Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 17:33, доклад

Краткое описание

Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуның ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.

Содержание

1. ЭІТ пәні мен мазұмны
2. Экономикалық ілімдер тарихының әдістері
3. Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

03 лекционный комплекс.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

Тақырып 1: Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде.

Мақсаты: Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің мәні мен мазмұнын ашу.

Жоспар:

  1. ЭІТ пәні мен мазұмны
  2. Экономикалық ілімдер тарихының әдістері
  3. Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы

1. Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуның ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі  қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде  қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде  экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.

Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі ХҮІІ ғасыр болып табылады, бірақ  экономикалық көзқарастар көне заманда да кездеседі.  Оның өмір сүру кезеңдерінде  бірнеше мектептермен, ағымдармен ауыстырылады. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық ілімдер тарихының пәні төңірегінде алуан түрлі көзқарастар кезедеседі.  Қазіргі кезедегі экономикалық көзқарастардың жіктелуі  эклнлмикалық ғылымның пәнін түсінуге мүмкіндік береді.  Олардың арасында классиктерді; неоклассиктерді, марксистерді, кейнсшілдерді, маржиналистерді, монетаристерді, институционалистерді бөліп қарауға болады.

Экономикалық ілімдер тарихы - әлемдік экономикалық теорияның даму заңдылықтарын, әр дәуірдегі және елдегі экономикалық көзқарастардың пайда болып, дамуының, күресуінің және ауысып отыруының тарихи процесін экономикалық тарихы мен философиялық ойдың  негізгі бағыттарымен және нақты экономикалық пәндермен тығыз балйнасытыра отырып зерттейді. 

2.Экономикалық ілімдер  тарихы ғылыми танып білудің  әртүрлі әдістерін қолданады.  Кез келген ғылыми зерттеудің  әдіснамалық негізі – диалектикалық  танып – білу әдісі болып  табылады. Бұл әдістің ғылыми мәні мынада: барлық экономикалық құбылыстар мен процестерді  олардың даму тұрғысынан – жай түрінен күрделісін, төменгі сатыдан жоғарғысына қарай қарастырылады. Осы процестерді қарастыру кезінде танып-білудің көптеген тәсілдерін қолданады. Тнапы білудің диалектикалық әдісі барлық ғылымда қолданылатын жалпы тәсіл болып табылады. Диалектиканың жалпы заңын қолдана отырып, экономикалық ілімдер тарихы өзіне тән ғылым ретінде сипаттайтын арнайы зертету әдістерінде қолданады.

Экономикалық ілімдер  тарихының пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы – ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Абстракциялық ойлау процесінде экономикалық категориялар қалыптасады. Демек, экономикалық ілімдер тарихы адамадар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды экономикалық категориялар ретінде бейнелеу арқылы оқытады. Кез келген  процесті зерттеуде экономикалық ілімдер тарихы зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігін қолданады. Сонымен экономикалық ілімдер тарихы принципті басшылыққа алады. Экономикалық процесті танып білуде жалпы, ерекше және жекенің бірлестігі әдісін қатаң сақтау орын алады. Экономикалық зерттеуде анализ және синтез  тәсілі де қолданылады. Табиғатта да, қоғамда да зерттелетін қүұбылыстар мен прцестер қасиеттер мен сипаттар жинағына ие болады. Ғылыми болмыс экспериментті қолдануды, экономикалық процес пен құбылыстардың математикалық әдістерін жасауды да қарастырады. Осының барлығы жаңа теория, тұжырымдамалар мен экономикалық заңдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

3. Экономикалық ілім  – ертедегі ең ескі және  бай тарихы бар ғылымдардың  бірі. Экономикалық ойдың  алғашқы  көзін біздің дәуірімізге дейін  ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек  ойшылдары Ксенофонт, Аристотель, Платон еңбектерінен көруге болады. Француз экономисті А. Монкретьен 1615 жылы өзінің “Трактаты политической экономии” еңбегінде ең алғаш рет “саяси экономия” терминін ғылыми айналымға енгізеді. Саяси экономия – адам қоғамының әртүрлі даму сатыларында материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестеріндегі адамдар арасындағы өндірістік қатынастардың қызмет ету және даму заңдарын зерттейтін ғылым. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде ХҮІІ-ші ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады.

