Экономикалық теорияның калыптасуы мен даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2012 в 17:37, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық теория пәні төңірегінде алуан түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық теория пәні тұжырымдамасы туралы экономикалық ғылым саласындағы танымал беделділердің арасында да ортақ пікір жоқ.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эконом теориян калыптасуы мен даму кезендери.docx

— 86.78 Кб (Скачать документ)

     Тұтастай алғанда, трактат қоғамдық қатынастар туралы, Ертедегі Индияның экономика және саяси институттары туралы мәліметтердің маңызды көздері болып саналады.

     Ежелгі Грецияның қоғамдық экономикалық өмірінің бүкіл аясын қамтылған, өндірістің құлиеленушілік тәсілінің генезисі, гүлденуі және дағдарысы кезеңіндегі экономикалық  проблемалар Грецияның ұлы ойшыларының экономикалық еңбектерінде көрініс тапты.

Ксенофонт (б.д.д. 430-354), Платон (б.д.д. 428-347), Аристотель (б.д.д. 384-322) Ежелгі Грецияның экономикалық ойларының  негізгі өкілдері болып саналады.

     Ксенофонт – Афина аристократиясының өкілі, аграрлық Спартаның саясы және экономикалық құрылысын идеяландырды. Ірі құлиеленушілік ауыл шаруашылығының өкілі ретінде, ол “Экономикос” (“Домосторой”) деп аталатын өзінің трактатында егіншіліктің артықшылығын мадақтап қолөнершілікпен және саудамен айналысушылықты айыптайды. Дегенмен, ол оған қарамай, ақшаны ссудалық растовщиктік капитал түрінде мойындап айырбас құралы және қазына құрау құралы ретінде ақшаға құрметпен қарады.

     Тауардың тұтыну құнын, сол сияқты айырбас (меновая) құнның қарау, Ксенофонттың айырықша еңбегі, яғни ол тауардың қосарлы қасиеті туралы мәселені алғашқы қоюшылардың бірі болды. Соған қарамастан, ол нарықтық қатынастарға  қарсы болды, бірақ еңбек қатынастарының бөлініс маңызын жақсы түсінді (ақылмен де, денемен де, сезіммен де), сондықтан нарыққа  қатысушы адамдарды, ол құлдар және еркін азаматтар деп бөлді.     Ксенофонттың сол кезде айтқан жалпы идеялары 2200 жылдан кейін капитализм дәуірінде  ұсақ түйегінде дейін әзер қаралып дамыды деп айтуға болады.

      Ксенофонттың көзқарасына сәйкес салықтар, баж салықтары, отарлардан алынатын алымдар, сыртқы саудадан түсетін табыстар мемлекеттік қорлардың көздері болып саналды. Афинаның ақша байлығы, оның әскери қуатының негізі деп санады ол.

      Афина аристократиясының идеологы, олигархиялық құрылыстың жақтасы Платон, өзінің “Мемлекет” және “Заңдар” еңбегінде, қоғамның ең жақсы үлгісін (моделін) жасады. Платон мемлекетті адамдар арасындағы қарама қайшылықтарды шешудегі күш деп санады.

     Тауар айналымын қарастыра отырып, Платон нарықтық адамдардың еріксіз бөлнетінін (еңбек бөлінісінің күшімен) көрсетті, дегенмен бір мезгілде олар, біртұтас қоғаммен байланысты үш сословия дан: философтардан – қоғамды басқарушылардан; сақшы - әскерлер – қорғаушылардан және дихандардан, қолөнершілерден, саудагерлерден тұратынын көрсетті. Алғашқы екеуі жоғарғы сословия, ал үшінші – жоғарғы сословия – элитаны құлдармен бірге асырағандар. Ал құлдар ешқандай сословияға жатпаған.

Платонның ойынша ең жақсы  қоғамда, элиталық қауымдастыққа бірікпеген, тек қана еркін азаматтар ғана мемлекеттен алған үйге, жерге  ие бола алады. Осыған орай мемлекет азаматтарының  біреуінің байлығы екіншісінің  байлығынан 4 еседен асып кетпеу үшін оларың мүлік теңділігін сақтауды қатаң  қадағалаулықты ұсынды.

      Платонның негізгі идеясы бойынша ең жақсы қоғам: әділеттілікті сақтау; қайырымды іс жасау, кемеңгерлік батылдық, элита үшін жеке меншікті жою, некелесуді мемлекеттік реттеу, ата – анасын білмейтіндей етіп балаларды қоғамдық тәрбиелеу және т.б.

