Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2012 в 17:37, курсовая работа
Экономикалық әдебиеттерде экономикалық теория пәні төңірегінде алуан түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық теория пәні тұжырымдамасы туралы экономикалық ғылым саласындағы танымал беделділердің арасында да ортақ пікір жоқ.
У. Петтидің еңбекақы туралы ілімі оның құн теориясымен байланысты. Өзінің ой тұжырымдарында ол жұмыс күші емес, еңбек - тауар болып саналады деді, ол сияқты классикалық саяси экономимияның бүкіл өкілдері де солай деп санады. Петти, еңбекақы - бұл еңбектің бағасы деді. Оның мөлшері – бұл жұмыскерлердің өмір сүруінің ең аз мөлшердегі қаржысы, яғни жұмыскерлерге төленетін ең аз мөлшердегі қаржы немесе олардың жасаған құнының бір бөлігі ғана, ал өндірісте жасалған құнның басқа бөлігін капитал иелері пайдаланады.
У. Петтидің рента туралы ілімі, сондай ақ, оның еңбек құны теориясына сүйенеді. Рента оның көзқарасынша, бұл өндіріс шығындарын алып тастағандағы егіншіліктен алынатын өнімдердің құны, яғни рента еңбекақының үстінде жасалған артық құн ретінде немесе қосымша еңбек өнімі. Петти іліміндегі дәл осы рента, қосымша құнның негізгі формасы ретінде қатысады. Петти рынокқа салыстырмалы түрде алғанда жердің әртүрлі орналасу жағдайымен байланысты дифференциалды рентаны еске салады. К. Маркс атап өткендей, “Петти А. Смитке қарағанда дифференциалды рентаға жақсы түсінік берді”.
У. Петти бойынша ссудалық процент - бұл жер рентасынан өндірілетін, және жердің бағасынан пайда болатын табыс. Бірақ бұл шынайы емес. Шын мәнісінде ссудалық процент жердің бағасына қатысты емес, керісінше, жердің бағасы ссудалық процент нормасына қатысты болады. Ссудалық процент нормасының өзі орта пайданың нормасынан туады және ссудалық капиталға сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.
Пайданы экономикалық жүйеде дербес категория ретінде У. Петти қарастырмаған. Жердің бағасы туралы Петтидің ілімі, капиталданған (қорланған) жер рентасы, жердің баға түсінігі, оның осы категорияға неғұрлым жақын келгендігін көрсетеді. Бірақ жер бағасының проблемаларын дұрыс шеше алмады. Ол бар болғаны жер бағасының бірде - бір фактордан – жер рентасына тәуелді екендігін анықтады. Сондай ақ жер бағасы жер рентасы емес, ссудалық проценттің капиталданған деңгейі деді. Тұтастай алғанда, У. Петтидің ілімін бағалай отырып, сол кездегі барлық маңызды деген экономикалық еңбектер оның көзқарастарымен байланысты- дұрыс немесе қате деген түрде қабылданғанын атап өту керек.
Адам Смит (1723-1790 жж.) – классикалық саяси экономияның негізін салушы. Оның басты еңбегі - «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» саяси экономияның ғылым ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы болды. Бұл еңбегінде автор саяси экономияның пәнін, методологиялық және жалпы негіздерін айрыша ілім саласы ретінде анықтады. Кітап 5 бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі, өндіріс процесі мен оны бөлуге арналған және негізгі таптардың табыстары мен олардың пайдасы туралы ілімнен тұрады; екінші бөлім, капитал және оның функционалды формаларын қарастырады. Үшінші бөлімде капитализмнің даму тарихының жағдайлары көрсетілген. Төртінші бөлімде бұрынғы өткен экономикалық ілімдерге (меркантилизм және физиократизм) талдаулар берілген. Бесінші бөлім мемлекеттің қаржы мәселелеріне арналған.
А. Смит ғылым ретінде саяси экономияның қос міндетін анықтады:
- объективті экономикалық шындықты талдау және оның даму заңдылықтарын анықтау;
- фирмалардың және мемлекеттің
экономикалық саясаттарды
Бұл экономика
ғылымына қосылған маңызды
А. Смит логикалық
абстаркция әдістері арқылы
А. Смит методологиясы экономикалық либерализм тұжырымдама негізі ретінде мына жайлардан қөрінеді:
- жекелеген тұлғалардың мүдделері қоғамның мүддесімен сәйкес келеді;
- «экономикалық адам», эгоизммен (менмендікпен) бөлінген және байлықты көбірек жинауға ұмтылатын тұлға.
- еркін бәсекелестік
- пайда үшін күрес және
еркін сауда, бүкіл қоғамға
пайдалы қызмет ретінде
- рынокта, еркін бәсеке
адамдардың мүдделері арқылы, олардың
іс-әрекетін басқарып тұтастай
алғанда бүкіл қоғамға жоғары
пайдалы проблемаларды
А. Смиттің экономикалық ілімінің негізгі идеялары:
- материалдық өндіріс
өнімі, өнімді еңбекпен
- еңбек өнімділігін
арттырудың негізгі факторы –
бұл еңбек бөлінісі (мамандану), ол
жұмыс уақытын үнемдейді,
А. Смит, экономикалық құбылыстар өздігінен стихиялық және объективті заңдармен анықталады деп санады. Ол экономиканың табиғи еркіндігің, шаруашылық күштерінің еркін айналымын жақтады. А. Смит адамзат қоғамын қоғам дамуының кезеңдерінде тәуелсіз адамдардың айырбас (меновой) одағы деп санады, өйткені айырбасқа бейімділік-бұл тарихтан тыс процесстер. Бұл классикалық мектептің көзқарастарының негізі болды.
А. Смит, еңбек бөлінісі мен айырбастық ұлғайып өсуі бірін-бірі итермелей отырып қатар жүреді және қоғамдық өндіріс процесінің нәтижесінде стихиялы (өздігінен) тауарлық әлемінен бөлініп шыққан ақшаның маңызды рөлін көрсетті. Ақша функциясының ішінен ол айналым құралдарының функциясын айрықша атап көрсетті. Ол ақшаны айналым процесін жеңілдету үшін техникалық құрал деп санауға тоқталды. Оның өлшеусіз еңбегі, ол ақша мен несиені өндірістен шығарды және бұлардың бағынышты ролін көрсетті. Дегенмен А. Смит ақша несие факторларының дербестігін және олардың өндіріске кері әсерін жете бағаламады. Смиттің экономикалық көзқарастарынын негізгі құн теориясы оның көзқарастарының қарама - қайшылығын айқын көрсетеді . Мәселен, ол құнның үш анықтамасын берді:
құн еңбек шығындарымен анықталады;
құн сатып алынатын еңбекпен, яғни
аталмыш тауарды алуға
Давид Рикардо (1772-1823 жж) - өнеркәсіп төңкерісі дәуірінің экономисі, Англиядағы классикалық саяси экономияны жасауды аяқтаушы А. Смиттің экономикалық теориясын жалғастырып, оның кейбір кемістіктерін түзетуші.
Д. Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның зерттеу методологиясында.
Оның бірінші еңбегі ақша айналымы мен валютаға арналды. Оның басты еңбегі – «Саяси экономияның бастаулары және салық салу» (1817 ж), 32- тараудан тұрады, онда экономия теориясын зерттеудің негізгі методологиялық үлгілері берілген. Экономист – саясаткер ретінде оның Ұлыбританияға астық әкелуге тыйым салу заңына қарсы шығуы, бұл заңнан соң жер рентасы бағасының өсуіне және өнеркәсіп пайдасың төмендеуіне әкеліп соққан болатын. [16]
Давид Рикардоның саяси экономиясының ерекшелігі оның экономия теориясын зерттеудегі үлгілік (моделдік) методологиясынан тұрады. (2 қосымша).
Томас Роберт Мальтус (1766-1834 жж) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы англияның экономика ілімінің өкілі. Оның негізгі еңбектері: «Халықтың орналасу заңының ережесі» (1718 ж), «Табиғат және жер рентасының өсуін зерттеу» (1815 ж), «Саяси экономияның бастауы» (1820 ж). Ол бұл еңбектерінде лендлордтардың, жер иеленушілердің және капиталистердің жекелік құқыларын қорғап, олардың бұқара халықтың кедейлігіне жауапкер еместігін дәлелдеді.
Мальтус халықтың өсімінің әр түрлі үрдістері мен оның өмір-сүруіне керекті қаражаттардың ара қатынастарының сәйкесіздігін дәлелдеуге тырысты. Мәселен, оның есептеуі бойынша, халықтың саны әрбір 25 жыл сайын геометриялық прогреспен екі еселеп өседі (1,2,4,8,16,32,64 және т.б.), ал олардың өмір сүру жабдықтары тек қана арифметикалық прогреспен (1,2,3,4,5,6,7 және т.б.) өседі. Мұндай жағдайда 2 жүз жылдың ішінде жер шарындағы халық саны мен оның өмір сүру жабдықтарын салыстырғанда 256-ның 9-ға, 3 жүз жылда 4096-ның 13-ке қатынасындай болған болар еді.
Мальтустің бас пікірлері, - кедейлік байлықтың әділетсіз, тең бөлінбегендігінен тумайды, оған халықтың өзі кінәлі, «жұмысты жаман істейді»; - «халық өзін-өзі кінәлауы тиіс» және «ешқандай төңкерістер мен реформалар оған көмектесе алмайды» халықтың шамадан тыс көбеюіне қарсы шаралар: «адамгершілікті ауыздықтау», «кедейлердің некеге отырудан бас тартуы» деді.
ІІ. РЕТТЕЛЕТІН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘУІРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРІ.
2.1. Маржинализм және шекті пайдалылық теориясы
Австриялық мектеп ХІХғ. 70 ж. пайда болды. Аса көрнекті өкілдері Вена университетінің профессорлары: Карл Менгер, Фридрих фон Визер және Ойген фон Бем-Баверк. Олар «маржинализм» бағыттының негізін салды. Маржиналистердің көз қарастары классикалық экономияның басты ережелеріне қарама-қарсы болды.
Маржинализмнің Австриялық мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921 жж.). Ол «Саяси экономияның негіздері» атты еңбегінде экономикалық мәселелерді жеке шаруашылық субъектілердің деңгейінде зерттеді. Зерттеудің менгерлік әдістемесі «классиктер» әдістемесінің жеке негізгі позицияларын сақтады.
Оның позициясының негізі:
экономикалық талдауда математикалық әдістер мен геометриялық безендірудің болмауы;
базалық категорияның – құнның принциптерін қолдану. Алайда, К. Менгердің ойынша, құн өндіріс шығындарымен емес (еңбек шығыны), шекті пайдамен табылады;
классиктерге қарағанда, Менгер өндіріс сферасын бірінші деп санайды;
К. Менгердің құндылық теориясына деген көзқарасы өзіндік болып табылады. Ғалымның айтуынша, тауар құндылығы адамның оған субъектілік қатынасынан білінеді. Барлық мәселе мынада, игілік адамға канағаттандыру әкеле ме (Австрия тілінде айтқанда «пайда»), жоқ па? Менгер бойынша, құндылық - бұл адамдардың игіліктері өз өміріне қажетті қорлар туралы ілім, сондықтан адамның ойысыз олар дүниеде болмайды.
Ал кіріс (пайда) теориясына К. Менгер басқаша көзқараспен қарайды. Ғалым «классиктердің» еңбек ақы теориясын сынайды. Оның ойынша, еңбек өндірістік процесстің тек бір ғана элементін көрсетеді, бұл экономикалық игілік өндірістік элементін басқа түрлерімен артық емес.
Сондықтан, оның ойынша, капитал иелері жұмысшылар арқасында өмір сүрмейді, олар «жер мен капиталды қолданғаны» арқылы өмір сүреді, бұл жеке адамға және қоғамға сіңірген еңбек сияқты, құндылықты білдіреді. К. Менгердің айырбас теориясы да классикалық көзқарастан ерекше. Менгердің айтуынша, айырбас бұл әріптестердің жеке қызметтері, оның нәтижесі екі жаққа да тиімді, бірақ балама емес. Менгер бұндай құндық тепе – теңдік әр игілік мөлшері арасында болмайды (объективтік тепе – теңдік арасындағы мағынада) деп пайымдаған. [21]
Австриялық мектептің басқа өкілі Ойген фон Бем-Баверк (1851-1914 жж.) К. Менгердің оқушысы және ізбасары. О. Бем-Баверк негізгі ғылыми еңбектері «Капитал және пайда» (1884 ж.), «Капиталдың позитивтік теориясы» (1889 ж.), «Шаруашылықтың игілік құндылығы теориясының негіздері» (1986 ж.).
О. Бем-Баверк К. Менгердің
пайданың шекті теориясына қарай
адамның қолдануындағы
Осыны дәләлдеу үшін О. Бем-Баверк жалғыз қоныстанушыны мысалыға келтірді: Оны басқа дүниеден бөліп, орман ішінде оқшауланған, жеке адам өзінің жерінен жинап алған бес қап астығын дұрыс пайдаланудың есебін жасайды;
1-ші қапты келесі егінге
дейін аш қалмау үшін
2-шіні – өзінің денсаулығы мен күшін қалпында сақтау үшін тамақтану;
3-ші наннан басқа да, ет жеу үшін, құстарды асырауға жұмсайды;
4-ші наннан жасалған «шарапқа» жібереді;
5-ші – қап тоты құстарына кетеді.
Яғни, О. Бем-Баверктің айтуынша
әрбір нақты игіліктің
О. Бем-Баверк өзінің назарын
«математикасыз» өндіріс
О. Бем-Баверктің жетістіктерінің
бірі «күту теориясы» болып
Фридрих фон Визер (1851-1926 жж.) К.Менгер жақтаушы, «австриялық мектеп» ілімдерін насихаттап, жетілдіруіші. Оның негізгі еңбектері: «Экономикалық құндылықтар және оның заңдарының пайда болуы» (1884 ж.), «Табиғи құндылық» (1889 ж.) және «Қоғамдық шаруашылық теориясы» (1914 ж.).
Фридрих фон Визер өзінің алдындағылары сияқты макроэкономикалық талдау, экономикалық мәселелерді математикалық емес әдістермен шешу, құндылықты, бағаның өндіріс шығындарын пайдануда субъективті қабылдауға артықшылық берді. Ол жалпылай тиімділікті анықтаудың мультипликативті әдісін ұсынады. Бұл әдістін мәні игіліктің шекті пайдасын бірыңғай игіліктерге көбейткенде көрінеді.
Информация о работе Экономикалық теорияның калыптасуы мен даму кезеңдері