«Меркантилизм» бірінші  экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі мазмұны  мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері – Вилья Стаффорд  (1554-1612ж.ж.) және Томас Мен (1571-1641ж.ж.) болып табылады.

Қоғам байлығы саудада  емес, ол өндірісте пайда болатындығы тралы идеяны алғашқы рет физиокртаттар мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы – Франсуэа Кенэ (1694-1774ж.ж.) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауылшаруашылығының еңбегі деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти (1623-1687ж.ж.), Адам Смит (1723-1790ж.ж.) және Давид Рикардо (1772-1823ж.ж.) еңбектерінде де қарастырылды.

Классикалық мектеп саяси  экономияның тұжырымдамасын дамыта және төмендете отырып, Уильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Карл Маркс (1818-1883ж.ж.) және Фридрих Энгельс (1820-1895ж.ж.) теориялық тұжырымдаманы жасады, ол жинақталып «марксизм» деген атқа ие болды.

ХІХ-шы ғасырдың екінші жартсында  «маржинализм» теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921ж.ж.), Фридрих фон Визер (1851-1926ж.ж.), Эйген фон Бем-Баверк (1851-1914ж.ж.), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стели Джевонс (1835-1882ж.ж.) және т.б. қалады. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.

Негізгі әдебиет:

1. История экономических  учений (под ред. Худокормова А.  Г.). – М., 2002.

2. История экономических  учений (под ред. Автономова В.). – М., 2002.

3. История экономических  учений (под ред. Шмарловской Г.  А.). – М., 2001.

4. История экономических учений Ч.1 (под. Ред. В.А.Жамина., Е.Г-

Василевского.) - М. 1989.

5. Бартенев С. А.  История экономических учений. –  М., 2002.

6. Блауг М. Экономическая  мысль в ретроспективе. – М., 1994.

7. Жид Ш., Рист Ш.  История экономических учений. – М., 1995.

8. Майбурд Е. М. Введение  в историю экономической мысли.  – М., 1996

9. Тюнин А.И. История  экономических учений. Учебное пособие  – Костанай : КГУ им. А. Байтурсынова, 2008.-94 (стр.5-10)

Қосымша әдебиет:

1. Ковалев И. Н. История  экономических учений. – Р/Д, 2000.

2. Костюк В. Н. История  экономических учений. – М., 2001.

3. Левита Р. Я. История  экономических учений. – М., 2001.

4. Сурин А. И. История  экономики и экономических учений. – М., 2002.

5. Ядгаров Я.С. История  экономических учений. 4-е изд. М.: ИНФРА-М, 2002

6. Всемирная история  экономической мысли. М., 1987 - 1995. Т. 1 - 5.

7. Антология экономической  классики. В 2-х т. М., 1991, 1993.

8. Жиентаев С.М., Тюнин  А.И., МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ  по дисциплине «История экономических  учений» студентам экономических специальностей заочной формы обучения – ИЭУ- Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 2008. – 35 с.

Бақылау сұрақтары :

1. Экономикалық ойлардың негізгі этаптарға көшу мәселелері.

2. Құлшылық және дамыған феодализм кезеңіндегі экономикалық кһзқарастардан ерекшелігі.

3. Конфуцийдің экономикалық көзқарастарын ашыңыз.

4. Аристотель экономикалық теория осы ғылымның негізі ретінде саналағын дұрыс па?

5. Канонистертеориясының негізгі ережелері.

 

 

Тақырып 2: Меркантилистердің экономикалық көзқарастары

Мақсаты: Экономикалық ғылым үшін бірініш экономикалық мектеп-меркантилизмнің мәнін  түсіндіру. 

Жоспар:

  1. Меркантилизмнің мәні мен мазмұны
  2. Алғашқы және соңғы меркантилизм
  3. Меркантилизмнің тарихи мағынасы (А. Монкретьен 1615ж. «Трактат политической экономии»).