      Ежелгі Грециядағы экономикалық ойлардың дамуы ұлы оқымысты Аристотельдің “Никомахова” және “Саясат” т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Ол өзінің экономикалық ілімдерінде құлдық табиғи заң деп және ол әрқашанда өндірістің алғы шарты, негізі деді. Адамдарды еркін және құлдарға бөлінуін ол табиғат заңдарымен түсіндірді, яғни “құлдар тірі құралдар”- деді.

 

1.2. Орта ғасырлардағы экономикалық көзқарастар

     Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды.

     Арабтық Шығыстың көрнекті ойшысы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) мемлекет пайдаланатын жердің үлкен қорын қарамағына жинап, оны сақтауын және қазынаны толықтыруға жол беретін салықтардың ежелгі дәстүрлеріне, жаңа діни идеология – исламның негізінде VIII ғасырдың басында дүниеге келген Құранның аяттары да қосылғанын атап көрсетті. Құран Құдай атымен таптарды мәңгілік етті. Құран саудаға көп көңіл бөлді, бірақ артық өсім алушылыққа қарсы шықты.

      Ибн-Хальдун тұжырымдамаларында сауданың тиімділігін және ислам жариялағандай еңбекке жоғары көңіл бөлу, сараңдықты көпшілік алдында айыптауда шақырылған.

     Оның негізгі жетістіктері қарапайымдылықтан “өркениеттікке” дейінгі қоғам эволюцияларының сараланда сипаттамасы болып табылады.

Ойшылдың пікірі бойынша, экономиканың барлық салаларында табыстың дамуы – жалпыға бірдей әлеуметтік және мүліктік теңдіктің болуына  кепілдік  бермегенмен, молшылықты әрбір адамның игілік етуіне, халық  байлығын бірнеше мәрте көбейтуге  жол берді.

     Ибн-Хальдун байлыққа тауар ретінде көңіл бөліп, “құн ретіне көрініс беретін еңбек”, ол өнімде өндіріледі деген тезисті ұсынды.

Бұл оған еңбек өнімі “құн бойынша тең айырбас жолымен” алынатыны туралы тұжырым жасауға  мүмкіндік берді. Ибн-Хальдун алтын  мен күміс “адам өз еңбегімен  жасаған барлық құнын іске асуына қызмет етеді” деп оқытты және нарық  бағасын құннан ажыратты.

     Ибн-Хальдун ақшаның рөлін алла жаратқан екі металл монет – алтын мен күміс атқарсын деп, оны шаруашылық өмірдің маңызды элементі ретінде санады. Ол “еңбек құнын” яғни еңбекақыны сипаттауда бір неше сипаттама берді, оның көлемі біріншіден адамның еңбек мөлшеріне”, екіншіден “оның басқа еңбектер арасындағы орнына” және үшіншіден, “оған адамдардың қажеттілігіне” байланысты деп түсіндірді.

     Тауар-ақша қатынасының дамуы туралы қам жесе де, Ибн-Хальдун феодалдық құрылысты сақтауға ұмтылды, әрі “қоғамдық өмірдің гүлденуіне қол жеткізудің” бірден- бір құралы- салықтың көлемін азайту деп білді.

Ежелгі ортағасыр кезеңіндегі  Батыс Европа феодализмнің экономикалық идеялары егін шаруашылығымен байланысты болды. Құл иеленушілік және феодализмнің пайда болу кезеңінде сословияға бөліну әлі тумаған еді. Біздің дәуіріміздің І-ІІ ғғ. пайда болған, кейіннен қоғам  дамуында басты орын алған христиан діні бұл уақыттарда арнаулы экономикалық теорияларды әлі құрмады. Алайда, ол ұрлық пен байлықты айыптауды, мақсат етті. «Байлық жұмақтан орын алғанша, түйе иненің жүзімен өтіп кетеді», “Егер мейлінше жетілем десең, өз үйіңді сатып алған ақшанды жарлыға  таратып бер” деген аңыз қалған. Ертедегі орта ғасыр қоғамының әлеуметтік – экономикалық дамуының ерекшелігін  осындай пайымдаулар сипаттайды.

     Құл иеленушілік қатынастардың ыдырауына, феодализмнің туындауы тұсындағы жәдігерлік Франктер Корольдігінде құралған «Сали шындығы» (481-511) болып табылады. [10]

    Ол деревнялық қуымның және онда тұратын еркін шаруа –қауымының қауымдық меншігін қорғады.Сонымен бірге «Сали шындығы» жеке үй шаруашылықтарында жекелену процесінің  тууын  көрсете отырып, жеке меншікті қорғауға тырысты.

    Ертедегі ортағасыр соңында феодалдық қатынастар бекітілді және феодалдық меншік пен крепостнойлықты қорғайтын «Вилла туралы Капитулярий» ( Жер туралы заң) пайда болды.

    Ертедегі ортағасыр кезеңінде экономикалық ойлардың өкілдерінің бірі болып канондықтардың католиктік мектебі шықты.

    Канондықтардың экономикалық идеялары сауда кірісі мен  өсім қор процентін айырбастың дұрыс емес нәтижесінде және басқаның еңбегін иелену ретінде, яғни осыны күнә ретінде сипаттай отырып, үзілді-кесілді айыптады. Эквиваленттік және пропорционалдық айырбас «әділ бағаны» белгілеу жағдайында ғана мүмкін деп есептеді. «Әділ баға» деп еңбек шығынына тең бағаны айтты. Шіркеу заңдарының авторлары дене еңбегіне қайшы қатынастағы антикалық әлемнің өзіндік идеологтарына, сол сияқты көптеген халықтың шығынына байланысты жеке адамдар байлығының ерекше құқығына қарсы шықты. Ірі саудаға, қарыз операцияларына, күнәhарлық құбылыс ретінде тікелей тыйым салды. Ерте канондық мектептің негізін салушылардың бірі - Августин Блаженный (Әулие Августин) (353-430 жж) болды. IV ғасырдың соңы мен V ғасырдың басында эпископ болып, экономикалық мәселелерге діни-этикалық  көзқарастағы сәуегейлік қағидаларын білдірді. Бұл қағидалар V-ХШ ғасырлар бойы берік сақталған. Блаженный Августиннің басты еңбектері – “Құдайдың қаласы туралы” және «Күнәдан арылу» (Исповедь).

      Кейінгі орта ғаырдың дәуірлеу кезеңінде (қоғамда сословиялық саралау күшейгенде, қалалардың экономикалық қуаты мен саны өскенде, қолөнер кәсіпшілікпен, сауда өсімі өркендегенде, яғни ақша – тауар қатынастары күшейгенде), кейінгі канондықтар экономикалық мәселелер мен әлеуметтік теңсіздік себептерін “түсіндіретін” дәлелдер шеңберін кеңейтті. Кейінгі канондықтың ірі өкілі 1879 жылғы католик шіркеуіндегі әулиелерлеріне жататын Фома Аквинский (1225-1274 жж) болды. Оның “Теология сумасы” трактатында ортағасырдағы Батыс Европа елдерінде көптеген экономикалық мәселелері көрініс тапты.

    Фома Аквинский “дәлелдемелерінде” қоғамның сословиялық бөліну себебтерін “анықтайды”. Сондықтан ол былай деп жазады. “Адамдардың әртүрлі кәсіп бойынша бөлінуі біріншіден, оларды сословия бойынша бөлген Құдайдың құдіретіне;

    Екіншіден, әр түрлі адамдардың түрлі кәсіпкерлікке бейімділігіне орай анықтаған табиғи себептер негізі.

    Екіжақты және келісу позициясын бұрынғы канондықтармен салыстыруда, Фома Аквинский “Теология суммасы” атты еңбегінде әділ баға, сауда кірісі, өсімқор, процент сияқты әртүрлі экономикалық көрсеткіштерді пайымдау арқылы қарастырады. [11]

     Канондықтар іліміне “құн”, “нарықтық баға” санаттарын ауыстыратын “әділ баға” термині ертедегі канондық сияқты, кейінгілерінің де негізгі санаты болып табылады. Алайды, ертедегі канондықтар “әділ бағаны” анықтауда, өндіріс  процесіндегі материалдық және еңбек шығындарына сүйенсе, Фома Аквинский “әділ бағаны” тағайындауында, шығындарсыз толық сипаттама жеткіліксіз деп  санады. Осыған орай, оның ойларынан, сатуда “затты өз құнынан қымбат сату құқығында”  қосымша құн пайда болады дегенді аңғарамыз. Жаңа замандағы экономикалық көзқарастардың негізі ретінде  Ж. Кальвиннің (1509-1546 жж) жазбалары болды. Оның айтқандары діни сипатта болғанына қарамастан, олар толығымен нақты экономикалық мазмұнға ие болды. «Әлемді Құдайдың болжамдары басқарады (біреуді Құдай мәңгілік рахатта, ал біреулерді мәңгілік азапта болуын болжаған), алайды әр адам мұны білмей, өзін Алланың таңдаулысымын деп ойлап, оны қызметімен дәлелдеді. Оған куә ретінде ақшалай табысымен қызмет етеді. Адам баласы ұқыпты, есепшіл, қайраткер және адал болу керек, бұл-Құдай алдындағы парыз».

    Калвиннің доктринасы (жалпы протестантизм) Голландияда, Англияда, содан соң АҚШ-та тапқырлық және ұқыптылық рухының қалыптасуына көмектесті.

    Қарыз проценті қалыпты құбылыс ретінде, ал байлыққа ұмтылыс – адам үшін табиғи болып есептелінді. «Заңдар әрбір адамға өзінің қабілеті мен жағдайын пайдалануды өзі қалай қажетті деп санаса, соған рұқсат беруі керек». Жеке меншік және жеке өмір қасиетіне әлі қол сұғылмағандай.

“Венециандық есеп”, яғни бухгалтерия, барлық кіріс пен шығынды  ретімен салыстырып кең таралымға  ие болды. Мұның барлығы несие  мен банк ісінің дамуына әсер етті.

     Орта ғасырдағы экономикалық ойды сипаттай отырып, байлық тұтастай табиғи- заттай қалыпта қарастырылғанын ескеру қажет.

 

1.3. Классикалық  экономикалық теориялардың пайда болуы

      Англиядағы классикалық саяси экономия капитализмнің қалыптасу кезеңінде пайда болды. Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистік өндірісті зерттеп сонымен бірге, саяси экономияның ғылыми негізін қалады. К. Маркс жазғандай, «Классикалық саяси экономия - бұл, сонау У. Петтиден бастап буржуазиялық өндірістік қатынастардың ішкі тәуелділіктерін зерттеген,  бүкіл саяси экономия». Саяси экономия классиктері, зерттеу пәнін айналым аясынан өндіріс аясына ауыстырып, еңбек құн теориясы негізін қалай отырып және капиталистік ұдайы өндірістегі қосымша құның кейбір формаларына талдау  жасау арқылы,  меркантилистермен салыстырғанда экономика ғылымының алға дамуына үлкен қадам жасады.

     Классикалық саяси экономияның өкілдері капиталистердің мүдделерін, олардың прогрестік ролін қорғады және капитализмді қоғамдық өндірістің мәңгілік  формасы  деп дәлелдеді. XVII ғасырдың ортасында өнеркәсіптің жекелеген салаларының (әсіресе сукно) маңызды түрде дамуымен капитализмнің ауыл шаруашылығына ептеп енуі басталды. Ендігі жерде классикалық саяси экономияның өкілдері капиталдың  қорлану жинақтары айналым саласында емес, өндіріс саласында, осыдан туған проблемаларды шешуге кірісті   (1 қосымша)

    Аталмыш үлгі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Англияда индустриалды өнеркәсіп өндірісі мен ірі жер пайдаланудың (оларға тән барлық қарамақайшылықтардың) дамуын көрсетеді. Классикалық саяси экономия дәл осы жаңа тап – өнеркәсіп капиталистерінің мүдделерін қорғау мақсатында туындады.

    Уильям Петти (1623-1687 жж) – Англиядағы классикалық саяси экономияның негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Салықтар мен алымдар туралы трак«Саяси арифметика» (1676 ж); «Ақша туралы бірнеше ауыз сөз» (1682 ж);

У. Петти саяси экономияға, жаңа әдіс кіргізіп - құбылыстың мәнін  талдап, экономикадағы себепті қатынастар мен олардың заңды байланыстарын  көрсетті.

Петтидің  көзқарасы меркантилизмнен  классикалық саяси экономияға баяу ауысу сипаттын білдірді. Оның ілімінде әлі бірегей және біртұтас теориялық көзқарастар жүйесі болмағанымен, өзі негізін салған еңбек құны теориясын пайдалана отырып, тауар бағасы, еңбек ақы, жер бағасы және т.б. сол сияқты экономикалық құбылыстарды түсіндіруге талпыныс жасады. Оның теориясы бойынша, құн-еңбек шығындарымен анықталады. Бірақ Петти еңбектің қосарлы сипатын білмеді, тұтыну құнын құнменен араластырды. У Петти сондай-ақ еңбекпен қатар, табиғатта құн көзі болып саналады деп болжады. «Еңбек-әке және байлықтың  белсенді мақсаты, ал жер-оның анасы» деген нақал сөз дәл сол Петтиге жатады.

Информация о работе Экономикалық теорияның калыптасуы мен даму кезеңдері