Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 17:33, доклад

Краткое описание

Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуның ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.

Содержание

1. ЭІТ пәні мен мазұмны
2. Экономикалық ілімдер тарихының әдістері
3. Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

03 лекционный комплекс.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

Төртінші теңдеу  жүйесі  өндіргіш  қызметтер мен дайын  өнімдердің бағаларының қатынастарын көрсетеді. Әрбір дайын өнімнің  бағасы оны дайындауға шығындалған  барлық өндіргіш қызметтердің бағаларының қосындысына тең.

Бақылау сұрақтары:

1. А. Пигудің экономикалық  теориясы.

2. А.Маршал эконмикалық  теориядағы негізгі құндылықтар  жөнінде

3. Б.Кларк және еңбектің  шекті өнімділік теориясы.

Негізгі әдебиет:

1. История экономических  учений (под ред. Худокормова А. Г.). – М., 2002.

2. История экономических  учений (под ред. Автономова В.). – М., 2002.

3. История экономических  учений (под ред. Шмарловской Г.  А.). – М., 2001.

4. История экономических  учений Ч.1 (под. Ред. В.А.Жамина.,

Е.Г.Василевского.) - М. 1989.

5. Бартенев С. А.  История экономических учений. –  М., 2002.

6. Блауг М. Экономическая  мысль в ретроспективе. – М., 1994.

7. Жид Ш., Рист Ш.  История экономических учений. –  М., 1995.

8. Майбурд Е. М. Введение  в историю экономической мысли.  – М., 1996

9. Тюнин А.И. История  экономических учений. Учебное пособие  – Костанай : КГУ им. А. Байтурсынова, 2008.-94 (стр.41-46)

10. Жиентаев С.М., Тюнин  А.И., МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ  по дисциплине «История экономических  учений» студентам экономических  специальностей заочной формы обучения – ИЭУ- Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 2008. – 35 с.

Қосымша әдебиет:

1. Ковалев И. Н. История  экономических учений. – Р/Д, 2000.

2. Костюк В. Н. История  экономических учений. – М., 2001.

3. Левита Р. Я. История  экономических учений. – М., 2001.

4. Сурин А. И. История  экономики и экономических учений. – М., 2002.

5. Ядгаров Я.С. История  экономических учений. 4-е изд.  М.: ИНФРА-М,2002

6. Всемирная история  экономической мысли. М., 1987 - 1995. Т. 1 - 5.

7. Антология экономической классики. В 2-х т. М., 1991, 1993.

 

Тақырып 8. Монополия және жетілмеген бәсеке теориясы

Дж. Кейнстің экономиалық  ілімі. Неокейнсианские.

Мақсаты : Монополия және жетілмеген бәсеке теориясында Э. Чемберлин және Дж. Робинсонның концепциясы. 

Жоспар:

1. Э. Чемберлиннің монополиялық бәсеке теориясы

2. Дж. Робинсонның жетлімеген бәсеке теориясы

3. Дж.М. Кейнстің зерттеу пәні мен әдістері

4. Дж.М. Кейнса концепциясы

Рыноктық  қатынастардыңмән-мағынасын  байқатып ұғымдардың бірі – бәсеке  болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені өндірушілердің бір-бірімен рыноктағы тауар ұсынымы мен баға белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде белгілі. Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады.

Бәсекенің классикалық  еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымыныңеркін механизмі  экономиканы  жүргізудің  өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің  еркін (классикалық) теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде ХҮІІІ-ші ғасырда  ХІХ-шы  ғасырдың  соңғы ширгіне дейін байқалады. Демек, бәсеке өенрекәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің  тууына дейін болған.

Классикалық (еркін) бәсекенің  орнына еркін емес, жетілмеген  бағалық емес монополиялық бәсеке  келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке теориясында айқын көрінде. Оның негізін қалаушы ағылшын экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967ж.ж.) болды. Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің бір түрін ерекше байқады: «өнімді дифференциациялау» үшін. Ол былай деп жазған: «Жіктелумен бірге монополия пайда болады және жіктелудің ұлғаюуына қарай  монополия элементтері көбірек бола бастайды»  барлығына қайда болса да белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, батыстың экономикалық ойы, қазіргі жағдайда ірі компаниялар  барын айта отырып, олардың тауардың өткізу нарығына өзара бөлісуін көрсетті.

Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының  негізін қалаушы  ағылшын эконмисі Дж.М.Кейнс болып табылады. Оның басты еңбегі – «Еңбекпен қамту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» (1936) деп аталады. Нарық жағдайында сұранымның ынталандыру қабілеттілігі жаппай жұмыссыздықтан құтқарады деген тұжырымға келді. Еңбекпен қамту деңгейін  мемлекеттік реттеу жүйесінде көшіру  Дж.Кейнстің жасаған негізгі қағидасы. Батыста ХХ-шы ғасырдың 30шыдан 80-шы жылдарына дейін «кейнстіліктің» әсерінен нарықты реттеу жүйесі жүзеге асты.

Бақылау сұрақтары:

1. Еркін емес бәсекенің  пайда болуы және шарттары

2. Монополиялық бәсеке  бәсекелік нарықтық жүйенің негізгі  құрамы ретінде 

3. Жетілмеген бәсеке  мен монополиялық бәсеке теориясының  айырмашылықтары мен ортақ мәселелері.

4. Дж. М. Кейнстің теориялық  жүйесінің дамуы мен пайда  болуының объективті шарттары.

5. Дж. М. Кейнс теориясының  негізгі  мазмұны мен тәжірибелік  мағынасы.

6. Кейнс теориясының  жетілуі мен дамуы 

Негізгі әдебиет:

1. История экономических  учений (под ред. Худокормова А.  Г.). – М., 2002.

2. История экономических  учений (под ред. Автономова В.). – М., 2002.

3. История экономических  учений (под ред. Шмарловской Г.  А.). – М., 2001.

4. История экономических  учений Ч.1 (под. Ред. В.А. Жамина.,

Е.Г.Василевского.) - М. 1989.

5. Бартенев С. А.  История экономических учений. –  М., 2002.

6. Блауг М. Экономическая  мысль в ретроспективе. – М., 1994.

7. Жид Ш., Рист Ш.  История экономических учений. –  М., 1995.

8. Майбурд Е. М. Введение  в историю экономической мысли.  – М., 1996

9. Тюнин А.И. История  экономических учений. Учебное пособие – Костанай : КГУ им. А. Байтурсынова, 2008.-94 (стр.54-61)

10. Жиентаев С.М., Тюнин  А.И., МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ  по дисциплине «История экономических  учений» студентам экономических  специальностей заочной формы  обучения – ИЭУ- Костанай: КГУ  им. А. Байтурсынова, 2008. – 35 с.

 

Қосымша әдебиет:

1. Ковалев И. Н. История  экономических учений. – Р/Д, 2000.

2. Костюк В. Н. История  экономических учений. – М., 2001.

3. Левита Р. Я. История  экономических учений. – М., 2001.

4. Сурин А. И. История  экономики и экономических учений. – М., 2002.

5. Ядгаров Я.С. История  экономических учений. 4-е изд.  М.: ИНФРА-М, 2002

6. Всемирная история  экономической мысли. М., 1987 - 1995. Т. 1 - 5.

7. Антология экономической  классики. В 2-х т. М., 1991, 1993.

 

Тема 9. Неолибералды экономикалық  теория

Мақсаты: Қазіргі монетаризмдегі неолибералды теорияны зерттеу

Жоспар:

1. Монетаризм теориясы. М.Фридмен қазіргі монетаризмді  қалаушы ретінде.

2. Либерализмді қазіргі  жақтаушылар 

3. Неолиберализмнің Лондон  мектебі. 

4. Ордолиберализм позициясы. В. Ойкеннің экономикалық көқарастары.