Өндіріс күштерінің дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі, қолөнер мен сауда орталығы болған қалалардың өсуі, өнімділік  рентаның ақшалағай рентаға алмасуы, феодализмнің дамуын жаңа кезеңге дайындады. Меркантилизм терминінің өзі итальяның мерканте сөзінен шыққан баламасы «көпес» дегенді білдіреді. Бұл терминнің астарында мынадай мағыналар жаты, біріншіден меркантилизм капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі феодладық-абсолюттік мемлекеттің экономикалық саясатын  білдіреді, яғни сауда капиталының мүддесін қорғап, экспортқа жұмыс жасайтын сауда мен өнеркәсіптің дамуына ықпал жасайды. Екіншіден, меркантилизм айналыс саласын зертетугі, классикалық табиғаты жағынан сауда капиталының мүддесін қорғаушы, меркантилистік экономикалық саясатты мақсат тұтушы экономикалық ілім. Меркантилизм саяси экономияның алғашқы мектебі бола отырып, оның өкілдері мемлекеттің көмегі, абсолютизмнің көмегіне сүйенуге тырысты. Меркантилистік саясаттың да басты мақсаты елге неғұрлым байлық алтын мен күміс түріндегі көлемін көптеп тарту болды. Мұндай ұмтылыстың объективті негізі тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты ақшаға деген  қажеттіліктің өсуі еді.

Меркантилизмнің дамуы  екі кезеңнен өтті: алғашқы және кейінгі.  Бірінші кезеңде ақша балансы саясаты жүрді. Оның негізгі мақсаты қалайда елде ақша қаражаттарын қалдыру. Алтын мен күмісті ұлттық көлемде қорға жинау үшін  ақша айналымын реттеу  қажет болды. «Ақша айналымын реттеу тоқырауға әкеліп соғуы керек, өйткені лордтардың сандығында ақша айналмай өлі жүк болып қалады»,- деді Ф.Энгельс.

   Екінші кезеңде, сауда балансы саясаты жүргізілді. «Сауда балансы» принципі ішкі сауданың кең көлемде дамуымен іштегі ақшаның жұмысқа қосылуына себепкер болды. Соңғы кезеңде меркантилистер ақша аумағын тауар айырбастау аумағына айналдыра бастады, ақшаны шетелге шығаруға қарсы болмады. Шетелден арзан тауар өнімдерін сатып алып, оны ел ішінде ішкі рынокта қымбатына сатып отырды. Отарлау саясаты оларға өз өнімдерін өөткізу үшін  және жаңарынок көздерін іздеуі үшін кере болды. Италияда шынайы меркантилизмге экономикалық және саяси жағдайлар қарсы болды. Бірақ итальяндықтар экономикал қілімнің дамуына өз үлестерін қоса білді. Олар монетаризм саясатына жақындау болд, әсіресе итальяндық банкирлерді қызықтырған ақша айналымы, әр елдерге бірдей ақша бірлігін шығару, ақша айналымын реттеудегі мемлекеттің рөлі, алтын мен күмістің арақатынасы сияқты мәселелер болды.

ХҮІІ ғ. Меркантилизм доктриналарын келеке етуші памфлеттер (сықақ) әңгімелер көбейді. Соның  мысалы ретінде Ост – Үнді компаниясының диреткорларының бірі Т.Меннің (1571-1641) «Англия мен Ост-Үнді арасындағы сауда туралы ой қозғалымдары» сықақ әңгімесі  «сауда балансы»  теориясының шығуына әкелді. Бұл еңбегінде ол монетаризмді әшкерлейді. Оның пікірінше сауда мемлекетті байыту тәсіл, сол сияқты Мен «саудадан басқа ақша атбудың тәсілі жоқ», дей келе  «егер экспортқа шығарушы тауарлардың құны жыл сайын сырттан әкелінетін тауарлардың құнынан жоғары болған жағдайда  елдің ақша қоры көбейеді» деген пікір айтады. Англия мен Ост-Үнді компаниясы арасындағы сауда қатынастарының Англия үшін тиімділігін, оның кеме құрылысын дамытуға қосқан үлесін Мен «ұлы мәртебелі іс» деген сөздермен дәлелдейді. Т.Мен ақшаны сыртқа елдерге шығаруға қарсы болмайды. Бұл туралы «алтын сауданы туғызса, ал сауда ақшаны көбейтеді»,-дейді. Т.Меннің екінші еңбегі «Сыртқы саудадағы Англияның байлығы немесе біздің сыртқы сауданың  Балансы біздің байлығымыздың үдеушісі  ретінде» (1630) деп аталады. Осы атаудың өзінен – ақ «сауда балансының»  мәнісі дәл аңғарылады. Бұл еңбек автордың қайтыс болғаннан кейін жарияланғанымен (1664)меркантилизмнің дамуына зор үлес қосты. Автор еңбегінде сырттан сатып алғаннан гөрі шетелдерге тауарларды көбірек сату, ауылшаруашылығында өнеркәсіп шикізаттары базасын кеңейту, шетел тауарларын тұтынуды азайту, олармен бәсекелестікті күшейту, ағылшын тауарларының сапасын жақсарту бағытында түрлі ойлар мен нұсқаулар қалдырды. Т.Мен сән-салтанатты тұрмыстың өлшемі отандық тауарларды тұтынуда екендігін білдіріп, «дәулеттілердің керексіз, артықшылықтары жарлыларға жұмыс тауып беруі мүмкін» дегенді айтты.

Француз меркантилизмнің  дәлірек айтсақ пайда күнемділіктің  егжей-тегжейлі экономикалық бағдарламасы А.Монкретьеннің (1575-1621) «Саяси экономия трактаты»  (1615) шығармасында берілген Монкретьен экономика ғылымына «саяси экономия» терминін алғашқы енгізуші  ретінде өз есімін мәңгілік етті. Ола адамдар бақыты – байлықта, ал байлық – еңбекте» деген пікір айтты. Шын молшылық отандық өнімдерді пайдалану мен тұтынуда, оларды өндірушілер жұмыспен қамтылғанда «пайдалары елде қалады» деп тұжырымдайды. Сонымен қатар көпестердің «өте пайдалылығын», сауданың «әр түрлі қолөнердің негізгі мақсаты», шетелдік саудагер, кәсіпкерлердің ел байлығын  іштен сорушылар екендігі, оларды елден қуу туралы  бірталай пікірлер айтылды. Монкретьен мемлекеттің экономикаға араласуын, салықтың салынуын құптаушы, өнркәсіптің  дамуы мен оның өнімдерін  жетілдіру жолдары туралы нұсқаулар береді, саудадан түскен пайданы иеленуге де қарсылық білдірмейді.

Меркантилизмнің 1661-1683 жж. Францияда кең түрде таралуына  Людовик ХІҮ министрі Кольбер  (1619-1693)көп еңбек сіңірді. Ол мемлекеттің күш қуаты қарамағындағы ақша көлемімен анықталады, оның нағыз көзі  саудада  дегенді айтты. Осы бағытта Кольбер  1664 жылы  Ост-Үнді компаниясын ашады, мануфактуралық өндірісті дамытуға  үлкен күш жұмсады. Протекционистік кедендік тарифті кіргізді, салық салуды, нанның бағасын төмендету саясатын жүргізді. Бұл шаралардың бәрі елдегі сауданы дамытудың алғашқы шарттары деп есептеді. Сонымен қатар Кольбер нанды шетелге шығаруға тиым салып, ал оның сырттан еркін әкелінуіне мүмкіндік бере отырып, фермерлік шаруашылықтың қалыптасуын тежеді. Сол кездегі Францияның ішкі рыногының қарсыласы Англияға қарағанда «тар» болуы осы жағдаймен түсіндірілді. Кейін Франциядағы Кольбер жүргізген меркантилизм саясатының  «кольбертизм» атануы да осы себептерден. 

Бақылау сұрақтары:

1. Меркантилистер білім  қалыптастыру.

2. Меркантилизм экономикалық  теорияның неге бірінші мектебі  ретінде саналады.

3. Алғашқы және соңғы  меркантилизмнің ерекшеліктері.

4. Мемлекетте меркантилизмнің  негізгі ережелерін тәжірибе  жүзінде қолдану. 

Негізгі әдебиет:

1. История экономических  учений (под ред. Худокормова А.  Г.). – М., 2002.

2. История экономических  учений (под ред. Автономова В.). – М., 2002.

3. История экономических учений (под ред. Шмарловской Г. А.). – М., 2001.

4. История экономических  учений Ч.1 (под. Ред. В.А.Жамина., Е.Г.

Василевского.) - М. 1989.

5. Бартенев С. А.  История экономических учений. –  М., 2002.

Информация о работе Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде