көмегімен, ел экономикасын басқарудың алғашқы мысалдарының бірі еді.

Ертедегі Қытайдың (конфуциализм, легизм, даосизм) негізгі қоғамдық ойлары біздің дәуірімізге дейінгі VI-III ғасырларда ресімделеді. Конфуций немесе Кун-Цзы (біздің дәуірімізге дейінгі 551 – 497 ж.) конфуциандық бағыттың негізін қалады. Оның басты еңбегі “Лунь-юй” – “Әңгімелесулер мен пайымдаулар” жинағы. Конфуций әлеуметтік идеяларды болашақтан емес, оны елдің өткен өмірінен көрді, яғни позициялық күштері шатқаяқтаған (пошатнувших)  ру басшыларының мүдделерін қорғады. [5]

Қытайдың әлеуметті –  экономикалық құрылысын тұрақтандыру үшін, Конфуций адамды моральдық жетілдіру  бағдарламасын ұсынды. Үлкендерге құрмет көрсету, оларға еш уақытта қарсы шықпау, Ұлы ойшының басты моральдық (адамгершілік) қасиеттері еді. Ол перзенттік парызын өтеу және ағайындармен дос болу – мемлекетті басқару дегеніміз осы деп үйретті,  Мемлекетті үлкен үй, ал басқарушыны “халық әкесі” ретінде  санады Байлықты неғұрлым теңдеп бөлуді, салықтарды жеңілдетуді ұсынды жалпы аграрлық реформаны жүргізді, қоғамдық мүдделерге шешу жолын,  қауымдық жерге жеке белгілер жоспарын ұсынды.

     Аса ірі конфуцианистер Мэн – Цзы мен, Сюнь – Цзы дің негізгі пікірлері- мемлекетті экономикалық күшейту саясаты: шығыстарды үнемдеу принципі; халықтың бәрін жеткілікті түрде қамтамасыз ету мен қор жинау саясаты болды.

      Біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырларда конфуциандық идеологтардың аса ірі саяси қайраткерлер – Цзы – Чан мен Ли Куняниң есімдерімен байланысты опоненттер – логистер пайда болды. Олардың көзқарастары егіншіліктің дамуымен, мемлекеттің және тауар – ақша қатынастарының нығаюымен байланысты.

    Ежелгі қытай  идеалогиясының тарихында – даосизм,  легизмнің  негізін қалаған  Конфуцийдың замандасы – Лао  –Цзы ерекше орын алды. Ол тыйым салушы заңдарды жоюға кеңес берді, себебі қайшылықты, халықтың нашар өмір сүруіне бұл заңдардың өте көп әсері болды. Ол басқарудың табиғи формаларына қайтып оралуға шақырды. Бұл идея халықтың қарсылығын туғызды.

“Артхашастра” трактаты –  Ертедегі Индияның (сөзбе- сөз айтқанда – “өмірге іс жүзінде пайда  келтіру туралы ғылым”) қоғамдық ойларының  аса ірі ескерткіші, бұл мемлекетті басқару мәселелері бойынша өсиеттердің  жинағы. Патша Чандрагунттың кеңесшісі - Кауталье, трактаттың авторы болып саналады.

“Артхашастра” – елдің  шаруашылық өмірінде ертедегі Индия  мемлекетінің рөлін көрсетеді. Трактатта, айқын салық және саяси жүйесі бар ең жақсы мемлекет сипатталады. Материалдық өндірістің жетекші  аясы – ауыл шаруашылығы, әсіресе  егіншілік, мемлекеттің қарауындағы  суландыру (арық) құрылыстары ерекше көрсетілген. Мемлекет, өнеркәсіптің дамуын, сауданы, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға тиісті болды. Трактат авторының  пікір бойынша шығыстар мен кірістердің  қатаң құжаттық есебін жүргізу, тіпті, шиновниктердің қазынаға қолсұғушылығын тоқтату  мәселері қаралған. [6]

Информация о работе Экономикалық теорияның калыптасуы мен даму кезеңдері