1.ХХ ғасырдың 7-ші жылдарыдң  басында  неоконсерватизмнің  жаңа ағымы – монетаризм пайда  болды. Монетаризмнің  негізін  салушы Чикаго  мектебінің  экономистері, ал лидері – Милтон Фридмен  (1912) болды. Ол Бруклинде (Нью-Йорк) туды, Чмкаго және Колумбия университеттерін бітірген, философия және құқықтану ғылымдарының профессоры 1971 жылдан 1974 жылдар аралығында  Фридмен президент Р.Никсонның экономикалық мәселелер  бойынша кеңесшісі  болып жұмыс жасады. Ал 1984 жылдан бастап Чикаго  университетінің экономика ғылымдарының професссоры.

Фридмен қазіргі замандағы  беделді экономистердің  бірі. Оның монетаристік концепциясы  алғаш  рет президент Р.Никсонның тұсында  1960-1970 жылдары АҚШ-тың республикалық  үкіметінің  мақұлдауынан өтті. Монетаристік  идеяның  жарқын көрінісі ретінде  америка экономикасын тұрақтандыру концепциясы мен АҚШ-тағы инфляцияны бәсеңдету және долларды нығайтуға мүмкіндік берген «рейганомиканы» жатқызуға болады.

Фридмен 250-ге тарта еңбектің, соның ішінде 27 кітаптың авторы. Оның еңбектерінің ішінде «Ақшаның сандық теориясы» (1956, «Капитализм және еркіндік» (1962), «Өз тағдырының қожайындары» (1980)  деп аталатын еңбектері бар. Ал оған Нобель сыйлығын әперген еңбегі «1867-1960 жылдар аралығындағы  АҚШ-тың ақша жүйесінің тарихы» деп аталады.

Фридмен ірі теориктігімен  қатар экономикалық өзгерістердің  бірнеше практикалық бағдарламаларын  жасады. Бұл бағдарламалар  Чилиде, Израильде және басқа да елдерде  азды-көпті жүзеге асырылды.

Монетаризмнің өмір сүру кезеңдеріне байланысты бірнеше түрлері кездеседі:

классикалық (фридмендік) монетаризм (50-ші жылдардың ортасынан  – 60-шы жылдардың ортасына дейін);

«ғаламдық монетаризм»  «90-шы жылдардың аяғы – 70-ші жылдардың  бірінші жартысы), инфляция мәселесімен айналысады;

«атаулы табыс» концепциясы (70-ші жылдар), несие-ақшы саласы мен  «нақты» сектордағы жүретін процестердің өзара іс-әрекетін зерттейді;

«Брунер – Мельцер» моделі, ақшалы экономика моделінің  жалпы  вариантын әрі байлық әсері мен  орнын басу әсерінің бірігуін білдіреді;

«экономиканы  тұрақтандыру»  моделі және  FRS-MIT –PENN  моделі,  мұнда экономикалық зерттеулер жүргізіледі;

Бюджеттік монетаризм.

          Жалпылама алғанда монетаризм  – бұл экономикалық талдауда  ақшаның рөліне ерекше мән  берілетін теория. Ақша-экономикалық талдаудың негзгі элементі, экономикалық болжалдың іргетасы және мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құралы ретінде қарастырылады.

          Монетаристер, немесе монетаризм  теориясының өкілдері-сөзсіз  еркін  рыноктық шаруашылықты жақтаушылар. Олар мемлекеттің кейнстік үлгідегі экономикаға араласуы қысқа мерзімдік қана нәтиже береді, ал ұзақ мерзімде олар нәтижесіз, керісінше зиян келтіріп рынок реттеушілерін тежеуге әкеледі деп  дәлелдеуге тырысады.

         Монетаристердің  негізгі талдау объектсі ақша және айналымдағы ақша саны. Фридмен мен оның жолын жалғастырушылар ақшаның сандық теориясын жақтайды. Фридменнің пікірінше  бұл теория – ақша сұранысы теориясы.

         Ақша теориясын монетаристер  ақшаның сандық теориясына негіздейді, яғни айналымдағы ақша санының өзгерісі баға өзгерісіне әкеледі. Бұл тұрғыда Фридмен ақша сұранысы жайында өзінің теориясын ұсынады: ақшаға сұраныс  салыстырмалы жағдайда тұрақты, ақшаға деген сұраныс функциясы баға деңгейінен, облигация мен акция табысынан, процент мөлшерлемесіне байланысты, ақша айналымы жылдамдығынан тәуелді. Егер баға өсімі күтілсе (инфляция) ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді. Проценттік мөлшерлеменің көтерілуі  де ақшаға сұранысты азайтады.

1. Германиядағы  неолиберализм (В.Ойкен).

3Әлеуметтің рыноктық  шаруашылық теориясы (Л.Эрхард)

Неолиберализм экономика  ғылымының бір бағыты ретінде  ХХ ғасырдың  30-шы жылдарында Германияда,  еркін кәсіпкерлік туралы философиялық көзқарастың  дағдарысы кезінде  қалыптасты. Оның лидері – Фрайбург  университетінің   профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950). Осыған байланысты необерализм  теориясының жақтаушылары  Фрайбург  мектебін құрды. Ойкеннің  өзі Фрайбург мектебінің дамытқан  концепциясын ордолиберализм   (латын тілінде ordo – қатар, тәртіп  мағынасын білдіреді) деп атады.

Жалпы неолиберализм  бағытының әр түрлілігі кездеседі: Австрия мен Швейцариядағы неолиберализм (неомаржинализм), Франциядағы неолибералды  дирижизм  және Германиядағы неолиберализм (ордолиберализм). Осылардың ішіндегі соңғысының маңыздылығы басым. Себебі  Германиядағы неолиберализм  бағытының теориялық және практикалық  жағдайда қалыптасуының  шарттары  мен мүмкіндігі болды:

  1. Гремания басқа батыс елдеріне  қарағанда  капиталистік  даму жолына кештеу түсті;
  2. феодалдық сарқыншақтардың ұзақ уақытқа сақталуы;
  3. Германияны қоршаған батыс елдеріндегі  әлеуметтік шиеленістердің өршуі;
  4. экономистердің теориясын ең басты пайдаланушы  әрі оған  сұранысты қалыптастырушысы болып мемлекеттің табылуы;
  5. экономистердің  көзқарастарына  Г.Гегель (1770-1831)  философиясының  әсері ол үкіметті  халық рухының ең жоғарғы бейнесі деп есептеді).

Осы жағдайларға байланысты  классикалық мектептің  еркін  бәсекелестікке  негізделген көзқарастары  Германия  экономикасына  жарамсыздық  танытты. Гремания буржуазиясының  өзінің сыртқы  бәсекелестіктеріне  қарсы тұруы  үшін үкіметтің  қолдауы қажет болды.

Ойкеннің пікірінше  экономикалық құрлыстың екі түрі бар: орталықтан басқарылатын шаруашылық және рыноктық шаруашылық.Орталықтан басқарылатын шаруашылықтың өзі  екі түрге бөлінеді. Оның бірі ұсақ  бір –бірімен байланыссыз шаруашылық, яғни натуралды шаруашылық  түрінде көрінеді.Мұндағы барлық экономикалық іс-әрекеттер олардың иесінің – патриархалды отбасының қожасы, құл иеленуші, помещик, т.б. еркіне бағынады. Екіншісі  - халық шаруашылығы, яғни барлық  экономикалық  шаруашылық орталықтанған әкімшілік  аппараттың  үкімі арқылы жүргізіледі.

Ойкеннің пікірінше  рынок көп түрлі. Рыноктық шаруашылықта ұсынысты ұйымдастырудың  5 түрлі  формасы, сәйкесінше сұраныстың   да 5 түрлі ұйымдастыру формасының болуы мүмкін: бәсекелестік, ішінара олигопия, олигопия, ішінара монополия, монополия. Бұлардың әртүрлі комбинациясы  рыноктың таза 25 түрін құрайды. Экономиканы олигополия мен монополия арқылы  реттеу – экономиканы толық бәсекелестік  пен орталықтанған әкімшілік басқарудың  аралық формасы болып табылады.

Информация о работе Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде